Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 478 қаулысы.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналарды:

      1) 2024 жылғы 15 наурыз – 1 маусым аралығындағы және 2024 жылғы 15 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнев, Түлен және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында ғылыми-зерттеу мақсаттарында ен салып, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін каспий итбалығының 156 дарағын;

      2) 2024 жылғы 1 сәуір – 31 қазан аралығындағы кезеңде Алматы облысының шегінде Іле, Қаратал өзендерінен, Балқаш көлінен және Қапшағай су қоймасынан ғылыми мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіріп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 500 килограмм көлемінде арал пілмайын;

      3) 2024 жылғы 1 наурыз – 31 қазан аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының шегінде Сырдария өзенінен ғылыми мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіріп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 300 килограмм мөлшерінде арал қаязын;

      4) 2024 жылғы 1 наурыз – 30 қазан аралығындағы кезеңде Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының шегінде Ертіс өзенінен және оның салаларынан (Бұқтырма, Күршім, Қалжыр, Үлбі өзендері) ғылыми мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіріп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 600 килограмм мөлшерінде күмжіні;

      5) 2024 жылғы 1 наурыз – 30 қазан аралығындағы кезеңде Павлодар облысының шегінде Ертіс өзенінен ғылыми мақсаттарда арнайы жасалған жағдайларда өсіріп, кейін табиғи мекендеу ортасына жіберу үшін 400 килограмм көлемінде сыланды алып қоюға рұқсат етілсін.

      2. Арал пілмайының бір килограмын алып қоюға төлем мөлшерлемелері 0,064 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, арал қаязының бір килограмына 0,013 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және сылан мен күмжінің бір килограмына 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға ғылыми зерттеулер үшін каспий итбалықтарының дарақтарын, арал пілмайының, арал қаязының, сылан мен күмжінің көрсетілген көлемдерін алып қоюға рұқсат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады