"Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 866 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның бухгалтерлік және қоймалық есебінде салу бағасы бойынша көрсетіледі, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік резерв саласындағы уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарына бухгалтерлік есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу, шығару, есептен шығару, орнын ауыстыру, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру кезінде бухгалтерлік есепке алу жүзеге асырылады және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық есептілік ұсынылады.";

      9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті, сараптаманы, шығарылған жерін растау нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.";

      9-1 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-1. Кәдеге жаратылған тауарлар кейіннен өткізу үшін сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға қабылданған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде ведомствоның бухгалтерлік есебіне қойылады.

      Актілерге кәдеге жаратылған тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті, сараптаманы, шығарылған жерін растау нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.

      10. Ведомство осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке есепке және бухгалтерлік есепке, кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер:

      1) осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармақтарында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған, сызылған сөздер не оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда пысықтауға қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке есепке және бухгалтерлік есепке, кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есепке қою үшін пысықталған актілерді жібереді.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Тауар жеткізу үшін жасалған шартқа сәйкес өнім берушілер салған кезде ұсынылатын тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сәйкестікті, сараптаманы, шығарылған жерін растау нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар ведомстволық бағынысты ұйымның технологиялық бөлімінде немесе сақтау пункттерінің бухгалтерлік қызметінде жеткізу құжаттарымен бірге сақталады.";

      15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты тұлғасы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, елтаңбалы мөрмен бекітіледі (бар болса) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резерв есебінен және бухгалтерлік есептен, кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есептен шығару үшін ведомствоға жіберіледі.";

      15-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды мемлекеттік резерв есебінен және бухгалтерлік есептен, кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есептен шығаруды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.

      Актілер:

      1) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және (немесе) 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;

      2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған, сызылған сөздер не оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен толтырылған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;

      3) мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару нарядына сәйкес келмеген жағдайларда пысықтауға қайтарылады.

      Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым материалдық құндылықтарды мемлекеттік резерв есебінен және бухгалтерлік есептен, кәдеге жаратылған тауарларды бухгалтерлік есептен шығару үшін пысықталған актілерді ведомствоға жібереді.";

      16-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан зертханалық зерттеу, сынақ, талдау, сараптама жүргізу үшін іріктелген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару зерттеу, сынақ хаттамаларының, сараптама қорытындыларының, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың актілері негізінде жүзеге асырылады.";

      19-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары бір сақтау пунктінен/ведомстволық бағынысты ұйымнан екінші сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға ауыстырылған кезде материалдық құндылықтар есептен шығарылмайды. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы есептік деректерге материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалатын қабылдау-тапсыру актісі негізінде енгізіледі.";

      19-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1. Орны ауыстырылған материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сапалық және сандық жай-күйі айқындалғанға дейін сақтау пунктіне/ведомстволық бағынысты ұйымға уақытша сақтауға қабылданады, оны айқындау нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес мемлекеттік резервтің орны ауыстырылған материалдық құндылықтарын қабылдау актісі не осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес сәйкессіздік актісі жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 19-2-тармақпен толықтырылсын:

      "19-2. Түгендеу қызмет бағыты бойынша тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын тарта отырып (келісу бойынша) жүзеге асырылады.

      Түгендеу жүргізу үшін ведомство басшысының бұйрығымен түгендеу комиссиялары құрылады, түгендеудің басталу және аяқталу мерзімдері белгіленеді.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын түгендеу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7197 болып тіркелген) белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

      Түгендеу комиссиясы ведомствоның, ведомстволық бағынысты ұйымның/сақтау пунктінің өкілдерінен, тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарынан, барлығы 5 адамнан кем болмайтын құрамда құрылады.

      Түгендеу комиссиясын мемлекеттік материалдық резервті есепке алуды және бақылауды жүзеге асыратын ведомствоның өкілі басқарады.

      Ведомстволық бағынысты ұйым/сақтау пункті белгіленген мерзімдерде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының іс жүзінде болуын толық және дәл тексеру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді.

      Түгендеу комиссиясы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын түгендеуді олар сақтауда тұрған жерлерде жүргізеді.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының іс жүзінде болуын тексеру материалдық жауапты тұлғалардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.

      Түгендеу комиссиясының барлық мүшелерінің міндетті түрде толық құрамда қатысуымен түгендеу жүргізіледі. Материалдық жауапты тұлғалар түгендеу комиссиясының мүшелері болып табылмайды.

      Материалдық құндылықтардың іс жүзінде болуын тексеру алдында түгендеу комиссиясы:

      қойма үй-жайлары мен резервуарларды, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтайтын басқа да жерлерді пломбалауды;

      барлық өлшеу аспаптарының жарамдылығын тексерді жүргізеді.

      Түгендеу комиссиясы мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының болуы мен қозғалысы туралы түгендеу кезіндегі соңғы есептерді алады.

      Түгендеу басталардан бір күн бұрын материалдық құндылықтардың келуі мен шығысы бойынша барлық құжаттарды өңдеу аяқталуға, қоймалық есепке алу карточкаларында (кітаптарында) тиісті жазбалар жүргізілуге және қалдықтар шығарылуға тиіс.

      Материалдық жауапты тұлғалар түгендеу басталғанға дейін материалдық құндылықтардың келуі мен шығысына қатысты барлық құжаттар бухгалтерлік қызметке тапсырылғанын және оларды жауапты сақтауға түскен барлық құндылықтар кіріске алынғанын, ал шығып қалғандары шығысқа есептен шығарылғанын растайтын қолхат береді.

      Түгендеу кезінде материалдық құндылықтардың болуы міндетті санау, таразылау, өлшеу және өлшемдеу арқылы айқындалады. Өнім берушінің зақымдалмаған қаптамасында сақталатын материалдар мен тауарлар бойынша осы құндылықтардың саны құжаттар негізінде осы құндылықтардың бір бөлігінің іс жүзінде болуы міндетті түрде тексерліп ерекшелік түрінде айқындалады. Үйме материалдардың массасын (салмағын немесе көлемін) айқындауды өлшемдеу мен техникалық есеп-қисап негізінде жүргізуге жол беріледі, бұл туралы тізімдемелерде тиісті белгі жасалады.

      Егер қоймалардағы немесе басқа да жабық үй-жайлардағы материалдық құндылықтарды түгендеу сол күні аяқталмаса, үй-жайлар түгендеу комиссиясы кеткен кезде мөрленуге тиіс. Түгендеу кезінде мөр түгендеу комиссиясының төрағасында сақталады. Түгендеу комиссиясының жұмысындағы үзілістер (түскі үзілісте, түнгі уақытта, басқа да себептер бойынша) кезінде тізімдемелер түгендеу жүргізілетін жабық үй-жайда (шкафта, сейфте) сақталуға тиіс.

      Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының іс жүзінде болуы туралы мәліметтер түгендеу тізімдемелеріне (салыстырып тексеру ведомостарына) жазылады, оның нәтижелері бойынша түгендеу актісі жасалады.

      Түгендеу актісі мемлекеттік мекеме мен сақтау пункті үшін екі данада не мемлекеттік мекеме, ведомстволық бағынысты ұйым, филиал үшін үш данада жасалады, оларға түгендеу комиссиясының төрағасы мен барлық мүшелері және материалдық жауапты тұлғалар қол қояды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі негізінде басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз берілген кезде мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтары номенклатура өзгерген кезде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шығару актісі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес есептен шығарылады.";

      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Салу кезінде есепке алынған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомствоның мемлекеттік резерв есебіне және бухгалтерлік есебіне алынады.

      Кәдеге жаратылған тауарлар кейіннен өткізу немесе басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне беру үшін ведомствоның бухгалтерлік есебіне қабылданады.

      22. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары және кәдеге жаратылған тауарлар:

      1) шығарылған (броньнан шығарылған, жаңартылған, қарызға берілген);

      2) мұнай және мұнай өнімдері жетіспеушіліктерін табиғи кему нормалары шегінде есептен шығарылған;

      3) дебиторлық берешек есептен шығарылған;

      4) кәдеге жаратылған немесе жойылған;

      5) басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне берілген;

      6) зерттеу (сынақ, сараптама) жүргізілген;

      7) кәдеге жаратылған тауарларды өткізілген;

      8) жетіспеушіліктің құны өтелген жағдайларда мемлекеттік резерв есебінен және бухгалтерлік есептен шығарылады.";

      25 және 26-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қазандағы
№ 866 қаулысына
1-қосымша
Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке
алу қағидаларына
8-қосымша

Уақытша сақтауға қабылдау актісі

      20___ жылғы "__" ________ ____________

      Осы акт Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 20_____жылғы ____№___ бұйрығына сәйкес төменде санамаланған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын уақытша сақтауға беруді өнім берушінің төменде қол қойған өкілдері тұлғасында _______(өнім беруші) орындағаны, ал тапсырыс берушінің төменде қол қойған өкілдері тұлғасында комиссия оны қабылдауды жүргізгені туралы толтырылды:

      Біз, төменде қол қойғандар, мынадай құрамдағы комиссия ______________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      (өнім берушінің атауы)

      өнім беруші өкілінің қатысуымен ___________________________________

      _______________________________ тауарды уақытша сақтауға қабылдадық.


Р/с№

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Жарамдылық мерзімі

Сақтау мерзімі

Бір бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Жасалған күні

Өндіруші

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11


ЖИЫНЫ:










      Комиссия төрағасы:________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) (басшы)

      Мөр орны (бар болса)

      Комиссия мүшелері:_________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      (бас бухгалтер, материалдық жауапты тұлға және т.б.)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Өнім берушінің уәкілетті тұлғасы

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қазандағы
№ 866 қаулысына
2-қосымша
  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарын есепке
алу қағидаларына
9-қосымша

Сәйкессіздік актісі

      20___жылғы "__"________ ____________

      Біз, төменде қол қойғандар, мынадай құрамдағы комиссия

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (өнім берушінің атауы)

      өнім беруші өкілінің қатысуымен_____________________________________

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 20__жылғы ____№___

      бұйрығына сәйкес төмендегі тауарды:

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бір бірлігі үшін бағасы

Сомасы

Жасалған күні

Өндіруші

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9


ЖИЫНЫ:








      тексерген кезде мынадай сәйкессіздік (сәйкессіздіктер) анықталғаны туралы

      осы актіні жасадық __________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Бұл сәйкессіздіктер тауарды уақытша сақтауға қабылдауға мүмкіндік бермейді.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде осы комиссия тауарды (тауарларды) қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

      Комиссия төрағасы________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) (басшы)

      Мөр орны (бар болса)

      Комиссия мүшелері:

      ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      (бас бухгалтер, материалды жауапты тұлға және т.б.)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөр орны (бар болса)

      Өнім берушінің уәкілетті тұлғасы

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады