Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын (құқық бұзушылық профилактикасы саласында) бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1233 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы (құқық бұзушылық профилактикасы саласында) (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманың іске асырылуына жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдасын;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімде Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1233 қаулысымен
бекітілген

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ (құқық бұзушылық профилактикасы саласында) АСТАНА – 2023 МАЗМҰНЫ


      1-БӨЛІМ. ТҰЖЫРЫМДАМА ПАСПОРТЫ

      КІРІСПЕ

      2-БӨЛІМ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

      2.1 Қол жеткізілген нәтиже

      2.2 Орта мерзімді перспективада шешу талап етілетін негізгі проблемалар

      3-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ

      4-БӨЛІМ. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ

      5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР МЕН ТӘСІЛДЕР

      6-БӨЛІМ. НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ

      7-БӨЛІМ. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ (осы Тұжырымдамаға қосымша)

1. ТҰЖЫРЫМДАМА ПАСПОРТЫ

Атауы
 

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы (құқық бұзушылық профилактикасы саласында)

Әзірлеу үшін негіздеме
 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 521 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 23-95 тапсырмасы;
3) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2023 жылғы 30 қазандағы № 23-4664-3 тапсырмасы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 66-тармағы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер

Іске асыру мерзімі

2024 – 2028 жылдар

      КІРІСПЕ

      Қоғамдық қауіпсіздік азаматтардың өмірін, денсаулығы мен әл-ауқатын, қазақстандық қоғамның рухани-адамгершілік құндылығын және қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығы үшін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нақты және әлеуетті қатерден қорғаудың жай-күйін көрсетеді.

      Заңдылық пен құқық тәртібі деңгейінің төмендеуімен, оның ішінде қылмыстың өсуімен сипатталатын қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер мемлекеттің тұрақты дамуына елеулі кедергі болады, экономикалық белгісіздікті арттырады, ұзақ мерзімді инвестицияға кедергі жасайды және заң үстемдігі қағидатына нұқсан келтіреді.

      Сондықтан Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің 2021 – 2025 жылдарға арналған стратегиясында құқық қорғау органдары мен сот жүйесі жұмысының тиімділігін арттыру, халықты барлық құқық бұзушылық түрінен қорғау мәселелерін қоса алғанда, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігі басты назарға алынды.

      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңі адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғамның материалдық және рухани құндылығына нұқсан келтіру мүмкіндігімен сипатталған қоғамдық қауіпсіздік үшін ықтимал тәуекелді ескеріп, қазіргі құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау тетігін өзгерту талап етіледі.

      Осыған байланысты осы Тұжырымдама барлық субъектілердің ортақ жауапкершілігі негізінде құқық бұзушылықтың алдын алудың біртұтас жүйесін қалыптастыруға және халықпен сындарлы әріптестік орнатуға бағытталған.

      Тұжырымдаманы іске асыру мынадай жалпыұлттық басымдықтар мен стратегиялық міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететін болады:

      азаматтың құқықтары мен бостандығын тиімді іске асыруға бағытталған, өмірдің барлық саласында заң үстемдігін, жеке тұлға мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қамтамасыз ететін мемлекеттің құқықтық негіздерін жетілдіру;

      қауіпсіз және құқықтық қоғам қалыптастыру үшін полиция жұмысының әлуетті моделінен құқық қорғау органдарының азаматтармен өзара іс-қимыл жасауының сервистік моделіне көшу;

      "Адам бәрінен маңызды" – мемлекеттік басқарудың "адамға бағдарланған" моделін қалыптастыру.

2-БӨЛІМ. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

2.1 Қол жеткізілген нәтиже

      Қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі

      Қазақстандағы 5 жылдағы (2018 – 2022 жылдар) қылмыстық-құқықтық статистиканы талдау қылмыстық құқық бұзушылық санының төмендеу үрдісі (2018 жылғы 292,3 мыңнан 2022 жылы 157,5 мыңға дейін) тұрақтағанын куәландырады.

      Осы кезеңде қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдар саны 1,7 есеге (2018 жылғы 240,5 мыңнан 2022 жылы 128,5 мыңға дейін), қылмыстан зардап шеккен әйелдер саны 116,7 мыңнан 64,2 мыңға дейін, ерлер саны 123,8 мыңнан 64,3 мыңға дейін қысқарды.

      Күш көрсетіп жасалған қылмыс саны төмендеді, оның ішінде кісі өлтіру 823-тен 520-ға дейін, денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіру 2198-ден 1840-қа дейін, зорлау шамамен 3 есе (1130-дан 386-ға дейін) төмендеді. Қылмыстық қолсұғушылықтан қаза тапқан адамдар саны 1184-тен 786-ға дейін азайды.

      Пайдакүнемдік мақсатта күш көрсетіп жасалған қылмыс, оның ішінде қарақшылық (580-ден 177-ге дейін), тонау (8091-ден 2404-ке дейін) мен ұрлық (180,2 мыңнан 58,9 мыңға дейін) азайды.

      Жыл сайынғы зиян келтірудің жартысынан астамы меншікке қарсы қылмысқа (ұрлық, алаяқтық, сеніп берілген бөтен мүлікті иемдену және талан-таражға салу) және 25 % экономикалық қызмет саласындағы қылмысқа тиесілі.

      Барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың шамамен 80 %-ы – мүліктік қылмыс. Осыған байланысты ұрлық жасағаны үшін жауаптылықтың 2019 және 2020 жылдары қатаңдатылуы (бірнеше рет және бұзып кіру арқылы жасалған ұрлықты ауыр санатқа ауыстыру арқылы) оның төмендеуіне ықпал етіп (2019 ж. – 138,7 мың, 2020 ж. – 67 мың, 2021 ж. – 57,2 мың), қылмыстың ауырлық санатының жалпы құрылымын өзгертті.

      Мәселен, ауыр қылмыс үлесі 2018 жылғы 6 %-дан 2021 жылы 28 %-ға өсті, орташа ауыр қылмыс тиісінше 79 %-дан 52 %-ға төмендеді.

      Қоғамдық орында, оның ішінде көшеде жасалған құқық бұзушылықтың тіркелген санының екі есе (105,6 мыңнан 42,5 мыңға дейін) төмендеуінің оң қарқыны байқалады.

      Қабылданып жатқан профилактикалық шаралар бұрын сотталғандар (50 мыңнан 24,3 мыңға дейін) және кәмелетке толмағандар (2,9 мыңнан 1,7 мыңға дейін) жасаған, сондай-ақ мас күйде (17,2 мыңнан 10 мыңға дейін) жасалған қылмыс деңгейін соңғы 5 жылда 2 есе төмендетуге мүмкіндік берді.

      Сонымен қатар отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында жасалған қылмыстың өсуі (2018 ж. – 919, 2019 ж. – 1055, 2020 ж. – 1072, 2021 ж. – 1047, 2022 ж. – 942) келеңсіз құбылыстың бірі болып табылады. Олардың шамамен 60 %-ы әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған.

      Жыл сайын балаларға қатысты 2 мыңнан астам қылмыс жасалады, оның ішінде 900-ге дейіні жыныстық қолсұғылмаушылық қағидатын бұзу, олардың 70 %-дан астамын айналасындағы жақындары жасаған.

      Инновациялық технология мен цифрлық сервис қарқынды дамып, азаматтардың қаржылық сауаттылығы жеткіліксіз болып отырған жағдайда алаяқтық (2018 жылғы 29,3 мыңнан 2022 жылы 43,5 мыңға дейін), әсіресе интернет-алаяқтық кеңінен таралуда, 5 жыл ішінде оның саны 5 есе өскен (2018 жылғы 4,2 мыңнан 2022 жылы 20,6 мыңға дейін).

      Интернет-ресурс пен электрондық төлем жүйесінің мүмкіндігін есірткі сатушылар есірткі сату үшін белсенді қолдана бастады. Жалпы есірткі қылмысын анықтау санының статистикасы тұрақты болғанымен (жыл сайын 2 мыңнан астам), Интернетте есірткіні насихаттау мен тарату фактісінің саны төмендемей тұр (2020 ж. – 159, 2021 ж. – 170, 2022 ж. – 147).

      Сонымен қатар "бұрынан қолданыстағы" есірткіні "синтетикалық" есірткінің ығыстырғаны байқалады, оның өзгешелігі – жасалуы мен өткізілуінің "арзан болуында". Мәселен, 2018 жылы 1,8 кг осындай есірткі тәркіленсе, 2022 жылы 228,6 кг тәркіленген.

      Жол жүрісі қауіпсіздігі мәселелері қоғамды қатты алаңдатады. 5 жыл ішінде жол-көлік оқиғасында 11,2 мың адам қаза тапты, 97,7 мың адам жарақат алды, олардың басым бөлігі – экономикалық тұрғыдан белсенділер.

      Қылмыстың өңірлік ерекшелігі түрлі факторлардың әсерінен қалыптасады. Географиялық және климаттық ерекшелігін ескерсек, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында мал ұрлығы; Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында браконьерлікке, оның ішінде заңсыз балық аулауға байланысты құқық бұзушылық көп жасалады.

      Елордада, Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында киберқылмыстың таралуына әлеуметтік-экономикалық фактор ықпал етеді. Алматы, Астана, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында ұялы телефон ұрлығының үлес салмағы жоғары (10 мың тұрғынға шаққанда).

      Халықаралық сарапшылардың қорытындысына сәйкес Қазақстанда қылмыс деңгейі орташадан сәл жоғары, мұнда қылмыстан зардап шегу деңгейі табыс пен білім деңгейіне пропорционал түрде өсуде, мұны тұрмыс салтының қылмыстан зардап шегу ықтималдығына әсерін тигізуі теориясымен түсіндіруге болады (Еуропалық Одақтың "Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру" жобасы шеңберіндегі "Қазақстандағы тұрғындардың құрбан болуы деңгейін және құқық қорғау органдарына деген сенімін бағалау" зерттеуі, 2018 ж.).

      Құқық тәртібін қамтамасыз ету саласында институционалдық-құқықтық реттеу

      2018 – 2022 жылдар кезеңінде заңнамалық және ұйымдық сипаттағы негізгі стратегиялар:

      құқық бұзушылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қамтамасыз етуге;

      азаматтардың заңды құқықтары мен бостандығын қылмыстық қолсұғушылықтан, оның ішінде жекелеген қылмыс бойынша жауаптылықты күшейту арқылы қорғауға;

      мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдар мен азаматтардың құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін айқындауға;

      қоғамдық және ведомстволық бақылауды арттыруға бағытталған.

      Криминогендік жағдайға 2019 жылы меншікке қарсы қылмыс бойынша, оның ішінде ұрланған мүлікті сатып алғаны үшін жауаптылықты қатаңдату бойынша шаралар оң ықпалын тигізді.

      Ломбард жұмысын, бұрын пайдаланылған автомобильдің қосалқы бөлшектерін сатуды регламенттейтін, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу саласындағы құқықтық актілерге ұрланған мүлік айналымының алдын алу бойынша нормалар енгізілді.

      Есірткінің жаңа түріне жедел ден қоюға мүмкіндік беретін есірткіге қарсы заңнаманың анағұрлым қолайлы жүйесі құрылды. Электрондық ақпараттық ресурс пайдаланылып жасалған есірткі қылмысы бойынша санкция күшейтілді; есірткіні насихаттағаны және жарнамалағаны үшін, оның ішінде граффити-суреттер мен QR-кодтар арқылы насихаттағаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

      Ақпараттық технология саласындағы қылмысқа қарсы күрес үшін 2019 жылы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ІІМ) құрылымында Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы құрылды, 2022 жылға дейінгі киберқауіпсіздік тұжырымдамасы іске асырылды.

      Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылық профилактикасын ұйымдастырудың құқықтық негізіне түзетулер енгізілді. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы іске асырылуда.

      Қылмыстық теріс қылықтың екі құрамы – денсаулыққа қасақана жеңіл нұқсан келтіру мен ұрып-соғу әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылды, сондай-ақ әкімшілік ұстау (3 сағаттан 24 сағатқа дейін) және әкімшілік қамаққа алу (3 тәуліктен 5 тәулікке дейін) мерзімі ұлғайтылды.

      Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру, қоғаммен сындарлы әріптестік орнату тәсілдері өзгертілді. Бұл мәселелерде учаскелік полиция инспекторларына негізгі рөл берілді. 2021 жылы олардың мәртебесі заң жүзінде жоғарылатылып, құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы өкілеттіктері кеңейтілді. Халықпен өзара іс-қимыл жасаудың жаңа форматы енгізілуде. Полиция жұмысының сервистік моделіне көшу жүзеге асырылуда.

      Құқық бұзушылық профилактикасы, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасынан зардап шеккендерге көмек көрсету, жазасын өтеген адамдарды қайта әлеуметтік бейімдеу мәселелеріне үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысуда.

      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау шаралары жетілдірілуде. Кәмелетке толмағандар саудасы, оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту, сондай-ақ балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығын бұзғаны үшін жауаптылық күшейтілді. Бұл ретте жеңілірек жаза тағайындау және шартты түрде мерзімінен бұрын босату алып тасталды, сондай-ақ педофилия үшін сотталғандардың жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде ғана өтеу нормасы енгізілді. Мұндай адамдар босап шыққаннан кейін полиция оларды әкімшілік қадағалауда ұстайды.

      Уәкілетті органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың жасырын фактілерін, сондай-ақ Интернетті пайдаланатын педофилдерді анықтау жұмысын ұйымдастырды. Қауіпсіздік жүйесімен (бейнебақылау, дабыл батырмасы, өртке қарсы жүйе, күзет) жарақтандырылатын жалпы білім беретін мекемелерді қорғау шаралары күшейтілуде.

      Полицияның және Ұлттық ұланның күнделікті қызметіне цифрлық құралдарды ендіру көшеде және басқа да қоғамдық орында құқық тәртібін қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға мүмкіндік берді.

      Жол қауіпсіздігін нығайту мақсатында көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ адамдарға оны мас күйде жүргізгені, сондай-ақ мас күйін анықтауға медициналық куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін жауаптылық күшейтілді.

      Пробация қызметі құрылған соң бұрын сотталғандар, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу тәсілдері өзгертілді. Бас бостандығынан айыру орнынан босатылған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 − 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясы іске асырылды.

      Жазадан бұлтартпау қағидатын қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты жедел қалпына келтіруге, сондай-ақ тергеу сапасын ведомстволық бақылауды күшейтуге құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту, оның ішінде қылмыстық процестің үш буынды моделін, қылмыстық істердің электрондық форматын ендіру, қолданыстағы тергеу нысандарын оңтайландыру шаралары бағытталған.

      Бюрократиялық модельден адамға бағдарланған жұмыс моделіне көшу жүзеге асырылуда, мұнда басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін негізгі назар халықтың сұранысы негізінде процесті ұтымды ету мен автоматтандыруға аударылады.

      Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы халықаралық және ұлттық индикаторлар Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2019 – 2022 жылдар кезеңінде халықтың полицияға деген сенім көрсеткіші 2019 – 2022 жылдардағы 89,5 %-дан (оның ішінде толық – 38,3 %, ішінара – 51,2 %) 74,6 %-ға (36,4 % және 39 %) дейін төмендеген.

      Сонымен қатар осы кезеңде тәуліктің қараңғы уақытында тұрғылықты ауданда қауіпсіз сезіну көрсеткіші төмендеді (2020 жылғы 62,2 %-дан 2022 жылы 60,3 %-ға).

      Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы жүргізетін жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздікті сезіну өлшемі бойынша әлеуметтік зерттеу нәтижесі де көрсеткіштің нашарлауымен сипатталады (2020 жылғы 64,3 %-дан 2022 жылы 60,3 %-ға).

      "Құқық тәртібі мен қауіпсіздік" (2018 жылғы 0,78-ден 2020 жылы 0,80-ге дейін) және "Қылмыстық-құқықтық жүйе" (0,41-ден 0,47-ге дейін) факторы бойынша Құқық үстемдігі индексі жалпы көрсеткішінің жақсарғанына қарамастан, "қылмысты тиімді тежеу" (0,79-дан 0,78 дейін) және "өмір мен қауіпсіздікті қорғау" (2020 жылғы 60-тан 2022 жылы 0,53-ке дейін) сияқты параметрлер бойынша көрсеткіштің төмендегені байқалады.

      Осылайша, ұлттық және халықаралық индикаторлар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы көрсеткіштердің өзгеру серпіні орнықсыз екенін және тиісінше құқық бұзушылық профилактикасы мен оның алдын алу бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстың қажеттігін куәландырады.

2.2 Орта мерзімді перспективада шешу талап етілетін негізгі проблемалар Әйелдер мен балаларға қатысты, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы зорлық-зомбылық

      2018 – 2022 жылдары жеке тұлғаға қарсы қылмысты тіркеудің жалпы төмендегеніне қарамастан, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қоғамда өзекті проблема күйінде қалып отыр.

      Айталық, егер жыл сайын әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық деңгейі тұрақты төмендеп, оның серпіні 40 %-ға жетсе (2018 жылғы 3712-ден 2022 жылы 2232 дейін), балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмысы күрт өсіп, 2021 жылы 18 %-ға дейін жеткен.

      Балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығы қағидатын бұзу қарқыны ерекше алаңдатады (2018 ж. – 739, 2019 ж. – 794, 2020 ж. – 832, 2021 ж. – 913, 2022 ж. – 706).

      Көп жағдайда оның себебі отбасылық проблемалар, тұрмысының нашар болуы және ата-анасының бейәлеуметтік тұрмыс салты болып табылады. Олардың ішінде басым көпшілігін (80 %) кәмелетке толмағандардың айналасындағы полицияның назарына бұрын ілікпеген жақын адамдары жасаған.

      Сонымен қатар мұндай құқық бұзушылықтың жасырын сипатын ескерсек, ресми статистикалық ақпарат қоғамдағы осал топтарға қатысты зорлық-зомбылық проблемасының нақты ауқымын көрсетпейді.

      Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша жыл сайын 40 – 80 мыңға дейін 18 жастағы және одан үлкен әйелдер жыныстық зорлық-зомбылықтан және 200 – 300 мыңға дейіні зорлық-зомбылықтың басқа нысандарынан немесе қаупінен зардап шегеді (мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган Қазақстандағы БҰҰ агенттіктері – БҰҰ – Әйелдер, Халық саласындағы қор және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қатысуымен және қолдауымен жүргізген "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық бойынша ішінара зерттеу", 2017 ж.).

      Бұл ретте жыныстық негіздегі қылмыстан немесе шабуыл жасау не зорлық-зомбылықпен қорқыту қылмысынан зардап шегушілер арасында полицияға арыздану деңгейі тиісінше тек 12 %-ды және 20 %-ды құрайды. Бейтаныс адамдар тарапынан да, таныстары тарапынан да зорлыққа ұшыраған әйелдердің де арызбен жүгінуі төмен (тиісінше 23 % және 26 %).

      Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық оқиғаларына қылмыстық-құқықтық ден қоюды көбіне жәбірленушілердің (60 % жағдайда) өтініш беруден бас тартуы қиындатады. Бұл негізінен құқық бұзушыға материалдық және моральдық тәуелді болуына және қоғамда қалыптасқан стереотипке байланысты. Тиісінше полицияда "үй тирандарын" жауапқа тартуға негіз болмайды.

      Осындай құқық бұзушылықтың салдары анағұрлым ауыр. Айталық, 5 жыл ішінде отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында әйелдердің денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру саны 2 есеге (38-ден 110-ға дейін), адам өлтіру 70 %-ға (30-дан 51-ге) өсті.

      Жыл сайын отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша 25 – 27 мың адамға қатысты әкімшілік материал толтырылады. Бұдан басқа, 2020 жылдан бері (арнайы жіктеме енгізілгенде) тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан денсаулыққа қасақана жеңіл нұқсан келтіру (4626-дан 6561-ге) және ұрып-соғу фактісінің тіркелуі (3235-тен 4899-ға) төмендемей отыр.

      Бұл ретте отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы әкімшілік өндірістегі істің жартысынан көбі сотта тоқтатылады, 18 %-ы бойынша ескерту жасалады және тек 24 %-ы бойынша әкімшілік қамаққа алу қолданылады.

      Істі тоқтатудың негізгі себебі тараптардың татуласуы болып табылады, көбінесе жәбірленуші отбасы үшін экономикалық залал келтірмеу үшін татуласуға мәжбүр болады. Бұл, өз кезегінде, құқық бұзушылықтың қайталануына жиі әкеледі, жыл сайын 4,5 мың адам 2 рет немесе одан да көп рет әкімшілік жауапқа тартылады.

      Қорғау нұсқамасы отбасылық бұзақыларға профилактикалық ықпал ету шарасы ретінде тиісті әсер етпейді. 5 жыл ішінде қорғау нұсқамасының саны үш есеге (64,8 мыңнан 84 мыңға дейін) өсті, олардың әрбір бесіншісі қайта шығарылады. Негізгі себебі – отбасының материалдық жағдайының нашар болуына, қосымша тұрғын үйдің болмауына байланысты зорлық-зомбылық көріп жүрген жәбірленушіні агрессордан оқшаулаудың мүмкін еместігі.

      Құқық бұзушы қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықтан қорықпайды. Сонымен қатар полиция тарапынан жүргізілетін профилактикалық жұмыс мерзімі 1 айдан (қорғау нұсқамасы бойынша) жарты жылға дейін (ерекше талап бойынша) шектелген.

      Өмірде қиын жағдайға тап болып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген адам туыстары мен таныстарынан, сондай-ақ дағдарыс орталығынан пана іздеуге мәжбүр, ал агрессор, әдетте, мұндай жағдайға ұшырамайды.

      2018 – 2022 жылдары жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесінде дағдарыс орталығына түскен өтініштер саны 74 %-ға (16033-тен 27942-ге дейін) өскен.

      Сонымен қатар өңірлерде дағдарыс орталығының бар-жоғы тұрғысынан жүргізілген (976 жатын орны бар 15 мемлекеттік және 46 мемлекеттік емес) талдау құқық бұзушылықтың көп болуын ескергенде, оларда жатын орынның тапшы екенін көрсетті.

      Сарапшылар қауымдастығының өкілдері оларды қаржыландырудың қолданыстағы тәртібі өздерінің зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша сапалы жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейтінін атап көрсетуде. Сонымен қатар мұндай көмек алу рәсімінің жетілдірілмегені көрсетілген. Дағдарыс орталығына орналасу үшін әйел өзіне қатысты болған зорлық-зомбылықты дәлелдеуі және жәбірленуші мәртебесін белгілеу рәсімінен өтуі қажет. Дағдарыс орталығына анасымен бірге кәмелетке толмаған балалар қабылданады, бірақ олармен психотүзету жұмысы бойынша қызмет көрсету көзделмеген.

      Сексуалдық зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты мемлекеттік органдар тарапынан қолдау алғашқы медициналық көмекпен, ал ауыр жағдайда психикалық денсаулық проблемасы ұйымында емдеумен шектеледі.

      Зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен жұмыс істейтін мамандарды ұдайы әдіснамалық және тренингтік қолдаудың болмауы нәтижесінде әлеуметтік жұмыскерлер мен психологтардың осы саладағы құзыреттілік деңгейі жеткіліксіз болып отыр.

      Сонымен қатар практика үйдегі зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен ғана жұмыс істеу және жазаны қатаңдату проблеманы шешпейтінін көрсетеді, өйткені оған тұтас әлеуметтік-экономикалық факторлар алғышарт болады, олардың қатарында білім, мәдени-адамгершілік тәрбие деңгейінің жеткіліксіз болуы, қоғамдағы маргинализация, жұмыссыздық, алкоголизм мен нашақорлық процесі бар.

      Өмірде қиын жағдайға тап болған отбасын қолдау бойынша кешенді жүйенің, сондай-ақ агрессорлардың мінез-құлқын, менталитеті мен құқықтық санасын өзгерту бойынша нысаналы психотүзету жұмысының болмауы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жағдайды ушықтыра түседі.

      Меншікке қарсы қылмыстан зардап шегудің жоғары деңгейі

      Ұрлық, алаяқтық, тонау және қарақшылық тіркелген барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 80 %-ын құрайды.

      Олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын ескеріп, осы қылмыс санатының құрылымы 2018 − 2022 жылдар ішінде ұрлық үлесінің төмендеу жағына (76 %-дан 48,2 % дейін) және алаяқтықтың ұлғаю жағына (12,3 %-дан 35,6 % дейін) өзгерген.

      Сонымен қатар төмендеудің оң серпініне қарамастан, ұрлық әлі де көптеген азаматтардың мүддесін қозғайды. Мүлкінен айырылған адамдардың көбі әртүрлі себеппен полицияға қылмыс туралы арызданбайды. Сондықтан құқықтық статистика деректері ұрлықтан зардап шегудің ауқымы туралы толық көрсете алмайды. Зерттеуге сәйкес есікті бұзып ұрлық жасалғаны туралы полицияға арыз берудің орташа деңгейі 53 %-ды құрайды ("Халықтың құрбан болуы деңгейін және Қазақстанда құқық қорғау органдарына сенім деңгейін бағалау", 2018 ж.).

      Ұрлық салдарынан келтірілген зиян сомасының жыл сайын ұлғаю үрдісі байқалады (11,4 млрд теңгеден 23,5 млрд теңгеге дейін). Бұл ретте өтелуі орта есеппен 5 жыл ішінде 18 %-ды немесе 11,9 млрд теңгені құрайды (2022 жылғы ең төменгі көрсеткіш – 9,2 %, негізінен "қаңтар оқиғасы" кезінде ұрлықтың өсуіне байланысты).

      Талдау көрсеткендей, ұрлық көбінесе күндізгі уақытта қоғамдық орындарда жасалады. Ұялы телефонға және әртүрлі көлік құралдарына қол сұғу анағұрлым көп.

      Үй-жайдан ұрланатын заттарға ақшалай қаражатпен қатар қайта сатуға болатын мүлік (тұрмыстық техника, киім-кешек, зергерлік бұйым) жатады.

      Ауылдық жерлерде мал ұрлығы көп тараған, бұл кейбір өңірлерде ұйымдасқан қылмыс сипатында. Тергеу кезінде ұрланған малдың етін жеткізудің, сою мен сатудың жолға қойылған арнасы анықталып жатады.

      Осылайша, ұрланған затты орнықты сұраныстың болуына және пайдаланылған мүлік айналымын бақылаудың болмауына байланысты кедергісіз сату мүмкіндігі ұрлық жасауға ықпал ететін негізгі шарттың бірі болып табылады.

      Қылмыстық жолмен қол жеткізілгені мәлім мүлікті сатып алғаны және өткізгені үшін жауапқа тарту мұндай қылмысты дәлелдеудің қиын болуымен және жасырын болуымен күрделенеді. Айталық 5 жыл ішінде барлығы 1164 факт тіркелген, олар бойынша тек 724 іс сотқа жіберілді.

      Бұдан басқа, өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың тиісті шара қабылдамауы да ұрлыққа жағдай жасайды. Мысалы, 70 % жағдайда мал еркін жайылымда ұрланады, онда мал ұзақ уақыт бойы тиісті қараусыз жайылады, бұл өз кезегінде осы ұрлық фактісі туралы полицияға кеш жүгінуге әкеледі, оларды уақтылы ашуды және кінәлілерді жауапқа тартуды қиындатады.

      Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы жасалатын қылмыстың өсуі (интернет-алаяқтық)

      Инновациялық технология мен цифрлық сервис дамыған жағдайда киберқылмыс қаупінің артуы ерекше алаңдатады. Алаяқтықпен және азаматтардың шотынан ақша ұрлаумен байланысты қылмыс көп жасалады. 5 жыл ішінде олардың саны шамамен 5 есе өскен.

      Мұндай қылмыс экономикаға ғана емес, елдің ұлттық қауіпсіздігіне де орасан зор нұқсан келтіреді. Олар бұқара халықтың мүддесін қозғайды және трансшекаралық сипатта болады.

      Жалпы алаяқтықтан келген зиян сомасы 5 жыл ішінде 300 млрд теңгеден, оның ішінде интернет-алаяқтық бойынша 39 млрд теңгеден асты. Бұл ретте өтелуі тиісінше 20 %-дан және 6,3 %-дан аспайды.

      Киберқылмыс жасау тәсілдері алуан түрлі. Қылмыскерлер алдын ала төлем түрінде ақша алуға, онлайн-қарыз ресімдеуге, банк шотына, электрондық поштаға, әлеуметтік желідегі аккаунтқа қол жеткізу үшін дербес деректерді иемденуге бағытталған әлеуметтік инженерия әдісін пайдаланады.

      Құқық бұзушылардың шетелдік интернет-мекенжай арқылы жасырын шығуды пайдалануына, сондай-ақ шетелде анонимді хабарламаның авторын іздеу іс-шараларын жүргізу үшін құқықтық негіздің болмауына байланысты мұндай қылмыстың көбі ашылмаған күйде қалады.

      Құзыретті органдардың халықаралық өзара іс-қимыл жасауының және әлеуметтік желілердің (YouTube, Facebook, Instagram, WhatsApp, Telegram, Vkontakte, Mail.ru, Twitter) ресми өкілдерімен ынтымақтастық жасауының анық тетігінің болмауы жағдайды қиындата түседі.

      Ведомствоаралық, оның ішінде қаржы ұйымдарымен жасырын қатерді бағалауды және кибертәуекелді басқаруды, сондай-ақ жаңа сын-қатердің алдын алу бойынша стратегиялық шараларды әзірлеуді қамтамасыз ететін жүйелі талдамалық жұмыс бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі мемлекеттік деңгейде жеткілікті пысықталмаған. Сондықтан бүгінгі таңда интернет-алаяқтықпен күрес жасалып қойған әрекетке ден қоюға сайып келеді.

      Осы саладағы қылмысқа қарсы іс-қимыл тиімділігінің төмен болуының маңызды факторының бірі – арнайы полиция бөлімшелерін ресурстық қамтамасыз етудің шектеулі болуы, бұл қарыштап дамып келе жатқан киберқылмыс саласына барабар қарсы әрекет етуге мүмкіндік бермейді.

      Екінші жағынан Интернеттің және телефон алаяқтығының таралу себебі – халықтың қаржылық, құқықтық және компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмен болуы, бұл осы саладағы ақпараттық-түсіндіру жұмысының жеткіліксіз екенін көрсетеді.

      Қоғамдық орындардағы зорлық-зомбылық қылмысының жоғары үлес салмағы

      Қоғамдық орындарда, көшеде, алаңдарда, саябақ пен гүлзарларда жасалған қылмыс шамамен 40 %-ды құрайды.

      5 жыл ішінде ең көп тарағаны пайдакүнемдік үшін күш көрсетіп жасалған қылмыс (85 %) және бұзақылық (6 %) болып отыр.

      Қоғамдық орында жасалған қылмыс пен әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаудың, олардың жолын кесу мен ашудың жақсаруына бейнебақылау камералары айтарлықтай септігін тигізеді.

      Сонымен қатар әлеуетті қауіпті учаскелердің (оның ішінде бос жерлер, тұрғын үйлердің жертөлесі, аула, кіреберіс, саяжай және гараж алқаптары) жеткілікті қамтылмауына байланысты жеке тұлғаға қарсы қылмыс жасау қаупі әлі де бар. Айталық, барлық кісі өлтірудің 24 %-ы, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің шамамен 30 %-ы және денсаулыққа орташа ауырлықта зиян келтірудің 40 %-дан астамы қоғамдық орындарда жасалады.

      Тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандыру жеткіліксіз жағдайларда қоғамдық орынның, әсіресе көше мен көпқабатты үй аулаларының криминогендігі арта түседі.

      Мас күйде жасалатын ауыр қылмыстың жоғары үлес салмағы

      Мас күйде жасалған қылмыс қазіргі қоғамның өзекті проблемасы күйінде қалып отыр. Мұндай қылмыс үлесіне аса ауыр қылмыстың шамамен 40 %-ы және ауыр қылмыстың 13 %-ы, оның ішінде кісі өлтірудің және денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 65 %-ы, әрбір екінші зорлау және әрбір үшінші бұзақылық тиесілі. 5 жыл ішінде "мас" қылмыскерлердің қолынан 1 680 адам қаза тапқан.

      Көп жағдайда мас күйдегі қылмысты 23 – 51 жастағы адамдар, жұмыссыздар (60 %) жасайды. Отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы құқық бұзушылықтың шамамен 70 %-ы алкогольді асыра пайдалану салдарынан болады.

      Статистикаға сәйкес мас күйде қылмыс жасаған әрбір оныншы адам –есепте тұрған алкогольге тәуелді адам. 57 мыңнан астам адам денсаулық сақтау органының наркологиялық есебінде тұр. Алайда бұл мәліметтер шын мәніндегі болмысты көрсетпейді, өйткені олар бұрын құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы деректер негізінде полицияның бастамасы бойынша жасалған. Полицияның назарына ілікпеген, бірақ қатер тобындағы (қылмыс жасауы не өздері заңсыз әрекеттен зардап шегуі мүмкін) алкогольге тәуелді адамдар есепке алынбай қалған.

      Өңірлер бойынша Шығыс Қазақстан (140), Солтүстік Қазақстан (126,2), Ақмола (114,7), Қостанай (104) және Батыс Қазақстан (92,2) облыстарында "мас күйде жасалатын қылмыс" деңгейі жоғары (100 мың тұрғынға). Осы өңірлерде (100 мың тұрғынға, Қостанай – 2868, Солтүстік Қазақстан – 2692, Ақмола – 2563, Павлодар – 2531 және Шығыс Қазақстан – 2527) жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі тіркелген. Бұл халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің мас күйде қылмыс жасауға тікелей ықпал ететінін көрсетеді.

      Бұдан басқа, алкогольдің бақылаусыз сатылуы тағы бір жағымсыз фактор болып табылады. Мемлекеттің сату уақытына шектеу белгілегеніне қарамастан, алкомаркеттерде ішімдікті тәулік бойы жеткізіп беру мен сатудың онлайн-сервистері өте дамыған.

      Ликер-арақ өнімдерінің бағасын өсіру оны тұтыну ауқымына айтарлықтай әсерін тигізбейді. Айталық, 5 жылда оның бағасы орта есеппен 40 %-ға өсті, бұл оны сату ауқымына ықпал еткен жоқ, сатудың өсуі жалғасуда.

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2018 жылы жасаған алкогольді тұтыну деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингіне сәйкес Қазақстан 76-орында (189 ел ішінен) тұр, жан басына шаққанда жылына спирт тұтыну көрсеткіші 7,7 литр.

      Елде алкогольге қарсы насихат шаралары мүлдем дерлік жоқ. Егер темекінің әр қаптамасында никотиннің организмге әсер етуінің теріс салдары туралы ескерту болса, алкоголь өнімінде мұндай ақпарат жоқ.

      Алкогольді ішімдік ішкені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылғанына және полицияның өтінішхатына қарамастан, алкогольге тәуелді адамдарға ерікті түрде емделу құқығы берілген. Осылайша, емдеуге жіберілген олар бір-екі күннен кейін паразиттік өмір салтына қайта оралып, құқық бұзушылық жасауды жалғастыра береді.

      Сонымен қатар жатын орын қорының жеткіліксіз болуына байланысты наркологиялық ұйымдарда жіберілгендердің бәрін емдеумен қамту мүмкін емес. Осы себепке байланысты емдеуге мұқтаж 1 мыңға жуық адам жыл сайын емделуден өте алмайды.

      Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының жетіспеуі, сондай-ақ олардың жұмыс режимінің уақыт жағынан шектеулі болуы (күндізгі уақытта ғана қабылдауы) мас күйдегі адамдар тарапынан құқыққа қайшы әрекет жасаудың алдын алу үшін олардың бәрін уақтылы оқшаулауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.

      Қайталанған құқық бұзушылықтың жоғары деңгейі

      Қылмыстық құқық бұзушылық жасағандардың арасында 40 %-ын бұрын қылмыстық жауапқа тартылған адамдар құрайды. Олар жасайтын қылмыстың негізгі бөлігі мүліктік санатқа жатады, әдетте, бұл – ұрлық.

      Қайталанатын қылмыстың 91 %-дан астамын ішкі істер органдары тарапынан профилактикалық бақылауға алынбайтын үш санаттағы бұрын сотталған адамдар жасайды:

      1 жыл өткен соң қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі – ҚАЖ) мекемелерінен босатылған;

      жазаның балама түріне сотталғандар (айыппұл);

      сотқа дейінгі тергеп-тексеру оларды ақтамайтын негіз бойынша тоқтатылғандар.

      Осылайша, қалған санаттарға қатысты профилактикалық есепке алу тетігінің белгілі бір тежеуші әсері бар.

      Бұдан басқа, жазасын қауіпсіздігі төмен ҚАЖ мекемелерінде (қоныс колониясы) өтеп жатқан сотталғандар жасаған қылмыс қоғамға қатер төндіріп тұр. 5 жыл ішінде олар 257 қылмыс жасаған, олардың басым бөлігін (90 %) қауіпсіздігі орташа және барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған адамдар жасаған.

      Жалпы қылмыстық қудалауға бір рет ұшыраған адамдар қайтадан құқық бұзушылық жасау тәуекелі жоғары ортада болады. Мұның себебі олардың қоғамдағы әлеуметтік бейімделу деңгейінің төмен болуында, стигматизация мен маргинализацияда. Олар әлеуметтік-экономикалық фактордың (нашар тұрмыс, жұмыссыздық, білім деңгейінің төмен болуы) ықпалымен және халықтың осал топтары мен өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметтік қолдау шараларының жеткіліксіз болуымен күшейе түседі.

      ҚАЖ мекемелерінде сотталғандардың жеткілікті деңгейде жұмыспен қамтылмауы және еңбекақының төмен болуы босап шыққан адамдардың қайта әлеуметтік бейімделуінің тиімділігін төмендететін қосымша фактор болып табылады.

      Соңғы 5 жылда ҚАЖ мекемелерінде жұмысқа орналастыру деңгейі 11,8 мыңнан 12,2 мыңға дейін ұлғайды және орта есеппен еңбекке жарамдылардың жалпы санының 71 %-ын құрайды. Орташа жалақының 49 %-ға (9400 теңгеден 14000 теңгеге дейін) ұлғайғанына қарамастан, осының есебінен талап-арыз берешегін өтеу мөлшері тек 0,9 %-ды құрады. Осылайша, негізгі жұмыспен қамтудағы маңызды міндеттерінің бірі – жәбірленушілерге материалдық залалды өтеу мүмкіндігіне қол жеткізілмей отыр.

      ҚАЖ мекемелерінде кәсіпкерлердің жұмысына кедергі келтіретін бірқатар созылмалы проблемалар жұмыс орнының санын және жалақы деңгейін арттыруды қиындатады:

      қажетті материалдық-техникалық базаның болмауы (жабдықты жаңарту мен өндірістің жаңа түрлерін дамытуға қаржыландыру болмағандықтан қолданыстағы өндірістік алаңдар ескірген);

      пенитенциарлық жүйенің бизнес үшін қосымша шығын әкелетін ерекшелігі (мысалы, шикізат пен дайын өнім бар көлікті тексеру және кіргізу мен шығару рәсімінің ұзақ болуы, мамандар біліктілігінің төмен болуы, олардың ауысуы, сондай-ақ сотталғандардың күн тәртібі).

      Осыған байланысты сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша кәсіпкерлік үшін преференцияның (салықтық жеңілдіктер, жеңілдікпен кредит беру, мемлекеттік грант, кәсіптік оқыту) болмауы жағдайды одан әрі қиындатады.

      Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында еңбек нарығында сұранысқа ие мамандыққа кәсіптік оқытуды ұйымдастырудың тиімділігі мәселелері өзекті күйінде қалып отыр. 2023 жылғы жағдай бойынша оқытудан өткен сотталғандардың бестен бір бөлігі ғана алған мамандығы бойынша жұмыспен қамтылған.

      Кәмелетке толмағандар жасаған ауыр қылмыстың жоғары деңгейі

      Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жай-күйі көп жағдайда болашақ криминогендік ахуалға алғышарт болады. Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар алдағы онжылдықтардағы қылмыс резерві әрі оның ең қауіпті және зиянды бөлігінің резерві екенін ғылыми зерттеулер көрсетіп отыр.

      2019 жылдан бастап тұрмысы нашар отбасылар мен кәмелетке толмағандарды медициналық-әлеуметтік есепке алу институты заңды түрде бекітілді. Алайда осы жұмысты регламенттейтін құқықтық актінің болмауына байланысты іс-шаралар жергілікті жерлерде дұрыс жүргізілмейді.

      Осы кезеңдегі жасөспірімдер қылмысының құрылымында қылмыстың орта есеппен 56 %-ы орташа ауыр, 32 %-ы ауыр, 10 %-ы едәуір ауыр, 2 %-ы аса ауыр санатқа жатады.

      5 жыл ішінде кәмелетке толмаған 10920 адам қылмыстық жауапқа тартылды, оның 74 %-ы (8125) жеке меншікке қарсы қылмыс, 11 %-ы (1198) қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпке қарсы және жеке тұлғаға қарсы (1248) қылмыс жасаған.

      1528 жасөспірім әртүрлі жазаға тартылды, оның ішінде 226-ы бас бостандығынан айыруға, 6459-ына қатысты қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

      Есепте тұрғандармен жүргізілетін профилактикалық жұмысқа қарамастан, әрбір сегізінші адам (10845-тің 1298-і) қылмыстық жауапқа қайтадан тартылады.

      Мұндай қылмысты негізінен оқушылар (72 %) күндізгі уақытта (сағат 14.00-ден 19.00-ге дейін) жасайтыны анықталды. Мұның өзі ата-аналар тарапынан балаларының өз уақытын қалай өткізетінін бақылаудың жеткіліксіз екенін, кәмелетке толмағандардың бос уақыты тиімді ұйымдастырылмағанын және мектепте профилактикалық жұмыс нашар жүргізілетінін куәландырады.

      Жеке тұлғаға қарсы қылмыс ерекше алаңдатады. Әр бесінші қылмыс осындай қылмысқа келеді. Оның ішінде денсаулыққа ауыр және орташа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу басым (80 %). Бұл ретте соңғы аталған қылмыс саны 5 жылда 12 %-ға өсті (57-ден 64 фактіге дейін).

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабында көзделген әрекеттерге қатысты қоғамдағы әлеуметтік құбылыстарға сәйкес келмейтін қатаң қылмыстық-құқықтық практика бар екенін атап өткен жөн. Атап айтқанда, қылмыстық жауаптылықтан бейхабар күйде сексуалдық қатынасқа өзара келісіп ерте түскен кәмелетке толмағандар осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Жасөспірімдер мен олардың отбасылары үшін мұның зардабы ауыр, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің жыныстық қолсұғылмаушылығына қатысты ересектер жасаған шын мәніндегі өрескел жағдайларды анықтаудағы құқық қорғау органдарының еңбегін еш етеді.

      Жалпы профилактика саласында балаларға азаматтық-патриоттық тәрбие беруге, құқықтық сауаттылық дағдысын дарытуға, құқыққа қарсы әрекетке және жастарды діни, экстремистік сипаттағы секталарға тартуға төзбеушілікті дамытуға бағытталған қосымша білім берудің қолжетімді бағдарламалары шектеулі немесе жоқ.

      Жол-көлік оқиғасынан болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейі

      2014 жылдан бері жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі – ЖКО) санының жалпы қысқарғанына қарамастан, Қазақстандағы жол қауіпсіздігінің жай-күйі өлім-жітім деңгейінің жоғары болуымен сипатталады.

      5 жыл ішінде 74 мыңнан астам жол-көлік оқиғасында 12267 адам (8218 ер адам, 2975 әйел, 1074 бала) қаза тапқан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рейтингінде ("Global Status Report on Road Safety", 2018 ж.). Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда 12,7 қайтыс болу көрсеткішімен әлемнің 192 елінің ішінде 107-орында тұр.

      ЖКО-да қаза тапқан азаматтардың 30 %-ы жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының жолаушылары, 24,7 %-ы автокөлік жүргізушілері, 3,4 %-ы мотокөлік немесе велосипед жүргізген адамдар.

      ЖКО-ның негізгі себебі – көлік жүргізу тәртібі мен жүргізу мәдениеті деңгейінің төмен болуы. Барлық жол-көлік оқиғасының 94 %-ы жүргізушілер кінәсінен болады, оның ішінде шамамен 6 %-ы мас күйде болғандықтан.

      Жолдағы аварияның негізгі себебі жол берілген жылдамдықты асыруға (24 %), маневр жасау қағидаларын бұзуға (18 %), қарсы жолаққа шығып кетуге (5 %) және басып озуға (2 %) байланысты.

      Барлық ЖКО-ның төрттен бір бөлігі қала сыртындағы трассаларда болады (оның ішінде 66 % – республикалық маңызы бар жол, 34 % – облыстық және аудандық жол), онда фото-бейне түсіру камераларының болмауына және патрульдік полицияның жылжымалы техникалық бақылау құралдарымен нашар жарақтандырылуына байланысты жол жүрісін қадағалау ұдайы жүргізілмейді.

      Жамбыл облысындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай", "Алматы – Ташкент", Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы "Орал – Атырау" автожолдарының учаскелерінде күрделі жағдай қалыптасып отыр, оларға ЖКО-да жалпы қаза тапқандар санының 60 %-дан астамы тиесілі.

      Жол төсемінің (шұңқыр, ойық, жолтабан) қанағаттанғысыз күйі және қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейтін параметрлері жағдайды қиындата түседі. Нәтижесінде аударылып қалу (барлық ЖКО-ның 8 %-ы) және соқтығысу (30 %) орын алады.

      Қала сыртындағы трассалардағы қауіпсіздікке жол бойындағы инфрақұрылым да әсерін тигізеді. Оның дамымауына, кемпингтердің, демалыс орындарының, тамақтану пункттерінің болмауына байланысты жүргізушілер өзін де, өзгелерді де қатерге тігіп, ұйқы мен демалыс көрмей көлік жүргізуге мәжбүр.

      Бақыланбайтын заңсыз жолаушылар тасымалы – бөлек проблема. 2018 жылдан бері азаматтарды жеткізетін онлайн-сервистерге (Indriver, Uber, Yandex мобильді қосымшасы) халық арасында сұраныс артуда. Сонымен қатар бұл салада жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Көбінесе мұндай сервистегі жүргізушілер еңбек және демалыс режимін сақтамайды. Шаршауының салдарынан ауыр зардапқа әкелетін ЖКО-ға жол береді. Олар пайдаланатын автомашиналар көп жағдайда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейді (тозған, қайта жабдықталған, рулі оң жақта). Талдау әрбір үшінші ЖКО-да автомашина "AІRBAG" жүйесімен (қауіпсіздік қабымен) жарақталмағанын, әрбір оныншы ЖКО-да бұл жүйе іске қосылмай қалғанын көрсетті.

      Жалпы еліміздің автопаркінде пайдалану мерзімі 20 жылдан асып кеткен автомашиналар басым (50 %-дан астам). Бұл ретте автокөліктің техникалық жай-күйін бақылаудың сапасы қамтамасыз етілмейді. 5 жыл ішінде техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралын жүргізгені үшін полиция 51,3 мың жүргізушіні жауапқа тартты, техникалық байқаудан өтпегені үшін 362,4 мың жүргізушіге айыппұл салды.

      Көп жағдайда жүргізушілер мен жолаушылар қарапайым қауіпсіздік шараларын елемейді. 5 жыл ішінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны және ұстап қалатын басқа да құрылғыларды пайдаланбағаны үшін 738 адам қаза тапса, 173 жағдайда белдік мүлдем болмаған.

      Қазіргі уақытта өңірлерде ЖКО-дан болған шығынды мониторингтеу, оның ішінде салдары ауыр ЖКО көп болатын учаскелерді айқындау тәртібі регламенттелмеген. Бұл, өз кезегінде, трассаларда құрылатын медициналық-құтқару пункттері орналастырылатын жерлерді айқындауды қиындатады.

      Салдары ауыр ЖКО-ның 75 %-ы елді мекендерде болады, негізінен олар жүріп өтетін бөлікте жарық түсіру жеткіліксіз болған, тротуар, жаяу жүргіншілер өтпежолы, жол белгісі мен таңбасы болмаған жағдайларда жаяу жүргіншілерді қағып кетумен (50 %) байланысты.

      Құқық тәртібінің жай-күйіне ықпал ететін фактор ретінде халықтың профилактикалық сауаттылығының төмен деңгейі

      Меншікке қарсы қылмысты талдау мұндай құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша қарапайым білім және өзін-өзі қорғау дағдысы көп жағдайда олардың алдын алуға және олардан келетін нұқсанды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетіп отыр.

      Азаматтарды алаяқтық схемаға тарту фактісіне жол бермеу бойынша жарияланым санының жыл сайын артып отырғанына қарамастан, олардың саны өсу үстінде. ЖКО-ның алдын алуда да жағдай осыған ұқсас – салдардың ауырлық деңгейі төмендемей отыр.

      Қылмыстың туындау себебінің әлеуметтік-экономикалық сипатын ескерсек, бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетті пайдалану арқылы ІІМ жүргізіп отырған заңнамалық нормалар мен профилактикалық шараларды түсіндіру жұмысы жеткіліксіз.

      Азаматтардың мінез-құлқына ықпал ету әдісі мен дәрежесі тұрғысынан мемлекеттік органдардың ақпараттық-профилактикалық жұмысы да тиісті нәтиже бермей отыр. Зерттеу көрсеткендей, егер жеке жағдайға немесе адамның тұратын жеріне қатысты ақпарат болмаса, жалпы сипаттағы хабарлар ескерусіз қалады.

      Нәтижесінде қоғамдық науқанға жұмсалатын ресурстар аясында олардың тиімділігі туралы мәселе туындайды. Бұл жағдайда жарияланым көлемін ұлғайтып қана қоймай, олардың нәтижелілігін арттыру үшін қылмыс профилактикасы бойынша науқандар жүргізу әдісін де өзгерту сөзсіз шешімге айналуға тиіс.

      Жаңа тәсілдерге мысалды коммерциялық сектордан алуға болады, ондағы тиімді коммерциялық жарнама клиенттерді өз әрекетін өзгертуге, әдетте, қандай да бір зат сат алуға итермелейді. Қылмыстың алдын алуға келгенде де дәл сол жүйе әрекет етеді. Ықпал ету көзделген адамға (құқық бұзушыларға да, жәбірленушілерге де) өзінің шешім қабылдауының болашақ процестеріне ықпал ететін ақпарат сіңірілуге тиіс.

      Жалпы білім беретін мекемелер заңға бағынатын тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған білім беру бағдарламаларына деген сұранысты толық қамтамасыз етпейді.

      Қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі талдаудың және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша стратегиялық шешімдер тұжырымдауда ғылыми тәсілдердің қажеттігі

      Қазіргі заманғы болмысты ескерсек, ішкі істер органдарында ағымдағы процесті жедел басқаруға, қылмыстың алдын алу мен оның профилактикасы шараларын болжау мен жоспарлауға бағытталған тиімді талдамалық инфрақұрылым құрудың міндеті өткір тұр.

      Дамыған елдердің бәрінде қолданылатын дәлелді профилактиканы енгізу үшін мәліметтерді талдау әдісі қолданылатын жұмысқа көшу талап етіледі, бұл әдістер қоғамда болып жатқан процестермен байланысты қоғамдық қауіпсіздікке ықтимал қатерді болжауға, криминалдық бейінін айқындау үшін қылмыстар арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу үшін ресурсты ұтымды пайдалануға ықпал етеді.

      Қазіргі уақытта мұндай көшуді жүзеге асыру жолында бірқатар институционалдық және жүйелі шектеу бар, атап айтқанда:

      ескірген бағдарламалық қамтылым, бұл деректердің өсіп келе жатқан ауқымымен жұмыс істеуге мүмкіндік бермейді және ішкі істер органдарының барлық ІТ-инфрақұрылымының өзегі болып табылатын ІІМ кіріктірілген дерекқорының (бұдан әрі – КДҚ) жұмысындағы елеулі іркіліс қатерін төндіреді;

      компьютерлік техникамен жарақтандырудың төмен деңгейі (тиесілік нормаларының 44 %-ы);

      криминология саласындағы деректерді талдау бойынша білікті кадрлардың тапшы болуы;

      ведомстволық оқу орындарының ғылыми әлеуетінің төмен деңгейі және ғылыми зерттеуді ұйымдастырудың ескірген тәсілдері қылмыстың дәлелді профилактикасын дамыту үшін қазіргі заманғы ғылыми негізделген талдау әдісін дамытуға мүмкіндік бермейді;

      қоғамдық қауіпсіздік саласында "ғылым мен дамуға" нысаналы қаржыландырудың болмауы.

      Жедел және стратегиялық міндеттерді шешу және халыққа қызмет көрсету үшін ішкі істер органдарын қажетті ресурспен жарақтандырудың төмен деңгейі

      Материалдық-техникалық жарақтандырудың нашар деңгейі қылмысқа қарсы күресті және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қызметін өткерудің тиімділігіне, сондай-ақ азаматтар полиция органдарына келген кезде оларға көрсетілетін сервистің сапасына теріс әсерін тигізеді.

      Қазіргі уақытта қолданыстағы ғимараттардың 50 %-ы тозған және авариялық күйде, 30 %-ы қолданыстағы нормативтерге (техникалық, санитариялық, пайдалану нормалары, өрт қауіпсіздігі талаптары, инженерлік-техникалық нығайтылуы және терроризмге қарсы қорғаныс) сәйкес келмейді.

      Қамаққа алу үйлерін салуға мүмкіндіктің болмауы қылмыстық жазаның бір түрі ретінде қамаққа алу институтын одан әрі дамытуды қиындатады, оны қолдану 2017 жылдан бері бірнеше рет кейінге қалдырылып келеді.

      Полицияның арнайы мекемелерінің (уақытша ұстау изоляторы, әкімшілік қамаққа алынған адамдарды ұстауға арналған арнайы қабылдау орны, қабылдау-тарату орны) 38 %-ында ұстау шарттары халықаралық стандарттардың ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді.

      Пенитенциарлық жүйенің ғимараттары мен құрылысжайларының техникалық жай-күйі заңнама талаптарына сәйкес келмейді. 1694 ғимараттың 211-і авариялық күйде (тергеу изоляторы – 38, түзеу мекемесі – 173).

      Қазіргі заманғы жағдайда ішкі істер органдарының сапалы құрамын қалыптастыру үшін жағдай жасау қажеттігі

      Ерекшелігі мен жүктелген міндеттерін ескерсек, ІІО қызметкерлері күнделікті қызметте өмірі мен денсаулығын қатерге тігеді.

      Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару үстінде 845 қызметкер қаза тапты, 4593-і жарақат алды. 5 жыл ішінде полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық, олардың заңды талаптарына бағынбау және азаматтар тарапынан агрессия көрінісі бойынша 5805 факт тіркелді.

      Осыған байланысты әлеуметтік-құқықтық қорғалу мәселелерін қоса алғанда, полицейлердің институционалдық және кәсіптік мәртебесін дамыту аса маңызды болып табылады.

      Қазіргі уақытта бұл мамандық еңбек ресурсы нарығында бәсекеге қабілетті емес, мұның өзі білікті кадрларды тартуға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде ел бойынша жете жасақталмау шамамен 9 %, кейбір өңірлерде одан да жоғары.

      Бұдан басқа, кандидаттарды қызметке және оқуға іріктеудің қолданыстағы тәртібінің жетілдірілмеуі жеке құрамның сапалық және сандық құрамына ықпалын тигізеді.

      Полицияның кәсіптік білімін ұйымдастырудың халықаралық озық тәжірибесін ескерсек, жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселесі тәсілдерді өзгертуді талап етеді.

      Азаматтардың профилактикалық сауаттылығын дамыту және полицияның имиджін арттыру үшін коммуникациялық стратегияның жетілдірілмеуі

      2018 – 2022 жылдары ішкі істер органдары бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желіде 1,5 миллионнан астам материал жариялады. Оларда имидждік сипаттағы ақпарат және жүргізіп жатқан реформа шеңберінде алға қойылған міндеттерді іске асыру туралы ресми хабарламалар басым болды.

      Сонымен қатар тәуелсіз сараптамалық талдау полицейдің имиджін жасаудың біртұтас жүйесі қалыптаспағанын көрсетті, материалдар біркелкі берілмейді, әсіресе бұл әртүрлі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған бір-біріне ұқсас "қайталанатын жарияланымға" қатысты (Қазақстан Республикасы ІІМ және ҚСЗО ҚҚ бірлескен жобасы аясында "Promo group communications" ЖШС дайындаған "Қазақстан Республикасында полицияның сервиске бағдарланған моделін ендіру және жылжыту жөніндегі коммуникациялық стратегия" талдамалық есебі, 2021 ж.).

      Бұл ретте әлеуметтік желідегі полиция қызметкерінің бейнесі айқын емес, ол көп жағдайда теріс стереотиптің әсерінен жағымсыз болып көрінеді (өкілеттікті асыра пайдалану, жаман әдеттерінің болуы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық).

      Сонымен қатар полиция жұмысының сервистік тәсілі шеңберінде халықпен коммуникация тиісті деңгейде дамытылмаған (қылмыстан зардап шеккендерге ақпараттық көмек, полицияның өкілеттігін түсіндіру, профилактикалық сауаттылықты дамыту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесіне халықтың қатысуы жөніндегі нұсқаулықтар).

      Бұл ретте сарапшылардың пікірінше, азаматтардың полиция әрекетіне қатысты басты сұранысы қызметкерлердің өз міндеттерін орындаудағы тиімділігі мен кәсіптік шеберлігі болып табылады, тиісінше ІІО-ның коммуникациялық стратегиясы осы құзыретті көрсетуге тиіс.

3-БӨЛІМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ШОЛУ

      Халықаралық тәжірибеде соңғы он жылда қылмыстың алдын алу тәсілдері айтарлықтай өзгерді. Осы салада бұл функцияны полицияға ғана бекітіп қоймай, ұжымдасып және белсенді әрекет ету қоғам үшін тиімді әрі ұтымды екені дәлелденді.

      Бұл тәсіл Ұлыбританияның, Аустралияның, Норвегияның, Финляндияның, Сингапурдың және басқа да дамыған елдердің стратегиялық құжаттарында көрсетілген. Оларда халықты қылмыстан қорғаудың, полицияға деген сенімінің (90 %), сондай-ақ құқық бұзушылық профилактикасында қоғаммен әріптестіктің деңгейі жоғары.

      Осы елдердің тәжірибесін талдау құқық бұзушылық профилактикасының қазіргі заманғы стратегиясы қылмысқа ықпал ететін негізгі фактор туралы ғылыми дәлелденген деректерге негізделетінін, олардың ықпалы елдегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

      Қазақстанда құқық бұзушылық профилактикасы жүйесінің тиімділігін арттыру үшін тәжірибе жүзінде дәлелденген мынадай практика қолданылады:

      1. Қылмыс жасау мүмкіндіктерін шектеу.

      Еуропалық Одақ, Ұлыбритания және Корея елдерінде "қала құрылысын жобалау арқылы қылмыстың алдын алу" (бұдан әрі – CPTED) қолданылады.

      Бұл елдерде жобаланатын объектілерді қылмыстық қол сұғудан қорғау талаптары ұлттық заңнамада бекітілген.

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінде объектілердің мақсатына қарай қағидаттарды, элементтер мен тетіктерді (оның ішінде бейнекамераның, жарықтандырудың, сигнализацияның, арнайы құрылғының болуы, кіретін және шығатын жерді, баспалдақты, лифтіні, ауланы және т.б. жобалау) көздейтін тиісті CPTED (ISO-22341) стандарттары қолданылады. Олар бақыланатын, әсіресе қоғамдық орындардағы жерлерді техникалық нығайтуға да, олардың көрінуін қамтамасыз етуге де бағытталған.

      Осылайша, құқық бұзушылардың байқалмай қалу мүмкіндігі қиындай түседі және мұның пәрменді профилактикалық әсері бар.

      2. Тәуекелді бағалау және ведомствоаралық әріптестік.

      Еуропа елдерінде қолданылатын тәуекелді бағалау әдісі тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына уақтылы кешенді көмек көрсетуге және жағымсыз салдарды болғызбауға ықпал етеді.

      Мысалы, Канадада, Германияда ODARA (Онтариодағы тұрмыстық зорлық-зомбылық қатерін бағалау); Швецияда, Канадада, АҚШ-та B-SAFER (ерлі-зайыпты арасындағы зорлық-зомбылық қатерін бағалау жөніндегі нұсқаулық); Аустралияда CRAF (отбасылық зорлық-зомбылықты бағалау және тәуекелді басқару жүйесі) әдісі қолданылады.

      Олар тестілеу арқылы отбасылық жанжалдың ауыр зардапқа айналу ықтималдығын айқындауға мүмкіндік береді. Полиция мен әлеуметтік қызметтің жұмысы осының негізінде түзіледі, бұл ретте ведомствоаралық өзара іс-қимылдың ұдайы қолданыстағы тетігімен сүйемелденеді. Мысалы, Ұлыбританияда және Финляндияда MARAC ведомствоаралық тәуекелді бағалау платформасы жұмыс істейді, онда зорлық-зомбылық қатері жоғары болған әрбір жағдайды тиісті көмек көрсету үшін әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымның өкілдері талқылайды және қарайды.

      3. Зардап шеккендерге толық көмек көрсету арқылы қылмыстан болған залалды төмендету.

      Бұл стратегия дамыған елдердегі қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі тұжырымдамалардағы негізгі бағыттың бірі болып табылады. Канадада және Ұлыбританияда қылмыс құрбандарын қорғау кодексі көзделген, онда құрбандардың құқықтары, мемлекеттік органдардың міндеттері, сондай-ақ тиісті қызмет көрсету ұйымдары үшін минималды стандарттар көзделген.

      Бұл жұмысты үйлестіру үшін ресми "қорғаушылар" – Комиссарлар немесе Омбудсмендер жұмыс істейді. Арнайы жұмыскерлері бар әлеуметтік қызметтер (victim care officers) құқық қорғау органдарына өтініш берген-бермегеніне қарамастан, қылмыстан зардап шеккендерге тегін көмек көрсетеді.

      Жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің ерекше сұранысын ескеріп, батыс елдерінде мемлекет қаражаты есебінен оңалту бағдарламаларының әртүрлі моделі кеңінен таралған. Мысалы, Скандинавия елдерінде мұндай орталықтар медициналық ұйымдарда жұмыс істейді; Еуропалық Одақтың 14 елінде – бөлек мамандандырылған орталықтар; Ұлыбритания, Германия және Швейцарияда олар өңірлік деңгейде шоғырланған; Канадада – бұл жергілікті деңгейдегі көмек орталықтарының ауқымды желісі.

      4. Қылмыстан түсетін пайданы азайту.

      Халықаралық практикада ғылыми деректерді, жаңа технологияны және құқық қорғау органдары тарапынан қадағалау мен ден қою бойынша тиісті бизнес-процесті біріктіретін кешенді стратегиялар тиімді болып табылатынын ұрланған мүлікті өткізу нарығын зерттеу көрсетіп отыр.

      Мысалы, АҚШ-та (Калифорния) ломбардтар мен комиссиялық дүкендердің (California Pawn & Secondhand Dealers System) жұмыс істеуі үшін міндетті бағдарламалық қамтылым қолданылады. Онда заттарды тапсыратын адамдардың биометриялық деректерін тіркеу, сондай-ақ полицияның мониторингтеуі және талдау жасауы үшін қолжетімділік функционалы көзделген.

      Ұлыбританияда ауыл шаруашылығы жабдығын таңбалау қолданылады (бұрын жиі ұрланатын). Олардың бірі − треккер функциясы бар үшбұрышты CESAR белгісі. Ол ұрланған жабдықты анықтауды жеңілдетіп, оны қайтару мүмкіндігін ұлғайтты. Бұл ретте кейбір сақтандыру компаниялары осындай таңбасы бар автомобиль иесіне полис бойынша жеңілдік береді.

      5. Полиция қызметінің инновациялық стратегиялары.

      Қазіргі заманғы полиция өз қызметіне жаңа технологияларды белсенді ендіруде, бұл жаңа гаджеттерді ғана емес, жедел міндеттерді шешу процесіне инновацияларды да ендіруді білдіреді.

      Батыс елдерінде "дәлелді полиция" тұжырымдамасының енгізілуін осындай технологияға мысалы ретінде келтіруге болады. Ол дәлелді медицина сияқты құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін факторлар арасындағы тұрақты өзара байланысты айқындауға мүмкіндік беретін деректерді талдаудың расталған әдісін қолдануға бағытталған.

      2021 жылы Ұлыбритания полициясының бас ғылыми кеңесшісі лауазымының енгізілуі осындай тактикаға көшудің маңызды екенін растайды.

      Сонымен қатар АҚШ-та (Джорж Мейсон университеті жанындағы СЕВСР), Ұлыбританияда (Ұлыбританияның полиция колледжінде Дәлелді профилактика әдісі орталығы – What Works Centre for Crime Reduction, College of Policing) дәлелді профилактика орталығын құру тәжірибесі назар аударуға тұрарлық. Ол қандай да бір профилактика шараларының және жұмыс әдісінің тиімділігін бағалау үшін ғылыми-қолданбалы зерттеу жүргізуде ЖОО-ның полициямен ынтымақтастық жасауына негізделген.

      Жоғарыда көрсетілген барлық тәсіл БҰҰ қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі саласындағы стандарттары мен нормалары шеңберінде халықаралық деңгейде жинақталған.

      Оларды Қазақстанда ендіру қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі қызметті сапалы жаңа деңгейге көшіруге мүмкіндік береді.

4-БӨЛІМ. ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ ПАЙЫМЫ

      Әділетті Қазақстанның қауіпсіз және құқықтық қоғамын құру бағдары азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталған құқық үстемдігін қамтамасыз етуді, сондай-ақ құқық тәртібін қамтамасыз ету мәселесінде мемлекет пен қоғам арасындағы өзара қатынастың теңдестірілген моделін қалыптастыруды айқындайды.

      Қоғамның орнықты дамуы үшін қауіпсіздік бірден-бір құндылық екенін, ал алдын алу шараларына инвестиция салуға қарағанда қылмыс мемлекетке әлдеқайда шығынды болатынын түсіну қылмыстың алдын алудың қазіргі заманғы жүйесін дамыту негізі болады.

      Бұл ретте жергілікті атқарушы органдардың өңірлік қауіпсіздік проблемаларын полициямен және жұртшылықпен бірге ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жаңа тетігі арқылы шешуі орталық буынға айналмақ.

      Жұмыссыздық, нашар тұрмыс, панасыздық түріндегі құқық бұзушылық себептерінің ықпал ету күшін төмендету үшін іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, "салауатты" бос уақытты ұйымдастыруға бағытталған арнайы бағдарламалар іске асырылатын болады.

      Тәуекелді бағалаудың озық әдістемесін енгізу, "агрессорлармен" және "бұзақылармен" жұмысқа, оның ішінде оларды психологиялық түзету арқылы назар аудару, сондай-ақ зардап шеккендерді қорғау жүйесін құру отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында құқық бұзушылықтың жағымсыз салдарының алдын алуға мүмкіндік береді.

      Зорлық-зомбылыққа, ұсақ құқық бұзушылыққа және заңдылықты бұзуға төзбеушілік атмосферасы, сондай-ақ ортақ құндылық ретінде әлеуметтің барлық мүшесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты көзқарас қоғамдық өмірдің нормасына айналады.

      Осы міндетке қол жеткізу мектепке дейінгі мекемелерден бастап тиісті тәрбие беру жұмысы мен идеологиялық жұмыс арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл жерде қазақстандық қоғамның зайырлы құндылығы мен конфессияаралық келісімді насихаттайтын жергілікті қауымдастыққа, қоғам қайраткерлеріне, қоғамдағы беделділерге және діни бірлестіктерге ерекше рөл беріледі.

      Адамгершілік-рухани әлеуетті еселеу және құқықтық мәдениетті жоғарылату азаматтардың заңға бағынуына оң ықпалын тигізеді.

      Сонымен қатар ұрланған заттарды өткізу мүмкіндігін бұғаттау,
сондай-ақ қауіпсіздіктің тиімді инфрақұрылымын құру арқылы оған "қызығушылықты" төмендету азаматтардың мүлкін қылмыстық қол сұғудан қорғауға ықпал ететін болады.

      Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі шаралар іске асырылады. Ол үшін халықаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, құқық қорғау органдары жұмысының жаңа форматын енгізу және халық арасында ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру қажет.

      Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жүргізуші тәртібін нығайту мен елді мекенде және қала сыртындағы трассада қозғалысты ұйымдастырудың арнайы бағдарламаларын бір уақытта енгізуді көздейтін тәсілдерді өзгерту жолдағы өлім-жітім деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл қазіргі заманғы бақылау және мониторингтеу құралдарымен жарақталған тиісті жол инфрақұрылымын құруды талап етеді.

      Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша ведомствоаралық үйлестіруді ішкі істер органдары жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл ретте осы саладағы уәкілетті органдар іске асыратын шаралардың тиімділігін арттыру үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару мен азаматтық қоғам институттарына ортақ жауапкершілік белгіленетін болады.

      Жаңа сын-қатерге барабар қарсы әрекет ету үшін полиция жұмысын трансформациялау талап етіледі. Оның негізгі векторлары:

      бюрократиялық модельден адамға бағдарланған модельге өту;

      полиция қажет кезде оның барынша көрінетін жерде болуы және қатысуы мақсатында "жұртқа жақын" болуы;

      азаматтарға сапалы қызмет көрсетуге және сервис ұсынуға басты назар аударып, оңтайлы және тиімді жұмыс процесін құру;

      қылмысты кешенді талдауды жүзеге асыру және ден қою мен профилактиканың нақты шараларын айқындау үшін полицияның талдамалық әлеуетін дамыту;

      проблемаға бағдарланған тәсіл негізінде жергілікті жерлерде қауіпсіздік проблемаларын бірлесіп шешу үшін халықпен және құқық бұзушылық профилактикасының басқа да субъектілерімен тығыз әріптестік жасау.

      Бұл ретте басты назар ішкі істер органдарында қызмет өткеру үшін лайықты жағдай жасау арқылы кадрлық ресурсты басқарудың оңтайлы әдісін әзірлеуге және әлеуетті жақсартуға аударылатын болады.

      Ведомстволық білім беру жүйесінің әлеуетін арттыру ішкі істер органдарының білікті және бәсекеге қабілетті кадрлармен ұдайы толығып тұруын қамтамасыз етеді.

      Процестерді цифрландыруға және құқық тәртібін қамтамасыз ету саласында қазіргі заманғы ІТ-құралдарды ендіруге ерекше назар аударылады.

      Осылайша, Тұжырымдаманы іске асыру 2029 жылға қарай халықтың қауіпсіздік деңгейінің, қорғалғанын сезінуінің және құқық қорғау органдарына деген сенімінің үнемі жоғарылай беруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстанның елдегі құқық тәртібінің, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау деңгейін сипаттайтын халықаралық рейтингтердегі позициясы жақсарады.

5-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАР МЕН ТӘСІЛДЕР

      Тұжырымдама мынадай қағидаттарға негізделген:

      адамға бағдарлану: қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің орталығында қоғамның басты құндылығы ретінде өз сұраныстары мен басымдықтары бар адам тұрғанын білдіреді;

      проблемаға бағдарлану: қоғамдық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды анықтау және тиімді ден қою шараларын тұжырымдау криминалдық деректер мен жұртшылықтың сұранысын жүйелі талдау процесінде жүзеге асырылады (дәстүрлі ден қою әдісінен өзгешелігі жасалған құқық бұзушылықтың бастапқы себебін жоюға негізделген);

      ашықтық пен жариялылық: қазіргі жағдайда азаматтардың полицияға деген сенімі және полицияның қоғаммен әріптестігі қабылданатын шешімдердің ашықтығымен және жүргізілетін саясаттың жариялылығымен қамтамасыз етіледі;

      паритеттілік: құқық бұзушылық профилактикасы мәселелерінде өзара іс-қимыл жасайтын субъектілердің, атап айтқанда мемлекеттік билік органдарының, кәсіпқой полицияның және азаматтардың тең құқылы болуы;

      дәлелділік: басқарушылық шешімдер қабылдаған кезде ғылыми негізделген ақпаратты пайдалануды болжайды;

      ортақ жауапкершілік: құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің бірлескен жауапкершілігін білдіреді (республикалық, салалық, өңірлік деңгейде қамтамасыз етіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі);

      тиімділік: яғни қауіпсіздіктің ортақ міндеттеріне қол жеткізуде дұрыс тәсілдерді пайдаланудың, формализм мен бюрократияны жоққа шығарудың арқасында қолжетімді ресурстардан барынша нәтиже алуды білдіреді.

      Қоғамдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамытудың негізгі тәсілдері үш негізгі бағытты іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады:

      1) тұрғындар өмірінің, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін жоғарылату;

      2) мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігі және халықпен әріптестік негізінде құқық бұзушылық профилактикасының тиімді жүйесін құру;

      3) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі заманғы тиімді ұйымды дамыту.

      1-БАҒЫТ. Азаматтардың өмірінің, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін жоғарылату

      1-міндет. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерді кешенді қорғау және көмек көрсету жүйесін құру

      Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында барлық тұрмыстық зорлық-зомбылық түріне мүлдем төзбеушілік қағидаты бекітілген.

      Осы қағидатты басшылыққа алып, осы саладағы негізгі шаралар төрт салаға бағытталатын болады: профилактика, ерте араласу, ден қою және оңалту.

      Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылықты күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды. Тұрмыстық құқық бұзушылықты тіркеу үшін арыз берілгенін күту қажет емес, ол енді анықтау сипатында болады, осындай іс бойынша татуласу үшін мүмкіндікті шектеу жүзеге асырылды.

      Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы іс бойынша құқық бұзушыларға әкімшілік жауаптылықтың қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі қосымша түрін енгізу қажет.

      Зорлық-зомбылықтың барлық нысанын ұдайы төмендету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру үшін ерте араласу және ден қою шеңберінде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетудің тұрақты тетіктерін енгізу қажет.

      Өңірлердегі сұранысты талдау негізінде уәкілетті органдардың отбасыны әлеуметтік қолдау және гендерлік саясат саласындағы бағдарламалық құжаттары шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер үшін дағдарыс орталықтарын кеңейту жоспарлануда.

      Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған балаларға психологиялық көмек көрсету үшін әлеуметтік бағдарынан айырылуға және әлеуметтік депривацияға әкелген қатыгез қарым-қатынастың бар-жоғын бағалау өлшемшартына өзгерістер енгізілетін болады.

      Қатерді бағалау негізінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасының тетігін ендіру жоспарлануда. Жәбірленушілерді санаттарға бөлу әртүрлі бейіндегі мамандарды тартып, жәбірленушілермен де зорлық-зомбылық түрінде агрессия көрсететін құқық бұзушылармен де профилактикалық жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді.

      Осы саладағы құқық бұзушыларды сот шешімі бойынша агрессивті мінез-құлықты түзетудің кешенді психологиялық бағдарламасынан өтуді міндеттейтін рәсімдік-процестік тетікті заңнамалық тұрғыдан енгізу қажет.

      Бұл, өз кезегінде:

      құқық бұзушылармен (отбасылық бұзақылармен) психотүзету жұмысы бағдарламаларын әзірлеу және ендіру;

      тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы іс бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккендермен және құқық бұзушылармен жұмыс жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар үшін кәсіптік біліктілікті арттыру курстарын дамыту қамтылған кәсіби және кешенді көмек көрсетудің әдіснамалық негізін жетілдіру талап етіледі.

      Бұдан басқа, жасөспірімдер ортасында, отбасында және жалпы қоғамда "салауатты" қарым-қатынас құру, өмірдегі қиыншылықты көтере білу мен стресске төзімділікті қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс қажет.

      Балалар құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы уәкілетті органның бағдарламалық құжаттары шеңберінде олардың бос демалыс уақытын ұйымдастыру шаралары жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға ықпал ететін болады.

      Сонымен бір уақытта білім беру органдары балалардың өмірі мен денсаулығын оқу орындарындағы шын мәніндегі және ықтимал қауіптен қорғау үшін жағдай жасау жұмысын жалғастырады. Осы мақсатта бейнебақылауды, дабыл батырмасын, күзет қызметін және терроризмге қарсы қорғалудың басқа да талаптарын қоса алғанда, толыққанды қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етілетін болады.

      "Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Заңның қабылдануы көп жағдайда әйелдер мен балалар жәбір көретін адам саудасының құрбандарына көмек көрсету бойынша кешенді алдын алу жұмысын, оның ішінде халықаралық деңгейде ұйымдастыру мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте уәкілетті органдардың рөлі бекітіледі және олардың өзара іс-қимыл жасау тетігі айқындалатын болады.

      Қазақстан азаматтарын шетелде жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауынан және осыған байланысты құқықтық және әлеуметтік қорғау шараларына қол жеткізуді шектеудің теріс салдарынан қорғау үшін Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктері шетелдік мекемелерде құжаттау процесін автоматтандыруды жалғастыратын болады.

      Қоғамдағы зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі тиімді мемлекеттік саясатты дамыту үшін әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың ауқымды динамикасы, себептері мен салдары, сондай-ақ осы салада қабылданатын шаралардың нәтижелілігі мәселелері бойынша эмпирикалық деректер базасын одан әрі қалыптастыру қажет ("Қазақстандағы халықтың құрбан болуы деңгейін және құқық қорғау органдарына деген сенімді бағалау" зерттеуіне ұқсас, 2018 ж.).

      2-міндет. Азаматтардың жеке меншікке қарсы қылмыстан зардап шегу дәрежесін төмендету

      Жеке меншікке қарсы қылмыстың (ұрлықтың) алдын алу мемлекеттік билік органдарының, үкіметтік емес ұйымдар мен жауапты азаматтардың әрқайсысының жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі күш-жігерін біріктіретін маңызды басымдықтың бірі болады.

      Бөтен мүлікті ұрлауға "қызығушылықты" төмендететін мақсатқа бағытталған шаралар кешені әзірленетін болады.

      Осы жұмыс шеңберінде дербес деректерді қоса алғанда, жеке ақпаратты сақтағыш болып табылатын ұрланған ұялы телефонды пайдалануға жол бермеу іс-шаралары кешенін іске асыру қажет. Осы мақсатта ұялы байланыс операторларының мұндай құрылғыны бұғаттау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін жауаптылығы күшейтілетін болады. Заңды түрде сатып алынған телефонды тіркеудің және сонымен қатар оны рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғаудың маңызды элементі иесін биометриялық сәйкестендіру болады.

      Сонымен қатар ұялы телефонды әкелу мен өткізудің ішкі нарықта IMEI-кодтары бірдей құрылғылардың болуын жоққа шығаратын тәртібін реттеу қажет.

      Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нысаналы бағдарлама шеңберінде мынадай тетікті әзірлеу қажет:

      ұрланған мүлікті өткізу мүмкіндігін, оның ішінде оған сұранысты бұғаттау арқылы жоққа шығару (ол үшін бизнес-қауымдастықпен бірлесіп, пайдаланылған заттарды қабылдау мен өткізудің заңсыз сатып алынған мүліктің айналымға қайта түсуіне жол бермейтін тәртібін цифрлық құралдарды пайдалану арқылы қосымша "іріктеп қарауды" ендіру арқылы қайта қарау қажет);

      полицияның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірге тиісті шаралар кешенін іске асыруы арқылы Қазақстанға "криминалдық" автокөліктің кіруіне жол бермеу және азаматтарды заңсыз мәмілеге тарту қатерінен қорғау;

      жануарды сойғанға дейін (оның ішінде иесін, егуді, есепке алу орнын) электрондық форматта қадағалауға мүмкіндік беретін ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру (оның ішінде чип қою әдісімен).

      Сонымен қатар азаматтардың мүлкін міндетті сақтандыру институтын енгізу мәселесін ықтимал әлеуметтік-экономикалық ықпал етуді бағалап, кешенді зерттеу арқылы пысықтау қажет. Мұның өзі осы институт әртүрлі нысанда жұмыс істейтін дамыған елдерде меншікке қарсы қылмыстан болатын залалды азайтуға мүмкіндік береді.

      Ұрлықтың алдын алудың, жәбірленушілердің зардап шегуінің алдын алу бойынша қолданыстағы әдісті жетілдіру қажет. Ол үшін бұқаралық ақпарат құралдарының және басқа да медиаресурстардың мүмкіндігі халықты ұрлықтың таралуы, оларды жасау тәсілдері, таралу арнасы, мұндай қылмысқа барынша бейім адамдар және ықтимал қорғану тәсілдері туралы ақпараттандыру үшін тартылады. Бұл ретте жеке және мүліктік қауіпсіздік сезімін нығайту үшін қылмыскерлерді ұстау және жауапқа тарту бойынша полиция жұмысының нәтижесі жарияланып тұруға тиіс.

      3-міндет. Киберқылмысқа (интернет-алаяқтық) қарсы тиімді іс-қимыл

      Дәлелді талдауға және жаңа қатер тәуекелін болжауға негізделген жұмыс тактикасы киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың негізгі стратегиясы болады.

      Осы мақсатта құқық қорғау органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың, қаржы мекемелерінің және үкіметтік емес сектордың бірлескен күш-жігерімен үйлестіруші құрылым құру қажет. Оның қызметі алдын алу шараларын әзірлеуді қоса алғанда, киберқатерді анықтау мен басқаруға бағытталатын болады.

      Сонымен қатар бюрократиялық рәсімді жоққа шығаратын және интернет-алаяқтықты ашу жеделдігін қамтамасыз ететін полицияның басқа субъектілермен өзара іс-қимылы бойынша бизнес-процесс қайта құрылатын болады. Осы мақсатта қылмыстық істі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы құқық қорғау органдары мен арнайы органдар арасындағы ақпарат алмасу жүйесі арқылы банктік және қорғалатын басқа құпияларды сақтау жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес коммуникация процесін автоматтандыру міндеті тұр.

      Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыс туралы конвенциясына қосылуы шетелден жасалатын интернет-қылмысты ашу және жолын кесу жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар шетелдік әлеуметтік желінің өкілдерімен ынтымақтастық ұйымдастырылады.

      Ұлттық деңгейде азаматтардың дербес деректерін, абоненттік нөмірі мен банктік картасын (шотын) қылмыстық мақсатта пайдаланудан қорғау бойынша заңнамалық шаралар қабылдау қажет. Бұл абоненттік нөмірді сатуды, банктік картаны үшінші тұлғаларға беруді реттеу, сондай-ақ жаңа цифрлық өнім мен көрсетілетін қызметтерді іске қосардан бұрын қорғау тетігін ендіру шараларын қамтиды.

      Сонымен қатар интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың маңызды аспектісі халықтың цифрлық, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ескерту сипатындағы нысаналы жарнаманы іске қосу болып табылады.

      Осы шараларды табысты іске асыруға цифрлық криминалистиканы дамыту, ІІМ киберқылмысқа қарсы күрес бөлімшелерін қазіргі заманғы цифрлық құралдармен ресурстық жарақтандыруды жақсарту, сондай-ақ құзыреттілік деңгейін арттырудың кеңейтілген мүмкіндігі ықпал ететін болады.

      4-міндет. Қайтадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру

      Осы бағытта қабылданатын шаралардың негізі бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан бұрын сотталғандардың қоғамның әлеуметтік жауапты мүшесіне айналуына мүмкіндік беретін құқық бұзушылық профилактикасының жаңа моделін құру болады.

      Осы мақсатта сотталғандарды бас бостандығынан айыру орнынан босатуға дайындауға, сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыс жүйесіне кірігуіне нақты жағдай жасауға баса назар аударып, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін қайта қарау қажет.

      Талап-арыздың орнын толтыруға, отбасына көмек көрсетуге және босап шыққаннан кейін тұрмыстық жағдай жасауға қаржы қаражатының болуы сотталғандарды қайта әлеуметтік бейімдеу шараларының бірі болып табылады. Бұл, өз кезегінде, орындалған жұмыс үшін лайықты сыйақы алу мүмкіндігімен ҚАЖ мекемесінде жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруді талап етеді.

      Осы мақсатта сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету саласын жаңа деңгейге шығаруға, пенитенциарлық жүйеде өндірісті жаңғыртуға, сондай-ақ осы салаға кәсіпкерлік субъектілерін тарту үшін тартымды орта құруға мүмкіндік беретін заңнамалық сипаттағы шаралар қабылданатын болады.

      Жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар заң жүзінде ерекше әлеуметтік санатқа жатқызылатын болады. Бұл бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар мен пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орнын ұсынатын кәсіпкерлерге тиісті преференцияны пайдалануға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте ұзақ мерзімді жазасын өтегеннен кейін бостандыққа шыққан адамдарға ерекше назар аударылатын болады, өйткені ұзақ уақыт жұмыссыз жүріп, күнкөріс қаражаты болмағандықтан, олар қайтадан заң бұзуға барады. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар олардың бас бостандығынан айыру орындарында алған мамандығын ескеріп, жұмыс орнына қосымша квота, сондай-ақ жұмыс берушілер үшін преференция (жеңілдік) белгілейтін болады.

      Бұдан басқа, еңбек нарығындағы сұранысты ескеріп, сотталғандардың мамандық бойынша кәсіп игеруін арттыру бағдарламасын енгізу қажет. Бұл өзін заңды табыс көзімен қамтамасыз ете алатын заңға бағынатын азаматтарды қоғамға қайтару бойынша әлеуметтік және экономикалық сипаттағы маңызды мемлекеттік міндетті шешуге мүмкіндік береді.

      Сонымен бір уақытта ҚАЖ мекемесінде сотталғандарды қайта тәрбиелеуге және түзеуге ықпал ететін жағдай жасау, оның ішінде әр камерада ұстауға көшу мәселелерін кезең-кезеңімен шешу қажет.

      Жаңадан құрылған облыстарда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін тергеу изоляторын және барлық өңірлерде аралас қауіпсіздік мекемесін салу (оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолданып) қажет. Бұл бас бостандығынан айыруға сотталған әрбір адамға жақын туыстарының тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеуге және әлеуметтік пайдалы байланысты сақтап қалуға мүмкіндік береді.

      Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды және олар босатылғаннан кейін әлеуметтік бейімдеу бойынша ішкі істер органдарының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылының пилоттық жобасы шеңберінде алдын ала сынап көріп, тиімді тетігін әзірлеу қажет.

      Бұрын сотталғандар арасында профилактикалық жұмысты күшейту мақсатында қайтадан құқық бұзушылық жасауға бейім жүйелі құқық бұзушылардың жүріс-тұрысын бақылау бойынша қосымша шаралар қабылданатын болады. Цифрлық құралдар мен биометриялық тіркеуді енгізу көрсетілген контингенттің тұрмыс салты мен жүріс-тұрысын анағұрлым тиімді бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталғандар тарапынан қайтадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу түрме қызметінен тәуелсіздікті қамтамасыз ету арқылы пробация қызметінің ұйымдық-құқықтық мәртебесін арттыруға ықпал ететін болады.

      5-міндет. Қоғамдық орында қауіпсіздік деңгейін арттыру

      Көшедегі және басқа да қоғамдық орындағы құқық тәртібінің жай-күйі өңірдегі азаматтардың қауіпсіздігінің индикаторы және құқық тәртібі күштері үшін басымдыққа айналады.

      Проблемаға бағдарланған талдау негізде, сондай-ақ бей-жай қалмайтын азаматтардың белсенді қатысуымен полиция мен Ұлттық ұланның қызмет өткеруінің жаңа нысандары мен әдісін енгізу қажет.

      Дизайн арқылы қылмыстың алдын алу тактикасы осындай тәсілдердің бірі болып табылады, себебі ғимарат, ландшафт және сыртқы орта дизайны қылмыстың өршуіне ықпал етуі де, кедергі келтіруі де мүмкін.

      Осыған байланысты сәулет және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ тұрғын үйлерді, ғимараттарды, сауда орталықтарын және басқа да объектілерді жобалау мен салу кезінде қылмыстың алдын алу бойынша белгілі бір талаптарды сақтауды көздейтін тиісті түзетулер әзірленетін болады.

      Жеке күзет ұйымдары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің маңызды құрамдас бөлігіне айналды, оларда бүгінгі күні шамамен 100 мың адам жұмыс істейді. Қылмысқа қарсы күресте осы әлеуетті пайдалану тиімділігін арттыруға, құқық тәртібін, сондай-ақ террористік актілерге осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған күзет қызметін одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

      Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен елді мекендерде ең алдымен криминогендік учаскелерді қамтитын бейнеталдау функциясы бар бейнебақылау жүйесін орнату жұмысын жалғастыру қажет.

      Халық демалатын орындарда құқық тәртібін қамтамасыз ету шараларын күшейту қажет. Жеке меншік мекемелердің әкімшілігін келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, криминалдық инцидентке жол бермеуге ынталандыруды арттыру мақсатында тиісті рейтинг жасау практикасы енгізілетін болады. Бұл азаматтарға баратын жерді қауіпсіздік жағдайын ескеріп таңдауға мүмкіндік береді.

      6-міндет. Мас күйде жасалатын қылмыс деңгейін төмендету

      Ұлт денсаулығы мен құқық тәртібінің жай-күйіне келеңсіз әсерін тигізетін маскүнемдік пен алкоголизм сияқты зиянды құбылысты жеңуге қоғамның барлық институттарының күш-жігері жұмылдырылатын болады.

      Алкогольді асыра тұтынатын адамдарды уақытша оқшаулау мас күйде заңсыз әрекет жасаудың алдын алуға ықпал етеді. Ол үшін өңірлердің сұранысына байланысты уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының немесе ондағы жатын орындардың санын көбейту қажет.

      Алкоголизм профилактикасы мен одан емдеу жүйесі қайта қаралады, мәжбүрлеп емдеуге жіберу тәртібі оңтайландырылады. Бұл ретте жеке тұлғаны психотүзетуде озық халықаралық тәжірибені қолдану алкоголизммен ауыратын науқастарды емдеудегі жаңа векторға айналмақ.

      Сапасыз алкоголь өнімін тұтынумен байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерді ескеріп, оны интернет-ресурс арқылы сатуды шектеу мәселесін қарау қажет. Сонымен қатар алкогольді ішімдікті арнайы сауда объектілерінен тыс сатуға жол бермеген жөн.

      Жергілікті қауымдастықтың осы бағыттағы күш-жігерін қолдау және оған жәрдемдесу, қоғамды алкогольді тұтынудың зиянды әсері туралы үздіксіз хабардар етіп тұру ұзақ мерзімді перспективаға арналған шаралар ретінде болжанады. Бұл жерде денсаулық сақтау секторынан тыс жұртшылықтың бұқара тобы тартылуға тиіс.

      Осылайша, азаматтардың денсаулығына алкогольдің зиянды әсерін азайтумен қатар көп жағдайда жеке тұлғаға және қоғамдық тәртіпке қарсы мас күйде жасалған құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесі қалыптасатын болады.

      7-міндет. Жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітімді азайту

      ЖКО деңгейі төмен Скандинавия елдерінің тәжірибесі бойынша "жолдағы өлім-жітімнің мүлдем болмауы" қағидаты жолдағы қауіпсіздікті арттырудың негізгі стратегиясына айналады. Оның ықпал ету талап етілетін негізгі компоненті жол, жүргізушілер мен автокөлік болып табылады.

      Осыған байланысты автожолды жобалау мен реконструкциялау тәсілдерін қайта қарап, талдауды ендіру және барлық қатысушылардың қауіпсіздігі үшін инфрақұрылым элементтері біріздендірілген жол жүрісінің үйлесімді жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, тиімділігі дәлелденген арнайы бағдарламаларды (мысалы "VisionZero") пайдалану қажет.

      Жүргізушілерді ақпараттық сервис (СМС, Яндекс, Google, 2 GIS навигациялық карталары) арқылы авариялық қауіпті учаскеге жақындағаны немесе сонда жүргені, ауа райының, жолдың және өзге де жағдайдың нашарлағаны туралы хабардар ету көзделетін болады.

      ЖКО кезінде зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету, сондай-ақ өлім-жітімді азайту үшін трассаларда медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру орындарын айқындау әдістемесі әзірленетін болады.

      Жүргізушілердің тәртібін жақсарту шаралары ретінде жол жүрісі қағидаларын бұзуды тіркеу жүйесін кеңейту жалғасады, оның техникалық сипаттамасы бекітілген бірыңғай талаптарға ("Жолдағы фото-бейнетіркеу және бейнеталдау жүйесі" және "Жол жүрісін басқару жүйесі") сәйкес келетін болады.

      Сонымен қатар полицияның күнделікті қызметіне қызметтік автомобильдер базасында көлік легіндегі құқық бұзушылықты анықтауға және жолын кесуге мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен ендірілетін болады.

      Емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін алу тәртібін халықаралық тәжірибені, оның ішінде жүргізуші куәлігін сынақ мерзімі өткеннен кейін беру тәртібін көздейтін оң тәжірибені ескеріп қайта қарау талап етіледі. Сонымен бір уақытта автомектептердің рейтингін енгізу мәселесі қаралып, олар оқып шыққан азаматтар жасаған ЖКО саны бойынша бағаланатын болады. Бұл жүргізушілерді даярлауды жүзеге асыратын субъектілердің жауапкершілігін жоғарылатады.

      Сонымен қатар жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың ведомствоаралық алгоритмін әзірлеу қажет.

      Балалардың жолда жарақат алуының профилактикасы шеңберінде оқу орындары жанында жол қауіпсіздігі бойынша "SR4School" халықаралық бағдарламасын ендіру қажет, ол процеске оқушылардың өздері мен жергілікті қауымдастықты тартады.

      2-БАҒЫТ. Мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігі және халықпен әріптестік негізінде құқық бұзушылық профилактикасының тиімді жүйесін құру

      8-міндет. Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру жүйесі мен тетігін құру

      Ведомствоаралық ынтымақтастық және жергілікті қауымдастықпен сындарлы әріптестік қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Бұл мүдделі тараптардың проблемалы мәселелерді бірдей түсінуіне және олардың негізіндегі себеп-салдарлық байланысты жою үшін тиімді шешімдер қабылдауға ықпал етеді.

      Құқық бұзушылықты алдын алудың біртұтас жүйесін құру үшін барлық құқық бұзушылықтың алдын алу субъектілерінің оған жауапты қатысуы арқылы осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі туындады.

      Есеп беру тетігі ретінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың үлесін бағалауды көрсететін Елдегі құқық тәртібінің жай-күйі туралы ұлттық баяндаманы дайындау және Мемлекет басшысына енгізу бойынша ІІМ-нің өкілеттігі енгізілетін болады.

      Өңірлерде құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысы өзгертіледі, ол қауіпсіздік проблемаларын, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларды анықтауға және олардың себептері мен мән-жайын жою бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге бағдарланатын болады.

      Бұдан басқа, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға орталық және жергілікті атқарушы органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің қызметі ықпал ететін болады. Оларда түрлі әлеуметтік топтар бар екенін ескерсек, олар қоғам мүддесін көрсетіп, азаматтарды қоғамдық қауіпсіздік мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға тартуға ықпал етеді.

      Жалпы көрсетілген шаралар азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімнен бастау алған орнықты қоғамдық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      9-міндет. Қауіпсіздік мәселелерінде әріптестікті дамыту және жергілікті қауымдастықты тарту

      Мемлекеттік билік органдарының, полиция мен азаматтардың өзара іс-қимылының жаңа тетігін ендіру ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеушілік саясатына, сондай-ақ қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға жаңа серпін береді.

      Жергілікті қауымдастықтардың (оның ішінде этномәдени бірлестіктер, ақсақалдар кеңесі) құқық тәртібін қамтамасыз етудегі құзыреті мен өкілеттігін заңнамалық бекіту және оларды профилактика субъектілерінің шеңберіне қосу жұртшылық пен құқық қорғау блогының жауапкершілік аймағын бөлуге мүмкіндік береді. Полициямен бірлескен іс-шараларға қатысу есебінен халықтың азаматтық белсенділігінің деңгейі артады.

      Қалалардағы жұмыс тұрғындардың өздері тұрып жатқан аудандарда тәртіпті қадағалап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қабылдау үшін полиция мен басқа да мемлекеттік органдарды уақтылы тартуы арқылы құрылатын болады.

      Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұрақты сауалнама жүргізіп тұру, сондай-ақ халықпен кездесу қоғамның көңіл-күйін бақылауға, проблемалы мәселелерді анықтауға және оларды шешу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар ІІМ-нің азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңға бағынатын мінез-құлықты насихаттау жөніндегі арнайы жобаларды іске асыру арқылы үкіметтік емес ұйымдармен, еріктілермен және жергілікті қауымдастықпен сындарлы ынтымақтастығы дамитын болады.

      10-міндет. Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін жоғарылату

      Азаматтардың құқықтық сауаттылығы деңгейін жоғарылатуға және өз құқықтары мен мүддесін қорғау дағдысын дамытуға, құқық бұзушылыққа төзбейтін белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған мемлекеттің ақпараттық саясаты ұзақ мерзімді стратегияға айналады. Бұл жұмыс адамды мектепке дейінгі мекемелерден бастап өмірдің барлық кезеңінде сүйемелдейді. Тиісті іс-шаралар өмірдің барлық саласын қамтитын елдің стратегиялық құжаттарында бекітілген.

      Жұртшылықтың қылмыстың алдын алудан хабардар болуын арттыру үшін барлық мемлекеттік органның кәсіби, ақпараттық-түсіндіру жұмысы қажет, бұл халыққа:

      азаматтардың өз мүлкін, денсаулығы мен өмірін сақтау, сондай-ақ тұрғылықты ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бастапқы шаралар қабылдауға тиіс екенін;

      көптеген қылмыс конъюнктуралық сипатта болатынын және зардап шегушілердің абайсыздығы мен ұқыпсыздығынан жасалатынын;

      азаматтар қарапайым және тиімді шараларды өз бетінше немесе көршілерімен бірлесіп қабылдау арқылы қылмыстың алдын ала алатынын ұғынуға көмектесуге тиіс.

      Күш-жігер нақты проблемаларды талдауға негізделген және ықтимал зардап шегушілерге немесе құқық бұзушыларға бағытталған нысаналы ақпараттық науқанға бағытталуға тиіс.

      Азаматтарды тұрғылықты аудандағы криминогендік ахуал және полицейлер қабылдап жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар ету жеке қауіпсіздік пен мүліктің сақталуы үшін алаңдаушылықты азайтуға, сондай-ақ қоғамның белсенді мүшелерін құқық тәртібін сақтауға қатысуға ынталандыруға ықпал ететін болады.

      Полицияның қоғамдық санаға жағымды ықпал етуде, жауапты және белсенді іс-қимыл жасауының орнықты стереотипін қалыптастыруда (қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу, салауатты, зорлық-зомбылықсыз өмір салтын және әлеуметтік бірлікті насихаттау мәселелері бойынша) бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылына ерекше рөл беріледі.

      3-БАҒЫТ. Полицияны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі заманғы тиімді ұйымға трансформациялау

      Уақыт талабы мен қоғамның сұранысын ескеріп, жұмыстың әлуетті моделінен сервистік модельге көшу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімі деңгейін жоғарылатуға бағдарланған, адамды назарда ұстайтын XXI ғасырдағы жаңа қазақстандық полиция құрудың негізіне айналады.

      Жаңа тәсілдер полицияның "Адам өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандығын, қоғам мен мемлекет мүддесін заңсыз қолсұғушылықтан қорғау" миссиясын сапалы іске асыруды қамтамасыз етеді.

      11-міндет. Полицияның сервиске бағдарланған моделін енгізу және қазіргі заманғы коммуникациялық стратегияны іске асыру

      Сервистік модельге өту идеологияны және полицияның ұйымдық мәдениетін өзгертуді талап етеді, бұл қазіргі қоғамдағы қауіпсіздікке қатер төнген кезде азаматтардың кәсіптік қорғаушысы әрі көмекшісі және қоғам тыныштығы мен амандығын қамтамасыз етудегі сенімді серіктесі ретіндегі рөлін түсіну үшін қажет.

      Бұл арыз берушілермен, жәбірленушілермен және құқық бұзушылармен жұмыс істеген кезде заңдылық, жан-жақтылық, уақтылылық, сыйластық және хабардарлық сияқты бес өлшемшарт негізінде сапалы жеке сервис ұсынуды болжайды.

      Сонымен қатар ұжымдық сервисті полиция халықпен және билік органдарымен бірлескен жұмыс барысында қауіпсіздік мәселелерін анықтау мен шешудің проблемаға бағдарланған тәсілі негізінде көрсетеді.

      Осындай жұмыс моделінің тиімді қолданылуы үшін полицияны бағалау өлшемшарты статистикадан міндеттерді сапалы орындауға ынталандыратын индикаторлардың теңгерімді жүйесіне өзгертілуге тиіс. Бұл ретте басты назарда азаматтар, ал тиімділік көрсеткіші қауіпсіздік сезімі мен полицияға деген сенім болады.

      Осы мақсатта азаматтардың үнемі бағалап тұруын автоматтандыру арқылы полиция қызметінің сапасын ұдайы жетілдіру жүйесін әзірлеу қажет. Азаматтардың полиция қызметінің сапасын бағалауын талдау басқарушылық шешімдерде көрсетілетін болады.

      Полицияның процестік қызметін реинжирингтеу әрбір қызметкердің шығынын төмендетуге және нәтижелілігін арттыруға бағытталуға тиіс. Тиісінше, талдау негізінде бөлімшелердің қайталанатын, артық және немқұрайлы орындалатын функциялары алып тасталатын болады.

      Сервистік модельге сәтті өтуге ықпал ететін маңызды фактордың бірі сыртқы және ішкі аудиторияға бағдарланған тиімді коммуникациялық стратегия болып табылады.

      Ішкі аудиторияға (жеке құрам) арналған коммуникациялық стратегия полицей бойында идеологиялық жұмыс арқылы полицияның сервистік жұмыс моделінің қағидаттарын ұстануды және өз функциясы мен мәртебесіне деген көзқарасын өзгертуге қабілеттікті қалыптастыруға бағытталатын болады.

      Жаңа идеологияны қалыптастыруда ІІМ-нің басшылық құрамымен және ведомстволық оқу орындарының оқытушыларымен жұмыс істеу маңызды болады, олар сервистік идеологияны жеткізушілер және оның "ретрансляторлары" болып табылады.

      Сервистік полиция қағидаттарын ендірудің жағымды мысалдарын қызметте ерекшеленген белгілі бір полицейлерді кейіпкер ретінде алып, қысқаша бейнебаян түрінде тарату жаңа мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруға ынталандырады.

      Қызметкерлерде полицейдің эталондық бейнесін қалыптастыруға көмектесетін көрнекі құралдарды (бейнебаян, баннер) пайдалану, сондай-ақ міндеттерді орындаған кездегі міндетті қағидалар мен әдеп нормаларының (іс-қимыл алгоритмінің) ең аз жинағын бекіту міндетті болады.

      Идеологиялық жұмыс кері байланыс тетігімен бірге жүреді. Ол үшін кадрлық және идеологиялық жұмысты тиімді жүргізу, оның ішінде барлық деңгейдегі қызметкерлердің өзекті ақпаратқа жылдам қол жеткізуі үшін полиция қызметінің барлық бағыты бойынша кәсіптік білім базасын басқару мақсатында ішкі коммуникация үшін бірыңғай ақпараттық портал құру болжанады.

      Сыртқы аудитория үшін коммуникациялық стратегия қоғамда полицияға қатысты қалыптасып қалған теріс пікірді өзгертуге, сондай-ақ сервистік модель қағидаттары негізінде құрылған полицияның жаңа бейнесіне қоғамның түзу көзқарасын одан әрі қалыптастыруға бағытталатын болады. Осы бағыттағы міндеттер:

      құқық қорғау органдарының реформасы туралы ақпараттық желі құру;

      азаматтардың мүддесі үшін әрекет ететін ашық және достық қатынастағы ұйым бейнесін қалыптастыру;

      коммуникациялық стратегияны және қолданылатын құралдарды түзету үшін нысаналы аудиториядан кері байланыс алу.

      Көрсетілетін қызметті алушылардың әртүрлі тобына – арыз берушілерге, жәбірленушілерге, құқық бұзушыларға және олардың отбасына, кәсіптік және бизнес-қауымдастықтарға, шетел азаматтарына полиция сервисін көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша ақпарат пен консультацияға (Ұлыбритания тәжірибесі) жеңілдетілген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін полиция жұмысы туралы бірыңғай веб-сайт түріндегі ақпараттық сервис көрсетудің практикалық мақсаты коммуникациялық стратегияның тағы бір маңызды бағыты болып табылады.

      Сонымен қатар азаматтарға полиция қызметін көрсету мәселелері бойынша полиция ғимаратына бармай-ақ кеңес беру мүмкіндігін көздейтін қолданыстағы "1402" қызметінің функционалын кеңейту мәселесін пысықтау қажет. Сол арқылы "102" арнасына жүктеме азаяды және азаматтардың қылмыс пен оқыс оқиғалар бойынша өтініштеріне қызмет көрсету жеделдігі артады.

      12-міндет. Қазіргі заманғы жағдайда ішкі істер органдарының сапалы құрамын қалыптастыруды қамтамасыз ететін кадр саясатын іске асыру

      Қызметкерді клиентке бағдарланған және адамға бағдарланған полицейге айналдырудың негізі меритократия қағидатын іске асыру болады.

      Жаңа тәсілдерді ендіру шеңберінде кандидатты басшылық лауазымға тек кадр резервінен тағайындау мәселесі пысықталады, ол өз кезегінде алқалы шешім қабылдау негізінде қалыптастырылатын болады.

      Сонымен қатар полицей бойында қызмет өткеруге жауапты, азаматтардың арызына ден қоюға, сауатты және білікті қарауға ұмтылуды қалыптастыруға, сондай-ақ барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған адалдықты тексеруді енгізудің тиімді тетігін (Integrity check) әзірлеу қажет. Бұл өз кезегінде қызметкерлерде сыбайлас жемқорлыққа бой алдырмауды дамытуға ықпал етеді.

      Сервистік модель қызметкерлердің кәсіптік жоғары құзыреттілік деңгейін және "икемді дағдысын" – эмоционалдық интеллекті, креативтілік пен сыни ойлауды, жанжалды реттеу қабілетін, командада жұмыс істей алуды және көшбасшылық қабілетті дамытуды талап етеді. Осыған байланысты қызметкерлердің, әсіресе басшы лауазымға тағайындалғандардың кәсіптік және тұлғалық құзыретін дамытуға бағытталған ведомстволық білім беруді жаңғыртуға ерекше назар аударылатын болады.

      Қазіргі заманғы кадр саясатын іске асыру жеке құрамның кәсіптік шеберлігі деңгейімен қатар аумақтық бөлімшелерді басқару тиімділігі ұйымдық индикаторының біріне айналатын полиция қызметкерлерінің қызметіне қанағаттану деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.

      Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде кәсіптік құндылықтың қазіргі деңгейін және олардың өзгеру қарқынын бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартып, әлеуметтанушылық зерттеу қажет.

      13-міндет. Құқық қорғау органдарының азаптауға, қатыгездікке және рұқсат етілмеген өзге де жұмыс әдісіне қарсы іс-қимыл

      Құқық қорғау органдарының жұмысында азаптауды, қатыгездікті және рұқсат етілмеген өзге де әдісті қолдану практикасын түбегейлі жоймайынша, полицияны трансформациялау және азаматтардың сенімін арттыру бойынша қоғаммен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне өту мүмкін емес.

      "Азаптауға мүлдем төзбеушілік" қағидаты халықаралық конвенциялар шеңберіндегі елдің міндеттемесіне сәйкес әділетті Қазақстанның қауіпсіз және құқықтық қоғамын құрудың негізіне айналуға тиіс.

      Азаптау мен қатыгездікке қатысты қылмыстарды тергеу функциясын Бас прокуратураға бекіту арқылы мемлекет қазірдің өзінде осындай шағымдарды тергеудің тиімділігін арттыру шараларын жүзеге асыруда.

      Тәуелсіз сарапшылар халықаралық стандарттарға жақындаудағы оң өзгерістерге қарамастан, Қазақстанның заңнамасын әлі де жетілдіру талап етілетінін атап өтті.

      Осыған байланысты БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің Қазақстанға қатысты заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөніндегі ұсынымын іске асыру шаралары қабылданатын болады, онда мыналар қамтылады:

      азаптауға үзілді-кесілді тыйым салу жөніндегі міндеттемені іске асыру мақсатында қылмыстық-процестік заңнамада азаптау туралы іс бойынша процестік келісім жасау негіздерін шектеу;

      арыз берушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті және шұғыл әрекет етуді, сондай-ақ дәлелдемелерді уақтылы бекіту бойынша әрекет етуді қоса алғанда, азаптау туралы хабарламаға жедел ден қою алгоритмі;

      барлық ұсталған, қамаққа алынған және сотталған адамдардың өтініші бойынша тәуелсіз медициналық тексеруге рұқсат беру;

      бас бостандығынан айыру орындарында және ІІО арнаулы мекемелерінде прокуратура органдары мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен мониторингін жүргізу практикасы;

      сот талқылауы кезінде мәлімделген азаптауды қолдану фактісіне дереу ден қою бойынша сот практикасын енгізу;

      барлық деңгейдегі судьялар арасында халықаралық міндеттемелерді және азаптауға мүлдем төзбеушілік саясатын сақтау бойынша жүйелі негізде оқыту;

      азаптаудан және қатыгездіктен қорғау кепілдігінің сақталуына мониторингті жүзеге асыру мақсатында тергеу әрекетін жүргізу үшін бейнебақылау камерасымен жарақтандырылған "ашық" кабинеттерді жабдықтау.

      Жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымына сәйкес медициналық сот және психологиялық-психиатриялық сот сараптамаларының әдістемесін жетілдіру (азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазалау түрін тиімді тергеу және құжаттау жөніндегі нұсқаулық) қажет.

      14-міндет. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық инфрақұрылымын дамыту

      ІІМ алдында тұрған міндеттердің бірі құқыққа қайшы әрекеттің жедел әрі сапалы алдын алуға және жолын кесуге қабілетті қазіргі заманғы техникалық жарақтандырылған полиция құру болып табылады.

      Осыған байланысты қызметтің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз ететін цифрлық технологияны ендіру жалғасатын болады.

      Полицияның және Ұлттық ұланның байланыс инфрақұрылымын одан әрі дамыту қажет. "Цифрлық полицей" жобасы шеңберінде полицейлерді жаңа буынның бейнетіркегішімен жарақтандыру қажет. Бұл азаматтармен коммуникация кезінде көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға және жанжалды жағдайдың туындауының алдын алуға мүмкіндік береді.

      Бақылауды және полицияның кешенді күштерін үйлестіруді жүзеге асыру мақсатында шағын қалаларда жедел басқару орталығын құру жұмысы жалғасатын болады.

      Қоғамдық жерлерді полицияның жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімімен жалғасқан бейнебақылау камераларымен қамту "Бейнебақылаумен толық қамту" жобасының арқасында жүзеге асырылатын болады.

      Шешім қабылдаудың жеделдігін арттыру үшін ішкі істер органдарының жедел-қызметтік және талдамалық қызметі үшін ақпараттық кешен құру қажет.

      Open Sourse негізінде "Диспетчерлік қызметті жедел басқару" бағдарламалық-аппараттық кешенін ендіру жоспарлануда.
Осы бағдарламалық қамтамасыз етуге өту белгілі бір аумақтағы жедел жағдай туралы нақты уақыт режимінде ақпарат алуға және беруге, ахуалдың өзгеруіне ден қоюда полицияның және Ұлттық ұланның күштері мен құралдарына мобильді басшылық жасауға мүмкіндік береді.

      Байланыс инфрақұрылымын жақсарту қылмыстық сот ісіне қатысушылардың құқықтары мен бостандығын қорғауды қамтамасыз етіп, электрондық форматта сапалы тергеп-тексеруге жағдай жасайды.

      Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технология полицияның қоғаммен әріптестік қатынас орнатуына, азаматтармен кері байланысты ұйымдастыруға ықпал етеді. Хабар қабылдаудың бірнеше арналы жүйесі арқылы азаматтардың полицияға арыздану форматы "102" мобильді қосымшасын немесе бейне- немесе аудиохабар жіберу үшін ІІМ сайтында және әлеуметтік желіде орналастырылған чат-ботты пайдалануға мүмкіндік береді.

      Көші-қон саласында құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін құру мақсатында ықтимал тәуекел туралы алдын ала хабардар ету үшін жаңа ақпараттық жүйе ендірілетін болады.

      Сонымен бір уақытта ықтимал қатерге жедел ден қоюға мүмкіндік беретін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары күшейтілетін болады.

      15-міндет. Стратегиялық жоспарлау мен дәлелді профилактиканы жүзеге асыру үшін полицияның институционалдық мүмкіндігін дамыту

      Дамыған елдер полициясының озық тәжірибесіне сүйеніп, полицияны трансформациялау жөніндегі міндеттерді тиімді іске асыру стратегиялық талдау және жоспарлау жұмысын қайта құруды талап етеді. Бұл:

      оларды дамыту сценарийін қоса алғанда, қоғамдық қауіпсіздіктің кең контексін, қазіргі заманғы үрдіс пен қатерді талдауға;

      құбылмалы жағдайлар мен қоғам сұранысына сәйкес ұзақ мерзімді стратегиялық міндеттерді әзірлеуге, жоспарлауға және оларға қол жеткізуді бағалауға;

      құзырет, ресурс пен жарақтандырылу деңгейінің стратегиялық міндеттерге қол жеткізу және тәуекелді басқару бойынша , жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан жұмыс тиімділігін бағалауға (мықты және әлсіз тұстары) бағытталады.

      "Нақты" деректер мен ғылыми тәсілдерге негізделген дәлелді талдау құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі стратегиялық шешімдерді әзірлеуге негіз болады.

      Осы міндетті іске асыруды қолдау мақсатында Ақпараттық-коммуникациялық технология саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасы шеңберінде мемлекеттік органдардың бүгінгі шашыраңқы ақпараттық жүйесін біртұтас жүйеге интеграциялау жүзеге асырылатын болады. Сонымен бір уақытта ақпарат қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша шаралар қабылданады.

      ІІМ-нің талдамалық ресурсын орнықты дамыту үшін ведомстволық оқу орындарында мамандар даярлаудың ғылыми әлеуеті мен деңгейін жоғарылатуға бағытталған ведомстволық бағдарлама әзірленетін болады.

      Осы жұмыс шеңберінде:

      озық халықаралық тәжірибе негізінде практикалық нәтижелілік бөлігінде ғылыми зерттеу (халықаралық және ұлттық) қорытындысының бірыңғай жаңартылатын базасын әкімшілендіретін құқық бұзушылықтың дәлелді профилактикасы жөніндегі бірыңғай ғылыми-зерттеу орталығын құру;

      кадр даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәсілдерін өзгерту;

      ІТ-салада дағдысы бар криминологтардың кәсіптік өзегін құру үшін біліктілігі жоғары мамандарды тарту;

      халықаралық және ұлттық сарапшыларды тартып, ІІМ-де ғылыми қызметтің тиімділігін талдау және деректер негізінде құқық бұзушылықтың дәлелді профилактикасына өту үшін ведомстволық ғылымның әлеуетін арттыру бойынша тұжырымдамалық пайымды әзірлеу;

      ІІМ оқу орындарының қызметкерлерін ғылыми қолданбалы зерттеудің қазіргі заманғы әдісі саласында сертификаттау (оның ішінде қолданыстағы онлайн-платформалар негізінде) болжанады.

      16-міндет. Операциялық және стратегиялық міндеттерді шешу үшін ішкі істер органдарының қажетті ресурстармен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату

      Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту шараларын іске асыру жаңа, технологиялы және құзыретті қазақстандық полицияға айналудың міндетті шарты болып табылады.

      Елді мекендердің дамуы, жаппай урбанизация тұрғын секторының кеңеюіне серпін берді. "Жұртқа жақын" полиция қағидатын қамтамасыз ету шеңберінде полицияны материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мәселелері кезең-кезеңімен шешілетін болады.

      Белгіленген талаптарға сәйкес келетін ғимараттарды, қажетті цифрлық құралдарды, полицейлерге техникалық қызмет көрсету, дене шынықтыру даярлығы үшін инфрақұрылымды қоса алғанда, жұмыс және сапалы қызмет көрсету үшін ыңғайлы тұрмыстық жағдай жасау қажет.

      Өңірлердегі ведомстволық медициналық мекемелерді жаңғыртуға ерекше назар аударылатын болады.

      Азаматтардың құқықтары мен заңды мүддесін тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттердің басымдығын ескеріп, бұл іс-шаралар бағдарламалық құжаттарға енгізілетін болады.

6-БӨЛІМ. НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР

      Нысаналы индикаторлар:

      әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы 5 %-ға, 2026 жылы 7 %-ға, 2027 жылы 9 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету;

      100 мың тұрғынға шаққанда ұрлық деңгейін: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы 6 %-ға, 2026 жылы 9 %-ға, 2027 жылы 12 %-ға, 2028 жылы 15 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету;

      АКТ арқылы жасалған алаяқтықтан зардап шеккендердің құқықтарын қорғау деңгейін (ҚР ҚК-ның 190-бабы бойынша ашылады): 2024 жылы 4 %-ға, 2025 жылы 6 %-ға, 2026 жылы 10 %-ға, 2027 жылы 12 %-ға, 2028 жылы 15 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) арттыру;

      бұрын сотталғандар жасаған қылмыс үлесінің арасалмағын: 2024 жылы 2 %-ға, 2025 жылы 4 %-ға, 2026 жылы 6 %-ға, 2027 жылы 8 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету;

      өз ауданында көшеде жалғыз жүргенде өзін қауіпсіз сезінетін адамдар үлесі: 2024 жылы – 59 %, 2025 жылы – 60 %, 2026 жылы – 61,2 %, 2027 жылы – 62,4 %, 2028 жылы – 63,6 %;

      мас күйде жасалған қылмыс үлесінің арасалмағын: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы 5 %-ға, 2026 жылы 8 %-ға, 2027 жылы 10 %-ға, 2028 жылы 12 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету;

      100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны: 2024 жылы – 11,8, 2025 жылы – 11,7, 2026 жылы – 11,6, 2027 жылы – 11,5, 2028 жылы – 11,4;

      10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейін: 2024 жылы 2 %-ға, 2025 жылы 4 %-ға, 2026 жылы 6 %-ға, 2027 жылы 8 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету;

      полиция органдарының ашықтық (қолжетімділік) дәрежесін арттыру: 2024 жылы – 82 балл, 2025 жылы – 83 балл, 2026 жылы – 84 балл, 2027 жылы – 85 балл, 2028 жылы – 86 балл;

      полиция жұмысының тиімділігін бағалау: 2024 жылы – 60 %, 2025 жылы – 62 %, 2026 жылы – 64 %, 2027 жылы – 66 %, 2028 жылға қарай – 68 %;

      полицияда сыбайлас жемқорлыққа көзқарас деңгейі (сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі деген пікірмен "толық келісемін"): 2024 жылы – 56,5 %, 2025 жылы – 57 %, 2026 жылы – 58 %, 2027 жылы – 59 %, 2028 жылға қарай – 60 %;

      полиция қызметкерлерінің жұмысқа қанағаттану деңгейі: 2024 жылы – 65 %, 2025 жыл – 65 %, 2026 жылы – кемінде 77 %, 2027 жылы – кемінде 77 %, 2028 жылы – кемінде 77 %.

      Күтілетін нәтижелер:

      азаматтардың жеке, мүліктік және қоғамдық қауіпсіздігін сезінуі 80,5 %-дан төмен емес;

      халықтың полиция органдарына деген сенім деңгейі 83 %-дан жоғары;

      Қазақстанның бейбітшіліктің жаһандық индексі рейтингіндегі ең қауіпсіз елдер қатарындағы позициясын 97-ден 65-орынға дейін жоғарылату;

      Қазақстанның "Тәртіп пен қауіпсіздік" факторы бойынша позициясын 35-орынға дейін жақсартып, "Wjp Rule of Law Index" Заңының үстемдік индексі бойынша әлемнің 40 еліне кіруі;

      жол қауіпсіздігі бойынша ДДҰ рейтингінде Қазақстан позициясының 70-орынға дейін жақсаруы.

7-БӨЛІМ. ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ (осы Тұжырымдамаға қосымша)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      АКТ – ақпараттық коммуникациялық технология

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

      ЖКО – жол-көлік оқиғасы

      ҚАЖ – қылмыстық-атқару жүйесі

      ҚР ҚК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі

      ҚСЗО ҚҚ – "Құқықтық саясатты зерттеу орталығы" қоғамдық қоры

      IT – ақпараттық технология

  Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік
жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға
арналған тұжырымдамасына қосымша
(құқық бұзушылық профилактикасы саласында)

Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 – 2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (құқық бұзушылық профилактикасы саласында)


Р/с

Реформа/негізгі іс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар


1

2

3

4

5

1-бағыт. Азаматтардың өмірінің, денсаулығы мен мүлкінің қорғалу деңгейін жоғарылату
1-нысаналы индикатор. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық деңгейін: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы 5 %-ға, 2026 жылы 7 %-ға, 2027 жылы 9 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету.
2-нысаналы индикатор. 100 мың тұрғынға шаққанда ұрлық деңгейін: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы
6 %-ға, 2026 жылы 9 %-ға, 2027 жылы 12 %-ға, 2028 жылы 15 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету.
3-нысаналы индикатор. АКТ арқылы жасалған алаяқтықтан зардап шеккендердің құқықтарын қорғау деңгейін (ҚР ҚК-ның 190-бабы бойынша ашылады): 2024 жылы 4 %-ға, 2025 жылы 6 %-ға, 2026 жылы 10 %-ға, 2027 жылы 12 %-ға, 2028 жылы 15 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) арттыру.
4-нысаналы индикатор. Бұрын сотталғандар жасаған қылмыс үлесінің арасалмағын: 2024 жылы 2 %-ға, 2025 жылы 4 %-ға, 2026 жылы 6 %-ға, 2027 жылы 8 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету.
5-нысаналы индикатор. Өз ауданында көшеде жалғыз жүргенде өзін қауіпсіз сезінетін адамдар үлесі: 2024 жылы – 59 %, 2025 жылы – 60 %, 2026 жылы – 61,2 %, 2027 жылы – 62,4 %, 2028 жылы – 63,6 %.
6-нысаналы индикатор. Мас күйде жасалған қылмыс үлесінің арасалмағын: 2024 жылы 3 %-ға, 2025 жылы 5 %-ға, 2026 жылы 8 %-ға, 2027 жылы 10 %-ға, 2028 жылы 12 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету
7-нысаналы индикатор. 100 мың тұрғынға шаққанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар саны:
2024 жылы – 11,8, 2025 жылы – 11,7, 2026 жылы – 11,6, 2027 жылы – 11,5, 2028 жылы – 11,4.

ІІМ, МАМ, ОМ, ЖАО
ІІМ, ЖАО ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ЖАО
ІІМ, ЖАО ІІМ, ӨҚМ, ЖАО
ІІМ, ДСМ, СИМ, ЖАО
ІІМ, КМ, ЖАО

1.

Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерді кешенді қорғау және көмек көрсету жүйесін құру

1.1

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа куә болған балаларға психологиялық көмек көрсету үшін әлеуметтік бағдарынан айырылуға және әлеуметтік депривацияға әкелген қатыгез қарым-қатынастың бар-жоғын бағалау өлшемшартына өзгерістер енгізу

бірлескен бұйрық

2024 жылғы 4-тоқсан

ІІМ, ОМ, Еңбекмині, ЖАО

1.2

Зорлық-зомбылық түрінде агрессия көрсететін құқық бұзушылардың сот шешімі бойынша кешенді психологиялық бағдарламадан өту институтын ендіруді көздейтін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын заңнамалық регламенттеу

заң жобасы

2025 жылғы 1-жартыжылдық

ІІМ, МАМ, БП (келісу бойынша)

1.3

Тиісті стандартты бекітіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы іс бойынша құқық бұзушылардың жанжалды әрекетін түзету бойынша психологиялық көмек бағдарламаларын әзірлеу

бағдарлама

2025 жылғы 1-жартыжылдық

ІІМ, МАМ, ДСМ

1.4

Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық және ұйымдық негіздерін құру, ведомствоаралық үйлестіру
және өзара іс-қимыл мәселелерін реттеу, кәмелетке толмағандарды қорғауды қамтамасыз ету, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету

заң қабылдау

2024 жылғы 2-жартыжылдық

ІІМ, БП (келісу бойынша)

1.5

Ауыр зорлық-зомбылық қылмысының алдын алу үшін отбасылық-тұрмыстық жанжал фактісі бойынша халықаралық тәжірибе негізінде (Германия, Ұлыбритания) зорлық-зомбылық қатерін бағалау жүйесін ендіру

операциялық рәсімдер стандарты

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЖАО

1.6

Жеке іс бойынша зорлық-зомбылық жағдайына ерте араласу және ден қою шеңберінде белгіленген тәуекел тобындағы әйелдер мен балаларға көмек көрсету бойынша өңірлерде жергілікті атқарушы органдар аясында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тұрақты қолданыстағы тетігін іске асыру

Профилактика жөніндегі ВАК хаттамасы

2024 – 2028 жылдар,
жарты жылда 1 рет

ЖАО, ІІМ

1.7

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте анықтау және профилактика мәселелері бойынша медициналық мекемелер мен дағдарыс орталықтары психологтарының, сондай-ақ білім беру ұйымдары педагог-психологтарының (КБО, БҚО) құзыретін арттыру

курс өткізу
(шарттық негізде)

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЖАО, ОМ, ДСМ, Еңбекмині

1.8

ҚР азаматтарының басқа мемлекетте заңсыз болу тәуекелін алдын алу үшін шетелде азаматтарға құжат беру процесін автоматтандыру

10 ШМҚТП пайдалануға беру

2024 жылғы
желтоқсан

СІМ, ІІМ, ЦДИАӨМ
 

1.9

5 жыл ішіндегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық ауқымының, себебі мен салдарының қарқыны туралы зерттеу, сондай-ақ профилактика шараларының тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу (бейінді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта)

іс-қимыл жоспары

2025 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ, ДСМ, МАМ, БП
(келісу бойынша)

2.

Азаматтардың жеке меншікке қарсы қылмыстан зардап шегу дәрежесін төмендету

2.1

Ұрлыққа қарсы іс-қимыл, оның ішінде қол сұғылатын нысандардың тартымдылығын төмендету және қылмыскердің ұсталып қалу ықтималдығын арттыру бойынша алдын алу шаралары кешенін қабылдау

бағдарлама

2024 жылғы
1-тоқсан

ІІМ

2.2

Абоненттік құрылғыны тіркеу қағидаларын сақтамағаны үшін ұялы байланыс операторларының жауаптылығын енгізу

заң жобасы

2024 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ

2.3

Ішкі нарықта IMEI-коды бірдей құрылғының болуын жоққа шығаратын ұялы телефондарды әкелу және өткізу тәртібін реттеу

бұйрық

2024 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ,
Қаржымині МКК

2.4

Байланыс операторларының SIM-картаны тіркеу кезінде абоненттерді биометриялық сәйкестендіруді енгізуі (банктік верификация рәсіміне ұқсас)

абоненттерді тіркеу бойынша қосымша сервис

2024 жылғы желтоқсан

ЦДИАӨМ

3.

Киберқылмысқа (интернет-алаяқтық) қарсы тиімді іс-қимыл

3.1

Қазақстанның Еуропа Кеңесінің компьютерлік қылмыс туралы конвенциясына қосылуы

заң жобасы

2025 жылғы 2-жартыжылдық

ІІМ, ҰҚК (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, СІМ

3.2

Киберқылмыстың жаңа түрін анықтау және стратегиялық ден қою шараларын әзірлеу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту

бірыңғай үйлестіру құрылымын құру

2024 жылғы 1-жартыжылдық

ІІМ, ЦДИАӨМ, МАМ, БП
(келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша), ҚМА
(келісу бойынша), ҚНРДА
(келісу бойынша), ҰБ
(келісу бойынша), ЕДБ
(келісу бойынша), байланыс операторлары
(келісу бойынша)

3.3

Ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті қылмыстық мақсатта пайдаланудың жолын кесу бойынша бірлесіп іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

іс-қимыл жоспары

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ, МАМ, ЦДИАӨМ,
ҚМА
(келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша), БП
(келісу бойынша), ҚНРДА
(келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

3.4

Екінші деңгейдегі банктер мен құқық қорғау органдары арасындағы қылмыстық істі тергеу шеңберінде банктік және өзге де қорғалатын құпияны сақтау жөніндегі заңнама талаптарын сақтап, өзара іс-қимыл процесін оңтайландыруға және бюрократиядан арылтуға бағытталған коммуникацияны цифрландыру

2027 жылы – қосымша серверлік жабдық алу; 2028 жылы – ҚАО ААЖ жаңғырту, ЕДБ-мен қосылатын интеграция сервисін ұлғайту

2027 – 2028 жылдар

БП ҚСАЕАК (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ЦДИАӨМ

3.5

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы волонтерлікті дамыту

өңірлерде волонтерлік топтар құру

2024 жылғы 2-жартыжылдық

ІІМ, ЖАО

3.6

Ұялы байланыс операторларының абоненттік нөмірді тек өкілдіктерде және ресми дилерлер арқылы сату жөніндегі міндетін енгізу

бұйрық

2024 жылғы 2-тоқсан

ЦДИАӨМ, ІІМ, ҰҚК
(келісу бойынша)

3.7

Қылмыстық мақсатта пайдалану үшін банктік картаны (шоттарды) үшінші адамдарға бергені үшін жауаптылықты енгізу

заң жобасы

2024 жылғы желтоқсан

ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), ҚНРДА
(келісу бойынша), ҰБ
(келісу бойынша), БП
(келісу бойынша)

3.8

Қаржы ұйымдарында (банктерде) жаңа ақпараттық технологиялық өнім мен көрсетілетін қызметті пайдалануға берер алдында ақпарат қауіпсіздігі нормаларының сақталуын тексеру талаптарын енгізу

ҚНРДА басқармасының қаулысы

2026 жылғы 1-жартыжылдық

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

3.9

Халықаралық және ұлттық сарапшыларды тартып, құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметкерлерін, сондай-ақ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы жаттықтырушыларды даярлау

курс, тренинг, семинар

2024 – 2028 жылдар, жарты жылда 1 рет

ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)

4.

Қайтадан құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру

4.1.

Мына:
ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан;
пробация қызметінің есебінде тұрған;
5 жыл ішінде бас бостандығынан айыру орнынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға тартылған шағын және орта бизнес субъектілеріне заңнамалық деңгейде әлеуметтік кәсіпкерлер мәртебесін беру.

заң жобасы

2025 жылғы желтоқсан

ІІМ, ҰЭМ, БП (келісу бойынша)

4.2

ҚАЖ кәсіпорындарының өндірістік қуатын арттыру бойынша ұйымдық-басқару шараларын әзірлеу

іс-қимыл жоспары

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша)

4.3

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар алған мамандықты ескеріп, жұмыс орындарына квотаны ұлғайту

әкімдік қаулысы

2024 – 2028 жылдар,
жыл сайын

ЖАО, ІІМ
 

4.4

Пилоттық жобалар шеңберінде алдын ала сынақтан өткізіп, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарды және олар босатылғаннан кейін қайта әлеуметтік бейімдеу бойынша ішкі істер органдарының жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылының тиімді тетігін әзірлеу

пилоттық жоба

2024 жылғы
желтоқсан

ІІМ, Еңбекмині, ЖАО
 

іс-қимыл алгоритмі

2025 жылғы
1-жартыжылдық

4.5

ҚАЖ мекемелерінде сотталғандарды кәсіптік оқытуды жетілдіру (қысқа мерзімді курс)

оқу орындарымен меморандум

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЖАО, ОМ

4.6

Полиция есебінде "шартты түрде босатылған" санаты бойынша әкімшілік бақылауда тұрған адамдарға, сондай-ақ үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған күдіктілерге қатысты олардың тұрмыс салты мен әрекетін қашықтан бақылауды жүзеге асыру үшін электрондық бақылау құралдарын ендіру

жыл сайын 1278 бірлік құрылғыны жалға алу

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, ЖАО

4.7

Пенитенциарлық жүйесі құрамынан шығару арқылы пробация қызметінің ұйымдық-құқықтық мәртебесін өзгерту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

2026 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, БП (келісу бойынша),
ҰЭМ, Қаржымині, ЖАО

5.

Қоғамдық орында қауіпсіздік деңгейін арттыру

5.1

Азаматтардың өмірі, денсаулығы мен мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын көздейтін барлық санаттағы көп пәтерлі тұрғын үйлерді жобалау мен салуға қойылатын талаптарды заңнамалық тұрғыдан белгілеу мәселесін пысықтау

РӘТ қорытындысы

2024 жылғы 2-жартыжылдық

ІІМ, ӨҚМ

заң жобасы

2025 жылғы 1-жартыжылдық

5.2

"102" арнасы арқылы құқық бұзушылық туралы түскен сигнал бойынша ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік деңгейін (рейтингін) бағалауды ендіру

бағалау өлшемшарттарын бекіту

2024 жылғы 1-жартыжылдық

ІІМ, БП (келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

рейтинг жариялау

2024 жылғы 2-жартыжылдық, әрі қарай – жарты жыл сайын

5.3

Кәсіби клубтар спорттық, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті лицензиясы бар жеке меншік күзет ұйымдарын тарту мәселесін пысықтау

РӘТ қорытындысы

2024 жылғы
желтоқсан

ІІМ, ТСМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

Заң жобасы

2025 жылғы 2-жартыжылдық

6.

Мас күйде жасалатын қылмыс деңгейін төмендету

6.1

Интернет-ресурста, арнайын сауда объектілерінен тыс жерде, сондай-ақ ойын-сауық орындарында алкоголь өнімін сатудан болатын жағымсыз салдарды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК шешімі

2024 – 2025 жылдар
 

ІІМ

6.2

Сұранысты ескеріп, өңірлерде уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының желісін кеңейту

32 УБДО ашу (2024 ж. – 6; 2025 ж. – 7;
2026 ж. – 7 ; 2027 ж. – 6; 2028 ж. – 6)

2024 – 2028 жылдар

ЖАО

6.3

Психикалық денсаулық ұйымдарында психобелсенді заттарды асыра тұтынғаннан (алкогольге тәуелділік, нашақорлық, уытқұмарлық) туындаған мінез-құлығы бұзылған адамдарды мәжбүрлеп емдеу әдісінің тиімділігін арттыру

әдістемелік ұсыным

2024 жылғы
4-тоқсан

ДСМ, ІІМ

6.4

Алкогольге және есірткіге тәуелді адамдарды мәжбүрлеп емдеу үшін психикалық денсаулық ұйымына жіберу рәсімін оңтайландыру

бірлескен бұйрық

2024 жылғы
2- жартыжылдық

ІІМ, ДСМ

6.5

Алкоголь өнімін сатып алуға және тұтынуға тыйым салу белгіленген адамдарға оларды сатуға жол бермеу бойынша қоғамдық ұйымдармен (еріктілермен) өзара іс-қимыл жасау практикасын енгізу

бірлескен науқандар

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЖАО

7.

Жол-көлік оқиғасы кезінде өлім-жітімді азайту

7.1

Жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу

бірлескен бұйрық

2024 жылғы 2-жартыжылдық

ІІМ, КМ, ЦДИАӨМ
 

7.2

Өңірлердің сұранысын ескеріп, ЖЖҚ-ны бұзуды тіркеудің стационарлық автоматты жүйесі желісін кеңейту

5500 бірл. жүйені орнату (жыл сайын 1100 бірл.)

2024 – 2028 жылдар

ЖАО, ІІМ, КМ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

7.3

Өңірлердің сұранысын ескеріп, көлік легіндегі ЖЖҚ-ны бұзуды анықтау бойынша автомобильдердегі аппараттық-бағдарламалық кешенді дамыту

62 бірл. жүйе (2024 ж. – монтаж, интеграция, енгізу, 2025 – 2028 жылдар – техникалық сүйемелдеу)

2024 – 2028 жылдар

ЖАО, ІІМ
 

7.4

Шұғыл қызметтердің ЖКО-ға ден қою тәртібін өзектілендіру

іс-қимыл алгоритмі

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ДСМ, ТЖМ, ІІМ, КМ, ЖАО

7.5

ЖКО жиі болатын учаскелерді анықтау және есепке алу, сондай-ақ оларға жедел ден қоюға кедергі келтіретін жағдай мен факторды жою жөніндегі
іс-шараларды жүргізу тәртібін нормативтік бекіту

бұйрық

2024 жылғы 1-жартыжылдық

КМ, ЖАО, ІІМ, ДСМ
 

7.6

Трассалардағы медициналық-құтқару пункттерін орналастыру және қайта орналастыру бойынша орындарды айқындау тәртібін регламенттеу

әдістеме

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ТЖМ, КМ, ДСМ, ІІМ, ЖАО
 

7.7

Павлодар облысында "Vision Zero" жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасының тәсілдерін эксперименттік ендіру (Мәскеу, Минск, Осло, Стокгольм, Нью-Йорк, Лондон)

жоба

2024 – 2028 жылдар

ЖАО, ӨҚМ, КМ, ІІМ
 

7.8

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның:
жол салуға және реконструкциялауға арналған ЖСҚ-ны әзірлеуге;
оларды пайдалануға беруге;
автомобиль жолын салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды мемлекеттік сараптамадан өткізуге қатысуын заңнамалық бекіту.

заң жобасы

2025 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, КМ
 

7.9

Республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, қалалар мен елді мекен көшелері (жол белгілері, таңбалау, бағдаршам объектілері) бойынша жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарын орналастыру паспортын электрондық форматқа ауыстыру, сондай-ақ оларды жергілікті жердің электрондық картасымен интеграциялау мәселесін пысықтау (Яндекс, Google, 2GIS навигациялық картасы)

техникалық құжат

2024 жылғы желтоқсан

КМ, ЖАО, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

7.10

Оқушылар мен жергілікті қауымдастықты процеске тартып, "Star raiting for School" (SR4School) халықаралық бағдарламасының оқу орындары жанындағы жол қауіпсіздігі жөніндегі тәсілдерін іске асыру

бірлескен жоба

2024 жылғы желтоқсан

ІІМ, ЖАО, ОМ

7.11

Жол-көлік жарақаты деңгейін төмендету жөніндегі бағдарламаларды іске асыру, оның ішінде:
транзиттік бағытта орналасқан елді мекендер маңында айналма жол салу;
елді мекенде қауіпсіз жол инфрақұрылымын құру (велосипед жолы, тротуар, реттелетін, жерүсті, жерасты жаяу жүргіншілер өтпежолы, жарықтандыру);
республикалық және облыстық маңызы бар жолды жайластыру (қар бөгеу құрылғысы, жануарлардың жолға шығуынан қоршау, жарықтандыру);
мүмкіндігі шектеулі адамдарға қауіпсіз жолдың қолжетімділігін қамтамасыз ету (бағдаршам, жаяу жүргіншілер өтпежолы және т. б.).

2024 жылы – бағдарлама әзірлеу (ІІМ-мен келісу бойынша)
2024 – 2028 жылдар – бекітілген бағдарламаларға сәйкес жол инфрақұрылымы объектілерін пайдалануға ендіру

2024 – 2028 жылдар

ЖАО, КМ, ІІМ, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

7.12

Ақпараттық сервисті (Яндекс, Google, 2GIS навигациялық картасы) азаматтарды жолдың авариялық-қауіпті учаскеге жақындағаны және сол жерде келе жатқаны туралы хабардар ету функционалымен толықтыру

тестілеу хаттамасы

2025 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЦДИАӨМ, БП ҚСАЕК (келісу бойынша), КМ

7.13

Жүргізушілерді даярлау сапасын арттыру, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескеріп, жүргізуші куәлігін алуға қойылатын талаптарды күшейту бойынша шаралар әзірлеу (Финляндия)

бірлескен бұйрық

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ, КМ, БП (келісу бойынша),
ЦДИАӨМ

7.14

3 жыл ішінде оқып шыққан азаматтар жасаған
ЖКО санын негізгі өлшемшарт ретінде айқындап, автомектептерде оқыту сапасын бағалауды енгізу

бағалау тетігін әзірлеу
 

2024 жылғы
4-тоқсан

ІІМ

рейтинг
 
 

2025 жылғы қаңтар,
әрі қарай – жыл сайын қаңтар айында

2-бағыт. Мемлекеттік органдардың ортақ жауапкершілігі және халықпен әріптестік негізінде құқық бұзушылық профилактикасының тиімді жүйесін құру
1-нысаналы индикатор: 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейін: 2024 жылы 2 %-ға, 2025 жылы 4 %-ға, 2026 жылы 6 %-ға, 2027 жылы 8 %-ға, 2028 жылы 10 %-ға (базалық 2022 жылға қатысты) төмендету. 2-нысаналы индикатор: Полиция органдарының ашықтық (қолжетімділік) дәрежесін арттыру: 2024 жылы – 82 балл, 2025 жылы – 83 балл, 2026 жылы – 84 балл, 2027 жылы – 85 балл, 2028 жылы – 86 балл.

ІІМ
ІІМ

8.

Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы проблемаларды шешу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыру жүйесі мен тетігін құру

8.1

Құқық бұзушылық профилактикасының барлық субъектісінің оған жауапты қатысу призмасы арқылы құқық бұзушылықты алдын алудың бірыңғай жүйесін құру үшін құқық бұзушылық профилактикасы саласындағы заңнаманы жетілдіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ВАК шешімі

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, БП (келісу бойынша)

Заң жобасы

2025 жылғы
1-жартыжылдық

8.2

ІІМ-ге Елдегі құқық тәртібінің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекітіп, оны дайындау мен Мемлекет басшысына енгізу және жариялау бойынша өкілеттік беру

РСКК

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ

9.

Қауіпсіздік мәселелерінде әріптестікті дамыту және жергілікті қауымдастықты тарту

9.1

Құқық тәртібін және құқық бұзушылық профилактикасын қамтамасыз етуде профилактика субъектілері ретіндегі жергілікті қауымдастықтың құзыреті мен өкілеттігін заңнамалық бекіту

РСКҚ

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, МАМ, ЖАО

9.2

Озық халықаралық тәжірибе негізінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жергілікті қауымдастықтың сұранысын мониторингтеуді енгізу

әлеуметтік сауалнама

2025 жылғы
1-жартыжылдық,
әрі қарай – жыл сайын маусым айында

ІІМ, ЖАО

10.

Халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейін жоғарылату

10.1

Республикалық және жергілікті деңгейде қоғамдық қауіпсіздіктің нақты проблемаларына бағытталған құқық бұзушылық профилактикасы саласында азаматтарды құқықтық ағарту бойынша ақпараттық жұмысты жүргізу

медиа-жоспар

2024 жылғы қаңтар,
әрі қарай –
2024 – 2028 жылдардың желтоқсаны

ІІМ, МАМ, ЖАО

10.2

Республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде әлеуетті жәбірленушілер мен құқық бұзушылар аудиториясына сараланған:
тұрмыстық зорлық-зомбылықты қоса алғанда, қылмыстан қорғау;
мүлікті қорғау;
интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларынан қорғау;
есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл;
жол қозғалысы қауіпсіздігі;
алкоголизм профилактикасы бойынша ақпараттық материал әзірлеу.

әлеуметтік роликтер, мақала, инфографика, постер, билборд

2024 – 2028 жылдар

МАМ, ІІМ, ЖАО, ҚМА (келісу бойынша)

10.3

Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, оның ішінде:
зорлық-зомбылықты қабылдамауға, тұлғаның құқықтары мен әлеуметтік жауапкершілігін құрметтеуге;
өз құқықтары мен қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы хабардар етуге бағытталған контентті әзірлеу және енгізу.

балаларға арналған телевизиялық роликтер

2024 – 2028 жылдар

МАМ, ІІМ, ОМ, ЖАО

3-бағыт. Полицияны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қазіргі заманғы тиімді ұйымға трансформациялау
1-нысаналы индикатор: Полиция жұмысының тиімділігін бағалау: 2024 жылы – 60 %, 2025 жылы – 62 %, 2026 жылы – 64 %, 2027 жылы – 66 %, 2028 жылға қарай – 68 %.
2-нысаналы индикатор: Полицияда сыбайлас жемқорлыққа көзқарас деңгейі (сыбайлас жемқорлықтың төмен деңгейі деген пікірмен "толық келісемін"): 2024 жылы – 56,5 %, 2025 жылы – 57 %, 2026 жылы – 58 %, 2027 жылы – 59 %, 2028 жылға қарай – 60 %.

 
 
ІІМ
 
ІІМ

11.

Полицияның сервиске бағдарланған моделін енгізу және қазіргі заманғы коммуникациялық стратегияны іске асыру

11.1

Арыз берушілермен, жәбірленушілермен және құқық бұзушылармен және қылмыстық сот ісіне өзге де қатысушылардың жұмыста полиция қызметін ұдайы жетілдіру үшін көрсетілетін қызметті алушылардың полиция қызметінің сапасын бағалау сервисін ендіру

азаматтардың полиция жұмысын бағалау процесін автоматтандыру

2024 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ

11.2

Полиция қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыс процесін реинжинирингтеу

жол картасы

2025 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ

11.3

Міндеттерді сапалы орындауға түрткі болатын полиция қызметін бағалау индикаторларының теңгерімді жүйесін ендіру

аумақтық органдардың қызметін бағалау

2024 жылғы
2-жартыжылдық, әрі қарай – жартыжылдық негізінде

ІІМ

11.4

Азаматтарға полиция қызметін көрсету мәселелері бойынша кеңес беру үшін қосымша коммуникацияны ендіру

ақпараттық сервис функционалын кеңейту

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ

11.5

Құқық бұзушылық профилактикасы, құқықты қорғау, өңірлер бойынша құқық тәртібінің жай-күйі мәселелерін қоса алғанда, тиісті телекоммуникациялық жабдығы бар полиция қызметінің барлық аспектісі бойынша халық үшін кешенді ақпараттық сервис ұсыну бойынша сыртқы коммуникация үшін портал (ресми веб-сайт) құру (Ұлыбритания тәжірибесі)

пайдалануға беру актісі

2025 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ

11.6

Қызметкерлер бойында полицейдің адамға бағдарланған полиция идеологиясы мен мәдениетін, қауіпсіздікке қатер төнген кезде кәсіби қорғаушы және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде сенімді серіктес ретіндегі эталондық бейнесін қалыптастыру

семинар, курс, тренинг

2024 – 2028 жылдар,
жарты жылда
бір рет

ІІМ
 

11.7

Кадрлық және идеологиялық жұмысты тиімді жүргізу, оның ішінде тиісті телекоммуникациялық жабдығы бар барлық деңгейдегі
ІІО қызметкерлеріне жылдам қолжетімділік үшін полиция қызметінің барлық бағыты бойынша кәсіптік білімнің жиынтық базасын басқару мақсатында ішкі коммуникация үшін бірыңғай ақпараттық портал құру

қолданысқа беру актісі

2026 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ

12.

Қазіргі заманғы жағдайда ішкі істер органдарының сапалы құрамын қалыптастыруды қамтамасыз ететін кадр саясатын іске асыру

12.1

Әңгімелесу және алқалы шешім қабылдау элементтерін енгізіп, басшылық лауазымдардың кадрлық резервін қалыптастыру процесін қайта қарау

резервті қалыптастыру қағидаларына өзгерістер енгізу

2024 жылғы
1-жартыжылдық

ІІМ

12.2

Адалдықты тексеру тетігінің (Integrity Check) нормативтік негізін құру

заң жобасы

2025 жылғы желтоқсан

СЖҚІҚА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ

12.3

Ұжымдағы моральдық және жауынгерлік рухты сақтау мақсатында ІІО қызметкерлерінің қызметке қанағаттануы тұрғысынан пікірін ұдайы зерделеу

сауалнама нәтижесі бойынша ұсыныс

2024 – 2028 жылдар
жылына бір рет

ІІМ

12.4

Тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде трансформациялаудың айқын өлшемшарты ретінде ІІО қызметкерлерінің кәсіптік құндылығын айқындау

әлеуметтік-психологиялық зерттеу

2024 жылғы 1-тоқсан
2026 жылғы 1-тоқсан
2028 жылғы 1-тоқсан

ІІМ
 

13.

Құқық қорғау органдарының азаптауға, қатыгездікке және рұқсат етілмеген өзге де жұмыс әдісіне қарсы іс-қимыл

13.1

БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің Қазақстанға қатысты ұсынымдарын іске асыру

іс-қимыл жоспары

2024 жылғы желтоқсан

БП
(келісу бойынша), ІІМ, СЖҚІҚА (келісу бойынша), ҚМА
(келісу бойынша), ҰҚК
(келісу бойынша)

13.2

Азаптаудан және қатыгездіктен зардап шеккендердің залалды өтеуге, оның ішінде оңалтуға, барабар өтемақыға және қылмыстық сот ісін жүргізуге тәуелді емес азаматтық-құқықтық қорғау құралдарына жүгіну мүмкіндігіне
қол жеткізуін қамтамасыз ету тетігін әзірлеу

іс-қимыл жоспары

2024 жылғы желтоқсан

БП (келісу бойынша) ІІМ, Қаржымині

13.3

2022 жылғы жаңартылған Ыстамбұл хаттамасының ұсынымына сәйкес медициналық сот
және психологиялық-психиатриялық сот сараптамаларының әдістемесін жетілдіру (азаптауды және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын жазалау түрін тиімді тергеу және құжаттау жөніндегі нұсқаулық)

сот-сараптамалық зерттеу әдістемесінің мемлекеттік тізіліміне енгізу
 

2024 жылғы
желтоқсан

Әділетмині, ДСМ

14.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің цифрлық инфрақұрылымын дамыту

14.1

Анықталған бұзушылық бойынша ден қою шараларын қабылдап, қауіпсіздік жүйесінің (бейнебақылау, дабыл батырмасы, күзет, өртке қарсы жүйе, терроризмге қарсы қорғалу және басқа да талап) үздіксіз жұмыс істеуі арқылы жалпы білім беру мекемелерінің қорғалуын қамтамасыз ету

мониторингтеу және ден қою актісі

2024 – 2028 жылдардың желтоқсаны

ІІМ, ОМ, ТЖМ, ЖАО

14.2

Елді мекендерді "Бейнебақылаумен толық қамту" (100 адамға 15 бірл. камера есебінен)

өңірлерде жылына
20,6 мың бірл. бейнекамера орнату

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

14.3

Деректерді орталықтандырып сақтау және қолжетімділік үшін ІІО жедел-қызметтік және талдамалық қызметінің ақпараттық кешенін құру

2024 жылы – жабдық алу;
2025 жылы – АЖ әзірлеу; ақпарат қауіпсіздігіне сынау, қолданысқа ендіру

2024 – 2025 жылдар

ІІМ, Қаржымині, ҰЭМ

14.4

Азаматтардан "102" арнасы бойынша түсетін хабарламаларды қабылдау, тіркеу және өңдеу процесін автоматтандыру, сондай-ақ полиция нарядының қызмет өткеруін бақылау мақсатында қалалық, аудандық полиция бөлінісінің кезекші бөлімдерін кезең-кезеңімен жаңғырту

ІІО 18 бөлінісінде жобаны іске асыру
(2024 ж. – 4; 2025 ж. – 4;
2026 ж. – 4; 2027 ж. – 5;
2028 ж. – 5)

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, ЖАО
 

14.5

Өңірлерде ІІО жедел басқару орталықтарының желісін дамыту

шағын қалаларда
ЖБО салу
2024 жылы – 1 ЖБО;
2025 жылы – 3 ЖБО,
ТҚ – 1 ЖБО;
2026 жылы – 1 ЖБО;
2027 жылы – 1 ЖБО;
2028 жылы – 1 ЖБО,
ТҚ – 2 ЖБО

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, ЖАО
 

14.6

Бейнетіркегіштің жаңа буыны негізінде "Цифрлық полицей" жобасын іске асыру

жыл сайын 15 мың бірлік құрылғыны жалға алу

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, ЖАО, ЦДИАӨМ,

14.7

ІІО және Ұлттық ұлан байланыс жүйесінің инфрақұрылымын дамыту

мыналарды пайдалануға беру:
ҰҰ үшін 296 бірл. Планшет
(2025 ж. – 36 бірл.;
2026 ж. – 130 бірл.;
2027 ж. – 130 бірл.);
4011 бірл. ҰҰ-ны ақпараттық-коммуникациялық жабдықтау
(2025 ж. – 1278 бірл.;
2026 ж. – 1360 бірл.;
2027 ж. – 824 бірл.;
2028 ж. – 566 бірл.);
ІІО радиобайланысының
34 сайты (2024 ж. – 11;
2025 ж. – 8; 2026 ж. – 3;
2027 ж. – 7; 2028 ж. – 5)

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, Қаржымині, ЖАО

14.8

Ақпарат қауіпсіздігі талаптарын ескеріп, ведомстволық деректерді беру желісін қосымша жарақтандыру (коммуникациялық жабдықты ауыстыру)

мыналарды пайдалануға беру:
2024 жылы – 5 өңірдің ІІО;
2025 жылы – 6;
2026 жылы – ІІМ ОА және
3 өңірдің ІІО;
2027 жылы – ҚАЖК және
4 өңірдің ІІО;
2028 жылы – 3 өңір

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, Қаржымині, ЖАО

14.9

Кибершабуыл қатерін анықтау және оларға ден қою үшін ІІМ ақпарат қауіпсіздігі жедел орталығын құру

пайдалануға беру актісі
 

2026 жылғы
желтоқсан

ІІМ, Қаржымині
 

14.10

Осы саладағы қатерді алдын ала анықтауға және алдын алуға мүмкіндік беретін көші-қонды бақылаудың ақпараттық жүйесін жаңғырту

2024 жылы – жабдық және ЛБҚ алу;
2025 жылы – БҚ-ны пысықтау және пайдалануға ендіру

2024 – 2025 жылдар

ІІМ, ЦДИАӨМ, ҰҚК
(келісу бойынша)

14.11

ІІМ деректерінің сақталуына кепілдік беру және резервтік көшіруді қамтамасыз ету мақсатында есептеу платформасын, дискілік сақтағыш пен коммутациялық жабдықты орналастыру үшін деректерді сақтау мен өңдеудің қазіргі заманғы орталығын құру

пайдалануға беру актісі

2027 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ, ЦДИАӨМ, Қаржымині

14.12

Қылмыстық істі электрондық форматта тергеп-тексеру үшін цифрлық инфрақұрылымды дамыту

2027 жылы – БП ҚСАЕК-де серверлік жабдық орнату және бірыңғай деректерді сақтау қорын құру;
2028 жылы – ақпараттық-коммуникациялық құрылымды және серверлік жабдықты жаңғырту

2027 – 2028 жылдар

ІІМ, БП ҚСАЕК (келісу бойынша), ЦДИАӨМ, Қаржымині

15.

Стратегиялық жоспарлау мен дәлелді профилактиканы жүзеге асыру үшін полицияның институционалдық мүмкіндігін дамыту

15.1

ІІО-ның бірыңғай ақпараттық кешенін деректерді өңдеу мен жүйелік талдау үшін ақпараттық-талдамалық платформа функционалымен толықтыру

тестілеу хаттамасы

2026 жылғы
2-жартыжылдық

ІІМ

15.2

ІІМ ведомстволық білім беру жүйесінде озық халықаралық тәжірибе негізінде құқық бұзушылықтың дәлелді профилактикасы бойынша ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру (Ұлыбритания, АҚШ)

дәлелді профилактика бойынша бірыңғай орталық құру (штат санының бөлінген лимиті шегінде)

2026 жылғы
желтоқсан

ІІМ

15.3

ІІМ ведомстволық білім беру ұйымдарында:
IT салада дағдысы бар криминологтардың кәсіби өзегін құру үшін жоғары білікті мамандарды тартуды;
ғылыми қызметтің тиімділігін талдауды;
оқу орындарының қызметкерлерін сертификаттауды қоса алғанда, ғылыми әлеуетті арттыру және кадр даярлау, қайта даярлау
және біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.

бағдарлама

2024 жылғы 3-тоқсан

ІІМ

16.

Операциялық және стратегиялық міндеттерді шешу үшін ішкі істер органдарының қажетті ресурстармен жарақтандырылу деңгейін жоғарылату

16.1

Өңірлерде ІІО объектілерін кезең-кезеңімен салу және халыққа сапалы полиция қызметін көрсету үшін қажетті жағдай жасау мақсатында ІІО-ның
15 бөлінісінің объектілерін жаңғырту (полиция департаменттерінің, қалалық, аудандық, кенттік, желілік бөліністердің, арнайы мекемелердің ғимараттары)

2024 жылы:
7 объект салуға ЖСҚ (ЖБ);
2 объектіні тапсыру (ЖБ);
2025 жылы:
34 объекті салуға ЖСҚ
(РБ – 3; ЖБ – 31;),
15 объектіні жаңғырту (РБ)
4 объектіні тапсыру (ЖБ);
2026 жылы:
15 объект салуға ЖСҚ
(РБ – 2; ЖБ – 13),
8 объектіні жаңғырту (РБ);
20 объектіні тапсыру (ЖБ);
15 объектіні күрделі жөндеу;
2027 жылы:
12 объекті салуға ЖСҚ
(РБ – 11; ЖБ – 1), 7 объектіні жаңғырту (РБ);
17 объектіні тапсыру
(ЖБ – 17);
2028 жыл:
10 объекті салуға ЖСҚ
(РБ – 9; ЖБ – 1);
3 объектіні жаңғырту (ЖБ);
18 объектіні тапсыру
(РБ – 4; ЖБ – 14);
3 объектіні салуды бастау
(РБ – 2; ЖБ – 1);

2024 – 2028 жылдар

ІІМ, Қаржымині, ҰЭМ, ЖАО

16.2

Әкімшілік полицияның материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту

2024 жылы:
55 УПП;
35 СМБ;
105 бірл. автомашина;
305 бірл. компьютер;
2025 жылы:
69 УПП;
35 СМБ;
105 бірл. автомашина;
305 бірл. компьютер

2024 – 2025 жылдар

ІІМ, ЖАО

16.3

Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін
3 тергеу изоляторын салу

2025 жылы – Өскемен қаласындағы ТИ бойынша жұмыстың 1-кезеңі;
2026 жылы – 2 кезең;
2027 жылы:
Өскемен қаласындағы ТИ-ды қабылдау;
Ақтөбе және Орал қалаларында ТИ бойынша жұмысты бастау;
2028 жылы – Ақтөбе және Орал қалаларындағы ТИ-ды тапсыру

2025 – 2028 жылдар

ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині

16.4

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті № 42 мекемесінің базасында камералар бойынша ұсталатын (орташа және барынша қауіпсіздік) мамандандырылған аралас қауіпсіздік түзеу мекемесін салу

2025 жылы – құрылыстың
1-кезеңі;
2026 жылы – құрылыстың
2-кезеңі;
2027 жылы – объектіні тапсыру

2025 – 2027 жылдар

ІІМ, Қаржымині

16.5

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолданып, камералар бойынша ұсталатын (көп режимді) 3 аралас қауіпсіздік мекемесін кезең-кезеңімен салу

2027 жылы – құрылысты бастау;
2028 жылы – объектіні тапсыру

2027 – 2028 жылдар

ІІМ, ҰЭМ, Қаржымині

16.6

ҚАЖ мекемелерінің ғимараттарын, құрылысжайларын және инженерлік-техникалық күзет құралдарын күрделі жөндеу

25 объектіні қабылдау актісі, оның ішінде:
2026 жылы – 3;
2027 жылы – 10;
2028 жылы – 12

2026 – 2027 жылдар

ІІМ, Қаржымині

16.7
 

Ұлттық ұлан бөлінісінің және ҚАЖ мекемелерінің қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы автокөлікпен жарақтандыру

153 бірл., оның ішінде:
2025 жылы – 24 бірл. (ҰҰ);
2026 жылы – 27 бірл. (ҰҰ);
2027 жылы – 69 бірл. (ҚАЖ – 33 бірл., ҰҰ – 36 бірл.);
2028 жылы – 33 бірл. (ҚАЖ)

2025 – 2028 жылдар

ІІМ, Қаржымині
 

16.8

Өңірлердегі ведомстволық медициналық мекемелерді жаңғырту

2025 жылы:
2 объектіге ЖСҚ;
2026 жылы:
2 объектіні тапсыру;
3 объектіге ЖСҚ;
2027 жылы:
4 объектіге ЖСҚ;
21 ЕбГ үшін медициналық жабдық алу;
2028 жылы:
5 объектіге ЖСҚ;
21 ЕбГ үшін медициналық жабдық алу

2025 – 2028 жылдар

ІІМ, Қаржымині, ҰЭМ


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

      АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технология

      АЖ – ақпараттық жүйе

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АТО – ахуалдық-талдау орталығы

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БП ҚСАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

      БҚ – бағдарламалық қамтылым

      ВАК – ведомствоаралық комиссия

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      ДО – дағдарыс орталығы

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЕДБ – екінші деңгейдегі банктер

      ЕбГ – емханасы бар госпиталь

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖСҚ – жобалық-сметалық құжат

      ЖЖҚ – Жол жүрісі қағидалары

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      КТБО – Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      Қаржымині МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚАОААЖ – құқық қорғау және арнайы органдардың ақпараттық алмасу жүйесі

      ҚҚВАТ – қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі ведомствоаралық топ

      ҚАЖ – қылмыстық-атқару жүйесі

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ – "ҚазАвтоЖол" ұлттық компания" акционерлік қоғамы

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      ЛБҚ – лицензиялық бағдарламалық қамтылым

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      ПД – полиция департаменті

      РӘТ– реттеушілік әсерді талдау

      РБ – республикалық бюджет

      РСКК – реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты

      СЖҚІҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СӘ – сот әкімшілігі

      СМБ – стационарлық модульдік бекет

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі

      ТИ – тергеу изоляторы

      ТҚ – техникалық қызмет көрсету

      УБДО – уақытша бейімдеу және детоксикация орталығы

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰҰ – Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      УПП – учаскелік полиция пункті

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ШМҚТП – шетелдік мекемелерде құжат беруді тіркеу пункті

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ІІО – ішкі істер органдары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады