Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 қаулысы.


      Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы


      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар);

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері:

      1) Қағидаларға сәйкес халықтың профилактикалық екпелерді алуын;

      2) профилактикалық екпелер жүргізуге жағдайлары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында көшпелі екпе бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі      А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
1-қосымша

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналарды енгізу) жүргізіледі:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

      адам папилломасы вирусы туғызған ауру;

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

      коронавирус инфекциясы.

      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен егілетін адамның вакцинациялау жүргізуге хабардар етілген келісімі алынғаннан кейін мынадай инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізу) жүргізіледі:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

      "А" вирустық гепатиті;

      "В" вирустық гепатиті;

      b типті гемофильді инфекция;

      дифтерия;

      көкжөтел;

      қызылша;

      қызамық;

      пневмококк инфекциясы;

      полиомиелит;

      сіреспе;

      туберкулез;

      эпидемиялық паротит;

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

      "А" вирустық гепатиті;

      "В" вирустық гепатиті;

      дифтерия;

      көктемгі-жазғы кене энцефалиті;

      күйдіргі;

      құтырма;

      қызылша;

      қызамық;

      оба;

      сіреспе;

      туляремия;

      тұмау;

      іш сүзегі;

      эпидемиялық паротит.

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
2-қосымша

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 85-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және профилактикалық екпелерді жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Міндетті профилактикалық екпелерді (бұдан әрі – екпелер) алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, ересектерге және (немесе) балаларға консультативтік-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмекті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.

      3. Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелерді жүргізу мерзімдері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталған.

      4. Екпелерді жүргізуге жоғары және орта медициналық білімі бар, екпелерді жүргізу техникасы қағидаларына, иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар өршіген жағдайда шұғыл көмек тәсілдеріне оқытылған, екпелерді жүргізуге рұқсаты бар адамдар жіберіледі.

      Рұқсатты медициналық ұйымның жанынан арнайы құрылған екпелер жүргізуге рұқсат беру жөніндегі комиссия жыл сайын береді.

      5. Екпелер жүргізуді ұйымдастыруды, екпелерді жүргізетін мамандарды даярлауды медициналық ұйымдардың басшылары жүзеге асырады.

      6. Екпелер денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) білім беру ұйымдарының арнайы жабдықталған екпе кабинеттерінде жүргізіледі. Екпелер жүргізілетін үй-жайлар қолдануға арналған нұсқаулығы бар шұғыл және шоққа қарсы терапия жиынтығымен міндетті түрде қамтамасыз етіледі.

      7. Елді мекенде екпелер жүргізу үшін жағдай болмаған кезде (денсаулық сақтау ұйымы, медицина қызметкері немесе вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сақтау үшін жағдай болмаса) екпелерді тиісті көшпелі екпе бригадасы жүргізеді.

      Көшпелі екпе бригадаларының жұмыс режимін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдары белгілейді.

      8. Екпелерді жүргізу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген вакциналар мен медициналық иммундық-биологиялық препараттар пайдаланылады.

      9. Екпелер парентеральды – өздігінен бұзылатын шприцтер арқылы және пероральды - ішке қабылдау арқылы жүргізіледі.

      10. Егілетін адамға екпе жүргізетін күні дәрігер, дәрігер болмаған кезде - фельдшер медициналық қарап-тексеру және термометрия жүргізе отырып, иммундауға қарсы айғақтарды жоққа шығару үшін егілетін адамнан немесе оның заңды өкілінен сұрау жүргізеді және қарсы айғақтар болмаса, екпе жүргізуге рұқсат береді.

      11. Медициналық қызметкер егілетін адамға немесе оның заңды өкіліне екпе туралы, иммундаудан кейінгі ықтимал реакциялар мен жағымсыз жағдайлар, екпеден бас тарту салдары туралы толық және объективті ақпарат береді. Екпелер азаматтардан, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан немесе олардың өзге де заңды өкілдерінен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардан егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім алғаннан кейін жүргізіледі.

      12. Кәмелетке толған егілетін адамды екпені жүргізу алдында медициналық тексеру олар денсаулық жағдайының нашарлауына шағым берген жағдайда және (немесе) аурудың объективті белгілері болған кезде жүргізіледі.

      13. Екпелерді жүргізу алдында медицина қызметкері вакцинаның және басқа да иммундық-биологиялық препараттардың ампуласының (сауытының) бүтіндігін, жарамдылық мерзімін, таңбалануын, вакцинаның ерітіндіге және қоса берілген нұсқаулыққа сәйкестігін мұқият тексереді.

      14. Иммундаудан кейін жағымсыз жағдайлар пайда болған жағдайда шаралар қабылдау үшін егілген адамдар өздері екпе алған медициналық ұйымда 30 минут бойы бақылауда болады. Екпелерді көшпелі екпе бригадасы жүргізген жағдайда егілген адамдар екпені жүргізген медицина қызметкерінің бақылауында болады.

      15. Медицина қызметкері барлық жүргізілген екпелерді есепке алуға тиіс және ол мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс: препарат енгізілген күн, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізуге реакцияның сипаты, шығарушы ел.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Профилактикалық екпелер туралы мәліметтер медициналық ақпараттық жүйеге және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес есепке алу нысандарына енгізіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттарды енгізуге реакциялар мен иммундаудан кейін қолайсыз көріністердің барлық жағдайлары медициналық құжаттардың есепке алу нысандарында тіркеледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Медициналық көмектің кепілдік
берілген көлемі шеңберінде
міндетті профилактикалық
екпелерді жүргізу
қағидаларына
қосымша

Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізу мерзімдері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық аурулар:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың жасы

Адам папилломасы вирусы туғызған ауру

1

2

11 жас (қыз балалар)

+

11,5 жас (қыз балалар)

+

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың контингенті

Коронавирус инфекциясы

1

2

эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

+

      2. Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен оларға қарсы профилактикалық екпелер жүргізілетін инфекциялық және паразиттік аурулар:

      1) жоспарлы профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың жасы

Туберкулез

"В" вирустық гепатиті

Полиомиелит

Көкжөтел, дифтерия, сіреспе

b типті гемофильді инфекция

Пневмококк инфекциясы

"А" вирустық гепатиті

Қызылша, қызамық, паротит

Дифтерия, сіреспе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1-4 күн

+

+








2 ай


+

+

+

+

+




3 ай



+

+

+





4 ай


+

+

+

+

+




12-15 ай



+



+


+


18 ай



+

+

+





2 жас







+



2,5 жас







+



6 жас (1 сынып)




+




+


16 жас және 10 жыл сайын









+

      2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:

Егілетін адамдардың контингенті

"А" вирустық гепатиті

"В" вирустық гепатиті

Дифтерия, сіреспе

Қызылша, қызамық, паротит

Тұмау

1

2

3

4

5

6

1) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар






2) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:






медицина қызметкерлері


+



+

кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері






ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның






1

2

3

4

5

6

ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы






қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар






аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар






құтырмамен ауыратын науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар






3) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар






4) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар



+



1

2

3

4

5

6

5) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:






медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар





+

қан құйылған адамдар


+




6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар





+

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша

+



+

+

      Кестенің жалғасы

Егілетін адамдардың контингенті

Құтырма

Іш сүзегі

Көктемгі-жазғы кене энцефалиті

Күйдіргі

Туляремия

Оба

1

7

8

9

10

11

12

1) инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында



+

+

+

+

1

7

8

9

10

11

12

тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар







2) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:







медицина қызметкерлері







кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері


+





ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы

+






қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар

+






аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар

+






құтырмамен ауыратын

+






1

7

8

9

10

11

12

науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар







3) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар

+






4) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар







5) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар, оның ішінде:







медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар







қан құйылған адамдар







6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік







1

7

8

9

10

11

12

мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар







7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша







  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
3-қосымша

Халықтың профилактикалық екпелерге жатқызылатын топтары

      Ескерту. Топтар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.02.2024 № 102 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Халықтың мынадай топтары міндетті профилактикалық екпелерге жатады:

      1) міндетті профилактикалық екпелер жүргізудің белгіленген мерзімдеріне сәйкес жасы бойынша адамдар;

      2) инфекциялық аурулардың (көктемгі-жазғы кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба) табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар;

      3) өзінің кәсіби қызметінің түрі бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар:

      медицина қызметкерлері ("В" вирустық гепатиті, тұмау);

      кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері (іш сүзегі);

      ғылыми-зерттеу ұйымдарының, зертханалардың қызметкерлері, оның ішінде сынама алуды жүргізетін, виварийлер, құтырма қоздырғышының болуына зерттеулер жүргізетін және жануарлармен жұмыс істейтін ұйымдар мен мекемелердің персоналы (құтырма);

      қараусыз қалған жануарларды аулау және ұстау бойынша жұмысты орындайтын адамдар (құтырма);

      аңшылық және орман шаруашылықтары органдарының қызметкерлері, қорықшылар, мал сою орындарының (алаңдарының) жұмыскерлері, таксидермистер, кинологтар (құтырма);

      құтырмамен ауыратын науқасқа парентеральды араласуды жүргізуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері және патологоанатомдар (құтырма);

      4) кез келген жануар тістеген, сілекейлеген адамдар (құтырма);

      5) жарақат алған, тері жабыны мен сілемейлі қабықтарының тұтастығы бұзылып жараланған адамдар (сіреспе);

      6) өзінің денсаулық жағдайы бойынша тәуекел топтарына жатқызылған адамдар:

      медициналық ұйымда динамикалық байқауда тұрған балалар (тұмау);

      қан құйылған адамдар ("В" вирустық гепатиті);

      7) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитын және (немесе) тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, қарттарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің адамдары, мүгедектігі бар адамдар (тұмау);

      8) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жұқтыру тәуекелі жоғары адамдар ("А" вирустық гепатиті, тұмау, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит, коронавирус инфекциясы).

      Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 612 қаулысына
4-қосымша

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 45-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 663 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 40, 357-құжат).

      3. "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 119 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 266-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады