"Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 444 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-жолмен толықтырылсын:

      "

2.

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба

951542362 857 теңге

2024 – 2033 жылдар

450000000000 теңгеге дейін (1000000000 АҚШ долларына дейін балама)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

  ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады