"Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы № 102 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Медицина қызметкері барлық жүргізілген екпелерді есепке алуға тиіс және ол мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс: препарат енгізілген күн, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел.

      16. Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеге және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес есепке алу нысандарына енгізіледі.

      17. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізуге реакциялар мен иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің барлық жағдайлары медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.";

      қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 102 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
1-қосымша

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналарды енгізу) жүргізіледі:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

      адам папилломасы вирусы туғызған ауру;

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

      коронавирус инфекциясы.

      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

      "А" вирустық гепатиті;

      "В" вирустық гепатиті;

      b типті гемофильді инфекция;

      дифтерия;

      көкжөтел;

      қызылша;

      қызамық;

      пневмококк инфекциясы;

      полиомиелит;

      сіреспе;

      туберкулез;

      эпидемиялық паротит;

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

      "А" вирустық гепатиті;

      "В" вирустық гепатиті;

      дифтерия;

      көктемгі-жазғы кене энцефалиті;

      күйдіргі;

      құтырма;

      қызылша;

      қызамық;

      оба;

      сіреспе;

      туляремия;

      тұмау;

      іш сүзегі;

      эпидемиялық паротит.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 102 қаулысына
1-қосымша
Медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық
екпелерді жүргізу
қағидаларына
қосымша

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдері

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың жасы

Адам папилломасы вирусы туғызған ауру

1

2

11 жас (қыз балалар)

+

11,5 жас (қыз балалар)

+

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың контингенті

Коронавирус инфекциясы

1

2

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

+

      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық және паразиттік аурулар:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың жасы

Туберкулез

"В" вирустық гепатиті

Полиомиелит

Көкжөтел, дифтерия, сіреспе

b типті гемофильді инфекция

Пневмококк инфекциясы

"А" вирустық гепатиті

Қызылша, қызамық, паротит

Дифтерия, сіреспе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1-4 күн

+

+








2 ай


+

+

+

+

+




3 ай



+

+

+





4 ай


+

+

+

+

+




12-15 ай



+



+


+


18 ай



+

+

+





2 жас







+



2,5 жас







+



6 жас (1 сынып)




+




+


16 жас және 10 жыл сайын









+

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың контингенті

"А" вирустық гепатиті

"В" вирустық гепатиті

Дифтерия, сіреспе

Қызылша, қызамық, паротит

Тұмау

1

2

3

4

5

6

1) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар






2) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:






медицина қызметкерлері


+



+

кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері






ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның






1

2

3

4

5

6

ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы






қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар






аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар






құтырмамен ауыратын науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар






3) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар






4) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар



+



1

2

3

4

5

6

5) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:






медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар





+

қан құйылған адамдар


+




6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар





+

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

+



+

+

      Кестенің жалғасы

Егілетін адамдардың контингенті

Құтырма

Іш сүзегі

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

Күйдіргі

Туляремия

Оба

1

7

8

9

10

11

12

1) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында



+

+

+

+

1

7

8

9

10

11

12

тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар







2) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:







медицина қызметкерлері







кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері


+





ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы

+






қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар

+






аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар

+






құтырмамен ауыратын

+






1

7

8

9

10

11

12

науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар







3) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар

+






4) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар







5) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:







медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар







қан құйылған адамдар







6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік







1

7

8

9

10

11

12

мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар







7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша







  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 20 ақпандағы
№ 102 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
3-қосымша

Халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары

      Халықтың мынадай топтары міндетті профилактикалық екпелерге жатады:

      1) міндетті профилактикалық екпелер жүргізудің белгіленген мерзімдеріне сәйкес жасы бойынша адамдар;

      2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;

      3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар:

      медицина қызметкерлері ("В" вирустық гепатиті, тұмау);

      кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);

      ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы (құтырма);

      қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар (құтырма);

      аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар (құтырма);

      құтырмамен ауыратын науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар (құтырма);

      4) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар (құтырма);

      5) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар (сіреспе);

      6) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар:

      медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар (тұмау);

      қан құйылған адамдар ("В" вирустық гепатиті);

      7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар (тұмау);

      8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар ("А" вирустық гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады