Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 52 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесіне және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесіне қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 120-1) және 120-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "120-1) ғылыми тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға байланысты шығыстарды қаржыландыру, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан бас тартқан не одан айырылған, қаржылық берешегі бар тұлғалардың бюджет қаражатын қайтаруы жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;

      120-2) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесінде:

      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі мынадай мазмұндағы 21 және 22-тармақтармен толықтырылсын:

      "21. "Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      22. "Мемлекет тарихы институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.".

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады