"2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 маусымдағы № 482 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 41 және 79-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 1108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 29-қосымшада:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-6-жолмен толықтырылсын:

      "

14-6

Бітірушілерді оқыту бейінін ескере отырып, мемлекеттік бітіру емтиханының емтихан материалдарын әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер (қорытынды аттестаттау)

Бітірушілерді оқыту бейінін ескере отырып, жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін қорытынды аттестаттау нысанында өткізілетін мемлекеттік бітіру емтиханының емтихан материалдарын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

"Ұлттық тестілеу орталығы" ШЖҚ РМК

004 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" 107 "Білім сапасына сырттай бағалау жүргізу"

12 000

      ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Ұлттық бірыңғай тестілеу, техникалық, кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім берудің ұлттық бірыңғай тестілеуі, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу үшін тест тапсырмаларының базасын әзірлеу және қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге байланысты іс-шараларды қамтамасыз ету және сүйемелдеу (оның ішінде Ұлттық тестілеу орталығының қызметін ұйымдастыру) жөніндегі көрсетілетін қызметтер

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге және тест тапсырмаларының базасын қалыптастыруға байланысты ұйымдық іс-шаралар: ағымдағы жылғы, өткен жылдардағы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілерін, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған орта білім беру ұйымдарының бітірушілерін, сондай-ақ шетелде оқу орындарын бітірген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларын әзірлеу, сараптау, түзету және сынақтан өткізу жұмысын жүзеге асыру; қысқартылған оқу мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру бітірушілерін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырмаларын әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және түзету жұмыстарын жүзеге асыру; ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу. 2. Кешенді тестілеудің тестілеу тапсырмаларын әзірлеу, сараптау, сынақтан өткізу және түзету жұмысын жүзеге асыру. Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша кешенді тестілеу шет тілі, білім беру бағдарламалары тобының бейіні, оқуға дайындығын айқындау бойынша тесттерден тұрады

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Ұлттық тестілеу орталығы" ШЖҚ РМК

204 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" 109 "Білім сапасына сырттай бағалау жүргізу"

2 631 368

      ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

"Ұлттық тестілеу орталығы" ШЖҚ РМК

230 "Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту" 101"Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау"

42 352

      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5, 55-6, 55-7, 55-8, 55-9, 55-10 және 55-11-жолдармен толықтырылсын:

      "

55-1

Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара іс-қимылға талдамалық және консультациялық қолдау көрсету

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) кіру бойынша басқа елдердің тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ зерделенген тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасы үшін ЭЫДҰ-ға кіру бойынша ұсынымдар әзірлеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

167 572

55-2

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді модельдеу құралдарын дамыту мен жетілдірудің сыртқы және ішкі даму жағдайларын зерттеу арқылы талдамалық сүйемелдеу

Тұтыну бағаларының индексі өсуінің себеп-салдарлық байланыстарына (оның ішінде компоненттеріне) кешенді талдау жүргізу; өңірлерде әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым объектілерінің қамтамасыз етілу деңгейіне түгендеу, талдау және бағалау жүргізу; Қазақстанның инвестициялық климатын және заңнамасын жетілдіру бойынша жүйелі және нақты ұсынымдар тұжырымдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

165 274

55-3

Қазақстанды IMD рейтингіне қосу және елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейін талдау үшін статистикалық байқаулар жүргізу

Сауалнама жүргізу және статистикалық ақпаратты дайындау арқылы Қазақстанның IMD халықаралық рейтингіне кіруіне жәрдем көрсету. Қазақстанның басқа халықаралық рейтингтердегі позицияларына кешенді талдау жүргізу, сондай-ақ елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында басқа шет елдердің нәтижелерімен салыстыру. Жүргізілген талдау негізінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі ұлттық баяндаманы дайындау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

127 297

55-4

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша зерттеулер

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

50 000

55-5

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингтеу

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысын жақсарту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының мониторингін әдіснамалық-талдамалық сүйемелдеу, даму тұжырымдамаларының мониторингін әдіснамалық-талдамалық сүйемелдеу, ұлттық жобалардың мониторингін әдіснамалық-талдамалық сүйемелдеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

100 641

55-6

Өңірлік саясатты, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу, өңірлер экономикасының өсу резервтерін анықтау, оның ішінде қалалық және ауылдық елді мекендерде халықтың өмір сүру жайлылығы деңгейін бағалау және мониторингтеу бойынша ұсынымдар әзірлеу

Қалалардағы өмір сапасының мерзімді ұлттық рейтингі негізінде қалалар халқының өмір сүру сапасын талдау және салыстыру, сондай-ақ өңірлік стандарттар жүйесінің талаптарына сәйкес елді мекендердің объектілермен және көрсетілетін қызметтермен (игіліктермен) қамтамасыз етілуіне мониторингті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

213 000

55-7

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің практикасына сәйкес Қазақстанның ұлттық байланыс орталығының бизнесті жауапты жүргізу мәселесі бойынша функцияларын іске асыруды талдамалық сүйемелдеу

Қазақстанның ұлттық байланыс орталығының (бұдан әрі – ҰБО) бизнесті жауапты жүргізу мәселелері бойынша қызметін қолдау, ҰБО қызметі және ЭЫДҰ басшылық қағидаттары туралы азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастықтың хабардар болуын арттыру, Қазақстанның ҰБО қызметі бойынша ЭЫДҰ-ның сараптамалық бағалауы шеңберінде жәрдем көрсету

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

90 900

55-8

Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті әзірлеуді талдамалық сүйемелдеу

Бюджеттік тәуекелдер және мемлекеттік қаржының ұзақ мерзімді орнықтылығы туралы талдамалық есепті әзірлеуді қалыптастыру және талдамалық сүйемелдеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

114 452

55-9

Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін бағалау жөніндегі зерттеу

Жеке кәсіпкерлік субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шараларының тиімділігіне талдау жүргізу шеңберінде әдіснамалық сүйемелдеу, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің, оның ішінде мемлекеттік қолдау шараларын алғандардың төлем қабілеттілігін айқындау жөніндегі әдіснамалық негіздерді әзірлеу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 102 "Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласында зерттеулер жүргізу, социологиялық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету"

259 000

55-10

Қазақстан Республикасы заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы

Қазақстан Республикасының заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ

001 "Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" 115 "Қазақстан Республикасы заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы"

91 631

55-11



ҚБП



28 036

      ".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады