Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 291-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
291 | Басқа топтамаларға енгізілмеген кредит берудің өзге де түрлері | 64929 | республикалық меншік / коммуналдық меншік |
1) "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамы; | Қазақстан Республикасы, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары | үнемі, "Қант өндіруші кәсіпорындарға қант қызылшасын өңдеу үшін айналым қаражатын толықтыруға кредит беру" бағыты бойынша − 2028 жылға дейін |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |