"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 шiлдедегi № 599 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін . қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      35-7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің бекітілген тізімі негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 35-9) және 35-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "35-9) мемлекеттік кірістер органдарынан алынған мәліметтер негізінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін қалыптастыру;

      35-10) бұзушылықтар анықталған жағдайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша жою мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) оларды жою туралы нұсқама беру;";

      62) және 63) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 65-1), 65-2), 65-3) және 65-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "65-1) шекті сауда үстемесін қолдану тәртібін айқындау;

      65-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру кезінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдауды көздеу көрсетуді қарастыру;

      65-3) өз құзыреті шегінде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары тәртібін бекіту және ішкі сауда субъектілеріне қолдау көрсету;

      65-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ойыншықтардың қауіпсіздігі саласында мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру;";

      72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандығы мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін, алып қойылған өнімді жою не кәдеге жарату немесе қайта өңдеу жөніндегі талаптарды белгілеу;";

      97) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "97) тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйымның интернет-ресурсында тоқсан сайын орналастырылып тұратын тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар бойынша ақпаратты талдау арқылы мониторингті, сондай-ақ ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру мониторингін жүзеге асыру, уәкілетті органның (ұйымның) Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындауы;";

      177) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "177) "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді мемлекеттік метрологиялық бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;";

      180) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 213-1), 213-2), 213-3), 213-4), 213-5), 213-6), 213-7), 213-8) және 213-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "213-1) бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға әкеп соқтыратын талаптар тізбесін айқындау, сондай-ақ талаптардың нақты бұзылуына қатысты жедел ден қою шарасының нақты түрін, осы шараны қолдану мерзімін көрсете отырып айқындау (қажет болған кезде);

      213-2) техникалық реттеу саласында бақылау мақсатындағы сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындау;

      213-3) жедел ден қою шараларын қолдану туралы қаулы нысанын бекіту;

      213-4) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      213-5) кәсіптік біліктіліктер жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша жыл сайынғы негізде кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;

      213-6) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кәсіптердің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі өзектілігін ескере отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша жыл сайынғы негізде еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті тануға сұранысын қалыптастыру;

      213-7) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестермен келісу бойынша Кәсіптік біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында қарау үшін кәсіптік біліктіліктерді тану шарттары бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;

      213-8) кәсіптік біліктілікті дамыту жөніндегі мәселелерді үйлестіру мақсатында кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен консультативтік-кеңесші органдар – кәсіптік біліктілік жөнінде салалық кеңестер құру;

      213-9) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті орган бекіткен кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы үлгілік ереже негізінде кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;".

      2. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады