Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 756 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Ноғайұлы Асыловқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 756 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум

      Бұдан әрі қол қоюшы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцарияның Федералдық Кеңесi

      екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық қатынастар мен жемісті ынтымақтастықты басшылыққа ала отырып,

      қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек саласында қол қоюшы Тараптар арасындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ниет білдіре отырып,

      ынтымақтастықты барынша тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттігін түсіне отырып,

      егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, теңдік, өзара пайда және бір-бірінің ішкі істеріне араласпау негізінде адам құқықтарын қоса алғанда, халықаралық құқықты толық құрметтей отырып,

      қол қоюшы Тараптардың конституциялық-құқықтық нормаларын және олардың халықаралық міндеттемелерін сақтай отырып,

      төмендегідей түсіністікке келді:

1-параграф

Мақсаты

      1. Қол қоюшы Тараптар осы Меморандумның 2 және 3-параграфтарында көрсетілгендей қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек саласындағы қолданыстағы ынтымақтастықты жақсартуға ниеттенеді.

      2. Осы Меморандум:

      а. қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек саласындағы ынтымақтастық үшін екі мемлекет арасындағы қалыптасқан және болашақ қатынастар үшін берік іргетасты дамытуға;

      b. қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көлемін айқындауға;

      c. ынтымақтастықты дамыту жөніндегі шараларды тізбелеуге;

      d. қол қоюшы Тараптардың заңдарын, құқықтық жүйелерін және құқықтық институттарын тереңірек түсінуге жәрдемдесуге;

      e. қол қоюшы Тараптардың қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетуге тікелей жауапты органдары арасындағы байланыстарды кеңейтуге және нығайтуға;

      f. өзара құқықтық көмек көрсету рәсімдерінің кейбір аспектілерін жеңілдетуге бағытталған.

      3. Осы Меморандумның ережелері халықаралық шарттарға, екіжақты уағдаластықтарға, ішкі заңнамаға сәйкес немесе басқа қатынастарда қол қоюшы Тараптардың қолданыстағы міндеттемелерін шектемейді.

      4. Осы Меморандум халықаралық шарт болып табылмайды және қол қоюшы Тараптар үшін одан халықаралық және ұлттық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттемелер туындамайды.

2-параграф

Қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек саласындағы ынтымақтастықтың жалпы қағидаттары

      1. Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек қол қоюшы Тараптардың ішкі заңнамасына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес өзара іс-қимыл негізінде және осы Меморандумның мәнмәтінінде сұратылуы және көрсетілуі мүмкін.

      2. Қол қоюшы Тараптар өздерінің халықаралық құқық бойынша өз міндеттемелеріне сәйкес құқық үстемдігін, адам құқықтарын және негізгі бостандықтарды жақтайтынын растайды.

      3. Осы Меморандум ол қолданылғанға дейін жасалған әрекеттерге немесе әрекетсіздікке байланысты қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы сұраныстарға да қолданылуы мүмкін.

3-параграф

Қолданыл аясы

      1. Өзара құқықтық көмек төмендегі мақсаттар үшін де жүзеге асырылуы мүмкін:

      а. құжаттарды тапсыру;

      b. дәлелдемелерді алу және беру;

      c. объектілерге немесе мүлікке тыйым салу, оларды тәркілеу және беру.

      2. Құқықтық көмек төмендегі шараларды қамтуы мүмкін:

      а. сот құжаттарын тапсыру;

      b. дәлелдемелерді жинау немесе тұлғалардың өтініштерін алу;

      c. тінту жүргізу, сондай-ақ активтерге тыйым салу және қозғалысын тоқтатып қою;

      d. объектілер мен үй-жайларға тексеру жүргізу;

      e. ақпаратты, құжаттарды, заттай дәлелдемелерді және сараптамалық қорытындыларды ұсыну;

      f. банктік, қаржылық, корпоративтік немесе коммерциялық құжаттарды қоса алғанда, қажетті құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе көшірмелерін ұсыну;

      g. қылмыстардан түскен кірісті, мүлікті, қаражатты немесе басқа заттарды дәлелдеу мақсатында анықтау және (немесе) қадағалау;

      h. тәркілеу немесе өтеу мақсатында объектілерді немесе мүлікті құқылы жеке немесе заңды тұлғаға беру;

      i. тұлғалардың сұрау салушы мемлекетке ерікті түрде келуіне жәрдемдесу;

      j. сұрау салынатын мемлекеттің ішкі заңнамасына сәйкес көмектің кез келген басқа түрі;

      k. алдын ала сұрау салғызбай, ақпаратты өзі беру.

4-параграф

Ынтымақтастықты дамыту бойынша одан арғы шаралар

      Осы Меморандумның 2 және 3-параграфтарында көрсетілгендей ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсаттарындағы шаралар төмендегілерді қамтуы мүмкін:

      а. қол қоюшы Тараптардың тиісті заңдарына, құқықтық жүйелеріне және құқықтық институттарына қатысты материал алмасу;

      b. жалпы сипаттағы немесе нақты істерге қолданылатын өзара құқықтық көмекке қатысты мәселелерді талқылау үшін сарапшылар кеңестерін ұйымдастыру;

      c. қол қоюшы Тараптардың жауапты органдары арасында тиісті байланыстар құру және нығайту.     

5-параграф

Құпиялылық

      Әрбір қол қоюшы Тарап өзінің ішкі заңнамасында көзделген құпиялылық туралы ережелерді қолданады.

6-параграф

Орталық органдар

      1. Қол қоюшы Тараптар осы Меморандумға сәйкес ынтымақтастыққа жауапты орталық органдарды тағайындай алады.

      Қазақстан Республикасының орталық органы – Бас прокуратура (Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 14, телефон +7 7172 712676, факс +7 7172 50 64 02; e-mail: icd@prokuror.kz);

      Швейцария Конфедерациясының орталық органы – Федералдық әділет және полиция департаменті жанындағы Федералдық әділет офисі (Bundesrain 20, CH-3003 Berne; телефон: +41 58 462 11 20; факс: +41 58 462 53 80; e-mail: irh@bj.admin.ch).

      2. Орталық органдарға қатысты кез келген өзгерістер екінші қол қоюшы Тарапқа дипломатиялық арналар арқылы хабарланады.

      3. Осы Меморандум шеңберінде орталық органдар бір-бірімен тікелей өзара іс-қимыл жасай алады.

7-параграф

Типтік сұрау салу

      1. Орталық органдар арасындағы ынтымақтастықты жеңілдету және жеделдету үшін осы Меморандумға қосымша ретінде қоса беріліп отырған типтік сұраныс қол қоюшы Тараптардың ұлттық заңнамасының ерекшеліктері ескеріле отырып пайдаланылуы мүмкін.

      2. Типтік сұрау салу қылмыстық істер бойынша өзара көмектің төмендегі түрлері үшін бағдар бола алады:

      а. тұлғаларды тыңдау;

      b. дәлелдемелер алу;

      c. объектілерге және (немесе) активтерге тыйым салу немесе қозғалысын тоқтатып қою;

      d. тәркілеу немесе қайтару мақсатында активтерді беру (активтерді қайтару).

      3. Орталық органдар арасындағы келісім бойынша құқықтық көмек туралы сұраныстар және оларға жауаптар қоса берілген материалдарымен электрондық форматта жіберілуі мүмкін.

8-параграф

Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларға байланысты көмек

      1. Анағұрлым тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін орталық органдар бір-бірінен консультация ала алады.

      2. Осы мақсатта орталық органдар өзара құқықтық көмек туралы сұранысты дайындаған кезеңде бір-біріне консультация бере алады.

9-параграф

Қолданылатын тіл

      1. Орталық органдар диалогты ағылшын тілінде жүргізе алады.

      2. Құқықтық көмек көрсету туралы сұраныстар мен ілеспе құжаттар сұрау салынатын қол қоюшы Тараптың тілдерінің біріне аудармамен қоса беріледі.

      3. Шұғыл жағдайларда немесе орталық органдар арасындағы келісім бойынша құқықтық көмек көрсету туралы сұраныстар мен растайтын құжаттар ағылшын тілінде жіберілуі мүмкін.

      4. Осы Меморандумның қолданысына жататын басқа құжаттар ағылшын тілінде жіберілуі мүмкін.

10-параграф

Түзетулер

      Осы Меморандум немесе оған қосымша қол қоюшы Тараптардың өзара келісімі бойынша кез келген уақытта жазбаша нысанда өзгертілуі мүмкін.

11-параграф

Қолданылуы

      Осы Өзара түсіністік туралы меморандум оған қол қоюшы Тараптар қол қойған күннен бастап қолданылады.

      2024 жылғы "___" ________ ________ қазақ, француз және ағылшын тілдерінде екі данада қол қойылды. Осы Меморандумның ережелерін түсіндіруде алшақтық туындаған жағдайда қол қоюшы Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Швейцарияның ФедералдықКеңесі үшін

  Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Швейцария
Федеральды Кеңесінің
арасындағы қылмыстық
істер бойынша өзара құқықтық
көмек жөніндегі өзара түсіністік
туралы меморандумға
қосымша



Орталық органның фирмалық бланкі

Қылмыстық істердегі

өзара құқықтық көмек туралы

сұраныс

      Рәсім / № сілтеме:

      Сұрау салушы мемлекеттің орталық органы     


Ресми атауы:
Мекенжайы:
Іске байланысты жауапты лауазымды тұлғаның байланыс ақпараты (ел коды мен электрондық пошта мекенжайы көрсетілген телефон және телефакс нөмірлерімен қоса):

      Осы сұранысқа өзара құқықтық көмек көрсету туралы жоғарыда аталған өтініш қоса беріледі. Өз заңнамаларыңызға сәйкес және өз мүмкіндіктеріңіз шегінде оның орындалуын қамтамасыз етуді сұраймыз.

      Осы тұрғыда ______осындай сұраныстарды........ Заңның........ қағидаларына сәйкес орындауға болатыны туралы хабарлағымыз келеді (өзара қарым-қатынас қағидаты).

      Сіздердің тиісті органдарыңыз қабылдайтын шешім туралы сіздерден тағатсыздана ақпарат күтеміз және ынтымақтастық үшін алғыс білдеріміз.

Орталық органның атауы және мөрі:

Орталық органдағы жауапты лауазымды тұлғаның қолы:

      Орны мен күні:

      Көшірмелері:

      Сұрау салушы мемлекеттің елшілігі

      ...

Тіл: сұраныс пен ілеспе құжаттарды төмендегі тілдерге аудармамен бірге ұсыну қажет екенін есте сақтауды өтінеміз:

Қазақстанға өтініш: қазақ, орыс

Швейцарияға өтініш: Швейцарияның Орталық басқармасы әр істе көрсеткендей неміс, француз немесе итальян


      Нақты іспен айналысатын сұрау салушы негізгі органның фирмалық бланкі

Қылмыстық істердегі

өзара құқықтық көмек туралы

сұраныс

      1. Сұрау салушы орган

Ресми атауы:
Мекенжайы:
Іске байланысты жауапты лауазымды тұлғаның байланыс ақпараты (ел коды мен электрондық пошта мекенжайы көрсетілген телефон және телефакс нөмірлерімен қоса):

      2. Күдікті / жауапкер (егер белгілі болса)

Тегі:

Аты:

Бүркеншік аты (егер қолданылатын болса):

Жынысы:

Азаматтығы:

Туған күні мен жері:

Мекенжайы:

Паспорт/жеке куәлік нөмірі (қолданылатын болса):

қажетті кез келген басқа ақпарат:


Заңды тұлға жағдайында:
Заңды тұлға туралы ақпарат:
Компания атауы:
Қайда қолданылады және бар болса:
Бас офистің тіркеу нөмірі/мекенжайы:
Түрлі бөлімшелерінің мекенжайы:
Органның атынан әрекет етуге уәкілетті тұлғаның байланыс ақпараты:

      3. Фактілердің түйіндемесі және қылмыстың заңдық саралануы


Істің тиісті мән-жайлары, оның ішінде қылмыс жасалған жер, күн, уақыт және тәсіл:
Заңдық саралануы (нақты қылмыстық құқық бұзушылық):
Жазалар туралы қолданылатын ереже және ескіру мерзімін қоса алғанда, ең жоғары жаза:

      4. Сұраныс объектісі және себебі

Сұрау салуға қатысы бар сұрау салушы мемлекеттегі тергеудің, сот қудалауының немесе сот ісін жүргізудің субъектісі мен сипаты (қылмыстық сот ісін жүргізу кезеңі):
Күтілетін көмек/талап етілетін шаралар:
Сұраныс жіберілген мемлекетте сұралатын қылмыс пен тұлға арасындағы және қылмыс пен дәлелдемелер/шаралар/қылмыстық активтер арасындағы байланыстардың нақты сипаты:
Талап етілетін шараларға сұрау салушы мемлекетте де рұқсат етілетіндігіне дәлел:

      5. Толық ақпарат және айрықша талаптар (негізгі түрі (түрлері) қажеттілігіне қарай таңдалады)

Сауалнама/тұлғадан жауап алу:
- Тұлға туралы ақпарат: тегі, аты, бүркеншік аты (егер қолданылатын болса), жынысы, азаматтығы, туған күні мен орны, мекен жайы
- Сауалнама/ тұлғалар жауап алу:куәкүдіктісарапшыжауапкербасқа рәсімдік рөлі бар тұлға
- Қойылатын сұрақтар тізімі (осы құжатқа қоса берілген)
-
Жауап алынатын/сұрақ қойылатын тұлғалардың құқықтары мен міндеттері (мысалы, куә болу міндеті, шыншыл болу міндеттемесі, куә болудан бас тарту құқығы, адвокат және (немесе) аудармашы алу құқығы), сондай-ақ осы міндеттемелерді орындаудан бас тартылған жағдайдағы салдары:
Алынатын басқа дәлелдемелер:
-
Алынатын дәлелдер және қажетті әрекет (мүмкіндігінше толығырақ):
Банктік шотты (шоттарын) бұғаттау/активтер мен объектілерді алып қою:
-
Қарастырылып отырған банктік шотқа (шоттарға) қатысты банктік шоттар туралы ақпаратты бұғаттау туралы сұрау салынған жағдайда:
банктің атауы, шот нөмірі (белгілі болса), шоты бар бөлімшенің мекенжайы (белгілі болса)
- Сұраныс жіберілген мемлекетте шоттың не үшін жүргізілетінінің болжамды себептері:

- Ақпарат сұратылған кезеңді көрсету:
Тәркілеу немесе қайтару мақсатында активтерді немесе объектілерді беру:
-
Қажетті шараларды дәл көрсетіңіз (тәркілеу туралы шешімдерді орындау, тыйым салынған активтерді немесе алып қойылған объектілерді беру).
-
Қолданыстағы сұранысқа және осы сұраныстың (сұраныстардың) күніне байланысты тыйым салынған активтерге немесе объектілерді алуға жауапты дәлелдемелерді алу туралы бұған дейінгі сұраныс (сұраныстар):
-
Сұрау салушы мемлекеттегі қылмыстық процестің кезеңі: тұлға сұрау салынған мемлекетте сотталып, активтерге тыйым салынып, сұрау салушы мемлекетте тәркіленген бе? Олай болса, тәркілеу туралы шешімнің көшірмесін және тәркілеу туралы шешімнің түпкілікті екенін және оның орындалатынын растаңыз.
-
Активтер/объектілер иелерінің және осы активтерге/объектілерге құқығы бар болуы мүмкін үшінші тұлғалардың құқықтары сұрау салушы мемлекеттің сот ісін жүргізудегі талап ету құқықтарын қорғау үшін негіз болғандығын растау:
-
Мүдделі тұлғалар өз талаптарын қалай қорғай алатыны және нәтижесі қандай болғаны туралы қысқаша шолу:

      6. Қосымша ақпарат

Сұрау салушы орган ұстанатын нақты рәсім немесе талап:
Себептері:
Сұрау салушы орган маңызды деп санайтын және сұрау салушы органға сұрау салуды орындауға көмектесетін кез келген басқа мәліметтер

      Сұрау салушы органның лауазымды тұлғасының мөрі, аты және лауазымы:

      Қолы:

      Орны мен күні:

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады