Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.06.2024 № 444; 03.09.2024 № 714 қаулыларымен.
Р/с | Жобаның атауы | Жобаның жалпы құны (мың теңге) | Іске асыру кезеңі (жылдар) | Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері | Қарыз алушы | Әлеуетті қарыз беруші |
1. | "Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын салу" | 53872417 мың теңге | 2024 – 2038 | 47674663 мың теңгеге дейін | "Aqtobe-su-energy-group" акционерлік қоғамы | Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі |
2. | Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жоба | 951542362 857 теңге | 2024 – 2033 жылдар | 450000000000 теңгеге дейін (1000000000 АҚШ долларына дейін балама) | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы |
3. | "Қызылорда – Павлодар –Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 412 км 12 – 424 км "Қызылорда – Жезқазған" учаскесін, оның ішінде 216+000 – 424+000 км учаскесін (Ұлытау облысы) реконструкциялау | 158674332 000 теңге | 2024 – 2044 | 139633412 000 теңгеге дейін | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |