"Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 5 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентінде:

      "Үкімет отырыстары және Премьер-Министр мен оның орынбасарларында өтетін отырыстар" деген 2-тарауда:

      "Үкімет отырыстарын дайындау және өткізу тәртібі" деген 2-параграфта:

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Отырыстар ашық болып табылады, Үкіметтің интернет-ресурсында онлайн режимде трансляциялау қамтамасыз етіледі әрі мемлекеттік тілде және қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.

      Ашық отырыс трансляцияланған кезде азаматтарға пікір қалдыруға мүмкіндік беріледі.

      Ашық отырыс хаттамасы отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Үкіметтің интернет-ресурсында орналастырылады.

      Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 4 сәуірде қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады