Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 және "Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 800 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларында:

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әскери қызметшіге тұрғын үй төлемін тағайындау үшін оны тұрғынжайға мұқтаж деп тану күні – баянат тіркелген күн, осы күннен бастап тұрғын үй төлемін тағайындау үшін әскери қызметші тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, оны осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес әскери қызметші ұсынған құжаттар негізінде мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындайды;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы – әскери қызметшілерді тұрғынжайға мұқтаж деп тану, тұрғын үй төлемін тағайындау мәселелерін және тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелерді қарау үшін мемлекеттік мекеме басшысының шешімімен құрылатын комиссия. Қарулы Күштерде қызметтік тұрғынжайды бөлу, сондай-ақ жекешелендіру мәселелерін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындаған тәртіппен құрылатын тұрғын үй комиссиялары, тұрғын үй төлемін тағайындауды – мемлекеттік мекемелер қарайды;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әскери қызметшілер, сондай-ақ Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда тұрғын үй төлемін алып жүріп, әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы мүшелері тұрғын үй төлемін алушыларға жатады.

      Бұл ретте мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, жекешелендіруге жататын тұрғынжайларда тұратын әскери қызметшілер тұрғын үй төлемін алушы болып танылмайды.

      Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемін пайдалану жолымен жеке меншікке тұрғынжай сатып алуға құқығы бір рет жүзеге асырылады.

      Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болса, жұбайының (зайыбының) қызмет орны туралы анықтама ұсынылып, тұрғын үй төлемі ерлі-зайыптылардың өзара келісуі бойынша олардың баянаты негізінде біреуіне ғана жүргізіледі.";

      11, 12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Әскери қызметшілердің (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерін, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиынға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) және Заңның 101-10-бабында айқындалған олардың отбасы мүшелерінің тұрғынжайға құқығын іске асыруы, егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, қызметтік тұрғынжай беру немесе олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Заңның 101-2-бабының 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тұрғын үй төлемін тиісті арнайы шотқа аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ тұрғынжайды кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға ақы төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайда тұрғынжайға құқықты іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал Заңда белгіленген тұрғынжай ауданы нормасына сәйкес келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда тұрғын үй төлемі тиісті жеке арнайы шотқа аударылады, ол тұрғынжайды жалға алуға ақы төлеу үшін ғана пайдаланылады.

      12. Тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін әскери қызметші тұрғын үй комиссиясы төрағасының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімі бастығының атына баянат береді. Баянатты қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

      Баянатқа:

      1) қызмет орнынан мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемдерін алуы, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;

      3) әскери қызметшінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері болса, оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шартының тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;

      5) жұбайы (зайыбы) мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын жұмыскері болып табылған жағдайда зайыбының (жұбайының) жұмыс орнынан баянат тіркелген күнге дейін алынғанына бір ай толмаған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алуы туралы мәліметтер қамтылған анықтама;

      6) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғынжайды тапсырғаны не онымен қамтамасыз етілмегені туралы анықтама;

      7) отбасында кейбір созылмалы аурудың ауыр түрімен (денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аурулар тізімі бойынша) ауыратын мүшелер болып, олармен бір үй-жайда (пәтерде) бірге тұру мүмкін болмағанда мемлекеттік медициналық ұйымның анықтамасы;

      8) жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі бар адам туралы анықтама;

      9) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының түпнұсқасын қосымша ұсынады;

      10) отбасы тұрып жатқан тұрғынжай белгіленген техникалық талаптарға сай болмаған жағдайда әскери қызметші сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының түпнұсқасын (тұрғынжайды техникалық тексеру нәтижесі бойынша) қосымша ұсынады;

      11) бұрынғы некеден (некелерден) туған баланың (балалардың) тұратын жері көрсетілген сот шешімінің көшірмесі.

      Сот бұрын шығарылған сот актісінің күшін жойған кезде әскери қызметші он жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік мекеменің жауапты құрылымдық бөлімшесін хабардар етуге міндетті;

      12) егер әскери қызметші тұрғын үй жағдайын жақсарту қажеттігіне байланысты өзін тұрғынжайға мұқтаж деп тану туралы баянат берсе, өзi тұрып жатқан тұрғынжайдың ауданын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      13) осы Қағидалардың 44-тармағында көзделген жағдайда тұрғын үй төлемдерінің пайдаланылуын растайтын құжаттардың көшірмелері;

      14) қызметтік тізім;

      15) егер зайыбы (жұбайы) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама қоса беріледі.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы баянат берген әскери қызметшілер осы тармақтың 2), 3), 7) және 8) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынбайды.

      13. Жауапты құрылымдық бөлімше ұсынылған құжаттардың толықтығын баянат тіркелген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен, ал Қарулы Күштер екі жұмыс күнінен кешіктірмей салыстырып тексереді.

      Құжаттарды толық көлемде алмаған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімше оларды әскери қызметшіге пысықтау үшін қайтарады. Қарулы Күштердің әскери қызметшілерін қоспағанда, әскери қызметші он жұмыс күні ішінде жауапты құрылымдық бөлімшеге қайта өтініш береді, бұл ретте баянат алғаш тіркелген күн оның берілген күні болып саналады.

      Қарулы Күштерде әскери қызметші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері екі жұмыс күні ішінде оларды сәйкес келтіру туралы СМС-хабар жібереді.

      Қарулы Күштердің әскери қызметшілері СМС-хабар алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөліміне жетіспейтін құжаттар топтамасын ұсынады.

      14. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін тұрғынжайға мұқтаж деп тану баянат тіркелген күннен бастап тұрғын үй комиссиясының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімі бастығының шешімімен күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады. Әскери қызметшілер шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы жазбаша хабардар етіледі, ал Қарулы Күштерде қызметтік тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін есепке қою не одан бас тарту туралы анықтама "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әскери қызметшінің "жеке кабинетіне" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі аудандық пайдалану бөлімі бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Бұл ретте тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күні және кезектілік нөмірі немесе мұқтаж деп танудан бас тарту себебі көрсетіледі.";

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша қызметтік тұрғынжай ретінде жеке тұрғын үй, пәтер не жатақханадағы бөлме, модульді (мобильді) тұрғын үй беріледі.

      20. Әскери қызметшілер мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайды Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіре алады.";

      24, 25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері ағымдағы жылғы қаңтардағы жағдай бойынша әскери қызметші қызмет өткеріп жүрген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі тұрмысқа жайлы тұрғынжайдың бір шаршы метрінің жалға алу құнының мөлшерін әскери қызметшінің өзімен қоса отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы аудан есебінен тұрғынжай ауданына көбейту арқылы оның өзгеруі ескеріліп және мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеу кезеңіне айқындалады.

      Біржолғы тұрғын үй төлемін алу үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз етілмеу кезеңі арнаулы мемлекеттік органға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін айлармен белгіленеді, бұл ретте:

      1) егер әскери қызметші 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде арнаулы мемлекеттік органда қызмет өткерген болса, бұрын тұрғын үй төлемдері жүзеге асырылған;

      2) бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе әр қызмет өткерген жеріндегі меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдер шегеріп тасталады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуы есепке алынбайды.

      Жекешелендірілмейтін қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттың қысқаруына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі өткен соң оларға қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде оларға біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезең үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      Бұл ретте әскери қызметке қайта кірген әскери қызметшілерге Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген соңғы күннен бастап айқындалады.

      Заңның 101-2-бабы 5-тармағының төртінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.

      Бұл ретте егер әскери қызметшінің тұрғынжайға құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылған жағдайда әскери қызметшіге Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.

      Біржолғы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылған жағдайда тағайындалады.

      Біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген төлемді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.

      Біржолғы тұрғын үй төлемдері бір ай толық болмағанда күнтізбелік күнге пропорциялы түрде есептеледі.

      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін берілген баянатына сәйкес тағайындауға және жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.

      25. Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемдерінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, әскери қызметші қызметтен шыққан кездегі оның өзімен қоса отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы аудан нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі сатылатын жаңа тұрғынжайдың бір шаршы метрі үшін сату бағасына көбейту арқылы айқындалады.

      Заңның 101-2-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.

      Бұл ретте әскери қызметшінің тұрғынжайға құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылған жағдайда Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.

      Біржолғы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші тұрғын үй төлемдерін алушы болып табылған жағдайда тағайындалады.

      Біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген төлемді тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.

      Әскери қызметшіні әскери бөлімнің (мекеменің) тізімінен шығару берілген баянатқа сәйкес оған төленбеген біржолғы тұрғын үй төлемдерін тағайындауға және жүзеге асыруға кедергі келтірмейді.

      26. Заңның 101-9-бабының 2-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемінің мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріліп, әскери қызметші қаза тапқан сәттегі әскери қызметшінің өзімен қоса оның отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы аудан нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректерге сәйкес әскери қызметші қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжайды сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.

      Заңның 101-9-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне осы тармақтың күші қолданылмайды.

      27. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге ағымдағы тұрғын үй төлемдері осы Қағидаларда есептелген тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.

      Заңның 101-2-бабы 7-тармағының екінші бөлігінде айқындалған жағдайларда әскери қызметшілерге осы тармақтың күші қолданылмайды.";

      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;

      2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.";

      32-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;

      2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.";

      33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Заңның 101-2-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда ағымдағы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін әскери қызметшілер:

      1) қызметтік тұрғын үйді жалдау шартының көшірмесін;

      2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама ұсынады.

      Әскери қызметші жыл сайын 25 қаңтарға дейін әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекемеге мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;

      2) ұсынылған күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған жеке арнайы шот бойынша ақша қозғалысы туралы анықтама.

      34. Заңның 101-2-бабының 5-тармағында көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін өздері әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен өтініш беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция әскери қызметшілерін қоспағанда, әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органында үздіксіз қызмет өткерген барлық кезеңінде өзінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілгенін не қамтамасыз етілмегенін растайтын құжаттармен бірге мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен өтініш береді.

      Баянатқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) қызмет өткеретін жеріндегі жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілгені не қамтамасыз етілмегені туралы анықтамасы;

      2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;

      3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;

      4) қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтерді көрсетіп, мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген анықтама;

      5) қызметтік тізім;

      6) әскери қызметші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың (некеге тұру (некені бұзу) туралы, балаларының туу туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы куәліктерінің) көшірмелері;

      7) адам (адамдар) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек алған болса, оның мүгедектігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      8) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органында, Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткергенін растайтын құжаттар;

      9) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы;

      10) Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарттың көшірмесі;

      11) егер зайыбы (жұбайы) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама.

      35. Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша біржолғы тұрғын үй төлемін тағайындау үшін алушылар өздері әскери қызмет өткеретін мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полицияның әскери қызметшілері қатарынан алушыларды қоспағанда, мемлекеттік мекеме басшысының атына баянатпен (өтінішпен) өтініш береді.

      Баянатқа (өтінішке):

      1) әскери қызметшінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері болса, оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, некеге тұру (некені бұзу) туралы құжаттардың, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

      2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;

      3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;

      4) қызметтік тізім;

      5) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген отбасы құрамы және өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, тұрғын үй төлемдерін алу, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;

      6) әскери-дәрігерлік комиссия қорытындысының көшірмесі;

      7) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы;

      8) егер зайыбы (жұбайы ) әскери қызметші және (немесе) арнаулы мемлекеттік органның, ішкі істер органының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган жедел-тергеу бөлімшесінің қызметкері болып табылатын немесе болған жағдайда, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны, Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда жасалған шарт бойынша міндеттеменің орындалуы туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама қоса беріледі.";

      36-тармақта:

      бірінші бөліктің 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені (Қазақстан Республикасы бойынша) туралы анықтама;

      3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;";

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) отбасы құрамы өзгерген, оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) қоспағанда, адам (адамдар) он сегіз жасқа (кәмелетке) толған;";

      45-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте әскери қызметші осы Қағидалардың 43-тармағында айқындалған оқиға нақты басталған кезден бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң баянат берген жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдерін қайта есептеу баянат тіркелген күннен бастап жүзеге асырылады.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Тұрғын үй төлемдеріне арналған жеке арнайы шотты осы Қағидаларға 8 және 9-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қосымша анықтамаларды қоса беріп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен тұрғынжайға мұқтаж деп танылған әрбір тұрғын үй төлемін алушы өзі ашады.";

      48-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының әскери қызметшісі санатына өткен немесе бір мекемеде кері реттілікпен өткен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органының қызметкерімен жасалған шарттар осы Қағидаларда көзделген жалпы негіздерде қолданылады.";

      53-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) әскери қызметші тұрғын үй төлемін алудан бас тарту туралы баянат берген күннен бастап.

      Бұл ретте мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясы, ал Қарулы Күштерде мемлекеттік мекеме Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша әскери қызметші міндеттемені орындамаған жағдайда оған осы тармақшада көзделген тұрғын үй төлемдерін тоқтатудан бас тартады;";

      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайларды қоспағанда, оған жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызмет орнынан берілген қызметтік тұрғынжайдан әскери қызметші бас тартқан күннен бастап;

      6) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алынған күннен бастап тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан аз үлесінің болуы не меншік құқығына мұрагерлік бойынша тұрғынжайдың берілуі ескерілмейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Тағайындалған ағымдағы тұрғын үй төлемдері әскери қызметші ауысқан кезде бөлімнің жеке құрамының тізімінен шығару туралы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы орынбасарының бұйрығы) шығарылған күннен бастап тоқтатып қойылады және тұрғын үй комиссиясының, ал Қарулы Күштерде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімінің шешімімен тұрғын үйге мұқтаж деп танылған жағдайда әскери қызметші одан әрi әскери қызметін өткеру үшін келген мемлекеттік мекеменің бөлімнің жеке құрамының тізіміне қосу туралы бұйрығы негізінде тоқтатып қойылған күнінен бастап қайта басталады.

      Бұл ретте әскери қызметші одан әрі қызмет өткеру үшін келген мемлекеттік мекеме бөлімнің жеке құрамының тізіміне қосу туралы бұйрық шығарған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн өткен соң әскери қызметші тұрғын үйге мұқтаж деп тану туралы баянат берген жағдайда ағымдағы тұрғын үй төлемдері баянат тіркелген күннен бастап қайта басталады.";

      55-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте банк Заңның 101-5-бабының 1), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттардан басқа, сондай-ақ кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалдау ақысын төлеуден басқа жағдайларға адамға жеке арнайы шотындағы ақшаны беруге құқығы жоқ.";

      2-қосымшадағы 10-баған мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңның 101-2-бабы 5-тармағының 3-бөлігінде көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерінің сомасы (6-баған х 7-баған х 8-баған) (теңге)";

      2) "Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он жыл және одан көп әскери қызметте болған және күнтізбелік есептеумен жиырма жыл әскери қызметте болғаннан кейін қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар, жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілер;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 2) немесе 3) тармақшаларында көрсетілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін алушы белгіленген тәртіппен мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) баянат (өтініш);

      2) алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, алушының отбасы мүшелері бар болса, некеге тұру (некені бұзу), балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері.

      Бұл ретте осы Қағидалардың 3-тармағының 2) немесе 3) тармақшаларында айқындалған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда қайтыс болу туралы куәлік ұсынылады;

      3) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екені туралы (Қазақстан Республикасы бойынша) анықтама;

      4) баянат тіркелген күнге дейін алынғанына күнтізбелік он күн толмаған отбасы құрамы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қоры объектілерін жалдау шарттары тізілімінен жалдаушы бойынша ақпарат;

      5) қызметтік тізім;

      6) мемлекеттік мекеменің кадр бөлімшесі (жасақтау бөлімшесі) берген әскери қызметтегі жай-күйі, отбасы құрамы, Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу, тұрғын үй төлемдері туралы мәліметтер көрсетілген қызмет орнынан анықтама;

      7) егер зайыбы (жұбайы) арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшесінің қазіргі немесе бұрынғы қызметкері немесе әскери қызметші болса, қызмет орнынан Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алғаны, тұрғын үй төлемдерін алғаны туралы мәліметтер көрсетілген анықтама;

      8) осы Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген алушыны қоспағанда, қызметтік тұрғынжайды жалға алу шартының көшірмесі;

      9) егер жұбайы (зайыбы) әскери қызметте және (немесе) арнаулы мемлекеттік органдарда, ішкі істер органдарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органда қызмет өткеріп жүрген немесе өткерген жағдайда, жұбайының (зайыбының) тұрғын үй төлемдерін алушыны талдамалық есепке алу карточкасы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 101-2-бабы 4-тармағының үшінші бөлігінде айқындалған жағдайда өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленбейді.

      Ақшалай өтемақы төлеуден бас тартылған жағдайда мемлекеттік мекеме баянат (өтініш) тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірмей, алушыға дәлелді жазбаша хабарлама жолдайды.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ақшалай өтемақының қатаң нысаналы мақсаты бар және оны алушы Заңның 101-5-бабында көзделмеген мақсаттарға пайдалануына болмайды.

      Ақшалай өтемақы төленген алушылар олардың нысаналы пайдаланылғанын растау мақсатында тұрғын үй төлемдерінің Заңның 101-5-бабында көзделген мақсаттар бойынша пайдаланылғанын растайтын құжаттарды алты ай ішінде ұсынады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Егер ерлі-зайыптының екеуі де әскери қызметші немесе әскери қызметтен шығарылған адам болса, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы ерлі-зайыптының таңдауы бойынша олардың біреуіне төленеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады