Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 791 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      191) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "191) заңды тұлғаларға:

      бастауыш білім;

      негізгі орта білім;

      жалпы орта білім;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандық топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      рухани білім беру;

      кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру көрсетілетін қызметтерін ұсыну үшін білім беру қызметімен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшалар беру;";

      мынадай мазмұндағы 234-1), 234-2), 234-3), 234-4), 234-5), 234-6) және 234-7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "234-1) оқу-тәрбие процесі шеңберінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің адам саудасының алдын алу мәселелері бойынша білімін, машықтары мен дағдыларын қалыптастыру;

      234-2) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;

      234-3) педагогикалық баса назар аударуды талап ететін білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мектепішілік есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      234-4) психологиялық қолдау орталықтары қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      234-5) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне құқықтық тәрбие беру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      234-6) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелерді әзірлеу және оларды білім беру ұйымдарының жұмыс практикасына енгізу;

      234-7) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілері арасында құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі іс-шараларды өткізу;".

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының он екінші абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады