Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 432 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтар мен
15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 ақпан мен 15 тамыздан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 31 мамырдағы
№ 432 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспар

      Кіріспе

      Заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл туралы

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 26 ойын бизнесі субъектілері, оның ішінде 6 казино, 9 ойын автоматтары залы, 11 букмекерлік кеңсе жұмыс істейді.

      2020 жылы букмекерлік кеңселер, тотализаторлар кассалары Алматы облысы Қапшағай су қоймасы жағалауында және Ақмола облысы Бурабай ауданында орналасқан ойын аймақтарына шығарылды.

      Мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде 2021 жылдан бастап 36 ойын мекемесі, оның ішінде 28 букмекерлік кеңсе, 6 тотализатор және 2 ойын автоматтары залы лицензиядан айырылды.

      2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік, ТСМ) Қонаев қаласында орналасқан 3 букмекерлік кеңсе мен 1 ойын автоматтары залына ойын бизнесі саласындағы заңнаманы сақтау және қылмыстық кірістерді жылыстатуға (заңдастыруға) қарсы іс-қимыл тұрғысынан жоспарлы тексеру жүргізді.

      2019 жылдан бастап заңсыз букмекерлік кеңселер мен интернет-казино сайттарын бұғаттау мақсатында Министрлік, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Бас прокуратура, Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат министрліктері "Киберқадағалау" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – "Киберқадағалау" АЖ) пайдалануда.

      2024 жылы "Кибер қадағалау" АЖ-ге бұғаттау үшін 5164 интернет-ресурс және интернет-казино мен заңсыз букмекерлік кеңселердің сілтемесі енгізілді.

      ТСМ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасының азаматтары мен резиденттерін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеу жөніндегі қызметті автоматтандыру жұмысын аяқтады.

      2024 жылғы наурыздан бастап Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ерікті түрде шектеу туралы өтініш бере алады. Бүгінгі күні бұл көрсетілетін қызметті 110 мыңнан астам адам пайдаланды.

      Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024 – 2026 жылдарға арналған кешенді жоспарда мынадай 4 бағыт бойынша 28 іс-шара көзделген:

      1) лудоманияның алдын алуды ұйымдастыру;

      2) халықтың әртүрлі топтары арасында құмар ойындарға тәуелділікті анықтау;

      3) лудомандарды емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту;

      4) ойын бизнесін мемлекеттік реттеу.

      Кешенді жоспар шеңберінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарланған:

      құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар санын 350000-нан 201600 адамға дейін азайту: 2024 жылы – 35000 (10 %), 2025 жылы – 63000 (20 %), 2026 жылы – 50400 (20 %);

      құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды мемлекет есебінен тегін емдеумен және медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жылы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жылы – 300 адам;

      бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын 4500-ден 7722-ге дейін: 2024 жылы – 450-ге (10 %), 2025 жылы – 990-ға (20 %), 2026 жылы – 1782-ге (30 %) арттыру.

      Кешенді жоспарды іске асыруға республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлу талап етілмейді.

      Барлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың қолданыстағы бюджеттік лимиті шеңберінде және бюджеттен тыс қаражат есебінен іске асырылатын болады.

      Кешенді жоспарды іске асыруға 12 орталық мемлекеттік орган, Ұлттық Банк, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қатысады.

Р/с № Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындалу мерзімдері Жауапты орындаушылар Қаржыландыру көлемі, мың теңге Қаржыландыру көздері
2024–2026 жылдарға барлығы оның ішінде
2024 жыл 2025 жыл 2026 жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Күтілетін нәтижелер:

Күтілетін нәтижелер:
1. Құмар ойындарға және бәс тігуге тұрақты қатысатын адамдар санын 350000-нан 201600 адамға дейін азайту: 2024 жылы – 35000 (10 %), 2025 жылы – 6300 (20 %), 2026 жылы – 50400 (20 %).
2. Құмар ойындарға патологиялық тәуелділіктен зардап шегетін адамдарды мемлекет есебінен тегін емдеумен және медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамтуды 13-тен 300 адамға дейін ұлғайту: 2024 жылы – 50 адам, 2025 жылы – 150 адам, 2026 жылы – 300 адам.
3. Бұғатталған интернет-казинолар мен заңсыз букмекерлік сайттардың санын 4500-ден 7722-ге дейін: 2024 жылы – 450-ге (10 %), 2025 жылы – 990-ға (20 %), 2026 жылы – 1782-ге (30 %) арттыру.

1. Лудоманияның алдын алуды ұйымдастыру

1.

Оқушылар, студенттер мен жастардың басқа жас санаттары арасында лудоманияның алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2024 жылғы тамыз

ТСМ, ДСМ, ОМ, ҒЖБМ, МАМ

-

-

-

-

талап етілмейді

2.

Семинарлар, тренингтер өткізу үшін лудоманияның алдын алу бойынша электронды буклеттер мен инфографиктер әзірлеу, сондай-ақ оларды интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде орналастыру

электрондық буклеттер мен инфографиктер

2024 жыл тамыз

ДСМ, ТСМ, МАМ

143,3

143,3

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

3.

Оқушылармен, студенттермен және азаматтардың басқа да санаттарымен жұмыс істеу үшін лудоманияның алдын алу бойынша коучтерді оқытуды ұйымдастыру

семинарлар

2024 жылғы тамыз

ТСМ, ОМ, ҒЖБМ, МАМ, ДСМ, АШМ, ІІМ, ҚМ, ЖАО

-

-

-

-

талап етілмейді

4.

Кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына арналған ойынға тәуелділіктің теріс салдары туралы ағартушылық шаралар кешенін іске асыру (сабақтар, сынып сағаттары, тәрбиелік іс-шаралар, тренингтер)

тәрбиелік іс-шаралар

жартыжылдықта бір рет қаңтар, шілде

ОМ, ЖАО

-

-

-

-

талап етілмейді

5.

Ата-аналардың келісімін алып, білім алушылардың компьютерлік және ойынға тәуелділік белгілерінің бар-жоғын тестілер түрінде анықтау

тестілер өткізу

жыл сайын желтоқсан

ОМ

-

-

-

-

талап етілмейді

6.

Діни қызметшілердің діни бірлестіктерге келушілер арасында құмар ойындардың зиянды әсері, оларды теріс пайдаланудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі

түсіндіру жұмысы

тоқсан сайын

МАМ, діни бірлестіктер (келісу бойынша)

-

-

-

-

талап етілмейді

7.

Құмар ойындардың алдын алу және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру (5 деректі фильм, 50 радиобағдарлама шығарылымы, 20 бейнеролик)

фильмдер, радиобағдарламалар, бейнероликтер

тоқсан сайын

МАМ

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

8.

Лудоманияның алдын алу бойынша:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардың студенттері мен жастар;
2) әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомостволық бағынысты оқу орындарының курсанттары;
3) мемлекеттік қызметшілер арасында шаралар ұйымдастыру

семинарлар, роликтер, буклеттер

жартыжылдықта бір рет қаңтар, шілде

ҒЖБМ, МАМ, ДСМ, АШМ, ІІМ, Қорғанысмині, МҚІА (келісу бойынша), ЖАО

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

9.

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орындарынан кейінгі ұйымдардың студенттері мен жастар, әскери қызметшілер мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомостволық бағынысты оқу орындарының курсанттары, мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға қатысушылардың санын қамту және азайту мониторингі

мониторинг қорытындысы

жыл сайын желтоқсан

ТСМ, ҒЖБМ, МАМ, ДСМ, АШМ, ІІМ, Қорғаныс мині, МҚІА (келісу бойынша), ЖАО

-

-

-

-

талап етілмейді

10.

Клиникалық психологтарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайту

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы

2025 жылғы наурыз

ДСМ, ҒЖБМ

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

11.

Клиникалық психология бакалаврларын даярлау бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу

білім беру бағдарламасы

2025 жылғы шілде

ДСМ

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

2. Халықтың әртүрлі топтары арасында құмар ойындарға тәуелділікті анықтау

12.

Орта, кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары және Қазақстан азаматтарының басқа да санаттарының арасында құмар және компьютерлік ойындарға тәуелділік белгілерін анықтау бойынша арнайы тестілер әзірлеу

тестілер

2025 жылғы қыркүйек

ДСМ, ТСМ, ОМ, ҒЖБМ

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

13.

Әртүрлі демографиялық топтар арасында құмар ойындармен елігудің себептері мен ауқымы туралы әлеуметтанушылық зерттеуді ұйымдастыру

әлеуметтанушылық зерттеу

2025 жылғы желтоқсан
2026 жылғы желтоқсан

ТСМ, ДСМ, МАМ

80 931,2

40 465,6

40 465,6


бюджеттен тыс қаражат

14.

Букмекерлік кеңсенің аккаунтын толықтыру және одан қаражатты шығару кезінде бәс тігуге қатысушыларды биометриялық сәйкестендіру жөніндегі талапты төлем жасау мекемелеріне енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысы

2024 жылғы желтоқсан

ҰБ (келісу бойынша), ТСМ, ЦДИАӨМ

-

-

-

-

талап етілмейді

3. Лудомандарды емдеу және медициналық-әлеуметтік оңалту

15.

Психикалық денсаулық орталықтарының құмар ойындарға патологиялық елігуден зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді және оңалтуды ұйымдастыруы, оның ішінде оңалту орталықтарын тарта отырып ұйымдастыруы

оңалтудан өтіп жатқан және өтетін адамдардың саны туралы ақпарат

жыл сайын желтоқсан

ДСМ, Қорғаныс мині, ІІМ, ЖАО

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

16.

Құмар ойындарға патологиялық елігуден зардап шегетін адамдарды динамикалық есепке қоймай, консультациялық бақылауды пилоттық режимде енгізу

пилоттық жоба

2025 жылғы наурыз

ДСМ

-

-

-

-

РБ (қолданыстағы бюджет қаражаты шегінде)

17.

Лудомандар мен олардың жақындарына психологиялық көмек көрсету үшін "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК-ның 111 байланыс орталығы базасында қоңыраулар қабылдауды ұйымдастыру

жедел желі

2024 жылғы қазан

ДСМ, ТСМ

-

-

-

-

талап етілмейді

18.

Лудомандарға консультациялық көмек көрсету жөніндегі интерактивті сайтты (онлайн-чат, сенім телефоны) іске қосу

веб-сайт

2025 жылғы қараша

ТСМ

3000

3000



бюджеттен тыс қаражат

4. Ойын бизнесін мемлекеттік реттеу

19.

Спортшылардың керек-жарағын, жарыс кезіндегі спорттық құрылысжай орындарын және аккредиттелген спорттық бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстарды қоспағанда, көшелерде, бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетте құмар ойындарды жарнамалауға және бәс тігуге тыйым салу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы тамыз

ТСМ

-

-

-

-

талап етілмейді

20.

Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысудан өзін-өзі шектеудің ең ұзақ мерзімін 10 жылға дейін ұлғайту

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы тамыз

ТСМ

-

-

-

-

талап етілмейді

21.

Интернет-казино мен заңсыз букмекерлік кеңселердің пайдасына төленетін төлемдерге тыйым салуды енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы тамыз

ТСМ

-

-

-

-

талап етілмейді

22.

SMS байланыс операторлары арқылы букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын таратуға заңнамалық тыйым салуды енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

2024 жылғы тамыз

ТСМ, ЦДИАӨМ, ҰЭМ, МАМ

-

-

-

-

талап етілмейді

23.

Ойын бизнесі саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылықты күшейту

Қазақстан РеспубликасыЗаңының жобасы

2024 жылғы тамыз

ТСМ, ЦДИАӨМ, МАМ

-

-

-

-

талап етілмейді

24.

Ойын бизнесі субъектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу

тексерулер актілері

жыл сайын желтоқсан

ТСМ, Қаржы мині

-

-

-

-

талап етілмейді

25.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жанынан ойын және лотерея бизнесі субъектілерінің, дәрігерлердің, психологтардың, бағдарламашылардың қатысуымен жауапты ойын қағидаттарын ілгерілету жөніндегі кеңесті құру

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы

2025 жылғы тамыз

ТСМ, ЦДИАӨМ, Алматы, Ақмола облыстарының әкімдіктері, ойын бизнесі субъектілері (келісу бойынша)

-

-

-

-

талап етілмейді

26.

Интернет-казино жарнамасын таратуға және құмар ойындарды насихаттауға жол бермеу үшін онлайн-платформалардың автоматтандырылған модерациялау жүйелерінің жарнамалық контентті модерациялауының сапасын арттыру мәселесіне бастама жасай отырып, онлайн-платформалардың әкімшілерімен ("YouTube", "Facebook", "Instagram", "TikTok") келіссөздер жүргізу

меморандум жасасу

2025 жылғы желтоқсан

МАМ, ЦДИАӨМ, ТСМ

-

-

-

-

талап етілмейді

27.

Пилоттық іске асыру мен техникалық пысықтау нәтижелерін ескере отырып, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін (бар болса) мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау процестерін оңтайландыру жолымен салықтық әкімшілендіруді жетілдіру

Қаржы министрінің 2024 жылғы 19 наурыздағы № 160 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

2024 жылғы желтоқсан

Қаржы мині, ЦДИАӨМ

-

-

-

-

талап етілмейді

28.

Қазақстан Республикасының аумағына, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен ойын автоматтарын, лотерея терминалдарын, сондай-ақ өзге де ойын және лотерея жабдықтарын әкелудің рұқсат беру тәртібін енгізу мақсатында реттеушілік әсерге талдау жүргізу

реттеушілік әсерді талдау

2026 жылғы ақпан

ТСМ, СИМ, ҰЭМ, Қаржымині, ЦДИАӨМ





талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚ – акционерлік қоғам;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      ҚР ДСМ "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;

      РБ – республикалық бюджет;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      ТСМ – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады