Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасында:
он жетінші жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"
9-1-қосымша. "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде консорциум құру арқылы іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері |
";
"Ұлттық жобаның мақсаты мен міндеттері" деген 3-бөлімде:
он жетінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші бөліктермен толықтырылсын:
"Төртінші тетік. Консорциум құру арқылы жобалық қуаты кемінде 600 орындық орта білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – МЖӘ объектісі) салу.
Бұл тетікті іске асыру ұлттық жобаға 9-1-қосымшаға сәйкес "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлеріне (бұдан әрі – консорциумның базалық параметрлері) сәйкес консорциум құру арқылы жүзеге асырылады.
Қажет болған жағдайда Консорциумның базалық параметрлері нақтыланған және (немесе) жақсартылған сипаттамалар, сондай-ақ ұлттық жобаны іске асыруға көзделетін қаражат шегіндегі шығыстар көлемі ескеріле отырып қайта қаралуы мүмкін.
Жеке кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – жекеше 1-әріптес) және орта білім беру ұйымы (бұдан әрі – жекеше 2-әріптес) консорциумға қатысушылар болып табылады.
Жекеше 1-әріптес білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын Білім беру саласындағы жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Жекеше 2-әріптесті жекеше 1-әріптес білім беру саласындағы уәкілетті орган жасайтын ұлттық жобаның төртінші тетігін іске асыруға қатысатын жекеменшік орта білім беру ұйымдарының тізбесінен (бұдан әрі – тізбе) таңдау арқылы айқындайды. Тізбені қалыптастыру тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Консорциум шартында мынадай талаптар көзделеді:
1) орта білім беру ұйымы объектісі объектінің және тиісті жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгермейтіндігіне ауыртпалық салынып, жекеше 1-әріптес пен жекеше 2-әріптестің үлестік меншігінде қалады;
2) консорциумға қатысу үлестерін айқындау. Бұл ретте жекеше 2-әріптестің үлесі 5 пайыздан төмен болмайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде және тәртіппен жекеше 2-әріптеске орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөлшерде және тәртіппен республикалық бюджеттен төленген орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шегінде жекеше 2-әріптестің жекеше 1-әріптеске амортизациялық шығыстарды төлеуі.
Жаңа оқушы орындарын іске қосудың көрсетілген төртінші тетігі консорциумға қатысушыға республикалық бюджеттен орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және ЖАО-ның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылған немесе қосылуы жоспарланған объектіні салуға жер учаскесін бөлуін, ЖСҚ көздейді.";
отыз бесінші бөліктің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мектептің жобалық қуатын ескере отырып, бір оқушы орны құнының есебінен айқындалған объектінің құнына сәйкес есептелген мөлшерде жекеше әріптеске төленетін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс салу арқылы іске қосылған әрбір жаңа оқушы орны үшін орта білім беру ұйымдары ғимараттарының амортизациясы шығыстарының көлемін белгілеу бөлігінде, сондай-ақ ұлттық жобаның төртінші тетігі бойынша іске қосылатын жекеменшік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жоғарылатылған мөлшерін белгілеу бөлігінде "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген);";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 300 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі |
3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 2-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 600 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі | 3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" ҚР ҚҚ-ға, 3.02-107-2014* "Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар" ҚР ҚҚ-ға сәйкес |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 3-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 900 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі |
3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 4-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 1200 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі |
3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 5-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 1500 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі | 3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" ҚР ҚҚ-ға, 3.02-107-2014* "Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар" ҚР ҚҚ-ға сәйкес |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 6-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 2000 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі | 3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" ҚР ҚҚ-ға, 3.02-107-2014* "Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар" ҚР ҚҚ-ға сәйкес |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 7-қосымшада:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері бар негізгі сипаттамалар | |
Мақсаты |
Мектептер салу есебінен білім алушыларға жайлы білім беру ортасын құру. | |
Бағыты |
Бір ауысымда 2500 білім алушыға арналған жалпы білім беретін орта мектеп. Оқыту түрі – екі ауысымды. | |
Қабат саны | 2.03-30-2017 "Сейсмикалық аймақтардағы құрылыс" ҚР ҚҚ-ның 9.2-кестесіне, 3.02-111-2012* ҚР ҚҚ-ға сәйкес | |
Үй-жайдың биіктігі | 3.02-111-2012* "Жалпы білім беру ұйымдары" ҚР ҚҚ-ға, 3.02-107-2014* "Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар" ҚР ҚҚ-ға сәйкес |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 8-қосымшада:
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
9-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) 2023 жылғы 1-тоқсаннан кешіктірмей ұлттық жоба шеңберіндегі объектілердің құрылысы толық аяқталғанға дейін барлық мүдделі тараптар мен жұртшылық үшін кең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, объектілер құрылысы барысының мониторингі бойынша ақпараттық жүйені (бейнебақылау, фотоесептер, ҚМЖ барысына автоматтандырылған мониторинг, инжинирингтік көрсетілетін қызметтердің, елішілік құндылықтың электрондық есептері) енгізуді және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Дирекция Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 652-бабының 3-тармағына сәйкес орта білім беру ұйымы объектісінің құрылысы бойынша жұмыстардың уақтылы жүргізілуіне, толықтығына және нәтижелілігіне жауапты болады, сондай-ақ орта білім беру ұйымы объектісінің кездейсоқ қымбаттауы тәуекелдерін жабады.
Егер межеленген объектіні салу басталғанға дейін немесе оның құрылысы барысында инженерлік және (немесе) технологиялық жабдықты, негізгі материалдарды және (немесе) бұйымдарды ауыстыруды қоса алғанда, объектінің конструктивті схемасына, оның көлемдік-жоспарлау, инженерлік-техникалық және (немесе) технологиялық жобалау шешімдеріне әсерін тигізетін, техникалық-экономикалық көрсеткіштерді өзгертетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізді қажеттігі туындаса, сондай-ақ бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың құны құрылыс ресурстары құнының өсуі себебінен кемінде он пайызға айтарлықтай ұлғайған кезде мердігер жобалау шешімдерін өзгертпей, сметаны қайта қарауды жүргізу туралы өтінішпен жүгінсе, бұрын бекітілген жобалау-сметалық құжаттама Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағына сәйкес түзетіледі.
Жобалау шешімдерін өзгертпей, құрылыс құнын түзету кезінде бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Егер ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу барысында құрылыстың бұрын бекітілген құны он пайыздан аз мөлшерде ұлғайғаны анықталса, онда мемлекеттік сараптама ұйымы немесе аккредиттелген сараптама ұйымы теріс қорытынды береді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім) 655-бабының 3-тармағында көзделген құнның ұлғаюы бойынша шығыстар ұлттық жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
Дирекция міндеттемелерді орындау және орта білім беру объектісі құнының ұлғаюына жол бермеу шеңберінде жобалау және "толық аяқтап" салу жөніндегі кешенді жұмыстар шартының талаптарында бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес "нақты" құнды белгілеуді көздейді.";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 10-қосымшада:
Ақтөбе облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | "Оңтүстік-Батыс-2" тұрғын үй алабында мектеп салу | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 |
";
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
13 | "Қызылжар-3" тұрғын үй алабында мектеп салу | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 |
";
Алматы облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Қонаев қаласында 900 орындық мектеп салу | 1 | 900 | - | - | 1 | 900 | - | - | 1 | 900 |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округінің М. Түймебаев ауылында мектеп салу | 1 | 900 | 1 | 900 | - | - | 1 | 900 | - | - |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1 жолмен толықтырылсын:
"
16-1 | Іле ауданының Боралдай ауылында 1200 орындық орта мектеп салу | 1 | 1 200 | - | - | 1 | 1 200 | - | - | 1 | 1 200 |
";
Атырау облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | "Зарослый" тұрғын үй алабында мектеп салу | 1 | 2 000 | - | - | 1 | 2 000 | - | - | 1 | 2 000 |
";
Батыс Қазақстан облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | "Жеңіс" шағын ауданында 1500 орындық № 54 мектепті салу | 1 | 1 500 | - | - | 1 | 1 500 | - | - | 1 | 1 500 |
";
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | Мамандандырылған ХҚКО ауданында 300 орындық № 64 мектепті салу | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 |
";
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Круглоозерное ауылында 300 орындық мектеп салу | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 | - | - | 1 | 300 |
";
Маңғыстау облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | "Шаңырақ" шағын ауданында мектеп салу | 1 | 900 | - | - | 1 | 900 | - | - | 1 | 900 |
";
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | Кендірлі ауылында мектеп салу | 1 | 1 500 | - | - | 1 | 1 500 | - | - | 1 | 1 500 |
";
Павлодар облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | "Жастар" шағын ауданында мектеп салу | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 |
";
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | "Восточный" шағын ауданында мектеп салу | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 |
";
Шығыс Қазақстан облысы бойынша жаңа оқушы орындарын іске қосу жоспарында:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | "Спорт" шағын ауданында мектеп салу | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 | - | - | 1 | 600 |
";
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 12-қосымшада:
17-іс-шарада төртінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу: |
ОМ бұйрығы |
2023 жылғы 1 қаңтарға дейін |
қаржыландыру талап етілмейді | ОМ, Қаржымині |
ОМ бұйрығы | 2024 жылғы 31 тамызға дейін |
қаржыландыру талап етілмейді | ОМ, Қаржымині |
".
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасына 9-1-қосымшамен толықтырылсын.
3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері орта білім беру ұйымдарының көзделетін объектілері бөлінісінде жаңа оқушы орындарын іске қосуды іске асырған кезде төртінші тетікке бірінші кезектегі тәртіппен басым құқық берсін.
4. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді он жұмыс күні ішінде әзірлесін және қабылдасын.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы министрліктері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді бес жұмыс күні ішінде келіссін.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырсын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде консорциум құру арқылы іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері
Р/с | Консорциум құру арқылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлерінің атауы |
1 | 2 | |
1. Мақсат | ||
1.1 | Авариялық объектілерді, үш ауысымда оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою | |
2. Міндеттер | ||
2.1 | Консорциум құру арқылы орта білім беру саласының инфрақұрылымын дамытуда МЖӘ тетігін қолдануды кеңейту | |
2.2 | Орта білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту үшін мемлекет пен жекеше әріптес ресурстарын біріктіру | |
2.3 | Орта білім беру инфрақұрылымының қолжетімділігі мен сапалық сипаттамаларын арттыру | |
3. "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобасы (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде салынып жатқан объектілерді консорциум құру арқылы МЖӘ объектілеріне жатқызу өлшемшарттары | ||
3.1 | Қуаты кемінде 600 оқушы орны; жер учаскелерінің қолжетімділігі (құрылыс салуға 100 % дайындық, үшінші тұлғалардың ауыртпалықтары мен талаптарының болмауы); инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылу мүмкіндігі. | |
4. | Келісімшарт түрі | МЖӘ объектісін жобалау, салу, жобаны қаржыландыру, МЖӘ объектісін пайдалану (техникалық қызмет көрсету* және білім беру қызметі). |
5. | Пайдалану мерзімі | 29 жыл |
6. | Қарыз қаражаты | "Даму" арқылы субсидиялауға жататын ЕДБ-де тартылатындар |
7. | Жобаны іске асырудың дайындық кезеңі |
Жергілікті атқарушы орган: |
8. Институционалдық схема іске асырудың екі кезеңін қамтиды | ||
8.1 | Инвестициялық кезең |
МЖӘ жобасына қатысушылардың консорциум құру арқылы өзара іс-қимылы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: |
8.2 | Пайдалану кезеңі |
Жекеше 1-әріптес пайдаланудың бүкіл кезеңінде орта білім беру ұйымы объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, оның ішінде орта білім беру ұйымы объектісінің конструкциялық элементтеріне, әрлеу материалдарына, жарақтандыруға және жабдықталуға қатысты анықталған барлық кемшіліктерді жоюды жүзеге асырады (қамтамасыз етеді). |
Ескертпе: мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс салу арқылы іске қосылған әрбір жаңа оқушы үшін ғимараттың жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, бір оқушы орнының құны есебінен есептелген, бірақ ұлттық жобада айқындалған бір оқушы орнының құнынан аспайтын мөлшерде оның амортизациясы шығыстарын төлеу. | ||
9. Бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер | ||
9.1 |
Орта білім беруге арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде құрылыс салу арқылы іске қосылған әрбір жаңа оқушы орны үшін ғимараттың жобалық қуатын және ЖСҚ бойынша осындай объектіні салу құнын ескере отырып, бір оқушы орнының құны есебінен есептелген, бірақ ұлттық жобада айқындалған бір оқушы орнының құнынан аспайтын мөлшерде оның амортизациясы шығыстарын төлеу. | |
10. Мемлекеттік қолдау, мемлекеттік қатысу шаралары мен шығындарды өтеу және кіріс алу көздері | ||
10.1 |
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жекеше 1-әріптеске жер учаскесіне уақытша жер пайдалану құқығын беру; | |
10.2 | Мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары (мөлшерлемені субсидиялау) | |
11. МЖӘ жобасын іске асырудан пайда алушылар | ||
11.1 | Мемлекет – жаңа оқушы орындарын құру және орта білім беру инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ бюджетке түсетін жүктеменің азаюы түрінде. | |
11.2 | Білім алушылар – өлшемшарттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін қолайлы жағдайларда орта білім алу түрінде. | |
11.3 | Жекеше әріптес – білім беру объектісі түріндегі актив, жер пайдалану құқығы, мемлекеттік білім беру тапсырысы түріндегі кіріс, оның ішінде ғимараттардың амортизациясы шығыстарын өтеу. | |
12. Жекеше 1-әріптесті айқындау және онымен МЖӘ шартын жасасу | ||
12.1 |
Білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын Білім беру саласындағы жеке әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу қағидаларына сәйкес. |
* МЖӘ объектісіне техникалық қызмет көрсету – МЖӘ объектісіне функционалдық қызмет көрсету үшін оны ақаусыз, қауіпсіз, жарамды жай-күйде ұстауға, сондай-ақ оны ағымдағы жөндеуді жүзеге асыруға бағытталған технологиялық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүзеге асыра отырып пайдалану;
** қайта қолданылатын ЖСҚ-ны байланыстыру – "Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару істері комитеті төрағасының 2016 жылғы 12 шілдедегі № 31-нқ бұйрығына сәйкес құрылыс учаскесінің нақты жағдайларына және құрылыс конструкциялары мен материалдарын дайындау жөніндегі мүмкіндіктерге байланысты ғимараттардың үлгілік (немесе қайта қолданылатын) жобаларына қажетті толықтырулар енгізу.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЕДБ – екінші деңгейдегі банк
ЖСҚ – жобалау-сметалық құжаттама
МЖӘ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік