Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 512 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспар іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 28 маусымдағы
№ 512 қаулысымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған кешенді жоспар

      Кіріспе

      Ағымдағы жағдай туралы

      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Статистика бюросы) деректері бойынша 2023 жылы тамақ өнімдерін өндіру көлемі ақшалай мәнде 3125,2 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,8 %-ға көп (2022 жылы – 3070,1 млрд теңге).

      Саланың өнеркәсіптік өндіріс индексі 2023 жылы 101,5 %-ды, 2022 жылы 106,4 %-ды құрады.

      Сала кәсіпорындары 2023 жылы республикалық өнеркәсіптік өндіріс көлемінің 6,7 %-ын және өңдеу өнеркәсібінің 14,4 %-ын өндірді.

      Азық-түлік өнімдерін өндіру құрылымындағы негізгі үлесті сүт өңдеу саласы (18,7 %), астық өңдеу саласы (18,1 %), ет өңдеу (17 %), май (12,5 %), нан және нан-тоқаш (10,5 %), жеміс-көкөніс (3,7 %) және өзге де салалар (19,5 %) алады.

      Елдің ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері бойынша сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 2023 жылы 6323,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы көлемнен 2,4 %-ға аз (6482,7 млн АҚШ доллары), оның ішінде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тамақ өнеркәсібі өнімдері бойынша экспорт көлемі 2,8 %-ға азайды (2346,3-тен 2279,4 млн АҚШ долларына дейін).

      2023 жылы физикалық салмақта тазартылған және тазартылмаған өсімдік майларының экспорты 40,7 %-ға, ұн – 1,1 %-ға, шоколад – 3,2 %-ға, жеміс шырындары – 12,5 %-ға, ірімшік пен сүзбе – 9,8 %- ға, балмұздақ – 17,4 %-ға өсті.

      2023 жылы импорт көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 2,2 %-ға азайып, 4044,4 млн АҚШ долларын құрады.

      Заттай мәнде импорттың негізгі көлемі негізінен ЕАЭО елдерінен және алыс шетелден әкелінетін жеміс-көкөніс консервілеріне, сүт өнімдеріне, құс етіне, кондитерлік өнімдерге тиесілі.

      2023 жылы өндірістің жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесі ет бойынша 40,8 %-ды, сүт – 33 %-ды, дәнді дақылдар – 30 %-ды, майлы дақылдар – 45 %-ды, жемістер мен көкөністер бойынша 3 %-ды құрады.

      Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарындағы қуаттарды жүктеу: өсімдік майы бойынша 33 %-ды, сүт – 77 %-ды, ет – 54 %-ды, ұн – 36 %-ды, жарма – 22,5 %-ды, макарон өнімдері – 41,7 %-ды, жүн – 26 %-ды, тері – 6,3 %-ды құрады.

      Өңдеу өнеркәсібінің дамуын тежейтін негізгі факторларға мыналар жатады:

            шикізаттық базаның дамымауы;

            инфрақұрылымның дамымауы;

            жабдықтардың моральдық және физикалық тозуы;

            шикізат сатып алуға айналым қаражатының болмауы;

            импорттың жоғары үлесі;

            техникалық реттеу саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау жүйесін практикалық қолданудың болмауы.

      Саланың перспективалары

      Елімізде саланың табысты дамуы үшін басты факторлар бар: ішкі нарық сыйымдылығының ұлғаюы, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктелмеген қуаты, жұмыс күші.

      Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тамақ өнімдерін өндіру көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті қысқартуға және өңделген өнімдер экспортын арттыруға бағытталған саланы дамыту бойынша кешенді тәсілдер талап етіледі.

      Кешенді жоспарда:

      қайта өңдеуге тапсырылған ауыл шаруашылығы өнімдерін субсидиялау, сондай-ақ шикізатты әкетуге шектеу қолдану арқылы қолжетімді шикізатпен қамтамасыз ету;

      жеңілдікті кредиттер беру мен негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы өндірістің рентабельділігін арттыру;

      қорғау шараларын қолдану (дайын өнімді әкелуді шектеу) арқылы ішкі нарықта отандық қайта өңделген өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      жаңа нарықтарды ашу арқылы қайта өңдеу өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру көзделеді.

      Қайта өңдеу үлесін 70 %-ға дейін жеткізе отырып, бастапқы өндірістен неғұрлым жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға көшу міндетін шешу үшін мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеуді дамытуға инвестициялар, оның ішінде трансұлттық компаниялардың инвестициялары белсенді түрде тартылатын болады.

      Бұдан басқа, өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін сүт-тауар фермаларын, қой шаруашылықтарын, сондай-ақ дайындаушы пункттер желісін құру жөніндегі жобалар іске асырылады.

      Аталған жобаларды табысты іске асыру үшін АНК арқылы инвестициялық мақсаттарға жеңілдікті кредиттер беру көзделетін болады.

      Бұдан басқа, өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға жеңілдікті кредиттер бөлінетін болады (көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру бағдарламасына ұқсас).

      Сондай-ақ өңдеуге (тері, жүн) тапсырғанда субсидияланатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін кеңейту көзделеді.

      Дәнді және майлы дақылдарды тереңірек өңдеуді ынталандыру үшін жоғары деңгейде өңделген өндірістер құруға арналған субсидиялар нормативі 50 %-ға дейін арттырылған инвестициялық субсидиялау паспорты әзірленді. Бұл – крахмал, инулин, декстрин, глюкоза, фруктоза, мальтоза, мальтодекстрин, қышқыл, амин қосылыстары, ферменттер, полиацеталдар, лизин, лецитин, фитостерол, глицерин, ликопен, лигнин, ксилит және т.б. сияқты технологиялық жағынан күрделілігі жоғары өнімдер.

      Сондай-ақ Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына былғары шикізаты мен жүнді өңдеу жөніндегі қуаттарды салуға және жаңғыртуға арналған инвестициялық салымдардың 25 %-ын өтеуді көздейтін жаңа паспорт енгізілді.

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өнеркәсібіне отандық және шетелдік инвестиция тартуды ынталандыру үшін шығыстардың, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің лизингі мен кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу бойынша инвестициялық субсидиялар, қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялау, ауыл шаруашылығы шикізатын (сүт, майлы дақылдар, жүгері, қант қызылшасы, қарақұмық) қайта өңдеуге тапсыру кезінде фермерлер шығындарының бір бөлігін субсидиялау сияқты мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары сақталады.


Р/с

Іс-шараның атауы

Аяқтау
нысаны

Орындау мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі
(млн теңге)

Қаржыландыру көздері


1

2

3

4

5

6

7

Күтілетін нәтижелер:
1)      Агроөнеркәсіптік кешенде өңделген өнімдер (сүт, ет, майлы дақылдар, күріш, жүгері, қарақұмық) үлесін 2026 жылы 70 %-ға дейін ұлғайту;
2024 жылы – 40 %;
2025 жылы – 50 %;
2026 жылы – 70 %;
2027 жылы – 70 %;
2028 жылы – 70 %;
2)      2028 жылы тамақ өнімдерін өндіру көлемін 4500 млрд теңгеге дейін ұлғайту.

Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту

Сүт өңдеу

1.

Жалпы қуаты жылына 250 мың тонна сүтті өңдеу бойынша кемінде 20 инвестициялық жобаны іске асыру (жаңғырту және салу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар

әкімдіктер, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Kazakh Invest (келісу бойынша)

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

2.

Жұмыс істеп тұрған сүт өңдеу кәсіпорындарының жүктелуін қамтамасыз ету үшін Солтүстік Қазақстан облысының жеңілдікті кредиттер беру тәжірибесін тарату шеңберінде сүт-тауар фермаларын құру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар

әкімдіктер

-

республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (202 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға кредит беру" бағдарламасы)

3.

Мыналар есебінен сүт сапасын арттыру:
Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптары бойынша барлық сүт өндіруші субъектілер арасында оқу өткізу;
сүт өндіретін барлық субъектілерді сүтөткізгіші бар машинамен саууға көшіру;
жеке қосалқы шаруашылықтарды сауу аппараттарын қолданатын кооперативтерге тарту;
екіжақты Қазақстан-Германия жобасын іске асыру шеңберінде "Байсерке Агро" ОҒӨО базасында сүт өндірушілердің біліктілігін арттыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар

АШМ, әкімдіктер, "ҰАҒБО" (келісу бойынша)

-

республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (267 "Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бағдарламасының 100-кіші бағдарламасы)
 
 
талап етілмейді
 

4.

Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін импорттық және отандық сүт өнімдеріне қатысты бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, ДСМ, Қаржымині, әкімдіктер

-

талап етілмейді

5.

Зертханалық базаны жаңғырту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 – 2028 жылдар

АШМ

-

2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шеңберінде (139 "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту" бағдарламасы), 2025 жылы республикалық бюджет шеңберінде, "жаңа" бағдарлама

Ет өңдеу

6.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған мақұлданған жол картасына және облыстардың әкімдіктеріне арналған 2024 жылғы 5 ақпандағы № 11-03/07-1352 нысаналы индикаторларға сәйкес ұйымдасқан шаруашылықтарда қайта өңдеу кәсіпорындарын қажетті шикізат базасымен қамтамасыз ету мақсатында ірі және ұсақ мал басын ұлғайту

АШМ-ға
ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 
 

әкімдіктер

-

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (053 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау" бағдарламасының 015-кіші бағдарламасы)

7.

Жалпы қуаты жылына 65 мың тонна ет өңдеу бойынша кемінде 20 инвестициялық жобаны іске асыру (жаңғырту және салу)

объектіні пайдалануға қабылдау актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

әкімдіктер, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), Kazakh Invest (келісу бойынша)

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

8.

Қой шаруашылығы бойынша:
жыл бойы қозы етін өндіру технологиясын енгізгені үшін;
асыл тұқымды негізгі аталық қошқарлар мен сынауға алынған қошқарларды күтіп-баққаны үшін субсидиялаудың жаңа түрлерін әзірлеу және енгізу.
Қой шаруашылығындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялаудың сараланған нормативтерін әзірлеу және енгізу

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу

2025 жылғы тамыз

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
 

-

талап етілмейді

9.

Кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптары бойынша ет өндіруші барлық субъектілер арасында оқу өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, әкімдіктер, "ҰАҒБО" (келісу бойынша)

-

республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (267 "Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бағдарламасының 100-кіші бағдарламасы)

10.

Кеден одағының "Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін импорттық және отандық өнімдерге қатысты бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 
 

АШМ, ДСМ, Қаржымині, әкімдіктер

-

талап етілмейді

11.

Зертханалық базаны жаңғырту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 – 2025 жылдар
 

АШМ

-

2024 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражат шеңберінде (139 "Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту" бағдарламасы), 2025 жылы республикалық бюджет шеңберінде, "жаңа" бағдарлама

Ауыл шаруашылығы жануарларының терісін өңдеу

12.

Жалпы қуаты жылына кемінде 5 млн дана тері болатын ауыл шаруашылығы жануарларының терісін өңдеу бойынша кемінде 5 инвестициялық жобаны іске қосу

объектіні пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

әкімдіктер, Kazakh Invest (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

13.

Осы Жоспарға қосымшаға сәйкес әрбір өңірде тері жинайтын сервистік дайындаушы орталықтар құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2026 жылдар
 
АШМ, әкімдіктер -

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

14.

Жануарларды есепке алудың жаңа цифрлық платформасын әзірлеу кезінде әкімшілендіруді және:
жануарлардың эктопаразиттері мен тері ауруларына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін;
өткізуге арналған жануарларды аулада союға тыйым салу туралы ветеринариялық заңнама талаптарын орындаудың қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту тетіктерін көздеу

ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің жаңа цифрлық платформасын пайдалануға беру

2024 жылғы желтоқсан

АШМ

-

талап етілмейді

Ауыл шаруашылығы жануарларының жүнін өңдеу

15.

Жалпы қуаты жылына кемінде 25 мың тонна жүн өңдейтін кемінде 5 инвестициялық жобаны іске қосу

объектіні пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

әкімдіктер, Kazakh Invest (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

16.

Осы Жоспарға қосымшаға сәйкес әрбір өңірде жүн жинайтын сервистік дайындаушы орталықтар құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2026 жылдар
 

АШМ, әкімдіктер

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

17.

Биязы жүнді қой шаруашылығы субъектілері – субсидия алушылар жүргізген селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың сапасын бақылайтын қосымша құралдар енгізу

"Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу

2025 жылғы тамыз

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, әкімдіктер
 

-

талап етілмейді

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу

18.

Мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру (жаңғырту және салу):
жалпы қуаты жылына кемінде 250 мың тонна болатын дәнді дақылдарды тереңдетіп өңдейтін кемінде 2 жоба;
жалпы қуаты жылына кемінде 150 мың тонна жемістер мен көкөністерді қайта өңдейтін кемінде 5 жоба

объектіні пайдалануға беру актісі

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, СІМ, әкімдіктер, Kazakh Invest (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

-

инвестордың меншікті және тартылған қаражаты

19.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту бойынша тапсырмасын орындау жөніндегі 2024 – 2028 жылдарға арналған мақұлданған жол картасына және облыстардың әкімдіктеріне арналған 2024 жылғы 5 ақпандағы № 11-03/07-1352 нысаналы индикаторларға сәйкес ұйымдасқан шаруашылықтарда ауыл шаруашылығы дақылдарының (қарақұмық, майлы дақылдар, қант қызылшасы, картоп) егіс алаңдарын ұлғайту

АШМ-ға
ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

әкімдіктер
 

-

талап етілмейді

20.

Жеміс-көкөніс дақылдарының техникалық сорттарының үлес салмағын 50 %-ға дейін арттыру

АШМ-ға
ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

әкімдіктер

-

талап етілмейді

21.

Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы", "Астық қауіпсіздігі туралы", "Жемістер мен көкөністерден жасалған шырын өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерінің
талаптарына сәйкес келмейтін импорттық және отандық өнімдерге қатысты бақылауды күшейту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 
 

АШМ, ДСМ, Қаржымині, әкімдіктер

-

талап етілмейді

Шетелдік инвестициялар тарту

22.

Шетелдік инвесторды тартуды пысықтау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы басым инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру

басым бағыттарды айқындау

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, СІМ, Kazakh Invest (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

23.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласына кемінде екі трансұлттық компанияны тарту

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, СІМ, Kazakh Invest (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын ғылыми қамтамасыз ету

24.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде:
қалдықсыз өндіріске есептелген ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу бойынша;
ауыл шаруашылығы шикізатын және қайталама шикізатты терең өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу бойынша;
жүн бағытындағы отандық қой тұқымдарының жүн сапасын жақсарту бойынша ғылыми бағдарламаларды іске асыру

әзірленген жаңа технологиялық шешімдер

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, "ҰАҒБО" (келісу бойынша)

-

республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (267 "Білімнің және ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру" бағдарламасының 101-кіші бағдарламасы)

25.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы ұлттық стандарттардың тізбесін (жаңаларын әзірлеу есебінен) кеңейту

Ұлттық стандарттау жоспарына ұсыныстар

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, СИМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өңдеуді мемлекеттік ынталандыру және қолдау шаралары

26.

Тереңдете өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін сүт өңдеу кәсіпорындарының оны сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялауды қамтамасыз ету

АШМ-ға ақпарат

жыл сайын қаңтар, шілде
 

әкімдіктер
 

-

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шеңберінде (057 "Мал шаруашылығы саласында оны терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялау" бағдарламасының 015-кіші бағдарламасы)

27.

Бизнестің сұранысы негізінде:
ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша жаңа қуаттар салуды, қолданыстағыларын кеңейту мен жаңғыртуды инвестициялық субсидиялау;
өңдеу кәсіпорындарының шикізат сатып алуға жұмсалатын шығындарын субсидиялау;
өңдеуге тапсырылған шикізат құнын субсидиялау бойынша қолданыстағы мемлекеттік қолдау шараларын өзектілендіру

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрықтары
 
 
 
 
 
 
 

2024 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, әкімдіктер, "Атамекен" (келісу бойынша)
 

-

талап етілмейді

28.

Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексін әзірлеу шеңберінде таза 5 жылдық салықтық тарихы бар компания үшін қосымша құн салығын қайтару практикасын автоматты режимде енгізуді пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

Қаржымині, ҰЭМ, АШМ, СИМ

-

талап етілмейді

29.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге аванс беру үшін ӘМАТ өндірумен айналысатын өңдеу кәсіпорындарын "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ-ның шикізатын (күнбағыс тұқымы, күріш, астық және қарақұмық) форвардтық сатып алуы арқылы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру жөніндегі іс шараларға тарту

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, қайта өңдеу кәсіпорындары, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ арасында форвардтық сатып алу бойынша жасалған 3 жақты келісімшарттары

желтоқсан, жыл сайын

АШМ, "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

-

005 "Агроөнеркәсіптік кешенді ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ҰК" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту"

30.

Жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперацияларға біріктіру мақсатында ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қосымша мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

АШМ

-

талап етілмейді

31.

"Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыру үшін айқындалған басым қызмет түрлерінің тізбесін өзектілендіру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2025 жылғы желтоқсан

АШМ, СІМ, ҰЭМ, Қаржымині

-

талап етілмейді

32.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру үшін "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамына бюджеттік кредиттер бөлу

кредиттік шарт

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 

АШМ, ҰЭМ, Қаржымині, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша)

371 711 739 мың теңге, оның ішінде: 2024 жылы - 27 683 325 мың теңге; 2025 жылы - 98 337 365 мың теңге; 2026 жылы - 121 323 032 мың теңге; 2027 жылы - 61 403 666 мың теңге; 2028 жылы - 62 964 351 мың теңге.

республикалық бюджет

33.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидалары шеңберінде кредиттер беруге арналған жобалар тізбесіне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі бағыттарды қосу

"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 322 бұйрығына өзгерістер енгізу

2024 жылғы тамыз

АШМ, Қаржымині, ҰЭМ "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту жөніндегі шаралар

34.

Өнімдерді делдалсыз тікелей жеткізу арқылы өңдеу кәсіпорындарының мектептегі тамақтану бағдарламасына қатысу мәселелерін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы тамыз

АШМ, ОМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

35.

Әлеуетті импорттаушы елдермен келіссөздер процестерін жандандыру арқылы өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін жаңа экспорттық нарықтарды ашу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

желтоқсан, жыл сайын

АШМ, СИМ, СІМ,

-

талап етілмейді

36.

Қытаймен карантиндік келісімге генетикалық түрлендірілген (ГТ) өсімдік шаруашылығы өнімдерінің импорты бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

желтоқсан, 2024 – 2025 жылдар

АШМ, СІМ

-

талап етілмейді

37.

Вакцинациялай отырып, елдің аусылдан таза деген мәртебесін қалпына келтіру және импорттаушылардың өңірлендіру қағидатын мойындауы есебінен мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық нарықтарын ашу мәселесін шешу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

желтоқсан, 2024 – 2025 жылдар

АШМ

-

талап етілмейді

38.

Бие сүтін экспорттау үшін халықаралық нарықтарды ашу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2028 жылғы қыркүйек

АШМ, СИМ, ДСМ
 

-

талап етілмейді

39.

Қазақстандық ұнды Ауғанстанға экспорттау үшін баламалы логистикалық маршруттар құру мәселелерін пысықтау

АШМ-ға ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

КМ, СІМ, ҚТЖ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
"QazTrade" (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

40.

Шикізатты және дайын ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде тасымалдау бойынша және шикізаттық емес тауарларды экспорттау кезіндегі ахуалды жақсарту үшін логистиканың проблемалық мәселелері бойынша (вагондардың тапшылығы, жүктерді жеткізу жылдамдығының төмен болуы, локомотивтік тартымның жетіспеушілігі, жоғары тасымалдау тарифтері, шикізаттық емес тауарларды тиеп-жөнелту бойынша басымдықтың болмауы және т.б.) жедел шаралар қабылдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

жыл сайын, 2024 – 2028 жылдар
 
 

АШМ, КМ, ҚТЖ (келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

41.

Ішкі нарықта отандық тауарларды ілгерілетуді қолдау шараларын енгізу жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

АШМ, ҰЭМ, ӨҚМ, Қаржымині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

-

талап етілмейді

42.

Импорт пен өндірістің "көлеңкелі" сегменттерін анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау (әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін бақылау жүйелерін, өнімдерді заңсыз әкелгені үшін жазаны өзгерту бойынша сапалы бастамаларды және т.б. енгізуді қоса алғанда)

АШМ-ға ақпарат

2024 жылғы желтоқсан

Қаржымині, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

-

талап етілмейді

           

      Қаржыландырудың жыл сайынғы көлемі елдің экономикалық даму қарқынын, республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің мүмкіндіктерін негізге ала отырып, тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджет жобасы нақтыланған немесе қалыптастырылған және уәкілетті орган тиісті растайтын құжаттаманы енгізген кезде қаралатын болады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      АНК – "Аграрлық несие корпорациясы" акционерлік қоғамы

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      әкімдіктер – облыстардың, Алматы, Астана және Шымкент қалаларының әкімдіктері

      ӘМАТ – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары

      "Байсерке Агро" ОҒӨО – "Байсерке Агро" оқу ғылыми-өндірістік орталығы

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚТЖ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      "ҰАҒБО" КеАҚ – "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Kazakh Invest – "Kazakh Invest" ұлттық компаниясы " акционерлік қоғамы

      QazTrade – "QazTrade" сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамы



  Ауыл шаруашылығы өнімдерін
өңдеуді дамыту жөніндегі
2024 – 2028 жылдарға арналған
кешенді жоспарға
қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының терісін жинайтын сервистік дайындаушы орталықтарды құру, бірл.



2024

2025

2026

Жиыны

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы (облыстар)

89
 

86

35

210

Абай

3

3

5

11

Ақмола

4

4

1

9

Ақтөбе

9

9

2

20

Алматы

10

10

3

23

Атырау

-

1

3

4

Батыс Қазақстан

5

5

3

13

Жамбыл

5

5

2

12

Жетісу

8

8

2

18

Қарағанды

7

7

2

16

Қостанай

4

3

1

8

Қызылорда

3

2

1

6

Павлодар

5

5

3

13

Солтүстік Қазақстан

5

4

2

11

Түркістан

12

12

3

27

Ұлытау

4

3

1

8

Шығыс Қазақстан

5

5

1

11


Биязы және жартылай биязы жүн жинайтын сервистік дайындаушы орталықтарды құру, бірл.


2024

2025

2026

Жиыны

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы

13

13

6

32

Алматы

5

5

2

12

Батыс Қазақстан

1

1

1

3

Жамбыл

2

2

1

5

Жетісу

4

4

1

9

Шығыс Қазақстан

1

1

1

3


Қылшық және жартылай қылшық жүн жинайтын сервистік дайындаушы орталықтарды құру, бірл.


2024

2025

2026

Жиыны

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы

20

14

5

39

Абай

2

3

1

6

Ақмола

2

1

-

3

Ақтөбе

1

1

1

3

Батыс Қазақстан

1

1

-

2

Жамбыл

3

3

1

7

Қарағанды

2

-

-

2

Павлодар

1

-

-

1

Солтүстік Қазақстан

1

-

-

1

Түркістан

6

5

2

13

Шығыс Қазақстан

1

-

-

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады