Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 794 қаулысы

      "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысы;

      2) "Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 639 қаулысы.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады