Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына соттардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы қолдануы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 29 қарашадағы № 7 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің Жалпы бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 12 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 3, 2023 жылғы 7 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Конституцияның 77-бабы 3 тармағының 5) тармақшасында жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайтыны белгіленген.

      ӘҚБтК-нің 4-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға осы құқық бұзушылық жасалған уақытта қолданылған заңнаманың негiзiнде жауаптылыққа жатады. ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгінде көзделген іс-әрекеттiң жүзеге асырылған уақыты, салдардың басталған уақытына қарамастан, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған уақыт деп танылады.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 6-бабы үшiншi бөлiгiнiң талаптарына сәйкес жаңа заңмен әрекетi қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызылған адам жауаптылықты күшейтетін жаңа заң қолданысқа енгізілгенге дейін қолданыста болған ӘҚБтК-нің Ерекше бөлiгiнiң бабы бойынша әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға жатады.";

      2) 10-тармақтың бесінші абзацындағы "әкімшілік іс жүргізу" деген сөздер "әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 21-тармақта:

      "16 жастан 18" деген сөздер "Он алты жастан он сегіз" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "14 жастан 16" деген сөздер "Он төрт жастан он алты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "16" деген цифрлар "он алты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 22-тармақтағы "73-1, 73-2" деген цифрлар алып тасталсын;

      2. "Соттардың Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің Ерекше бөлігінің нормаларын қолдануының кейбір мәселелері туралы" 2017 жылғы 6 қазандағы № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2019 жылғы 31 мамырдағы № 4 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) 1-тармақтың бірінші абзацындағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соттарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 73-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер осы бапқа Ескертпеде санамаланған жәбірленуші адамдардың арызы бойынша да, ӘҚБтК-нің 802-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген мән-жайлар кезінде де қозғалатындығы түсіндірілсін.";

      2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналарының немесе басқа да заңды өкілдерінің жауаптылығы олар "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің ережелеріне сәйкес осы адамдарға жүктелген кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және (немесе) білім беру, құқықтарын және (немесе) мүдделерін қорғау міндетін, кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және күтіп-бағу, мысалы, баланы тұрмыста, қоғамдық орындарда мінез-құлық қағидаларына оқыту, қоғамның моральдық және адамгершілік қағидаттарымен таныстыру шараларын бұзған кезде туындайды.";

      3) 6-тармақ алып тасталсын;

      4) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. МЕМСТ-ке сәйкес келмейтін, құрамында спирті бар қолдан жасалған сусындардың айналымы және оларды пластикалық не қаңылтыр ыдыста немесе затбелгісі жоқ, сол сияқты ілеспе жүкқұжаттарсыз өткізу ӘҚБтК-нің 282-бабының үшінші бөлігі бойынша жауаптылыққа әкеп соқпайды.

      "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі № 429-I Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген 2020 жылғы 30 желтоқсандағы 397-VI ҚР Заңының редакциясында) алкоголь өнімінің түрлері, санаттары, атаулары мен ұғымдары техникалық регламентке сәйкес айқындалады.

      Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 98 шешімімен қабылданған "Алкоголь өнімінің қауіпсіздігі туралы" Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті (ЕАЭО ТР 047/2018) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құқықтық актілер туралы заң) 11-бабының 3-тармағында қосымша нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылатыны айқындалған.

      Соттар этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамада белгіленген тыйымдардың техникалық регламент күшіне енгенге дейін бұзылуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде өзгерістер енгізілгенге дейін қолданыста болған Заң нормаларын басшылыққа алуға тиіс.

      Кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркелмеген адамдардың алкоголь өнімін сатуы лицензиясыз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны үшін ӘҚБтК-нің 463-бабының бірінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.";

      5) 13-тармақта:

      бірінші абзацы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:

      "Сот кінәлі адамды ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарта отырып, құқық бұзушылық жасалған жердің "Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ "Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының 27-тармағында белгіленген оның анықтамасына (дефиниция) сәйкес қоғамдық орын болған-болмағанын анықтауы тиіс.";

      екінші абзацтағы "Сол баптың" деген сөздер "ӘҚБтК-нің 440-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы екінші сөйлем алып тасталсын;

      6) 14 және 16-тармақтар алып тасталсын;

      7) 18-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      8) 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 9-тармағына сәйкес көшіп келушілерді есепке алуды ішкі істер органдары қабылдаушы тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен түсетін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараты негізінде жүзеге асырады. Қабылдаушы тұлғалар ішкі істер органдарына өздеріне келетін көшіп келушілер туралы олар келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлайды. Көшіп келушілерді есепке алу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімі Құқықтық актілер туралы заңның 14-бабы 2 және 3-тармақтарының ережелері ескеріле отырып, Қағидалардың 6-тармағында реттеледі.

      Осы мерзімге жұмыстан тыс уақыт та қосылады, алайда егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі (Құқықтық актілер туралы заңның 14-бабының 3-тармағы). Дәл осындай тәртіп ӘҚБтК-нің 517-бабында айтылған мерзімдер үшін де қолданылады.

      20. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік отыз күннен аспаса, Қағидалардың 17-тармағының бірінші абзацында санамаланған мемлекеттердің азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік тоқсан күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді. Егер Қазақстан Республикасында болу кезеңі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік он төрт күннен аспаса, Қағидалардың 17-тармағының екінші абзацында санамаланған мемлекеттердің азаматтары күнтізбелік жүз сексен күннен тұратын әр кезең ішінде жиынтығында күнтізбелік қырық екі күн визасыз Қазақстан Республикасына келеді және Қазақстан Республикасынан кетеді. Сонымен қатар олар Қазақстанға виза арқылы да кіре алады. Егер визаның қолданылу мерзімі визасыз болудың уақытынан бұрын аяқталған жағдайда, ол адам визасыз болудың қалған күнін пайдалану құқығы бар. Бірақ бұл екі мерзім қатарлас есептеледі және бір біріне қосуға жатпайды.";

      9) 21-тармақта:

      бірінші абзацтағы "бірінші және үшінші бөліктерінде" деген сөздер "үшінші бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы үшінші сөйлем алып тасталсын;

      10) 23-тармақтың екінші абзацтағы "345," деген цифрлар "345, 345-1," деген цифрлармен ауыстырылсын;

      11) 24-тармақтың төртінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы қаулы орындалғаннан кейін жүргізуші заңда белгіленген тәртіппен осындай құқықты қайтадан алса, онда әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде ӘҚБтК-нің 608-бабының бірінші, үшінші бөліктері бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-1, 3-2-бөліктері бойынша, ал бір жыл өткеннен кейін сол құқық бұзушылықты жасаған жағдайда ол аталған баптың тиісінше бірінші немесе үшінші бөліктері бойынша жауаптылыққа тартылады.";

      12) 25-тармақта:

      екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) 2-бөлімі 1-тармағының 8) тармақшасында" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының (бұдан әрі – Жол жүрісі қағидалары) 2-тарауы 9-тармағының 8) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацта:

      "1-бөлімінің" деген сөз "1-тарауының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұдан кейін жүргiзушiлер оқиғаны ресімдеу үшін, жол-көлік оқиғасын оңайлатылып ресімдеуді қоспағанда, жақын жердегі ішкі істер органдарының бөлімшесіне келуге міндетті.";

      13) 26-тармақтың екінші абзацындағы екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұндай мән-жайларда жол-көлік оқиғасының тікелей себебі ат-көлігін (шананы) жүргізушінің, мал айдаушы мен жүк артылған, жегілген, мініс малын және малдардың иесінің жануарларды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі Жол жүрісі қағидаларының 24-тарауының 176-тармағында жүктелген міндетті орындамауы болып табылады.";

      14) 27-тармақтағы "3-1 және жетінші бөліктерінде" деген сөздер "3-1-бөлігінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 29-тармақтағы "669-бабы" деген сөздер "669-бабының бірінші бөлігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады