Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1250 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Экология кодексі 388-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1250 қаулысымен
бекітілген

Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өзінің банктік шотына өндірушілерден және импорттаушылардан түскен ақшаның есебінен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілетін қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайтадан пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне ақшалай төлемдерінің мөлшерлері

      1-кесте – Қаптама қалдықтары үшін төлемдердің мөлшерлемелері

Өнім (тауар) қалдықтарының түрлері

Ақшалай төлем, тоннасына айлық есептік көрсеткіші (АЕК)


жинау

тасымалдау

қайта өңдеу

Шыны қаптама

7,66

5,46

1,44

Қағаз және картон қаптама

5,82

4,23

1,55

Полимерлі қаптама

9,05

7,41

1,79

Аралас материалдардан жасалған қаптама

8,96

6,92

1,45

Металл қаптама

0,21



      2-кесте – Автокомпоненттердің қалдықтары, электрондық және электрлік жабдықтар үшін төлемдердің мөлшерлемелері

Өнім (тауар) қалдықтарының түрлері

Ақшалай төлем, тоннасына айлық есептік көрсеткіш (АЕК)* (қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану және (немесе) кәдеге жарату үшін)

Шиналар

жүк/жеңіл

13,50

ірі габаритті

17,15

Майлар


2,98

Аккумуляторлар


2,39

Жылу тасымалдағыштары бар электрондық және электрлік жабдық

21,43

Ірі габаритті электрондық және электрлік жабдық

16,19

Ұсақ габаритті электрондық және электрлік жабдық

7,42

Экрандары мен мониторлары бар электрондық жабдық

43,19

Шағын ақпараттық, техникалық және телекоммуникациялық электрондық және электрлік жабдық

51,91

Шамдар

80,95

      * - тиісті жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады