"Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 сәуірдегі № 291 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау және Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкімен байланыс арнасын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері болып тағайындалсын:

      1) Халықаралық Валюта Қоры:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Мұратұлы Сүлейменов (келісу бойынша),

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;

      2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкі:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әлиұлы Әбдікәрімов;

      3) Еуропа Қайта құру және Даму банкі:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Төкешұлы Такиев,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;

      4) Азия Даму Банкі:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл;

      5) Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Сәтжан Әйтенұлы Аблалиев;

      6) Ислам Даму Банкі:

      Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Серікұлы Байбазаров,

      Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәурен Маратұлы Кеңбейіл.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады