Стратегиялық объектілерді иеліктен шығару туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 наурыздағы № 235 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын және "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын "Самұрық-Энерго" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға рұқсат етілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады