"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 қаңтардағы № 43 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2021 – 2030 жылдарға арналған даму жоспарында:

      "Кіріспе" деген бөлімде:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Даму жоспарын әзірлеу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Қазақстан халқына Жолдауының (бұдан әрі – "Қазақстан-2050" стратегиясы);

      2) Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауының;

      3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 520 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарының;

      4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспары);

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 960 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы) мақсаттары мен міндеттері ескерілді.";

      "1. Ағымдағы ахуалды талдау" деген бөлімде:

      "1. Сыртқы ортаны талдау" деген кіші бөлімнің "4. Мемлекеттің АӨК саласындағы саясаты" деген тарауында:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алуды, астық нарығын тұрақтандыруды, экспортты дамытуды және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының шығыстарын өтеуді қамтитын бірқатар іс-шараларды іске асырады.";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында Азық-түлік келісімшарт корпорациясына ахуалды тұрақтандырушы рөлді белсендірек атқаруды тапсырды. Қажет болған кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отыруға тиіс. Нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс.";

      он екінші абзацты мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметі Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында және Мемлекет басшысының тапсырмаларында белгіленген АӨК саласындағы мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады.";

      "2. Ішкі ортаны талдау" деген кіші бөлімнің "1. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының операциялық қызметі" деген тарауында:

      жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Астық қоймалары" ЖШС Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы АҚК – нан базалары желісі арқылы астықты қабылдау, сақтау, өңдеу және тиеп-жөнелту қызметтерін көрсетеді. Астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 491,7 мың тоннаны құрайды.";

      "2. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының миссиясы мен пайымы" деген бөлімде:

      үшінші абзацтағы 3) тармақша алып тасталсын;

      "3. Қызметтің стратегиялық бағыттары" деген бөлімде:

      "1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу" деген кіші бөлімде:

      "2. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу" деген мақсатта:

      "1. Астық нарығындағы интервенциялар (қажет болған жағдайда)" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-міндет. Астық нарығындағы инвестициялар (қажет болған жағдайда)

      Астық нарығында тұрақтандыру функциясын орындау шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мемлекеттің тапсырмасы бойынша сатып алу немесе тауар интервенцияларын қолданатын болады. Бұл шаралар негізінен Қазақстандағы астықтан жоғары өнім алынған немесе түсімі өте төмен болған кезеңдерде пайдаланылатын болады және ішкі бағалардың күрт құбылмалылығын төмендетуге бағытталған.

      Сатып алу интервенциялары нарықтан артық астықты алу және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарын қалыптастыру мақсатында жоғары өнім алған кезеңдерде қолданылатын болады, оларды кейінгі жылдары ішкі нарықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады немесе тауар интервенциясын жүзеге асыру қажет болмаған жағдайда, сыртқы нарықтарға жеткізу үшін пайдаланылуға болады. Интервенция кезіндегі сатып алу бағалары астық өндірісінің шығынын барынша азайтатын есептен айқындалатын болады.

      Ішкі бағалар күрт өскен кезеңдерде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық ресурстары, оның ішінде резервтік қордың бір бөлігі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері (тауар интервенциясы) бойынша белгіленген бағамен жеткізу арқылы ішкі нарықтағы астыққа сұранысты қанағаттандыру үшін пайдаланылатын болады.

      Азық-түлік тауарлары бағасының өсуін тежеу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тауар интервенцияларын егін түсімі аз болған және бағаның маусымдық өсуі кезінде ұн тартатын кәсіпорындарға, мал және құс өсіру шаруашылықтарына арзандатылған астықты өткізу арқылы қолданатын болады.

      Осылайша, 1-сұрыпты ұн, әлеуметтік нан және түтік кеспе бағасының өсуін тежеу үшін азық-түліктік астықты (қажет болған жағдайда) арзандатылған бағамен өткізу жоспарлануда.

      Бұдан басқа, арзандатылған жемдік астық (қажет болған жағдайда) сиыр еті, тауық еті және тауық жұмыртқасы бағасының өсуін тежеу үшін құс және мал өсіру шаруашылықтарына жіберілетін болады.

      Нарықтық бағаларға байланысты бөлінетін қаражат шегінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының бағдарламалары арқылы қарақұмық жармасы, күріш және күнбағыс майы үшін шикізат сатып алынатын болады.

      Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің номенклатурасы мен көлемін біртіндеп кеңейтетін, сондай-ақ арзандатылған азық-түліктік және жемдік астықты өткізу көлемін ұлғайтатын болады.

      Астық нарығында тұрақтандыру функцияларын жүзеге асыру шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қосылған құн салығын қайтару жүргізілетін болады. Бұл шаралар нарықтық тұрақтылықты қолдауға және Қазақстанның барлық азаматтары үшін азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Астық бағасын мемлекеттік реттеу қажет болмаған кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астық сатып алуды қалыптасқан нарықтық бағалар дәлізі шегінде жүзеге асыратын болады. Бұл ретте ішкі нарықтың Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сатып алу бағаларына сезімтал ден қоюын ескере отырып, сатып алу бағаларын негізсіз көтеру және төмендету арқылы нарықтық баға белгілеудің бұрмалануына жол бермейтін тәсіл пайдаланылатын болады.";

      "2. ӘлМАТ қорларын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-міндет. ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорын қалыптастыру және өңірлердің тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесу

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ӘлМАТ бағаларының негізсіз өсуін тежеуге жәрдемдесу мақсатында бөлінетін бюджет қаражаты шеңберінде азық-түлік тауарларының, сондай-ақ ӘлМАТ (бидай, қарақұмық, күріш дәні, күнбағыс) өндіру үшін шикізат болып табылатын өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қорларын қалыптастыруды жоспарлап отыр.

      Аталған шикізат қорлары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қызметін қаржыландыру және өңдеуші кәсіпорындардың қуаттарын жүктеу есебінен қалыптастырылатын болады. Бұл ретте ішкі нарыққа қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу, қайта өңдеу, сақтау және тиеп-жөнелту процестерін регламенттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді жоспарлап отыр.

      Шикізат қорларын ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының меншікті қоймалары/сақтау сыйымдылықтары, сондай-ақ өнім өндірушілердің өз сақтау сыйымдылықтары пайдаланылатын болады. Бұл ретте ӘлМАТ өзіндік құнын төмендету үшін нан базаларын жаңғырту жүргізіліп, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің алуан түрлеріне арналған сақтау сыйымдылықтарын кеңейту мүмкіндігі қарастырылатын болады.

      Маусымдық тапшылық туындаған және ішкі нарықта нақты өнім бағасы өскен жағдайда Азық-түлік келісімшарт корпорациясы осы өнімді ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорларынан тіркелген бағамен жеткізетін болады.

      ӘлМАТ-тың жекелеген санаттары бойынша азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерге жедел ден қою мақсатында ішкі және сыртқы нарықтарда шұғыл сатып алу операцияларын жүргізу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының тұрақты жұмыс істейтін ақша қорын қалыптастыру мүмкіндігі мен ұстау тетіктері де қарастырылатын болады.

      Бұған қоса, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жергілікті бюджеттер есебінен астық сатып алу және жеткізу арқылы жергілікті атқарушы органдардың тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға жәрдемдесе алады.";

      мынадай мазмұндағы "Көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау" деген 3-міндетпен толықтырылсын:

      "3-міндет. Көктемгі егіс жұмыстарын (КЕЖ) жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау

      Ішкі нарықты одан әрі тұрақтандыру және экспортты дамыту үшін ауыл шаруашылығы өнімдерінің кепілдік берілген көлемін қалыптастыру мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясының неғұрлым прогрессивті құралы – республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын форвардтық сатып алу жандандырылатын болады.

      АӨК субъектілерінің форвардтық сатып алу бағдарламаларына қатысуы үшін неғұрлым қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілдіктері де қамтамасыз ету ретінде қабылданатын болады. Кейіннен отандық ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу кезеңінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басымдығы қатысушылары форвардтық мәмілелер шеңберіндегі міндеттемелер бойынша ортақ жауаптылықта болатын кооперативтермен жұмыс істеуге берілетін болады.

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары арқылы отандық АШТӨ КЕЖ-ді уақтылы жүргізуге мүмкіндік беретін және елде сұранысқа ие ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін қолдауға мүмкіндік беретін жеңілдікті қаржыландыруға қол жеткізеді.

      Фермерлерді қаржылай қолдау көлемдерін кеңейту мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы тартылған қаражатты қосымша пайдаланатын болады, осыған байланысты олар бойынша сыйақы мөлшерлемесін, оның ішінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясының облигациялары бойынша купондық сыйақыны (мөлшерлемелер) субсидиялау есебінен тартылған қаржы қаражаты бойынша сыйақы шығыстарын азайту туралы мәселе пысықталуда.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жеке нарыққа жәрдемдесу шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорын арасында шикізат пен дайын өнімге бағаны тіркеу жөніндегі міндетті шартпен шикізатты (күнбағыс тұқымы, күріш дәні және қарақұмық) үш жақты форвардтық сатып алуды енгізу жоспарлануда:

      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді қолдау үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы АШТӨ-нің кейіннен көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуі үшін тіркелген бағадан 70 % мөлшерінде аванс төлей отырып, жеңілдікті шарттармен (пайызсыз қаржыландыру және анық кепілдерге қойылатын талаптардың болмауы) АШТӨ-ні қаржыландыратын болады. Бағаны тіркеу АШТӨ тәуекелдерін өнімнің жоғары болуынан немесе басқа елдер тарапынан болған баға демпингінен туындауы мүмкін ауыл шаруашылығы өнімдері бағасының күрт төмендеуінен сақтандыруды қамтамасыз етеді;

      2) ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауды қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қайта өңдеуші кәсіпорындардың осы тетікке тартылуын көздейді. Айталық, егін жиналғаннан кейін АШТӨ ауыл шаруашылығы өнімін (шикізатын) қайта өңдеуші кәсіпорынға сақтауға тікелей жеткізеді және Азық-түлік келісімшарт корпорациясынан тіркелген бағаның 30 %-ы мөлшерінде қалған сомадан қосымшаақы алады. Қайта өңдеуші кәсіпорын өз кезегінде келесі егінге дейін өз кәсіпорнының жүктемесін алады, өйткені ол шикізатты өз өндірісінде сақтайды және дайын өнімді шығарады;

      3) ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуді қамтамасыз ету үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шикізатты қайта өңдеуші кәсіпорындарға жеткізгеннен кейін форвардтық сатып алу бойынша жасалған келісімшарттар шеңберінде АШТӨ-ден шикізат көлемін кепілді түрде сатып алады. Өз кезегінде қайта өңдеуші кәсіпорындар дайын өнімді бір жыл ішінде өткізеді және дайын өнімді сату фактісі бойынша шикізат үшін Корпорациямен есептеседі.

      Осылайша, шикізат пен түпкілікті өнім бағасын тіркей отырып, үш жақты форвардтық сатып алу ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруға, сондай-ақ бағаның өсуін тежеуге ықпал етеді. Бұл схемада өңдеуші кәсіпорындардың әлеуеті оларды Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолжетімді шикізатымен (қарақұмық, күнбағыс, күріш дәні) жүктеу арқылы ашылады.

      Форвардтық сатып алу бағдарламалары шеңберінде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерінің қажетті ресурстарын қалыптастырады, оның ішінде жемдік қорды қалыптастыру үшін жемшөп дақылдарын өндіруді ынталандырады, астықтың резервтік қорын уақтылы жаңарту үшін көлемдерді кепілді түрде тіркейді, жасалған экспорттық келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ететін және жинақталған өткізу арналары бойынша экспорттың ұзақ мерзімді стратегиясын қолдауға мүмкіндік беретін ресурстарды қалыптастырады.

      Сонымен қатар Азық-түлік келісімшарт корпорациясы форвардтық сатып алу бағдарламасына балама немесе қосымша ретінде тауарлық кредиттер беру бағдарламасы бойынша КЕЖ жүргізу үшін АШТӨ-ге қолдау көрсете алады.";

      Қызметтің түйінді көрсеткіші:

      ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі, мың тонна:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі, мың тонна;

      форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі, %;

      өңірлердің азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету, %.

      Стратегиялық бағытты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      Форвардтық сатып алу және тауарлық кредит беру бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді КЕЖ жүргізу үшін жеңілдікті қаржыландырумен/тауармен, сондай-ақ өндірілген өнімнің кепілдендірілген өткізілуін қамтамасыз етеді. Аталған бағдарламалар Қазақстан Республикасында басым дақылдар өндірісінің өсуін ынталандырады және ішкі нарықта тұрақтандыру функциясын одан әрі орындау үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің тұрақты жеткізілімдерін қамтамасыз етеді.

      ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорлары (бидай, қарақұмық, күріш дәні, күнбағыс) бойынша азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету арқылы елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Бұдан басқа, астық бағасының өсуі кезеңінде ұн тартатын кәсіпорындар үшін шикізаттың тіркелген құны әлеуметтік нан бағасын тежеуге мүмкіндік береді.

      ӘлМАТ-қа арналған шикізат қорларын қалыптастыру Азық-түлік келісімшарт корпорациясында нақты кезеңде ішкі нарықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шикізат көлемінің болуын қамтамасыз етеді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының маусымдық тапшылық кезеңінде ішкі нарыққа тіркелген бағалар бойынша ӘлМАТ-қа арналған сұраныстағы шикізат көлемін ұтқыр жеткізуі осы шикізаттан өндірілетін дайын өнімнің бағасын тұрақтандыруға септігін тигізеді.";

      "2. Егіс алаңдарын әртараптандыруға және АӨК субъектілерін қаржылық қолдауға жәрдемдесу" деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-кіші бөлім. Егіс алқаптарын әртараптандыруға жәрдемдесу

      1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

      1-міндет. Егіс алаңдарын әртараптандыру

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламалары өңірлер мен дақылдар бойынша әртараптандырылады және монодақылды (бидайды) қаржыландыруды азайту есебінен ішкі және сыртқы нарықтарда сұраныстағы неғұрлым басым ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді ынталандыруға бағытталады. Сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алуына тауар желісін айқындау үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын нақты өнім түрлерін өндіру үшін оңтайлы пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы ескерілетін болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егіс алқаптары, млн га,

      форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде монодақыл (бидай) үлесін азайту, %.

      Стратегиялық бағытты іске асырудан күтілетін нәтижелер:

      Өндірісті әртараптандыру және ауыспалы егістерді сақтау, бұл рентабельділігі жоғары дақылдарды, оның ішінде жемшөп дақылдарын өндіруге ауысуды қамтамасыз етеді.";

      "3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу" деген кіші бөлім алып тасталсын.

      "4. АӨК-нің тұрақты азықтық базасын құруға жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-кіші бөлім. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу";

      "1. Ішкі нарықтың азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыру" деген мақсатта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-мақсат. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру";

      "1. Жемдік қорды қалыптастыру және басқару" деген міндетте:

      жетінші абзац алып тасталсын;

      "5. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу" деген кіші бөлімде:

      "1. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу" деген мақсатта:

      "1. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру" деген міндет мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеткізілімдерді тұрақтандыру және экспорттық операцияларды әртараптандыру

      Әлемдік нарықта қазақстандық астықтың позицияларын орнықтыру үшін тұрақты экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру талап етіледі.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жұмысы сыртқы нарықтарда тұрақты болуын қамтамасыз етуге және жасалған келісімшарттардың мінсіз орындалуы мен жеткізілетін өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге кепілдік беретін қазақстандық экспорттаушының имиджін қалыптастыруға бағытталатын болады.

      Осы жұмыстың шеңберінде перспективалы шетелдік нарықтарда, оның ішінде қазақстандық бизнестің қатысуымен сауда өкілдігін, сондай-ақ АҚК және (немесе) диірмен кешенін ашу жоспарлануда. Бұл инфрақұрылым шетелдік нарықта қазақстандық астық пен ұнды орнықтыру және Орталық Азия өңірінде экспортты дамыту мақсатында өз өнімдерін сату үшін отандық экспорттаушыларға берілетін болады.

      Астықты басқа стратегиялық өткізу нарықтарына экспорттау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері мен қайта өңдеу өнімдері саудасының дамуына жәрдемдесу мақсатында экспорттық нарықта қазақстандық экспорттаушылар үшін перспективалы шетел нарықтарында сауда үйін ашу мүмкіндігі зерделенетін болады. Бұл шетелдік әріптестермен келіссөздер процестерін ретке келтіреді және тұтас алғанда, шетелдік нарықта қазақстандық экспорттаушыларға жәрдем көрсетуге мүмкіндік береді.

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық астық экспортының географиясын одан әрі кеңейту және жаңа бағыттарды игеру мақсатында тұрақты негізде әлеуетті импорттаушыларды іздеу және олармен ұзақ мерзімді сауда байланыстарын орнату бойынша жұмыс жүргізетін болады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының негізгі контрагенттері импорттаушы елдердің мемлекеттік және ірі жеке компаниялары болады.

      Бұдан басқа, Азық-түлік келісімшарт корпорациясының сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі мен ұтқырлығын арттыру үшін көрші Ресей мен Украина нарықтарында астық сатып алу және экспорттық бағыттар бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда ішкі нарыққа жеткізу тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл үшін Каспий теңізіндегі Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолда бар порттық инфрақұрылымының әлеуеті барынша пайдаланылатын болады.

      Логистикалық жүйені оңтайландыру және экспорттық әлеуетті одан әрі дамыту шеңберінде астықты ауыстырып тиеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер кешенін қамтитын экспедиторлық қызметтер көрсету жоспарлануда, бұл Каспий бағытында қазақстандық астықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы операциялық шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Бағаны бәсекелестермен (Ресей Федерациясы) теңестіру және дәстүрлі өткізу нарықтарын (Қытай Халық Республикасы, Орталық Азия, Иран және т.б.) сақтау қажет болған кезде мемлекет қазақстандық астық экспорттаушыларына, оның ішінде тасымалдау бойынша жекелеген қолдау шараларын енгізу мәселесін қарастыратын болады.

      Бұдан басқа, 2023 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында Мемлекет басшысы ҚҚС-ты қайтару рәсімін оңайлату қажеттігін атап өтті. ҚҚС-тың асып кетуін қайтарудың оңайлатылған тәртібі рәсімін енгізу астық нарығының операторына қаржылық міндеттемелерді азайтуға не ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға қаражат жіберуге мүмкіндік береді.

      Қазақстандық нарық қатысушыларының үйлестірілген іс-қимылдарын қамтамасыз ету жөніндегі орталықтандырылған жұмыс шеңберінде сыртқы нарықтарға қол жеткізу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясы арқылы астық экспортын біртіндеп ұлғайту қажет.

      Экспорт үлесі 50 %-ға жеткен кезде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Қазақстанның бірыңғай экспорттаушысының функцияларын орындай алады. Ол үшін 2 кезеңді орындау жоспарлануда.

      1-ші кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы шағын және орта фермерлерден түскен экспорттық астық партияларын шоғырландырады және сыртқы нарықтарға өткізеді. Сыртқы нарықтарда сатып алушыларды іздеу жүзеге асырылатын болады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қаржылық есептеулерге қатыспай-ақ, сатып алушы мен сатушы үшін кепіл ретінде әрекет ететін болады. Осылайша, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлерге экспорттық нарықтарға шығуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін ұтымды бағамен өткізуге көмектесетін болады.

      2-ші кезеңде Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астықтың ішкі көлемін сатып алады және орталықтан экспорттайды. Ол үшін экспорт көлемін ұлғайту және қомақты қаражат көлемі талап етіледі.

      Тұтас алғанда, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы мыналар арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа ілгерілетіп, экспорттаушыларға жәрдемдесетін болады:

      1) экспортқа шығу арналары жоқ фермерлер үшін әділ бағаларды белгілеу;

      2) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының құралдары арқылы экспорттық тауарларды өндіруге жәрдемдесу;

      3) кедергілерді азайту үшін шетелдік мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу;

      4) экспорттық арналар құру;

      5) экспорттаушыларға өнімді ілгерілетуге жәрдемдесу;

      6) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өңірлік өкілдіктерінің әлеуетін пайдалану;

      7) Қазақстан астығын импорттаушы елдерде біртіндеп өкілдіктер ашу.";

      "4. Қызметтің түйінді көрсеткіштері" деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

"4-бөлім. Қызметтің түйінді көрсеткіштері

Стратегиялық даму бағыттары шеңберінде әрбір стратегиялық мақсат үшін Даму жоспарында қызметтің түйінді көрсеткіштері (бұдан әрі – ҚТК) белгіленген.

Р/с №

ҚТК

Өлшем бірлігі

2020 жыл (бағалау)

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2025 жыл

2026 жыл

2027 жыл

2028 жыл

2029 жыл

2030 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


1-стратегиялық бағыт. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу


1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру

1

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі

мың тонна

500

500

500

500

500

500

500

500

500

500

500


2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу

2

ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі

мың тонна

315

330

335

340








3

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі

мың тонна





800*

350

355

360

365

370

375

4

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі

%





10

15

20

25

30

35

40

5

Өңірлердің азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету

%





100

100

100

100

100

100

100


2-стратегиялық бағыт. Егіс алқаптарын әртараптандыруға жәрдемдесу


1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

6

Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егіс алқаптары

млн га

2,6

2,7

2,8

2,9








7

Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде монодақылдың (бидай) үлесін азайту

%





81

80

79

78

77

76

75


4-стратегиялық бағыт. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу


1-мақсат. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру

8

Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі

мың тонна

55

90

100

110








9

Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі

мың тонна










мың тонна



5-стратегиялық бағыт. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу


1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу

10

Стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі

мың тонна

≥ 100

≥150

≥175

≥190

≥205

≥220

≥235

≥ 250

≥ 265

≥ 280

≥ 295


6-стратегиялық бағыт. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру


1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету

11

ROE

%

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

≥ 0,5

12

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар

млн теңге

514

504

518

582

543

515

557

572

581

581

588

13

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі

1 жұмыскерге шаққанда мың теңге

5 904

6 071

6 252

6 451

6 669

6 909

7 176

7 475

7 811

8 193

8 630


2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру

14

Корпоративтік басқаруды бағалау

%

77

78


%

77

78


%

77

78


15

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі

%









%



      * республикалық бюджеттен жеткілікті ақшалай қаражат бөлінген кезде";

      5. "Даму жоспарын іске асыру тәуекелдері және тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар" деген 5-бөлімнің кестесінде:

      "3-стратегиялық бағыт. Ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасы мен егін шығымдылығын арттыруға жәрдемдесу" деген жол және реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар алып тасталсын;

      1 және 2-қосымшалар осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы "29" қаңтардағы
№ 43 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша

Азық-түлік келісімшарт корпорациясының стратегиялық картасы

Р/с

МЖЖ-ның бірінші деңгейіндегі құжат

МЖЖ-ның екінші деңгейіндегі құжат

МЖЖ-ның үшінші деңгейіндегі құжат

Даму жоспарында көзделген Азық-түлік корпорациясының ҚТК

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары:
1) үй шаруашылықтарының азық-түлік тауарларына жұмсайтын шығыстары, республика бойынша жалпы шығыстардан %:
2018 жылы – 48,5,
2019 жылы– 50,
2020 жылы – 56,4,
2021 жылы – 53,1,
2022 жылы – 49,8,
2023 жылы – 46,6,
2024 жылы – 43,3,
2025 жылы – 40;
2) еңбек өнімділігінің өсуі, 2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден өсім %;
республика бойынша:
2019 жылы – 0,
2020 жылы – (-) 2,6,
2021 жылы – 0,4,
2022 жылы – 4,7,
2023 жылы – 10,4,
2024 жылы – 15,
2025 жылы – 20,6;
салалар бойынша:
ауыл шаруашылығы
2019 жылы – 0,
2020 жылы – 7,6,
2021 жылы – 23,9,
2022 жылы – 39,1,
2023 жылы – 52,9,
2024 жылы – 64,9,
2025 жылы – 75,7;
орман және балық шаруашылығы
2019 жылы – 0,
2020 жылы – (-) 5,7,
2021 жылы – 8,5,
2022 жылы – 21,9,
2023 жылы – 33,9,
2024 жылы – 44,5,
2025 жылы – 53,9.

АӨК-ті дамыту тұжырымдамасы:
"200 мың тонна көлемінде жем-шөп қорын құру" іс-шарасы;
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ жарғылық капиталын 800 мың тонна көлемінде форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша АӨК субъектілерінен ен кепілді астық сатып алуды қамтамасыз ету үшін 100 млрд теңгеге ұлғайту" іс-шарасы,
2024 жыл";
"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жыл сайын жүзеге асыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы"
ҰК" АҚ-на 800 мың тонна сомасында 100 млрд теңге сомасында бюджеттік кредит бөлу" іс-шарасы, 2024 – 2030 жылдар".

АШМ-ның 2023 – 2027 жылдарға арналған даму жоспары:
1) ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі (2019 жылғы бағамен 2019 жылғы деңгейден өсу %) 2020 ж. – 4,9,
2021 ж. – 23,9, 2022 ж. – 39,1, 2023 ж. – 52,9, 2024 ж. – 64,9, 2025 ж. – 75,7, 2026 ж. – 84,9, 2027 ж. – 113;
2)      АӨК өнімі экспортының көлемі (АҚШ млрд долл.) 2020 ж. – 3,1, 2021 ж. – 3,9, 2022 ж. – 4,6, 2023 ж. – 4,9, 2024 ж. – 5,6, 2025 ж. – 6,6, 2026 ж. – 7,4, 2027 ж. – 8,1;
3) ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың өсуі (2019 жылғы деңгейге қарағанда нақты өсу %) 2020 ж. – 15, 2021 ж. – 22,8, 2022 ж. – 31,8, 2023 ж. – 43,1, 2024 ж. – 53,9, 2025 ж. – 53,9, 2026 ж. – 65,2, 2027 ж. – 73,6.

1) Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі;
2) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі
3) форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі;
4) өңірлердің
азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету;
5) форвардтық сатып алуда монодақылдың (бидай) үлесін азайту;
6) тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі;
7) стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі;
8) ROE;
9) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар, млн теңге;
10) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі,
1 жұмыскерге шаққанда мың теңге;
11) корпоративтік басқаруды бағалау;
12) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы "29" қаңтардағы
№ 43 қаулысына
2-қосымша
  2-қосымша

Қызметтің түйінді көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

      "1. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және астық нарығын тұрақтандыруға қатысу" стратегиялық бағыты.

      1-мақсат. Астықтың резервтік қорын ұстап тұру.

      1-ҚТК. Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша азық-түліктік астықтың резервтік қорының көлемі;

      ҚТК астықтың резервтік қорын ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында азық-түліктік астықтың болуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі азық-түліктік астықтың көлемдері.

      2-мақсат. Астық пен ӘлМАТ бағасын тұрақтандыруға қатысу

      1-ҚТК. ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу көлемі;

      ҚТК ӘлМАТ қорларын қалыптастыру үшін пайдалануға болатын Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ауыл шаруашылығы өнімдерінің қорларын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы есепті жылы сатып алған ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі.

      2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің, оның ішінде ӘлМАТ үшін шикізат болып табылатын өнімдердің көлемі;

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қолдау бағдарламаларымен қамтылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі = есепті жылы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі + есепті жылы тікелей сатып алу арқылы сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі + есепті жылы АШТӨ берген тауарлық кредиттің көлемі.

      3-ҚТК. Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемінен үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру үлесі;

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      (үш жақты форвардтық сатып алуды қаржыландыру көлемі) / (форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландырудың жалпы көлемі)*100.

      4-ҚТК. Өңірлердің азық-түліктік және жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз ету;

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      өңірлерге өткізілген азық-түліктік және жемдік астықтың көлемі / мүдделі тараптар растаған азық-түліктік және жемдік астықтың көлемі.

      "2. Егіс алқаптарын әртараптандыруға жәрдемдесу" стратегиялық бағыты.

      1-мақсат. Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының өндірісін ынталандыру

      1-ҚТК. Форвардтық сатып алу бағдарламалары бойынша қаржыландырылған егіс алқаптары;

      ҚТК егіс алқаптарының Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржылық қолдау шараларымен қамтылуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      есепті жылы форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қаржыландыруымен қамтылған егіс алқаптары.

      2-ҚТК. Форвардтық сатып алу бағдарламасын қаржыландыру шеңберінде монодақылдың (бидай) үлесін азайту;

      ҚТК-ны форвардтық сатып алуда монодақыл (бидай) үлесінің азаюын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      (есепті жылы форвардтық сатып алуда монодақылды (бидайды) қаржыландыру көлемі / есепті жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландырылған ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі)*100.

      "4. АӨК-нің тұрақты жемшөп базасын құруға жәрдемдесу" стратегиялық бағыты.

      1-мақсат. Ішкі нарықтың жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыру.

      1-ҚТК. Құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілеріне жеткізілген жемдік астықтың көлемі;

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ішкі нарықтың қолжетімді жемшөпке деген қажеттілігін қанағаттандыруға жіберген жемдік астықтың көлемін мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      есепті жылы құс шаруашылығы, мал шаруашылығы кәсіпорындары мен балық шаруашылығы субъектілерінің өтінімдері бойынша жеткізілген Азық-түлік келісімшарт корпорациясы астығының көлемі.

      2-ҚТК. Тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жемдік қордың көлемі.

      ҚТК жемдік қорды ұстап тұру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ресурстарында жемшөптік мақсаттарға арналған астықтың болуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      тиісті жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Азық-түлік келісімшарт корпорациясына меншік құқығында тиесілі жемшөптік азықтық мақсаттарға арналған астық көлемі.

      "5. Астық экспортының дамуына жәрдемдесу" стратегиялық бағыты.

      1-мақсат. Астық экспорты көлемінің өсуі және сыртқы өткізу нарықтарында орнығу.

      1-ҚТК. Стратегиялық өткізу нарықтарына астық жөнелтудің ең аз көлемі.

      ҚТК қазақстандық астықтың сыртқы өткізу нарықтарында болуын мониторингтеу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      есепті жылы экспортқа жөнелтілген Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық көлемі.

      "6. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қызметінің тиімділігін арттыру" стратегиялық бағыты.

      1-мақсат. Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету.

      1-ҚТК. ROE.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясы меншікті капиталының рентабельділік деңгейін айқындау үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясы меншікті капиталының рентабельділігі (ROE) = (есепті жылдың аяғындағы таза табыс / меншікті капиталдың есепті жылдың аяғындағы ортажылдық сомасы) *100.

      2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі негізгі капиталға инвестициялар, млн теңге.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымдарының өндірістік объектілеріне күрделі салымдардың деңгейін айқындау үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      тиісті жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша "Ақ Бидай-Терминал" АҚ мен "Астық қоймалары" ЖШС-ға негізгі құрал-жабдықтарды ұстап тұруға және дамытуға жіберілген ақша қаражатының көлемдері.

      3-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының өндірістік объектілеріндегі еңбек өнімділігі, 1 жұмыскерге шаққанда мың теңге.

      ҚТК-ны Азық-түлік келісімшарт корпорациясы еншілес ұйымдарының өндірістік қызметінің тиімділік деңгейін айқындау үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      "Ақ Бидай-Терминал" АҚ мен "Астық қоймалары" ЖШС-ның негізгі қызметінен түскен есепті жылдың аяғындағы жалпы жиынтық кіріс/осы ұйымдардағы жұмыскерлердің іс жүзіндегі саны.

      2-мақсат. Корпоративтік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру.

      1-ҚТК. Корпоративтік басқаруды бағалау.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясындағы корпоративтік басқарудың даму деңгейіне тәуелсіз бағалау жүргізу үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      бөгде ұйым шарттық негізде 3 жылда бір рет жүргізетін корпоративтік басқару диагностикасының компоненттері бойынша орташа арифметикалық мән.

      2-ҚТК. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық лауазымдарындағы әйелдердің үлесі.

      ҚТК Азық-түлік келісімшарт корпорациясының басшылық органдарында әйелдердің болу деңгейін айқындау үшін есептеледі.

      ҚТК-ны есептеу формуласы:

      Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасының құрамындағы әйелдер саны/Азық-түлік келісімшарт корпорациясының Директорлар кеңесі мен басқармасы мүшелерінің жалпы саны *100.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады