Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 12 маусымдағы № 459 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 12 маусымлағы
№ 459 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесінде:

      "Қарағанды облысы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 214-23-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "214-23. "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы.".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 406-37-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "406-37-1. "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы.".

      3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi";

      "3. Акционерлiк қоғамдар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы".

      4. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы" акционерлік қоғамы.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады