Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 және "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 29 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 20-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында::

      5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тиiстi қаулы қабылданғаннан кейiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі – Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі) айқындалған тәртiппен тиiстi қаржыландыру жоспарларына өзгерiстер енгiзiледi.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Төтенше резервтің ақшасы Қазақстан Республикасының "Төтенше жағдай туралы" және "Азаматтық қорғау туралы" заңдарында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі iс-шараларға бағытталады.";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың әкімдері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай аймағындағы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің ең аз нормаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12396 болып тіркелген) Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларына және тізбесіне сәйкес тиісті негіздеуші материалдарымен және жиынтық есеп-қисаптармен өтінішхат ұсынады.";

      2) "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 503 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 127-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады