Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 777 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 794 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.09.2024 № 794 қаулысымен.

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып белгіленсін.

      2. Телерадио хабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор "Телерадио хабарларын тарату туралы" 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 29.08.2019 № 639 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады