"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 9 шілдедегі № 538 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәрітбін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      51) тармақша алып тасталсын;

      63-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 63-2) және 63-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын бекіту;

      63-3) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;";

      65) тармақша алып тасталсын;

      71) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "71) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "71-1) радиожиілік спектрін қайта бөліп беру (пайдалануды қайта орналастыру) қағидаларын бекіту;";

      75) тармақша алып тасталсын;

      74), 76), 84), 85) және 86) тармақшалар алып тасталсын;

      90) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 111-2) және 111-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "111-2) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын бекіту;

      111-3) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 129-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "129-1) жай электрондық қолтаңба арқылы куәландыруға жатпайтын мәмілелер тізімін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 135-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "135-2) оператордың мемлекеттік органдарға көрсететін ақпараттық-коммуникациялық қызметтер тізбесін бекіту;";

      138) және 152) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 152-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "152-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;";

      154) және 160) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 196-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "196-2) "111" байланыс орталығы қызметінің және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 203-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "203-2) өз құзыреті шегінде петицияларды қарау;";

      211) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 234-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "234-3) нысаналы технологиялық бағдарламаларды бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 236-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "236-1) "Инновациялық технологиялық паркі" дербес кластерлік қоры Басқарушы комитетінің құрамы мен ережесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 237-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "237-6) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 261-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "261-1) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін басқаруды, жүргізуді, қолдап отыруды, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 268-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "268-6) дербес деректер субъектілерін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 299-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "299-1) мерзімдік тексерулер жүргізу жоспарын тексерулер жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 318-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "318-1) конкурс (немесе аукцион) өткізу арқылы бөліп беру үшін радиожиілік органдары айқындаған диапазондарда Қазақстан Республикасында жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөліп беру жөніндегі конкурстарды (немесе аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу, конкурстар (немесе аукциондар) шарттарын, оларға қатысушыларға қойылатын талаптарды айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 332-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "332-1) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 361-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "361-1) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 367-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "367-3) "111" байланыс орталығының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;".

      2. Осы қаулы 2024 жылғы 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші және елу бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады