1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 824 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевқа 1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 4 қазандағы
№ 824 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі

      1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) ережелерін негізге ала отырып,

      Уағдаласушы Тараптар мемлекеттері арасындағы автомобиль қатынасын жүзеге асыру, сондай-ақ олардың аумақтары арқылы үшінші елдерге транзит үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап

      1. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерінің арасында (екіжақты) немесе олардың мемлекеттерінің аумақтары арқылы транзитпен, сондай-ақ үшінші елдерге/елдерден жүктерді тасымалдау рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады және рұқсат алу талап етілмейді. Осы ереже осыған ұқсас бос тасымалдарға да қолданылады.

      2. Уақытша (транзиттік) тіркеу нөмірлері бар автокөлік құралдарын межелі жерге айдап апару кезінде де рұқсат талап етілмейді.";

      2) 6 және 8-баптар алып тасталсын;

      3) 14-баптың 3 тармағы алып тасталсын;

      4) 17-баптың 1-тармағы "жағдайда" деген сөзден кейін "мемлекетінің" деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға уәкiлеттi құзыретті органдар:

      Қазақстан Республикасы тарапынан – Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi;

      Түрікменстан тарапынан – Түрікменстан Министрлер Кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігінің "Туркменавтоулаглары" агенттігі.

      Уағдаласушы Тараптар тиiстi құзыреттi органдар атауларының кез келген өзгерiсi туралы бiрін-бiрi хабардар ететiн болады.";

      6) мынадай мазмұндағы "Келісімді өзгерту" деген 20-1-баппен толықтырылсын:

      "20-1-бап

      Уағдаласушы Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамалармен ресімделетін және оның ажырамас бөліктері болып табылатын, осы Келісімнің 21-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.".

2-бап

      Осы Хаттама Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және Уағдаласушы Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Хаттама өз қолданысын Келісіммен бір мезгілде тоқтатады.

      20__ жылғы "___" ________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіннің күші бірдей.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Түрікменстан Үкіметіүшін










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады