2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 13 сәуірдегі № 278 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа 2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің

2024 жылғы 13
сәуірдегі
278 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi

      2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 18-бабын және Тараптар мемлекеттері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттілігін басшылыққа ала отырып,

      төмендегiлер туралы келiсті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-баптың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) "құзыретті органдар":

      Қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;

      6, 10 және 14-баптарға қатысты – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып;

      Армения тарапынан – Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрлігі;

      6, 10 және 14-баптарға қатысты – Армения Республикасының Полициясымен бірлесе отырып.

      Жоғарыда аталған құзыретті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар дипломатиялық арналар арқылы уақтылы хабардар етілетін болады.";

      2-бап мынадай мазмұндағы з) тармақшамен толықтырылсын:

      "з) жүктерді каботаждық автомобильмен тасымалдау" – бір мүше мемлекеттің аумағында тіркелген тасымалдаушы басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан екі пункт арасында жүзеге асыратын жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау.";

      5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5-бап

      1. Автокөлік құралдарымен жүктерді тасымалдау рұқсат болмаса да:

      1) Тараптар мемлекеттерінің арасында;

      2) екі Тарап мемлекеттерінің аумақтары бойынша транзит арқылы жүзеге асырылады.

      2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар, айырым белгілерінсіз бос автокөлік құралдарын межелі жерге айдап бару кезінде де рұқсат талап етілмейді.

      3. Үшінші елдерден/елдерге жүк тасымалдары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасындағы тасымалдарды қоспағанда, Тарап мемлекеттерінің құзыретті органдары беретін рұқсаттар негізінде автокөлік құралдарымен жүзеге асырылады.

      4. Жүкпен немесе жүксіз ауыр салмақты жән,е (немесе) ірі көлемді автокөлік құралдарының немесе қауіпті жүкпен автокөлік құралдарының жүруге арналған рұқсаттары, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерінің заңнамасымен және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың құқығымен көзделген өзге де құжаттар электрондық құжат нысанында болуы мүмкін.";

      11-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Бір тарап мемлекетінің басқа Тарап мемлекеті аумағында жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылары көлік құралдарын иеленумен және қолданумен байланысты басқа Тарап мемлекетінің аумағында салықтан, алымдар мен төлемдерден өзара негізде босатылады.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген босату Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысының заңнамасына сәйкес және кемсітпеушілік негізде автомобиль жолдарына көлік құралдарымен келтірілген зиянды өтеу есебінен, сондай-ақ автомобиль жолдарын, көпірлер мен тоннельдерді ақылы негізде пайдаланғаны үшін алынатын алымдар мен төлемдерге жатпайды.".

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      20__ жылғы "___"_______ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтінге артықшылық берілетін болады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Армения РеспубликасыныңYкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады