Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 14 наурыздағы № 187 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:
"
3. | "Қызылорда – Павлодар –Успенка – Ресей Федерациясы шекарасы" республикалық маңызы бар автомобиль жолының ұзындығы 412 км 12 – 424 км "Қызылорда – Жезқазған" учаскесін, оның ішінде 216+000 – 424+000 км учаскесін (Ұлытау облысы) реконструкциялау | 158674332 000 теңге | 2024 – 2044 | 139633412 000 теңгеге дейін | "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы | Азия Даму Банкі |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |