Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Тұжырымдама іс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынып тұрсын.

      4. "Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 482 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 18 қазандағы
№ 868 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы

1-бөлім.

Паспорт

2-бөлім.

Ағымдағы жағдайды талдау

3-бөлім.

Халықаралық тәжірибеге шолу

4-бөлім.

Қазақстандағы инвестициялық саясаттың даму пайымы

5-бөлім.

Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері


1-бағыт. Инвестиция тарту экожүйесін одан әрі дамыту


2-бағыт. Институционалдық қаңқаны және инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу 


3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

6-бөлім.

Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

7-бөлім.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)

Атауы

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы

Әзірлеу үшін негіз

"Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан – бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 2 Жарлығы;
"Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 404 Жарлығы;
Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес отырысының 2024 жылғы 2 ақпандағы № Д-1016//12-04/05-3874 хаттамасы

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

Бағдарламалық құжатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісу бойынша)

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау

      Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бері нарықтық экономика құруда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Еліміз өзінің ауқымды минерал, мұнай ресурстарын және табиғи газ ресурстарын дамыту үшін едәуір шетелдік инвестиция тартты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (бұдан әрі – UNCTAD) деректері бойынша 1991 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың
(бұдан әрі – ТШИ) құйылуының таза көлемі 166 млрд АҚШ долларын құрады (әлемдік ТШИ-дің 0,5 %-ы).

      Көмірсутектер мен пайдалы қазбалардың мол қоры Қазақстан экономикасының негізі болып қалса да, Үкімет экономиканы әртараптандыруға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары басшылық ететін Инвестициялар тарту жөніндегі кеңес сияқты ресми арналар арқылы барлық инвесторлармен белсенді диалогты қолдауға күш салуды жалғастыруда. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі – ДСҰ) және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылады.

      "Standard&Poor's" халықаралық рейтингтік агенттігінің (бұдан әрі – S&P агенттігі) болжамына сәйкес 2024-2027 жылдар кезеңінде Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің (бұдан әрі – ЖІӨ) орташа жылдық өсімі 3,6 %-ды құрайды. 2024 жылғы 1 наурызда S&P агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін "Тұрақты" болжаммен "BBB-" деңгейінде растады. Күшті фискалдық ынталандыру (салықтық жеңілдіктер, субсидиялар, гранттар және т.б.) мен өтімді сыртқы активтердің болуы Қазақстанның рейтингін сақтайтын негізгі факторлар болып табылады.

      S&P агенттігі мұнай емес сектордың өсуін, саяси тұрақтылықты және геосаяси тәуекелдерді төмендетуді ынталандыратын реформалар сәтті жүргізілген жағдайда Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру мүмкіндігі бар екенін атап өтті.

      2024 жылғы мамырда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі (бұдан әрі – Fitch Ratings агенттігі) Қазақстанның шетел валютасындағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін "Тұрақты" болжаммен "ВВВ" деңгейінде растады. Бұл шешім сыртқы күйзелістерге төзімді болып қалатын елдің күшті фискалдық және сыртқы теңгерімдеріне негізделген. Мұнай экспортынан жинақталған кіріс пен фискалдық базаның болуы осы көрсеткіштерді сақтауда шешуші рөл атқарады.

      Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның шикізат тауарларына айтарлықтай тәуелді екенін, инфляция жоғары және мемлекеттік басқару көрсеткіштерінің мардымсыз екенін атап өтеді, бұлар жалпы бағалаудың төмендеуіне әсерін тигізеді. Агенттік "BBB" рейтингі бар ұқсас елдермен салыстырғанда экспорттың шоғырлануымен және анағұрлым аз дамыған макроэкономикалық саясатпен байланысты тәуекелдерді де атап көрсетеді.

      Fitch Ratings агенттігі инвестициялардың өсуіне, тұтынудың ұлғаюына және Теңіз жобасының кеңеюіне орай 2025 жылы Қазақстан ЖІӨ-нің өсуі 5 %-ға дейін жеделдейтінін болжап отыр. Бұл ретте инфляция 2024 жылы 9,5 %-ға және 2025 жылы 8 %-ға дейін төмендейді деп болжануда. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру және көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі шаралар елдің ұзақ мерзімді өсуі мен тұрақтылығына ықпал етеді деп күтеді.

2.1. Тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік легінің жаһандық үрдістері

      UNCTAD деректеріне сәйкес 2023 жылы ТШИ-дің жаһандық легі 3 %-ға 1,37 трлн АҚШ долларына дейін өсті, бұл негізінен Люксембург пен Нидерландыға инвестициялардың өсуі есебінен болып отыр. Бұл елдерді қоспағанда, ТШИ-дің жаһандық легі 18 %-ға төмендеді.

      Геосаяси шиеленіс пен экономикалық белгісіздік жағдайында дамушы елдерге ТШИ легі 9 %-ға 841 млрд АҚШ долларына дейін қысқарды. Ең көп – 12 %-ға төмендеу Азияның дамушы елдерінде байқалады (Қытай Халық Республикасында (бұдан әрі – ҚХР) 6 %-ға, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы елдерінде 16 %-ға). Сонымен бірге дамыған елдерге ТШИ 29 %-ға 524 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Люксембург пен Нидерландыны есепке алмағанда, дамыған нарықтарға ТШИ көлемі 28 %-ға төмендеді.

      2023 жылы Орталық Азияға ТШИ көлемі 5 %-ға 10 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. Алайда Greenfield жобаларының саны 3 еседен астам өсіп, 158 жобаға дейін жетті.

      Геосаяси жағдайға қарамастан, 2023 жылы жаһандық қосылған құн тізбегінде жобалар санының өсуі (+16 %) әсіресе автомобиль, тоқыма, машина жасау және электроника өнеркәсібінде байқалады. Сонымен қатар жартылай өткізгіш шығару бойынша Greenfield жобаларының саны 2022 жылы айтарлықтай өсуден кейін 10 %-ға (салымдар көлемі бойынша 39 %-ға) төмендеді.

      Орнықты даму мақсаттарына байланысты секторларға (инфрақұрылым, көлік-логистикалық кешен және т.б.) инвестициялар, әсіресе дамушы елдерде (+6 %) өсіп келеді. Бұл ретте жаңартылатын энергетика секторындағы жобалық қаржыландыру бойынша халықаралық мәмілелер 2015 жылғы Париж келісімінен кейін алғаш рет салымдар көлемі бойынша 10 %-ға қысқарды. Сонымен қатар мұнай және газ саласындағы халықаралық қаржы мәмілелерінің көлемі 20 %-ға 73 млрд АҚШ долларына дейін азайды.

      Инвестициялық саясаттағы негізгі үрдістер

      ТШИ-дің ұзақ мерзімді тоқырауы

      Әлемдік ЖІӨ-нің өсуіне қарамастан, жаһандық жеткізу тізбегі қайта құрылымдалғандықтан, 2010 жылдардың басынан бастап ТШИ көлемі тоқырауға ұшырады. Экономикалық тұрақсыздық, протекционистік шаралардың күшеюі және негізгі экономикалардағы саяси белгісіздік инвесторлардың сенім деңгейін төмендетті. Технологиялық өзгерістер мен реттеушілік тұрғысындағы қатаңдату шаралары шетелдік инвесторлар үшін белгісіздікті күшейтті. Бұл факторлар жиынтығында көптеген компаниялардың шетелге инвестиция салу туралы шешім қабылдауда анағұрлым сақтықпен қарай бастауына әкелді.

      ТШИ-ді реттеуді күшейту үрдісі

      Геосаяси және экономикалық белгісіздік аясында ұлттық мүдделерді қорғау қажеттігі дамыған елдерде де, сол сияқты дамушы елдерде де ТШИ-ді реттеуді қатаңдатуға әкелді. Мысалы, Үндістан үкіметтің алдын ала мақұлдауын талап ете отырып, қорғаныс және ғарыш секторларына шетелдік инвестиция қағидаларын қатаңдатты. Вьетнам ұлттық қауіпсіздік үшін маңызды телекоммуникация және жоғары технологиялар сияқты секторларда шетелдік инвестицияларды бақылауды күшейтетін жаңа "Инвестициялар туралы" Заңды енгізді. Еуропалық одақ елдері ұлттық қауіпсіздікке немесе қоғамдық тәртіпке қауіп төндіретін инвестицияларды міндетті түрде тексеруді енгізді.

      Көрсетілетін қызметтердің өсіп келе жатқан маңыздылығы және өңдеу өнеркәсібінің жаһандануға енбеуі

      Көрсетілетін қызметтер саласындағы Greenfield жобаларының үлес салмағы 20 жыл ішінде дәстүрлі көрсетілетін қызметтер салаларына (банк секторы, консалтинг, цифрлық технологиялар) және өндірістің негізгі салаларына жататын көрсетілетін қызметтерге инвестицияларды қоса алғанда, 66 %-дан 81 %-ға дейін өсті.

      Бұл ретте соңғы екі онжылдықта екі есе қысқарған өндіріс саласындағы Greenfield жобалары санының айтарлықтай төмендеуі байқалады (26 %-дан 13 %-ға дейін). Сондай-ақ құрылыс, электр энергетикасы, өндіру және инфрақұрылым сияқты басқа өндірістік емес салалардағы Greenfield жобаларының да төмендегені байқалады.

      Әлемдік өндірістік белсенділік орнықты күйінде қалды, бірақ оның қысқарып келе жатқан ТШИ-дегі үлесі ішкі инвестициялар мен отандық инвесторларды қорғауға баса назар аударылып, жаһандануға толыққанды енбеу үрдісін көрсетіп отыр.

      Жасыл технологиялар тартылған ТШИ көлемі жағынан әлі де алдыңғы қатарда. 2023 жылы жаңартылатын энергетикаға инвестициялардың өсу қарқынының баяулауына қарамастан, сектор әлемдік инвестиция алушыларды бастап тұр. 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізудің жаһандық мақсаты тұрғысынан жасыл энергетикаға инвестициялар 194,3 трлн АҚШ долларына жетеді деп күтілуде. 2007 жылдан бастап жасыл энергетикаға жаһандық инвестициялар 43,8-ден 391,6 млрд АҚШ долларына дейін өсті, ал көмірсутек отынына инвестиция 315,2-ден 94 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.

      Экологиялық, әлеуметтік реттеуді күшейту (бұдан әрі – ESG)

      Экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық аспектілерге баса назар аударудың өсуі жаңа бағалау әдістемелері мен есептілік стандарттарының дамуына әкеледі. ESG-деректердің сенімділігі мен салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін жаңа реттеу талаптары енгізілуде.

      Жаһандық корпоративтік салық

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуропалық Одақ елдерінде, Ұлыбританияда, Норвегияда, Аустралияда, Оңтүстік Кореяда, Жапонияда, Канадада және т.б. елдерде жылдық айналымы 750 миллион еуродан асатын трансұлттық компаниялар үшін 15 % мөлшерінде жаһандық ең төмен салық күшіне енді. Мұндай салықты енгізудің негізгі мақсаты – трансферттік баға белгілеу практикасын жою, мұндай практика бойынша трансұлттық корпорациялар өздерінің салықтық міндеттемелерін азайту үшін кірістерді салық мөлшерлемелері төмен юрисдикцияларға аударады.

      Түрлі экономикалық және геосаяси факторлардың әсерінен 2030 жылға дейін жаһандық ТШИ қалыпты қарқынмен өсетін болады. Өсудің негізгі факторлары цифрлық технологияларға, жаңартылатын энергияға және денсаулық сақтауға инвестицияларды қамтиды, олар инвесторларды өздерінің ұзақ мерзімді өсу әлеуетімен және жаһандық орнықты даму мақсаттарына сәйкестігімен тартады. "Жасыл" инвестициялардың, әсіресе өндірістік және инфрақұрылымдық секторларға инвестициялардың өсуі күтілуде.

      Өңірлік айырмашылықтар маңызды болып қала береді: Солтүстік Америка және Батыс Еуропа сияқты дамыған экономикалар ТШИ үшін өз тартымдылығын сақтайды, ал Азиядағы (әсіресе, Қытай мен Үндістан) және Таяу Шығыстағы дамушы нарықтар экономикалық өсудің жоғары қарқыны мен ішкі нарық көлемінің арқасында өседі.

2.2. Қазақстан Республикасына макроэкономикалық шолу

      Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – ҰСБ) деректері бойынша 2023 жылы ЖІӨ-нің өсуі 5,1 %-ды құрады, ал 2024 жылғы қаңтар-сәуірдегі қысқамерзімді экономикалық индикатор 103,9 %-ды құрады. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2025 – 2029 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуі кемінде 6 %-ды құрайды. Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі – ҚРҰБ) ЖІӨ-нің 2024 – 2025 жылдары 4-5 %-ға, 2026 жылы 4,9-5,9 %-ға дейін өсуін күтуде.

      2023 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 9,8 %-ды құрады және 2024 жылғы мамырда 8,5 %-ға дейін баяулады. Инфляциялық үрдістердің баяулауын ескере отырып, ҚРҰБ 2024 жылдың басынан бері мөлшерлемені 15,8 %-дан 14,5 %-ға дейін үш рет төмендетті. 2024 жылы инфляцияның орташа деңгейі 8 %-ды құрап, 2026 жылға қарай ҚРҰБ-ның 5 %-дық нысаналы көрсеткішіне дейін біртіндеп төмендейді деп күтілуде.

      Халықаралық агенттіктер ортамерзімді перспективада Қазақстан ЖІӨ-нің қалыпты өсуін болжайды. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) орта мерзімді перспективада ЖІӨ өсуі шамамен 3,5 % деңгейінде тұрақталып, 2025 – 2026 жылдарға қарай инфляция біртіндеп 5 %-ға дейін төмендейді деп болжайды. Өсудің негізгі факторларына тұрақты ішкі сұраныс, бюджет шығыстарының өсуі және мұнай секторының қалпына келуі жатады.

      Азия даму банкінің деректері бойынша Қазақстанның экономикасы
2024 жылы 3,8 %-ға және 2025 жылы 5,3 %-ға өседі, бұл мұнай өндірудің өсуіне және мұнай-газ секторына инвестициялардың жандануына байланысты болады. Сонымен қатар Дүниежүзілік банк Қазақстанның ЖІӨ 2024 жылы негізінен мұнай өндіруді кеңейту арқасында 4 %-ға ұлғаяды деп болжайды.

2.3. Инвестициялық қызметтің ағымдағы жағдайы

      Негізгі капиталға инвестициялар

      Негізгі капиталға инвестициялар (бұдан әрі – НКИ) 2013-2023 жылдар кезеңінде 3 есеге – 6 трлн теңгеден 18 трлн теңгеге дейін (нақты мәнде 2 есеге) өсті. Бұл ретте ЖІӨ-ге НКИ үлесі 1,8 п.т. 16,9 %-дан 15,1 %-ға дейін төмендеді.

      ҰСБ деректері бойынша Қазақстанда негізгі капиталға инвестициялар 2023 жылы 17,6 трлн теңгені құрады, бұл нақты мәнде 2022 жылғы көрсеткіштен 11,2 %-ға артық (15,2 трлн теңге). Инвестициялар өсімінің жартысынан астамы энергетикаға (+39 %), көлікке және қоймалауға (+40 %), ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (бұдан әрі – АКТ) (2,3 есе), сондай-ақ денсаулық сақтауға (51 %) НКИ-дің ұлғаюымен қамтамасыз етілді. Бұл ретте көлік, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы инвестициялардың 34 %-ы мемлекеттік бюджетпен қамтамасыз етіледі (4,1 трлн теңгенің 1,4-і). АКТ саласында инвестициялардың өсуін телекоммуникациялық компаниялардың 5G технологияларын дамытуға салған инвестицияларымен түсіндіруге болады.

      Қаржыландыру көздерінің құрылымында инвесторлардың меншікті қаражаты (83,4 %) басым, олардың жалпы көлемі 14,7 трлн теңгені құрайды. Бюджет қаражатының көлемі 2,9 трлн теңгені (16,6 %) құрайды, НКИ-де қарыз қаражатының үлес салмағы – 10,6 % (1,9 трлн теңге), оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің қарыздарына 2,5 % (445,3 млрд теңге) ғана тиесілі. 10 жыл ішінде қарыз қаражатының үлес салмағы іс жүзінде 3 есеге – 31,4 %-дан 10,6 %-ға дейін төмендеді, ал бюджет қаражатының үлесі 15-16 % деңгейінде тұрақты күйінде қалады.

      Жалпы көлемде ішкі инвестициялардың үлесі 81,1 %-ды, сыртқы инвестициялардың үлесі 18,9 %-ды құрайды. 10 жыл ішінде сыртқы инвестициялардың үлесі 14,6 п.т. – 33,5 %-дан 18,9 %-ға дейін қысқарды. Төмендеу батыс өңірлердегі ірі мұнай-газ жобалары құрылысының аяқталуына байланысты.

      Салалық бөліністе инвестициялардың 45,7 %-ы 8,2 трлн теңге көлемінде өнеркәсіпке тиесілі, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне – 4,8 трлн теңге. Өнеркәсіпке инвестициялардың жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі аз күйінде қала береді – 9,3 % немесе 1,7 трлн теңге (2013 ж. – 11,4 %).

      2023 жылы Қазақстандағы көлік және қоймалау секторы атаулы мәнде 2,5 трлн теңгеге жетіп, НКИ-дің рекордтық легін көрсетті, бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден 40,3 %-ға артық. Инвестициялардың өсуі үш ірі жобаның аяқталуымен түсіндіріледі: "ҮАААЖ", "Қандыағаш – Мақат" және "Үшарал – Достық".

      Өңірлік бөліністе Атырау облысы республикалық НКИ көлемінен 17,3 % (3,1 трлн теңге) иеленіп, инвестиция көлемі бойынша дәстүрлі түрде көш бастап тұр. Оның ізінше Алматы қаласына 10 % (1,8 трлн теңге) және Астана қаласына 9 % (1,63 трлн теңге) тиесілі. Республикалық инвестициялар көлемінде қалған өңірлердің үлесі елеусіз – орта есеппен 3,7 %.

      Жоғарыда келтірілген негізгі капиталға инвестицияларды талдау негізгі үрдістерді анықтап береді: ЖІӨ-ге НКИ үлесінің төмендеуі, сыртқы инвестициялар үлесінің төмендеуі, екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) негізгі қорларға кредит беруге қатысу деңгейінің төмендігі, шикізат бағыты және әлсіз өңірлік әртараптандыру.

      Есеп-қисапқа сәйкес НКИ бойынша нысаналы көрсеткішке қол жеткізу үшін (ЖІӨ – ден 23%) 6 жыл ішінде (2024 – 2029 жылдар) негізгі капиталға 209,2 трлн теңге инвестиция тарту қажет. Бұл ретте экономиканың негізгі салаларының дамуын, мұнай бағасының болжамдарын және тұрғын үй салу жөніндегі жоспарларды ескере отырып, 2024 - 2029 жылдары НКИ көлемі шамамен 141 трлн теңгені құрайды деп болжануда. Осылайша, аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін қосымша шамамен 68,2 трлн теңге тарту қажет.

      Тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы және таза құйылуы

      ҚРҰБ деректеріне сәйкес 2013 жылдан 2023 жылға дейін Қазақстан экономикасына ТШИ-дің жалпы құйылуы шамамен 246,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде 102,5 млрд АҚШ доллары тау-кен өнеркәсібіне тиесілі (оның ішінде 83,7 млрд АҚШ доллары мұнай-газ саласына).

      2023 жылы ТШИ жалпы құйылуы 23,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 16,9 %-ға аз. ТШИ-дің таза құйылуы 2 есеге – 6,5-тен 3,2 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді.

      2023 жылы ТШИ құйылуының төмендеуінде тау-кен өнеркәсібінің үлесі басым болды. Бұл, негізінен, мұнай бағасының төмендеуіне байланысты қазақстандық кәсіпорындардың таза табысының қысқаруымен, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың үлесіне тиесілі дивидендтерді төлеумен түсіндіріледі. Тау-кен өнеркәсібіне ТШИ-дің жалпы құйылуы бір жыл ішінде 30,3 %-ға 8,4 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді, бұл ретте ТШИ-дің таза құйылуы 2022 жылғы 4,1 млрд АҚШ долларынан 31,2 млн АҚШ долларына дейін қысқарды.

      Металлургия өнеркәсібіне капитал салымдарының көлемі төмендеу үстінде: ТШИ-дің жалпы құйылуы 4,2-ден 2,8 млрд АҚШ долларына дейін төмендеді. 2022 және 2023 жылдары салаға ТШИ-дің таза құйылуы теріс күйінде қалып, тиісінше -534,1 және -30 млн АҚШ долларын құрады.

      Өңдеу өнеркәсібі (металлургияны қоспағанда) шетелдік капитал құйылуының жаңа локомотивіне айналды. Бұл салаға ТШИ-дің жалпы құйылуы 2022 жылмен салыстырғанда 87 %-ға өсіп, рекордтық 2,6 млрд АҚШ долларына жетті. Ұлғаю тамақ өнімдері (2,8 есе), резеңке және пластмасса бұйымдары (1,5 есе), машиналар мен жабдықтар (2,5 есе), көлік құралдары
(4 есе) өндірісіне, сондай-ақ химия өнеркәсібіне (2 есе) салынған инвестициялардың өсуіне байланысты. Өңдеу өнеркәсібіне ТШИ-дің таза құйылуы бір жыл ішінде 0,7-ден 1,5 млрд АҚШ долларына дейін екі есеге өсті.

      Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2029 жылға дейін 150 млрд АҚШ доллары мөлшерінде шетелдік инвестиция тарту жоспарлануда (жалпы құйылуы) (Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағы).

2.4. Инвестиция тарту жүйесінің ағымдағы жағдайы

      Заңнамалық база

      Инвестициялық қызметті реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) Кәсіпкерлік және Салық кодекстері және осы Тұжырымдама, сондай-ақ басқа да салалық НҚА болып табылады.

      Заңнамада шетелдік және жергілікті инвесторларға бірдей көзқараспен қарауға кепілдік берілген. Инвестициялық саясатта көзделген барлық қолдау шаралары нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей қолданылады. Бұған қаржыландыруға қол жеткізу, салықтық жеңілдіктер, құқықтық қорғау және инвестициялық ахуалды жақсартуға және капитал тартуға бағытталған басқа да қолдау шаралары кіреді.

      Институционалдық база

      Инвестиция тарту процесінің институционалдық базасы үш деңгейлі жүйе шеңберінде қамтамасыз етіледі. Сыртқы деңгей – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері және инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық компанияның шетелдік өкілдері. Орталық деңгей – бұл орталық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері. Өңірлік деңгей – жергілікті атқарушы органдар.

      Инвестиция тарту жүйесінің сыртқы деңгейдегі субъектілері әлеуетті инвестор іздеумен, инвестициялық ұсыныстарға бастапқы консультация берумен және оны таныстырумен айналысады. Жүйенің сыртқы деңгейінің тиімді жұмыс істеуі үшін елдік инвестициялық бағдарламалар (бұдан әрі – ЕИБ) қолданылады.

      Инвестиция тарту жүйесінің орталық деңгейі әлеуетті инвестор іздеуге, егжей-тегжейлі консультация беруге және инвесторлармен келіссөздер жүргізуге жауапты болады. Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар инвестициялық қызметке байланысты келісімдер жасасады және рұқсат құжаттарын берумен айналысады.

      Жергілікті атқарушы органдар инвестиция тартудың үшінші деңгейі ретінде инвестициялық жобаны іске асыруға және инвестициялық келісім жасалғаннан кейін сүйемелдеуге (жер учаскелерін, мемлекеттік заттай гранттар беру, инфрақұрылым жүргізу және тағы басқа) жауапты болуға тиіс.

      Осылайша, инвестиция тарту және сүйемелдеу процестеріне орталық және өңірлік деңгейлерде біршама мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тартылған. Алайда өкілеттіктердің аражігін нақты ажырату мен процеске қатысушылар арасындағы іс-қимылда реттілік жоқ екені байқалады. Осыған байланысты инвесторлар көбінесе шамадан тыс бюрократия мен әкімшілік шығасыларға тап болады.

      Сонымен қатар инвестиция тарту жүйесінің барлық деңгейлерін қамтитын бірнеше институт пен тетік жұмыс істейді: Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Инвестициялық штаб), Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық, Инвестициялық омбудсмен және прокурорлық қорғау тетігі.

      Инвестициялық штаб Үкімет басшылығы деңгейінде инвестициялық жобалардың негізгі проблемалық мәселелерін шешумен айналысады. Бұған қоса, 2023 жылғы желтоқсанда "Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы қабылданды, оған сәйкес Инвестициялық штаб орындау үшін міндетті хаттамалық шешімдер қабылдау және Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын заң күші бар уақытша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу құқығына ие болды.

      Инвестициялық штаб негізгі капиталға инвестицияларды қамтамасыз ету және салалық министрліктер мен өңірлер бойынша декомпозицияланатын тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша тиімділіктің жыл сайынғы түйінді көрсеткіштерін қарастырады (KPI). Инвестиция тартуға "тапсырыс" қалыптастыру үшін салалық министрліктер мен әкімдіктердің шетелдік мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимылы жолға қойылған. Сондай-ақ қажетті заңнамалық өзгерістерді анықтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

      Қазақстанда инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың өзге де құрылымдық бөлімшелерін, оның ішінде Инвестициялық штаб хатшылығының, инвестициялар жөніндегі уәкілетті органды, инвестициялық саясат жөніндегі уәкілетті органды, жобалық басқару жөніндегі уәкілетті органды, Президенттік жобалау кеңсесін, инвестициялар тарту жөніндегі ұлттық компанияны, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың өңірлік үйлестіру кеңестерін және т.б. тарта отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының құрылымдық бөлімшесінің базасында матрицалық құрылым форматында жұмыс істейтін Инвестициялық қызмет жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі – ИҚҰО) құрылды.

      ИҚҰО Инвестициялық штаб хатшылығының қызметін ұйымдастырумен айналысады, реттеушілік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді, инвестициялық жобалардың іске асырылуын сүйемелдейді және мониторингтейді, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

      ИҚҰО қызметіне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары жүзеге асырады. Ол ИҚҰО қызметінің басым бағыттарын айқындайды, ИҚҰО жұмысының барысы туралы есепті жүйелі түрде тыңдайды және ИҚҰО-ға оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тапсырмалар береді.

      2014 жылдан бері шетелдік және жергілікті инвесторлардың өтініштерін қарайтын, инвестициялық дауларды шешуге жәрдемдесетін және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейтін Инвестициялық омбудсмен институты жұмыс істеп келеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Инвестициялық омбудсмен болып табылады.

      Прокуратура органдары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвесторлардың құқықтарын қорғау және ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі функцияларды орындайды.

      Бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл

      Инвестициялық қызмет шеңберінде бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (бұдан әрі – "Атамекен" ҰКП), салалық қауымдастықтармен, сондай-ақ шетелдік бизнес-қоғамдастық өкілдері: "Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығымен, Америкалық сауда палатасымен, Қазақстанның Еуропалық бизнес-қауымдастығы және т.б. тиімді коммуникациялар жолға қойылған.

      Инвестициялық штабтың тапсырмасы бойынша 2024 жылдың басынан бері инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компания салалық мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау бойынша бірқатар акселерация жүргізді.

      Қазіргі уақытта машина жасау, электр энергетикасы, көлік-логистика, фармацевтика және денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) сияқты салалар бойынша акселерация жүргізілді.

      Акселерация нәтижелері бойынша инвесторлардың жүйелі және нақты проблемалық мәселелері анықталды, олар цифрландырылып, Инвестициялық штабқа, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына, сондай-ақ салалық министрліктерге одан әрі шаралар қарау үшін жіберілді.

      Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

      "Жасыл дәліз" тетігі

      Бүгінгі таңда инвестициялық штабтың хаттамалық шешімімен инвестициялық жобаларды "жасыл дәлізге" қосу әдістемесі қабылданды. Әдістеме инвестициялар көлемі, жобаның технологиялылығы, Fortune Global 2000-да инвестордың болуы, халықаралық биржадағы листинг және жұмыс орындарын құру сияқты өлшемшарттарды қамтиды.

      "Жасыл дәлізге" қосылған жобалар үшін рұқсат құжаттарын алу мерзімдерін қысқарту (5 жұмыс күніне дейін) туралы ақпаратты қамтитын Жол картасы әзірленуде.

      Инвестициялық преференциялар жүйесі


Р/c

Қолдау шараларының атауы

Оператор

1

Инвестициялық келісімшарт (оның ішінде басым инвестициялық келісімшарт)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2

Арнайы инвестициялық келісімшарт

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

3

Инвестициялар туралы келісім

Бейінді орталық мемлекеттік органдар, "Kаzаkh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

4

Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

5

Жақсартылған модельдік келісімшарт

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі

6

Инвестициялық салық кредиті

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

7

IT саласындағы преференциялар

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, "Astana Hub" халықаралық IT-стартаптар технопаркі" корпоративтік қоры (бұдан әрі – Astana Hub)

8

АӨК-ні инвестициялық субсидиялау

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Жоғарыда аталған мемлекеттік қолдау шараларынан басқа салалық преференциялар да бар (индустриялық-инновациялық дамуға, көлік шығындарына, экспорттық қызметті сақтандыруға және т.б. шығындарды өтеу).

      Инвесторларға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну функциялары әртүрлі мемлекеттік органдар арасында бөлінеді, бұл қорытындылау мен келісу процестерін қиындатады. Инвесторлардың сауалнамаларына сәйкес мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан бюрократия мемлекеттік қолдау шараларын алудағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

      Мемлекеттік органдар берілген инвестициялық преференцияларға толыққанды мониторинг жүргізбейтінін және олардың экономиканың дамуына мультипликативтік әсерін бағаламайтынын проблема ретінде бөліп көрсету керек. Мысалы, жасалған арнайы инвестициялық келісімшарттардың есебі жүргізілмейді, инвестициялық жобалардың салалар мен құны туралы ақпарат жоқ.

      Осыған байланысты инвестициялық келісімшарттар шеңберінде ұсынылатын инвестициялық преференцияларды бағалауды енгізу бойынша тиісті жұмыс жүргізілетін болады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы саясат

      Қазақстанда 2015 жылы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Заң енгізілгеннен бері мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі кеңінен таралды: 1183 МЖӘ шарты жасалды (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б. салаларда). МЖӘ жобаларын 5 жылдан 30 жылға дейін іске асыру мерзімімен экономиканың барлық салаларында жүзеге асыруға болады. Тізбесі "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен айқындалатын объектілер бұған жатпайды.

      Бизнестің МЖӘ тетігіне қызығушылығы мемлекет қолдауының ауқымды құралдарының болуымен (бірлесіп қаржыландыру, жер учаскелерін беру, инженерлік және көлік коммуникацияларымен қамтамасыз ету, инвестордың инвестициялық және операциялық шығындарын өтеу және т.б.), тұрақты кепілдікпен және МЖӘ шарты бойынша талаптарды орындаудың өзгермейтіндігімен негізделген (МЖӘ шарттары қазынашылық органдарында тіркеледі және олар бойынша бюджеттен төлемдер секвестрленбейді, халықаралық төрелік қолданылуы мүмкін).

      Жеке серіктесті іріктеу орталық немесе жергілікті мемлекеттік орган, сондай-ақ инвестордың өзі бастама жасаған жобалар бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған және технологиялар трансферін көздейтін жобаларды іске асыру үшін Үкіметтің шешімі бойынша ерекше жағдайларда тікелей келіссөздер жүргізілуі мүмкін.

      МЖӘ тетігін дамыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялар саласындағы басым мақсаты болып табылады. Мысалы, соңғы 2 жылда МЖӘ құралы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жеке және мемлекеттік әріптестер арасындағы теңгерімді қамтамасыз ететін МЖӘ жобаларын іріктеу және іске асыру бойынша өлшемдер белгіленді, жобаларды жоспарлау мен іске асырудың барлық процесін цифрландыру және МЖӘ шарты мен экономикалық қорытындының негізгі баптарын ашық қолжетімділікте орналастыру үшін бірыңғай платформа құрылды. Меншікті қаражатты енгізу туралы талапты 10 %-ға дейін төмендету және біліктілік сатысында капиталдың болуын растау қажеттігін алып тастауды қоса алғанда, МЖӘ шарттарының түрлерінің жіктемесін қайта қарау және екі кезеңді және бір кезеңді конкурстарды қолдану тәсілдерін өзгерту.

      Сонымен қатар МЖӘ саласында бірқатар проблемалар бар. Қаржы нарығында арзан кредит қаражатының болмауына байланысты капиталды аз қажет ететін жобаларға баса назар аударылады.

      Мемлекеттік органдар мамандарының және консультанттардың жобаларды заңдық бағалау бойынша біліктілігінің жеткіліксіз болуы шарттар жасасу кезінде мемлекет үшін тиімсіз жағдайларға алып келеді. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – МИЖ) іріктеу көбінесе олардың бюджеттік тиімділігі мен мультипликативтік әсерін толық бағаламай, формальды сипатта болады.

      Сондай-ақ тексеруші органдар жергілікті атқарушы органдардың жобаларында мемлекеттік сатып алу белгілерінің бар екендігін атап өтеді, бұл оларды іске асыру кезеңінде МЖӘ шарттарының бұзылуына әкеледі. Бұл инвесторлардың басқа елдерге кетуіне түрткі болады және МЖӘ тетігіне сенім деңгейін төмендетеді.

      Осыған байланысты Тұжырымдама осы мәселелерді шешуге бағытталған.

      Арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтар

      Арнайы экономикалық, индустриялық және шағын өнеркәсіптік аймақтар (бұдан әрі – АЭА, ИА, ШӨА) Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруда шешуші рөл атқарады.

      АЭА-ға қатысушылар бірқатар салықтық және реттеушілік жеңілдіктерге, жер учаскелеріне және инфрақұрылымға қол жеткізуге құқылы. Қазіргі уақытта елімізде жалпы ауданы 18,4 мың га болатын 14 АЭА жұмыс істейді.

      2023 жылы АЭА тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылданды, олардың қатарында инвестиция көлеміне байланысты салықтық жеңілдік берудің сараланған тәсілі және инвестициялық міндеттемелер орындалғаннан кейін жер учаскелерін сатып алу мүмкіндігі бар.

      Алайда қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде проблемалар бар. Мәселен, ӨҚМ деректері бойынша инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу бар болғаны 44 % құрайды.

      АЭА резиденттерінің басым бөлігі ішкі нарыққа бағдарланған, бұл жеңілдікті жағдайларда бәсекелестікке тең емес жағдайлар туғызады.

      Қосымша проблемаларға АЭА аумағында рұқсат етілген қызмет түрлерінің шектеулі тізбесі, оған қатысушылар үшін қарсы міндеттемелердің болмауы және ағымдағы АЭА-ның жұмыс істеу мерзімдерінің әртүрлі болуы жатады.

      АЭА-ға қатысушылармен салыстырғанда ИА-ға қатысушылар инфрақұрылым мен жер учаскелерін ғана шектеусіз ала алады. Бүгінгі күні 33 ИА жұмыс істейді, оның 21-і дайын инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. ӨҚМ деректері бойынша жұмыс істеп тұрған ИА аумағында 2022-2025 жылдар аралығындағы кезеңде 478,2 млрд теңгеден астам сомаға 189 жобаны іске асыру жоспарланған.

      Шағын және орта бизнесті дайын өндірістік үй-жайлармен қамтамасыз ету мақсатында ШӨА құрылады. 2024 жылы ШӨА құрылысына 30 млрд теңге бөлінді. Осы тетікті іске асыру шағын және орта бизнеске тиімді инфрақұрылымдық қолдауды, жұмыспен қамтудың өсуін және халықтың табысын арттыруды қамтамасыз етеді.

      Қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.

      Мемлекеттік активтерді жекешелендіру

      2024 жылғы мамырда "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық) қабылданды, оған сәйкес Үкімет Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрды, ол ағымдағы жылдың соңына дейін міндетті түрде жекешелендірілетін мемлекеттік объектілерге қатысты нақты өлшемшарттарды әзірлеуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізуге және жекешелендірілетін мемлекеттік активтердің тізбесін қалыптастыруға тиіс. Мемлекеттік активтерді жекешелендіруге қазақстандық және шетелдік кәсіпорындар қатыса алады. Жекешелендіру Қазақстандағы инвестициялардың (ТШИ, сол сияқты НКИ) өсуінің басты драйверлерінің бірі болады.

      Қолданыстағы қаржы құралдары

      Бүгінгі күні квазимемлекеттік сектор субъектілері мен екінші деңгейдегі банктер ұсынатын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың бірқатар құралдары бар.

      "Қазақстан Даму банкі" АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) жеңілдікті мөлшерлеме бойынша, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ – лизингтік қаржыландыру бойынша, ал Kazakhstan Investment Development Fund және Qazaqstan Investment Corporation ұйымдары – үлестік және венчурлік қаржыландыру бойынша қарыз береді. ҚДБ мен екінші деңгейдегі банктердің синдикатталған кредиттерін қоса алғанда, ұжымдық қаржыландыру тетігі де қолданылады. Синдикатталған кредиттер қаржы институттарына тәуекелдерді бөлуге және инвесторлар үшін жақсы кредиттік шарттар ұсынуға мүмкіндік береді.

      Осыған қарамастан, НКИ құрылымындағы қарыз қаражатының көлемі тек 10,6 % құрайды (2023 жыл). Заңды тұлғалардың ЖІӨ-ге кредиттердің үлесі 8 % құрайды, бұл Чили (48 %), Ресей (39 %), Өзбекстан (33 %) және Грузияға (29 %) қарағанда айтарлықтай төмен.

      Мұндай жағдайдың қалыптасуына әсер ететін факторлардың қатарында экономиканы әртараптандырудың төмендігі, мемлекеттік қолдаудың басым үлесі, банктердің қысқа мерзімді қорландыру базасы, жоғары сапалы корпоративтік қарыз алушылардың тапшылығы, ашықтық пен бизнес жүргізу практикасының, әсіресе шағын бизнес сегментіндегі әлсіз деңгейі бар.

      Осыған байланысты қаржыландырудың қолданыстағы құралдарын жетілдірумен қатар қаражат тартудың баламалы әдістері де дамитын болады.

      Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды SWOT-талдау

      Күшті жақтары:

      стратегиялық жоспарлар: инвестицияларды тартуға бағытталған тұжырымдамалар мен жоспарларды әзірлеу;

      табиғи ресурстар: табиғи ресурстардың бай қоры;

      географиялық орналасуы: Шығыс пен Батыс арасындағы ыңғайлы орналасу, көлік-логистикалық қызметтердің дамыған нарығы;

      ауыл шаруашылығы: ауыл шаруашылығы секторының жоғары әлеуеті;

      халықаралық рейтингтер: жоғары халықаралық инвестициялық рейтингтер, 2024 жылғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде 35-орын;

      инвестициялық қолдау: инвестицияларды қолдаудың дамыған экожүйесі (мамандандырылған ұйымдар, даму институттары, АЭА, ИА, АХҚО, Astana Hub және т.б.);

      өткізу нарықтарына қолжетімділік: сыйымды нарықтарға жақындық (ҚХР, Ресей, Орталық Азия, Таяу Шығыс);

      агломерациялар: инвестициялық әлеуеті жоғары қалыптасатын агломерациялар.

      Әлсіз жақтары:

      инвестицияларды үйлестіру: инвестиция тарту және оны ұстап қалу жөніндегі жұмыс шеңберінде әртүрлі мемлекеттік органдар мен даму институттары арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл тиімділігінің жеткіліксіз болуы;

      бюрократия және сыбайлас жемқорлық: бюрократия мен сыбайлас жемқорлықтың салыстырмалы түрде жоғары деңгейі;

      инфрақұрылым: инвесторлар үшін инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы (көлік-логистикалық, өндірістік, инженерлік, сауда инфрақұрылымы);

      сот жүйесі: сот жүйесіне деген сенімнің төмен деңгейі;

      салық жүйесі: салықтық әкімшілендірудегі кедергілер;

      ресурстарға қол жеткізу: өндіріс факторларына (жер, шикізат, энергия) қолжетімділіктің ашықтығының жеткіліксіз болуы;

      кадрлық қамтамасыз ету: жоғары білікті кадрлардың тапшылығы;

      банк секторы: экономикаға кредит беруде банк секторы дәрежесінің төмен болуы;

      өңірлік әлеует: өңірлердің инвестициялық әлеуетті жеткіліксіз пайдалануы;

      мемлекеттік реттеу: мемлекеттік органдар тарапынан инвесторларды тексерудің шамадан тыс көп болуы;

      сертификаттау: өнімді сертификаттау институтының жеткіліксіз дамуы (зертханалардың, мамандардың және т.б. болмауы);

      негізгі құралдардың тозуы: экономикада негізгі қорлардың тозуының жоғары деңгейі, нәтижесінде шығындардың жоғары деңгейі және еңбек өнімділігінің төмендігі.

      Мүмкіндіктер:

      транзиттік маршруттар: Еуропа-Қытай бағыты бойынша транзиттік бағдарларды әртараптандыру;

      халықаралық сауда келісімдеріне қатысу: сауда байланыстарын нығайту және халықаралық келісімдерге қатысу жаңа нарықтар ашып, инвесторлар үшін жағдайды жақсарта алады;

      АӨК: шет елдердің АӨК инвестиция салуға әзірлігі;

      "жасыл энергетика": "жасыл энергетикаға" инвестициялардың өсуі;

      АКТ және көлік-логистикалық кешен: АКТ және көлік-логистикалық кешені саласына инвестициялардың өсуі;

      туризм: үш жыл ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат және туризм бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан позициясының жақсаруы (66-дан 52-орынға дейін);

      инфрақұрылым: елдің орнықты инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыруға бағытталған 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспар (бұдан әрі – ҰИЖ) әзірленуде;

      ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер: қазақстандық ғылымды қаржыландыруды жыл сайын орта есеппен 25 %-ға ұлғайту;

      АХҚО алаңын, оның ішінде оның құқықтары мен инвестициялық дауларды шешу тетіктерін қолдану.

      Тәуекелдер:

      ТШИ шоғырлануы: саяси тұрғыдан жақын елдерден ТШИ шоғырының артуы;

      бәсекелестік: Орталық Азия елдері арасындағы ТШИ үшін бәсекенің күшеюі.

      геосаяси шиеленіс: өңірдегі геосаяси шиеленістің сақталуы және қақтығыстардың өршу ықтималдығы;

      мұнай-газ кешені: шикізат секторларына инвестициялардың азаюы;

      металлургия өндірісі: металлургия секторына инвестициялардың азаюы;

      елдердің көміртегі бейтараптығына көшуі нәтижесінде Қазақстанның табиғи ресурстарының инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      Инвестицияларды тиімді тарту инвесторлардың құқықтарын қорғауды, бизнес-процестерді цифрландыруды және қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қамтитын жүйелі тәсілді талап етеді. Әлемдік практиканы талдау Қазақстанның мына үлгілерді қолдануына болатынын анықтады:

      Инвестициялық платформалар

      "Бір терезе" қағидаты бойынша цифрлық платформалар инвестициялық процестерді жеңілдетеді. Уругвайда мұндай платформа бизнес-процестерді автоматтандырады және инвестициялық климат туралы ақпарат береді. Үндістанда Премьер-Министр бақылайтын PRAGATI платформасы ірі жобаларды жүзеге асыруды жеделдетеді, ал Тайвань өтінімдерді беруді жеңілдететін және ірі жобалар үшін жеке менеджерлерді ұсынатын онлайн-жүйені ұсынады.

      Жасыл дәліз

      Көптеген елдер инвестор үшін рұқсат алу рәсімдерін жеделдетуде. Грекия стратегиялық жобаларға арналған "Жасыл дәліз" жүйесін енгізді, Сауд Арабиясы SAGIA арқылы белгілі бір компаниялар үшін 5 күн ішінде инвестициялық лицензия береді, ал Албанияда жеделдетілген рәсімдер туралы заң стратегиялық салаларды қамтиды. Чилиде Бірыңғай рұқсат жүйесі (SUPER) лицензия мен рұқсаттардың көпшілігін біріктіреді, бұл оны Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша әлемдегі ең оңтайландырылған жүйелердің біріне айналдырады.

      МЖӘ дамыту шаралары

      МЖӘ жолдар, ауруханалар, мектептер, көлік жүйелері және энергетикалық қондырғылар сияқты инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін кеңінен қолданылады. Өзбекстанда ЕҚДБ қолдауымен құрылған МЖӘ жобаларын әзірлеу қоры тұжырымдамаларды, қаржылық модельдерді және тендерлік құжаттаманы әзірлеу үшін консультанттарды тартады. Қытайдың Қаржы министрлігі жанындағы МЖӘ орталығы (CPPPC) үкіметке салаларды, модельдерді және жобаларды стандарттауды таңдауға көмектеседі. Корей даму институтының жанындағы Корей МЖӘ орталығы (PIMAC) инвестициялық жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін жүргізеді. Жобаларды сапалы жоспарлау ақшаның тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, тәуекелдерді азайтады және тиісінше МЖӘ-нің инвестициялық тартымдылығын және жалпы нарықтың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

      АЭА дамыту шаралары

      Халықаралық тәжірибеде табысты елдер салықтық ынталандыруды, жеңілдетілген әкімшілік рәсімдерді және инфрақұрылымға инвестицияларды қоса алғанда, АЭА жағдайларын жақсарту үшін әртүрлі шараларды енгізуде. Мысалы, Қытай АЭА-ға экспортқа бағдарланған компаниялар үшін салықтық жеңілдіктер мен жеңілдетілген ережелерді ұсына отырып, осы салада ізашар болды. Бұл шаралар ірі шетелдік корпорацияларды тартуға және АЭА-ны инновациялар мен жоғары технологиялық өндірісті ынталандыра отырып, экономиканың өсуінің маңызды нүктелеріне айналдыруға мүмкіндік берді. Қытайдағы АЭА инфрақұрылымға қолжетімділікті және ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге мемлекеттік қомақты салым ұсынады.

      Малайзияда "Искандар" аймағы сияқты арнайы экономикалық аймақтар жоғары технологиялық салалар мен цифрлық экономикаға инвестиция тартуға бағытталған. Малайзия үкіметі 10 жылға дейін салық жеңілдіктерін, сондай-ақ жабдықтың импорттық және экспорттық баждарынан босатуды ұсынады. Қосымша шараларға әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, рұқсаттарды жылдам алу және жоғары сапалы инфрақұрылымға қол жеткізу кіреді. "Искандар" сонымен қатар инвесторларға білікті жұмыс күшіне қол жеткізуге мүмкіндік береді және инновацияларды дамыту үшін университеттермен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты ынталандырады.

      Оңтүстік Кореяда Инчхон сияқты АЭА логистикаға, биотехнологияға және IT-секторға инвестиция тартуға бағытталған. Оңтүстік Корея Үкіметі АЭА резиденттеріне корпоративтік салықты 7 жылға дейінгі мерзімге 50 %-ға дейін төмендетуді қоса алғанда, жеңілдікті салық режимдерін ұсынады. Бұдан басқа, порттар мен әуежайлар арқылы тауарлардың импорты мен экспортын оңайлату жөніндегі шаралар көзделген.

      Инфрақұрылымды дамыту

      Ресей Федерациясында заңнаманың тұрақтылығына кепілдік беретін және салық шегерімдері мен тікелей өтеу арқылы инфрақұрылым шығындарын өтеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін капитал салымдарын қорғау және көтермелеу туралы келісім қолданылады. Инвесторларға инфрақұрылымның әрқилы түріне, оның ішінде көліктік, коммуналдық, энергетикалық, әлеуметтік және цифрлық инфрақұрылымға, сондай-ақ кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздарға жұмсалған шығындар өтеледі. Өтеу сомасы есептелген салықтардың көлемінен аспауы керек және 5 немесе 10 жыл ішінде бөліктермен төленеді. Субсидиялар Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі арқылы бюджет қаражаты шегінде беріледі.

4-бөлім. Инвестициялық саясатты дамыту пайымы

      Осы Тұжырымдаманы іске асыру инвестиция тарту және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін тұтас экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

      Шикізаттық емес секторға инвестиция тарту және дамудың шикізаттық моделінен бас тарту үшін негізгі бағдарлар еңбек өнімділігінің өсуі, көлемдердің ұлғаюы және экспорттың күрделілігін арттыру, сондай-ақ өндірістерді кезең-кезеңімен оқшаулау болады.

      Пайымдау инвестициялық саясаттың берік негізін құру үшін инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесін жетілдіруге негізделген.

      Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толыққанды іске қосу инвестициялық қызметке мониторинг жүргізу және мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіру үшін негіз болады. Инвестициялық қызметтің барлық бизнес-процестері тартудан бастап жобаны іске қосуға дейін "бір терезе" қағидаты бойынша цифрландырылады.

      Қолайлы инвестициялық ортаны нығайту жөніндегі жұмыс инвестициялық саясаттың ашықтығын одан әрі арттыруға, әділ бәсекелестікті дамытуға және қорғауға, инвесторлар үшін икемді және берік инфрақұрылымды жақсартуға, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады.

      Инвесторлардың проблемалы мәселелерін қарау және шешу тетігін жетілдіру арқылы инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесі жетілдіріледі. Инвестициялық преференциялар мен мемлекеттік қолдау шаралары жүйесі салалық және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып оңтайландырылады және сараланады.

      Ірі жобаларды дайындау қорын құру арқылы МЖӘ тетігі жетілдіріледі және жобаларға бастама жасау мен іріктеу жөніндегі тәсілдер жетілдіріледі.

      АЭА және ИА жұмысының тиімділігі инфрақұрылымды толық әзірлікке жеткізу есебінен арттырылады.

      Тікелей қаржыландыру бойынша назарды мемлекеттік даму институттарынан жеке қаржы институттарына аудара отырып, банктердің ұзақ мерзімді қорландыру нарығын және қаржыландырудың баламалы көздерін дамыта отырып, экономиканың нақты секторына кредит берудің сапалы өсуі қамтамасыз етіледі.

      Орнықты даму, декарбонизация мақсаттарына қол жеткізуді ескере отырып және жобаларды іске асыру кезінде ESG қағидаттарын ілгерілету негізінде "жасыл" жобаларға инвестиция тартуды ынталандыру жүзеге асырылады.

      Осы Тұжырымдама негізгі үш бағытты іске асыру шеңберінде елдің инвестициялық әлеуетін дамытуға ықпал ететін басқа саясаттармен үндестірілген тұтас мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыруға бағытталған:

      1) инвестиция тарту экожүйесін одан әрі дамыту;

      2) институционалдық қаңқа мен инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;

      3) экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу.

5-бөлім. Дамудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

5.1 Негізгі қағидаттар

      Осы Тұжырымдамада инвестициялық саясатты дамытудың мынадай негізгі қағидаттары айқындалған:

      1) стратегиялық мақсаттармен үндестік: инвестициялық саясат елдің ұзақмерзімді стратегиялық басымдықтарымен және даму мақсаттарымен тығыз байланысты;

      2) әділ бәсеке: нарықтық қағидаттарды бұрмалайтын және жеке сектордың дамуына теріс әсер ететін мемлекеттік қолдау шараларын қысқарту;

      3) сабақтастық: инвестициялық саясат елдегі инвестициялық климаттың тұрақты және дәйекті дамуын қамтамасыз ететін алдыңғы тәжірибе мен жетістіктерге негізделген;

      4) басым салаларға бағдарлану: басымдық – тұрақты экономикалық өсуге ықпал ете отырып, стратегиялық маңызы бар және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті экономика салаларын дамыту;

      5) интеграция: инвесторлар үшін қолдау мен сүйемелдеудің барлық қажетті процестерді, құралдар мен ресурстарды біріктіретін бірыңғай жүйесін құру;

      6) үздіксіздік: нәтижелерді талдау, кері байланыс және өзгеретін экономикалық және саяси жағдайларды есепке алу арқылы инвестициялық саясат пен процестерді үнемі жетілдіру.

5.2 Инвестициялық саясатты дамыту тәсілдері

      Ағымдағы жай-күйді, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтары мен міндеттерін, жаһандық үрдістерді, сондай-ақ инвестициялық ахуалды дамытудың әлемдік практикасын талдауды негізге ала отырып, осы Тұжырымдамада 2029 жылға дейінгі инвестициялық саясатты дамытудың мынадай тәсілдері айқындалды.

      1-бағыт. Инвестиция тарту экожүйесін одан әрі дамыту

      Инвестиция тартудың сыртқы деңгейін жетілдіру

      Инвестиция тарту бойынша Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелер жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында әлеуетті шетелдік инвесторларды іздеудің және тартудың қазіргі тәсілдерін қайта қарау жоспарлануда.

      Инвестиция тартуға нақты "тапсырыс" қалыптастыру үшін мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың шетелдік мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимылын жолға қоюға басты назар аударылады. Осы процесс шеңберінде орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қатысушылары үшін инвестициялық ұсыныстарды ұдайы қалыптастыру міндеттемесі енгізіледі, олар кейіннен инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Алынған деректерді Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері елдік инвестициялық бағдарламаларды тиімді іске асыру үшін пайдаланады.

      Қазақстан инвестициялық рәсімдерді оңайлату үшін жаһандық стандарттарды белгілеуге бағытталған даму мақсатындағы Инвестицияларға жәрдемдесу туралы ДСҰ келісімінің қағидаттарын да ұстанатын болады. Бұл инвестициялық ахуалды жақсарта отырып, инвестициялардың өсуіне және нарықтағы сенімділікті арттыруға ықпал ететін бизнес үшін ашық және болжамды жағдайларды қамтамасыз ете отырып, үздік тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық үшін платформа жасайды.

      Инвестиция тартудың орталық деңгейін жетілдіру

      Инвестициялық экожүйені жақсарту үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің функциялары орталық деңгейде нақты регламенттеледі және бөлінеді.

      Инвестиция жөніндегі уәкілетті органның және инвестиция тарту саласындағы ұлттық компанияның қызметі "бір терезе" қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Инвестициялық циклды толық сүйемелдеу: әлеуетті инвесторларды іздеуден және келіссөздер жүргізуден бастап оны "орналастыруға" дейін қамтамасыз етіледі. Бұл процесте квазимемлекеттік сектор субъектілері де жәрдем көрсетеді. Бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу, рұқсат алу және бюрократиялық кедергілерді еңсеру жөніндегі мәселелерді бір орталықтан және жедел шешуге мүмкіндік береді.

      Инвестиция жөніндегі уәкілетті органға және инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияға инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тұрақты мониторингтеу және проактивті сүйемелдеу жөніндегі функциялар бекітілетін болады.

      Мемлекеттік органдардың әрқайсысында бірінші басшының орынбасары деңгейінде лауазымды тұлға бекітіледі, ол инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияның жобалау менеджерімен өзара іс-қимыл жасайды және өз құзыреттері шеңберінде жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі. Мониторинг барысында анықталған инвестициялық жобалардың проблемалы мәселелері мемлекеттік органдармен, даму институттарымен және инвесторлармен бірлесіп шешіледі. Ең күрделі және жүйелі проблемалы мәселелер Инвестициялық штабтың қарауына шығарылады. Жобалық басқару жүйесінің регламенті нормативтік түрде, оның ішінде мүдделі тараптардың өзара іс-қимыл жасау мерзімдері мен тетіктері бекітіледі. Барлық проблемалы мәселелер инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жүйелі кедергілерді анықтау үшін инвестиция жөніндегі уәкілетті органның "Инвесторлардың проблемалық мәселелері мен шағымдарының тізілімінде" (бұдан әрі – тізілім) тіркеледі.

      Тізілім екі құрамдауыштан тұрады: инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияға, Инвестициялық омбудсмен аппаратына, орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне іске асырылып жатқан жобалардың проблемалы мәселелері және инвесторлардың тікелей өтініштері (шағымдары). Жоғарыда аталған мемлекеттік органдар мен институттар инвесторлардан түскен шағымдарды тізілімде тіркеуге міндетті. Тізілім негізінде жүйелі талдау жүргізілетін болады және ұсыныстар қалыптастырылып, олар Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндамада көрсетіледі.

      ИҚҰО инвестиция тарту, реттеу саясатын жетілдіру, инвестициялық жобаларды іске асыруды қолдау және бақылау мәселелерінде үйлестіруші рөл атқара береді. ИҚҰО мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік ұйымдармен сектораралық үйлестіруді күшейтеді, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатысады.

      Инвестиция тартудың өңірлік деңгейін жетілдіру

      Инвестиция тартудың өңірлік деңгейінің жұмысын күшейту үшін өңірлердің инвестициялық бағдарламасы (бұдан әрі – ӨИБ) қалыптастырылады, онда инвестициялық ахуалдың ағымдағы жай-күйі, инвестициялық тартымдылықты дамыту тетіктері және нысаналы көрсеткіштер көрсетіледі. Бұл өңірлердің инвестициялық ахуал мәселелерін, соның ішінде инфрақұрылымдық және кадрлық мәселелерді нақты шешуге мүмкіндік береді.

      Жергілікті атқарушы органдар қаржыландыруды талап ететін инвестициялық жобалардың тізбесін жүйелі түрде қалыптастырады. Бұл жобалар инвестиция тарту жүйесінің сыртқы деңгейдегі елдік инвестициялық бағдарламалары үшін негіз болады.

      Жергілікті атқарушы органдар құзыреті шеңберінде орталық және сыртқы деңгейден: жер учаскелерін беру жылдамдығына, инфрақұрылым жүргізуге және т.б. бағытталған жобаларды пысықтау сапасына баса назар аударылады. Өңірлердің нысаналы индикаторларын НКИ және ТШИ сандық көрсеткіштерінен табысты "орналастырылған" жобалар үлесінің көрсеткіштеріне және өңірдегі инвесторларды сүйемелдеу сапасына (инвесторлардың қанағаттану дәрежесін талдау және бағалау негізінде) түзету мүмкіндігі қаралады. Бұл тәсіл инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесінің идеологиясына сәйкес келеді. Инвестиция тартудың сыртқы және орталық деңгейлері инвестиция тарту мәселесіне көбірек әсер етеді, ал өз кезегінде ЖАО инвестордың "орналасуын" қамтамасыз етуге және инвестордың нарықта қалуына айтарлықтай әсер етеді.

      Бұған қоса әр өңірде қолданыстағы Инвестициялық штабқа ұқсас өңірлік инвестициялық штабтар құрылады. Өңірлік инвестициялық штаб өңір әкімінің басшылығымен жұмыс істейді. Оның құрамына жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияның өңірлік өкілі, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілі, АЭА және ИА басқарушы компанияларының, прокуратура, салық органдары мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері кіреді. Өңірлік инвестициялық штабтың құзыретіне өңірдің инвестициялық жобаларының проблемалы мәселелерін шығару кіретін болады.

      Әрбір жергілікті атқарушы орган елдік инвестициялық бағдарламаларға ұқсас ӨИБ әзірлейді. ӨИБ өңірдің тауашалық салаларын таргеттеуді, өңірге инвестиция тарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын, облыстың осал аудандарындағы бюджеттік НКИ үлесін азайту шараларын және т.б. қамтиды.

      Бұдан басқа, инвестиция саласындағы жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің кадрлық әлеуетін арттыру жөніндегі бағдарлама әзірленеді. Білікті мамандардың тапшылығын анықтау және оны жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін жыл сайын кадрлық қамтамасыз етуге талдау жүргізіледі.

      Өңірлердің жұмысын кешенді бағалау үшін жыл сайын "Өңірлердің инвестициялық тартымдылығының рейтингі" (бұдан әрі – рейтинг) қалыптастырылатын болады, ол статистикалық деректермен қоса инвесторлардың қанағаттануының сауалнама нәтижелерін есепке алады.

      Инвестиция тартудың салалық және өңірлік тәсілі

      Бәсекелік артықшылықтары бар басым салаларды айқындауға негізделген инвестиция тартуда салалық және өңірлік тәсіл енгізіледі. Бұл орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға инфрақұрылымдық және кадрлық қажеттіліктерді қоса алғанда, стратегиялық жоспарларды тиімдірек әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Бұл тәсілді енгізу үшін бейінді мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар неғұрлым бәсекеге қабілетті тауашаларды айқындау үшін салалық және өңірлік талдау жүргізеді. Осы талдау негізінде ӨИБ мен салалық инвестициялық ұсыныстар қалыптастырылады.

      Сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің инвестициялық сұранысы шоғырландырылады. Бұл жұмыстың нәтижелері инвесторлар мен бизнес-әріптестерді нысанаға алу үшін елдік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде пайдаланылады.

      Инвестиция тартуға "тапсырыс" қалыптастыру үшін салалық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың шетелдік мемлекеттік мекемелермен тығыз өзара іс-қимылы жолға қойылады.

      Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа

      Инвестиция тарту жүйесінің тиімділігін арттыру және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа (бұдан әрі – ҰЦИП) іске қосылатын болады, бұл инвестиция тарту процесін цифрландыруды қамтамасыз етеді.

      ҰЦИП – бұл инвестициялық жобалардың, инвестициялық ұсыныстардың және инвестициялық процеске қатысушылардың бәрінің (инвесторлар, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және т.б.) деректер қорын біріктіретін цифрлық портал. Инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компания платформаның операторы болады. Ақпараттық жүйеге жобаларды тарту және орналастыру процесіне тартылған мемлекеттік органдар да, сол сияқты квазимемлекеттік сектор субъектілері де, сондай-ақ "Атамекен" ҰКП мен инвесторлар да рұқсат алатын болады.

      Платформа "KazakhInvest" ҰК" АҚ интернет-ресурсымен бірге инвестициялық қызметке қатысушылардың барлық бизнес-процестерін біріктіреді. Инвесторлар рұқсат құжаттарын мемлекеттік органдармен тікелей байланыспай, платформа арқылы ала алады.

      ҰЦИП негізгі компоненттері мыналарды қамтитын болады:

      қорытындыдан толық іске қосуға дейінгі инвестициялық жобаларды мониторингтеу жүйесі, сондай-ақ одан кейінгі мониторингі;

      автоматтандырылған рұқсат құжаттарын алу жүйесі (E-licence).

      Invest in Kazakhstan интернет-ресурсы:

      кен орындары, бос жер учаскелері, бос ресурстар, көлік және коммуналдық инфрақұрылым, іске асырылатын инвестициялық жобалар және т.б. туралы ақпаратқа қол жеткізу;

      өңірлік және салалық, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінен инвестициялық ұсыныстар;

      мемлекеттік қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларының туралы ақпаратты қамтитын болады.

      Инвестициялық саясаттың бизнес-процестерін автоматтандыру және цифрландыру шеңберінде инвестициялық саясатты іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің функциялары мен жауапкершілігі қайта қаралады және регламенттеледі.

      Еңбек ресурстары саласындағы саясатты жетілдіру үшін:

      "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" және "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық жүйелері ҰЦИП-мен интеграцияланады;

      инвестициялық жобалар есебінен құрылатын жұмыс орындары бойынша облыстар бөлінісінде жұмыс орындарын бірыңғай есепке алу қамтамасыз етіледі.

      Іске асырылатын инвестициялық жобалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындары туралы халықты хабардар ету мақсатында ҰЦИП-да жергілікті халықты одан әрі жұмысқа орналастыру үшін құрылатын жұмыс орындарының саны (тұрақты, уақытша) көрсетіледі.

      "Жасыл дәліз" тетігі

      Экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске қосуды жеделдету үшін "жасыл дәліз" тетігін заңнамалық бекіту мақсатында мынадай шаралар алдын ала қабылданатын болады:

      "жасыл дәлізді" тиісті құқықтық реттеуді қамтамасыз ету;

      салалардың басымдығын, жобаның технологиялық күрделілігін, инвестиция көлемін, экспорттық әлеуетті, әлеуметтік бағытты және т.б. ескере отырып, жобаларды "жасыл дәлізге" енгізу әдістемесін жетілдіру;

      Инвестициялық штабтың жекелеген стратегиялық маңызды жобалар үшін "жасыл дәліз" беру құқығын сақтау.

      "Жасыл дәліз" тетігі рұқсаттарды жеделдетіп алуды ғана емес, сонымен қатар жобаларға жеке сүйемелдеуді және халықаралық құрылыс стандарттарын пайдалану, білікті шетелдік жұмыс күшін тартуға кеңейтілген мүмкіндіктер сияқты жағдайларды да қамтамасыз етеді.

      Рұқсат беру рәсімдерінің мерзімдерін ұдайы оңтайландыру және жұмысқа рұқсат пен виза алу және ұзарту рәсімдерін қоса алғанда, жалпы мемлекеттік реттеуді оңайлату жоспарлануда.

      Бизнес-қоғамдастықпен жұмысты күшейту

      Акселерациялық сессиялардың сәтті өткізілуін ескерсек, бұл құрал институттандырылады. Осылайша, барлық салалық бағыттар бойынша жұмыс топтары жұмыс істейді. Жұмыс топтарының отырыстары тоқсанына 1 реттен сиретпей өткізіледі. Жұмыс тобының құрамына шетелдік инвестициялық қоғамдастық, "Атамекен" ҰКП, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдерін қоса алғанда, біріккен заңды тұлғалардың өкілдері кіреді.

      Бұл жұмыс топтарының негізгі міндеті – елдегі инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту үшін командалық жұмыс форматында тәжірибе және білім алмасу. Осы талқылаудың негізінде инвесторлардың жүйелі проблемаларын шешу бойынша ұсынымдар әзірленетін болады. Бұл практика нәтижелі диалог құруға және бизнес-қоғамдастықпен үнемі кері байланыс алуға ықпал етеді.

      2-бағыт. Институционалдық қаңқаны және инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

      Көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру

      Ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру шеңберінде инвестициялық саясат қызметінің басым түрлерін ұлттық даму мақсаттарына сәйкес экономиканың басым салаларымен үндестіру жүргізілетін болады.

      Қызметтің басым түрлері қазіргі экономикалық жағдайлар мен әлемдік трендтерді талдау негізінде үнемі қайта қаралып отыратын болады. Бұл өзгерістерге жедел ден қоюға және басымдықтарды түзетуге мүмкіндік береді.

      Инвестициялық преференция беру кезінде салалық және өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып, сараланған тәсіл қолданылады. Қаржылық және қаржылық емес преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімдердің барлық түрлерінде инвесторлар үшін қарсы міндеттемелер (еңбек өнімділігі, экспортқа шығу және т.б.) көзделетін болады.

      Индустриялық ірі жобалар үшін сауда саясаты саласындағы уәкілетті орган инвесторлармен бірлесіп, олардың өнімдерін сыртқы нарықтарға шығару жөніндегі жол карталарын әзірлейді. Әлеуметтік-еңбек саласындағы уәкілетті орган және орта және арнаулы орта білім беру саласындағы уәкілетті орган, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы уәкілетті орган инвестормен бірге еңбек күшімен сапалы қамтамасыз ету жөніндегі жол карталарын әзірлейтін болады.

      Инвестициялық келісімдер жасасу кезінде әкімшілік шығындарға тұрақты негізде талдау жүргізіледі, бұл осы процесті оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      МЖӘ саласындағы саясатты жетілдіру

      МЖӘ және концессиялар саласындағы заңнаманы біріктіру бірыңғай құқық қолдану практикасын және МЖӘ шарттары түрлерінің жіктемесін ретке келтіруді қамтамасыз етеді.

      МЖӘ жобаларына қызығушылықты арттыру үшін меншікті қаражаттың болуы жөніндегі біліктілік талаптары 10 %-ға дейін жеңілдетіледі, сондай-ақ біліктілік сатысында капиталдың болуын растау қажеттігі алып тасталады.

      Капиталды көп қажет ететін жобаларды іске асыру үшін халықаралық қаржы ұйымдарының қатысуымен МЖӘ жобаларын дайындау қорларын құру мәселесі пысықталатын болады және қаржыландыру үшін "толық аяқталған" МЖӘ ауқымды жобаларының пулы қалыптастырылатын болады.

      Бұл қор "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ-мен бірлесіп, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде МЖӘ тетігін таңдаудың басымдығы призмасы арқылы жобаларды іріктеуді және сапалы құрылымдауды жүзеге асыратын болады, бұл бюджеттік инвестициялардан МЖӘ жобаларына көшуді жандандырады, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттырады. "Қазақстандық МЖӘ орталығы" АҚ халықаралық қаржы ұйымдарының мемлекеттік органдармен, жеке бастамашылармен, консалтингтік компаниялармен өзара іс-қимылына, құжаттаманы әзірлеу кезінде МЖӘ саласындағы ұлттық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге байланысты процестерді үйлестіретін болады.

      Атап айтқанда, бұл қорлардың өзектілігі елдің инфрақұрылымдық қаңқасын қалыптастыруға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін құруға бағытталған 2029 жылға дейінгі ұлттық инфрақұрылымдық жоспарды (бұдан әрі – ҰИЖ) әзірлеуге байланысты күшейе түсуде.

      ҰИЖ шеңберінде тиісті инвестициялар мен қаржыландырудың баламалы көздерін іздеуді талап ететін, капиталды көп қажет ететін ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

      МЖӘ институтын дамыту үшін салалық нормативтік құқықтық актілерді бекіту жолымен белгіленген институционалдық және қаржылық шешімдері бар тираждалған шағын жобалар үшін "Бағдарламалық МЖӘ" дамыту жалғасады.

      МЖӘ жобаларын ұзақ кредит қаражатымен қамтамасыз ету мақсатында ҚДБ және халықаралық қаржы ұйымдарының құралдары тартылатын болады.

      МЖӘ жобаларын іске асыру кезінде шарттық қатынастарды орындамау тәуекелін төмендету үшін МЖӘ жобалары бойынша қабылданған шартты міндеттемелердің тізілімі қалыптастырылады және оның ағымдағы жай-күйіне тұрақты мониторинг қамтамасыз етіледі.

      МЖӘ жобаларын сапалы іріктеу мақсатында Қазақстандық МЖӘ орталығының инвесторлар мен мемлекеттік органдар үшін "бір терезе" ретіндегі рөлі күшейтіледі.

      МЖӘ жобаларын жоспарлау мен іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік әріптестердің құзыреттерін арттыру және МЖӘ жобаларының мониторингін күшейту жөніндегі шаралар кешені әзірленеді. Сондай-ақ консультанттарды сертификаттау және ұйымдарды аккредиттеу институтын енгізу жоспарлануда.

      МЖӘ жобаларын қалыптастыру, іске асыру және бағалау мәселелері тұрақты негізде Инвестициялық штабтың қарауына енгізіледі.

      Еуразиялық даму банкінің деректеріне сәйкес МЖӘ нарықтарының өсу факторларының бірі цифрландыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жеңілдету үшін МЖӘ-нің бірыңғай цифрлық кеңістігін және цифрлық жобалау офистерін құру болып табылады. Бұл тәсіл "Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 872 Жарлығының "бастапқы бойынша цифрландыру" қағидатына сәйкес келеді.

      МЖӘ жобаларын дайындау және сүйемелдеу процестерін цифрландыру мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады және әкімшілік рәсімдерді жеделдетеді.

      Қазіргі уақытта пилоттық режимде өңірлер мен экономика салалары бөлінісінде инвестициялық жобалардың қалыптасқан пулын іске асыруды қадағалауға мүмкіндік беретін ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылды. МЖӘ жобаларын цифрландыру шеңберінде МЖӘ жобаларын мониторингтеуді осы платформаға біріктіру ұсынылады.

      Сонымен қатар инвесторларды жоспарланған және жүзеге асырылып жатқан МЖӘ жобалары туралы ақпараттандыру үшін МЖӘ жобаларын жоспарлау рәсімдері бастама жасау сатысынан бастап жобаның іске асырылуын мониторингтеу мен бағалау сатысына дейін жүзеге асырылатын қолданыстағы қазақстандық ақпараттық жүйелер пайдаланылатын болады.

      МЖӘ жобаларын цифрландыру шеңберінде түрлі көздерден алынатын деректермен автоматты түрде алмасу үшін платформаларды біріктіру ұсынылады. Бұл жан-жақты талдау үшін деректерге оңай қол жеткізуге болатын бірыңғай ақпараттық кеңістік жасайды. Бұл тәсіл шешім қабылдауды жеңілдетеді және бизнес-процестердің тиімділігін арттырады.

      АЭА-ға қатысты саясатты жетілдіру

      АЭА тиімді жұмыс істеуі үшін инфрақұрылымдық дайындық деңгейін жақсарту жөніндегі жұмыс жалғасады. Осы міндет шеңберінде АЭА-ның қазіргі қамтамасыз етілуі мен толықтығына талдау жүргізу жоспарлануда. Талдаудың негізінде АЭА-ның қамтамасыз етілуін 100 %-ға жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары қалыптастырылады, оның орындалуын бейінді министрлік үнемі қадағалап отыратын болады. Бюджет шығыстарын оңтайландыру үшін экономикалық тиімсіз АЭА-ны индустриялық аймақтарға қайта ұйымдастыру мүмкіндігі қаралады.

      Рұқсат етілген қызмет түрлерін кеңейту және АЭА қолданылу мерзімдерін біріздендіру жоспарлануда. АЭА резиденттері үшін жеңілдікті жағдайлардың ішкі бәсекелестікке және жеке секторға теріс әсерін болғызбау үшін қатысушыларға еңбек өнімділігін арттыру және экспортқа бағдарланған өндірісті ұлғайту сияқты қарсы міндеттемелер енгізіледі.

      Инфрақұрылым салудағы мемлекеттік ынталандыру шаралары

      Инвесторларға 10 жыл мерзімге 6 % жеңілдікпен кредит беру түрінде мемлекеттік қолдаудың жаңа құралын енгізу жоспарлануда. Осы құралдың шеңберінде салынған инвестициялар көлеміне байланыстырмай, жаңа өнеркәсіптік жобалар үшін қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жеңілдікті кредиттер беру жоспарлануда.

      Әлемдік тәжірибеге сәйкес инфрақұрылымдық проблемаларды шешу үшін салық шегерімдері (КТС, мүлікке, жерге салынатын салық және т.б.) арқылы инвестициялық жобалар үшін қамтамасыз ететін инфрақұрылымды жүргізу шығындарын өтеу тетігін енгізу мүмкіндігі қарастырылады.

      Инвестициялық саясатты талдамалық қамтамасыз етуді күшейту

      Тиімді инвестициялық саясатты қалыптастыру сенімді деректер мен сапалы талдама негізінде шешім қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты:

      инвестиция тарту жөніндегі ұлттық компанияның талдамалық және келіссөздер жүргізу функциялары күшейтіледі ("қаржы талдаушысы" сертификаты бар мамандарды тарту және т.б.);

      ҰЦИП базасында барлық іске асырылған, іске асырылатын және перспективалы инвестициялық жобалардың бірыңғай дерекқоры құрылады;

      салалық мемлекеттік органдарға инвестициялық жобаларды кейіннен мониторингтеу жөніндегі функция бекітіледі (әлеуметтік-экономикалық әсерді талдау, қарсы міндеттемелердің орындалуына мониторинг және т.б.);

      инвесторлар мен Үкімет үшін инвестициялар бойынша жыл сайынғы ұлттық баяндама қалыптастырылады, оның ұсынымдары инвестициялық саясатты жетілдіру және инвестициялық ахуалдың жай-күйі туралы хабардар ету үшін пайдаланылады. Инвесторлар үшін ұлттық баяндама қазақ, орыс, ағылшын, қытай, араб, түрік, француз және басқа тілдерде ашық жарияланады.

      ESG дамуы

      ESG қағидаттарын енгізу шеңберінде ESG деректерін жеткізушілер мен рейтингтік агенттіктер үшін әдіснамалардың ашықтығына, сыртқы есептілікке, ішкі бақылау қағидаларын қалыптастыруға және т.б. қойылатын талаптар әзірленеді.

      Бизнесті жүргізудің ашықтығын арттыру мақсатында ірі компаниялар үшін климаттың өзгеруі/әлеуметтік қатысу/корпоративтік басқару туралы ақпаратты міндетті түрде ашу заңнамалық түрде бекітіледі. Бұған қоса, қаржылық емес есептілікке қойылатын бірыңғай қазақстандық талаптарды әзірлеу мүмкіндігі қаралатын болады.

      Қазақстанның бүкіл бизнесін қамту үшін ESG тәуекелдеріне ұшырау дәрежесі, сондай-ақ осы тәуекелдерді анықтау, әсерін бағалау және басқару рәсімі туралы ақпаратты ашу бойынша әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулықтар әзірленеді. Бұл компанияларға осал жақтарын анықтауға және қарсы шараларды жасауға көмектеседі.

      Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы

      Мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуының мақсаты ел экономикасын дамыту, оның бәсекеге қабілеттілігін, өнімділігі мен халықты жұмыспен қамтуын арттыру, республика азаматтарының ұлттық қауіпсіздігін және әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету болып табылады.

      Мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарының бірі мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке шектеулі қатысуы болып табылады.

      Мемлекеттің экономикаға қатысу үлесін төмендету мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуы үшін негіздерді қысқарту, Кешенді жекешелендіру жоспарын іске асыру және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесін оңтайландыру жолымен қамтамасыз етіледі.

      Экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін одан әрі ауқымды және жеделдетіп қысқартуды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі құрамына Парламент депутаттары, жұртшылық өкілдері, сарапшылар кіретін Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құрды.

      Кәсіпкерлікке және жекешелендіруге мемлекеттік қатысу қағидаттары:

      сұраныс болып, ол қанағаттандырылмаған, дамыған жеке бизнес пен бәсекелестік болмаған жағдайларда ғана жаңа экономикалық бірлік құрудан тұратын мемлекеттің субсидиарлық (қосалқы) рөлі;

      жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық объектілер мен әлеуметтік инфрақұрылымның жекелеген объектілерін қоспағанда, мемлекет қатысуымен құрылған нарық субъектілерін міндетті жекешелендіруді білдіретін кәсіпкерлікке мемлекеттің қатысуының уақытша болуы;

      жекешелендіруге дейін мемлекет қатысатын нарық субъектісін құрудың мақсаттары мен міндеттерінің болуы, оларға қол жеткізілуін межелеуді және ауық-ауық бағалауды білдіреді;

      экономикалық шоғырлану деңгейін төмендету мақсатында технологиялық мүмкіндік және экономикалық орындылық болған кезде бөлек лоттардың активтерді өткізуін білдіретін жеке монополия құруға жол бермеу.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында жекешелендіруге тыйым салынған стратегиялық объектілер мен әлеуметтік инфрақұрылым объектілері жекешелендіру тізіміне енгізілмейді.

      Жоғарыда көрсетілген тәсілдер негізінде Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис жұмысы шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін бәсекелес ортаға беру ұсынылатын активтердің тізбесі қалыптастырылатын болады.

      Нарыққа қатысушылар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттің реттеуші саясатын жетілдіру есебінен мемлекеттің экономикадағы қазіргі рөлі өзгертілетін болады.

      Бизнесті жауапты жүргізу стандарттары

      Қазақстанда бизнесті жауапты жүргізу (бұдан әрі – БЖЖ стандарттары) стандарттарын сақтауды көздейтін кәсіпкерлік қызметті жауапты жүргізу жөніндегі декларация әзірленеді, ол инвесторлардың жауапкершілікпен жұмыс істеуге, экономикалық өсуге және тұрақты дамуға оң үлес қосу ниетін растайды. Бизнесті жауапты жүргізу кәсіпкерлер мен инвесторлардың әділ бәсеке қағидаттарын, еңбек жағдайларын, адам құқықтарын қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды және т.б. сақтауын білдіреді.

      3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

      Рейтингтік көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту және кредиттік тәуекелді бағалауда сараптаманы арттыру

      Қазіргі уақытта қазақстандық көрсетілетін қызметтер нарығында рейтингтік баға беру бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер үстемдік етеді. Рейтингтік баға беру жөніндегі халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметтері бағасының жоғары болуы қорландыру құнын арттырады және қазақстандық компаниялардың қор нарығы арқылы қаржы тарту мүдделеріне теріс әсер етеді.

      Рейтингтік баға беру жөніндегі қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету шеңберінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жергілікті кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметі үшін жағдай жасау жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Осы мақсаттар үшін "Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау жоспарлануда.

      Заңнамалық деңгейде кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметін реттеудің, бақылаудың және қадағалаудың және қаржы ұйымдарын реттеуде оларға берілген рейтингтік бағаларды танудың тетіктері енгізілетін болады. Бір мезгілде рейтингтік агенттіктердің берілген рейтингтік бағалар үшін жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      Бұдан басқа, кредиттік рейтингтік агенттіктердің қызметі ұйымдар, қаржы құралдары мен өнімдер ұшырайтын тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалауға бағытталады деп жоспарлануда.

      Ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту және оны ең үздік халықаралық практикаға сәйкестендіру

      Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтің халықаралық практикасы мен стандарттарына сүйене отырып, қаржы нарығына қатысушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірге инвестициялық және венчурлік қорлар туралы жаңа заңнамалық база әзірлеу жоспарлануда.

      Реттеу периметріне венчурлік қорлар мен тікелей инвестициялау қорлары енгізіледі, жаңа қорлар жіктемесі көзделеді, инвестициялық және венчурлік қорларды реттеу, бақылау және қадағалау тәсілдері қайта қаралады.

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын Бағалы қағаздар нарығын қадағалау жөніндегі еуропалық басқарманың стандарттарына сәйкес келтіру

      Халықаралық дәрежеде танылу мақсатында, оның ішінде шетелдік капиталды тарту мақсаттары үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын Бағалы қағаздар нарығын қадағалау жөніндегі еуропалық басқарманың стандарттарына сәйкес келтіру қажет. Осыған байланысты Бағалы қағаздар нарығын қадағалау жөніндегі еуропалық басқарма директиваларының талаптарын ескере отырып, қолданыстағы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына заңнамалық түзетулер пакетін әзірлеу жоспарлануда.

      "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ны жергілікті есепке алу орталығынан өңірлік есеп айырысу-есепке алу хабына трансформациялау

      Қор нарығының инфрақұрылымын жаһандық капитал нарықтарының экожүйесіне интеграциялаудың жоғары дәрежесі елге инвестиция тартудың және қор нарығын одан әрі дамытудың негізгі элементіне айналуы мүмкін.

      Институционалдық дамудың маңызды бағыты "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ны (бұдан әрі – БҚОД) жергілікті есепке алу орталығынан өңірлік есеп айырысу-есепке алу хабына трансформациялау болып табылады, ол арқылы жаһандық ойыншылар жергілікті және өңірлік қаржы құралдарына қашықтан қол жеткізе алады. Қор нарығының барлық есеп айырысу-есепке алу инфрақұрылымын шоғырландыру, ішкі процестерді оңтайландыру, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сервистерді ұсынуға мүмкіндік беретін заманауи технологиялық платформаны енгізу жолымен БҚОД функционалын кеңейту қажет.

      БҚОД шетелдік инвесторлардың шетелдік депозитарийлермен және жаһандық кастодиандармен өзінің есепке алу жүйесінде тікелей шоттар ашу арқылы депозитаралық және корреспонденттік қатынастарды қалыптастыру есебінен ең аз шығындармен жергілікті қор және валюта нарықтарына тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Қазақстандық инвесторлардың шетелдік бағалы қағаздарға қолжетімділігін оңайлату және арзандату үшін KASE-де шетелдік акциялармен сауда-саттық тұжырымдамасы жетілдірілетін болады.

      Қазақстандық қор нарығының жаһандық капитал нарықтарына интеграциясын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру

      Жергілікті нарықты халықаралық капитал нарығымен одан әрі интеграциялау шеңберінде шетелдік депозитарийлермен және жаһандық кастодиандармен депозитараралық және корреспонденттік қатынастарды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.

      Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі БҚОД-мен және "Қазақстандық клирингтік орталық" АҚ-мен бірлесіп ағымдағы есептік инфрақұрылымды жетілдіру мәселесін пысықтайды және еуропалық директивалардың озық ұсынымдарын енгізіп, дәйекті түрде бейімдейтін болады.

      Clearstream халықаралық есеп айырысу-клирингтік жүйесімен өзара іс-қимылды кеңейту маңызды болып табылады, онымен позитаралық және корреспонденттік қатынастар орнатылған.

      Бүгінгі күні Clearstream жүйесінде есептеуге болатын қазақстандық бағалы қағаздардың тізімін ұлғайту жоспарлануда. Алдымен, бұл – квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары, кейіннен KASE өкілдік индексіне кіретін қазақстандық акциялар.

      Сонымен қатар үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, шетелдік есепке алу ұйымдарының БҚОД-тағы шоттарындағы қаржы құралдарына құқықтарды есепке алу және оларға көшу тәртібі бойынша ұсыныстар әзірленетін болады, сондай-ақ БҚОД-та халықаралық есепке алу ұйымдарының тікелей шоттарын ашу үшін қажетті заңнамалық жағдай жасалады.

      Жасыл қаржы

      Көміртек бейтараптығына қол жеткізу үшін 2030 жылға дейінгі инвестициялық қажеттілік шамамен 10 миллиард АҚШ долларын құрайды
(2060 жылға дейін 600 млрд АҚШ доллары). Осыған байланысты "жасыл" қаржыны, оның ішінде тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі шараларды көздеу талап етіледі.

      "Жасыл инвестицияларды" ынталандыру және экономиканы көміртектен арылту процесін қолдау үшін шаралар көзделеді. Атап айтқанда, банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының кредиттік портфельдерінің көміртегі ізін бағалауы бойынша ұсыныстар әзірленеді.

      Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуінің 2060 жылға дейінгі стратегиясы шеңберінде "көміртегі" (карбон) қорын құру көзделеді. Инновациялар мен инвестицияларды экологиялық орнықты технологияларға ынталандыра отырып, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және көміртекті сіңіруді арттыруға бағытталған жобаларға қаржы ресурстарын жұмылдыру және тиімді бөлу арқылы 2060 жылға қарай Қазақстан Республикасының көміртегі бейтараптығына қол жеткізуіне жәрдемдесу Қордың миссиясы болып табылады.

      Атап айтқанда, энергетика, өнеркәсіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, көлік және экономиканың басқа да негізгі секторларын көміртектен арылту жөніндегі стратегиялық жобаларды қаржыландыру жоспарлануда.

      Ірі инвесторлар мен квазимемлекеттік ұйымдар үшін ESG көрсеткіштері бойынша міндетті есептілікті және осындай есептілікті тәуелсіз тексеруді (верификациялауды) енгізу көзделеді. Верификация жөніндегі талаптар верификация жөніндегі уәкілетті компанияларды тарта отырып, тұрақты негізде жүргізілуі тиіс.

      Жеткізу тізбегін бағалау үшін кросс-платформалық шешімдерді енгізу мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл шешім мемлекеттік сатып алу контексіндегі тұрақтылық стандарттарына қатысты жеткізушілердің ашықтығы мен жауапкершілігін жақсартуға мүмкіндік береді.

      Мұндай шешімді енгізу, сондай-ақ тұрақтылыққа қойылатын талаптар одан сайын қатайып бара жатқан халықаралық нарықтарда қазақстандық өнім берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады. Бұл тұрақты жобаларға инвестицияларды экспорттау және тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер

6.1 2029 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар

Нысаналы индикаторлар

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

Жауапты орындаушы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

НКИ, ЖІӨ-ден %

14,6 %

15 %

17 %

18 %

19 %

21 %

23 %

ҰЭМ,
СІМ,
мүдделі ОМО, ЖАО

НКИ, трлн теңге

17,6

21,3

26,2

31,5

38,6

47,6

58,4

ҰЭМ,
СІМ,
барлық мүдделі ОМО, ЖАО

Мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда, НКИ, трлн теңге

14,7

16,8

21,9

27,2

34,0

42,1

51,9

ҰЭМ,
СІМ,
мүдделі ОМО, ЖАО

НКИ жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі, %

19,1 %

20 %

22 %

23 %

25 %

27 %

30 %

СІМ,
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ
(келісу бойынша),
ҰЭМ, барлық мүдделі ОМО, ЖАО

ТШИ жалпы құйылуы, млрд АҚШ доллары

23,6

24,8

25,1

25,5

25,6

25,7

25,8

СІМ,
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ
(келісу бойынша)
ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша), барлық мүдделі ОМО, ЖАО

ТШИ таза құйылуы
ЖІӨ-ге, %

1,2 %

2 %

2 %

2 %

2 %

2 %

2 %

СІМ,
"Kazakh Invest" ҰК" АҚ (келісу бойынша)
ҰЭМ, ҰБ (келісу бойынша),
барлық мүдделі ОМО, ЖАО

Өңірлер бойынша НКИ*, млрд теңге

Абай облысы

527

709,5

880,4

1087,9

1335,3

1796,5

2204,3

Абай
облысының әкімдігі

Ақмола облысы

614

764,4

1013

1200

1472,9

1816,2

2228,4

Ақмола
облысының
әкімдігі

Ақтөбе облысы

1026

1274,6

1597,4

2021,7

2481,5

3059,8

3754,3

Ақтөбе
облысының
әкімдігі

Алматы облысы

738

1020

1351,9

1589,9

1951,5

2406,3

2952,5

Алматы
облысының әкімдігі

Атырау облысы

2935

3270,9

3448,8

3361,5

3446,0

3799,3

4217,2

Атырау
облысының
әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы

675

689,3

841

1051,2

1290,3

1591,0

1952,1

Батыс
Қазақстан облысының
әкімдігі

Жамбыл облысы

537

652

826,4

1000,5

1228,0

1514,3

1857,9

Жамбыл
облысының
әкімдігі

Жетісу облысы

357

425,4

573,5

676,9

830,8

1024,5

1257,0

Жетісу
облысының
әкімдігі

Қарағанды облысы

877

1188,4

1519

1898,7

2330,5

2873,7

3525,9

Қарағанды
облысының
әкімдігі

Қостанай облысы

562

672,1

781

1003,8

1232,1

1519,3

1864,1

Қостанай
облысының
әкімдігі

Қызылорда облысы

514

517,5

631,4

789,2

1068,7

1317,8

1616,9

Қызылорда
облысының
әкімдігі

Маңғыстау облысы

1102

1073,8

1410,3

1662,9

2241,1

2913,4

3574,7

Маңғыстау
облысының
әкімдігі

Павлодар облысы

797

955,8

1110,7

1413,3

1734,7

2289,0

3000,0

Павлодар
облысының
әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы

444

557,5

650,2

775,2

951,5

1173,3

1550,0

Солтүстік Қазақстан
облысының
әкімдігі

Түркістан облысы

949

1133,8

1427,1

1783,9

2219,5

2736,8

3358,0

Түркістан
облысының
әкімдігі

Ұлытау облысы

229

273

351

426,3

523,2

645,2

791,6

Ұлытау
облысының
әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы

649

832,2

1065

1256,3

1542,0

1901,4

2333,0

Шығыс Қазақстан
облысының
әкімдігі

Астана қ.

1655

2175,8

2719,7

3399,6

4272,7

5268,6

6464,3

Астана
қаласының
әкімдігі

Алматы қ.

1803

2185,3

2805,4

3556,7

4365,6

5383,1

6604,8

Алматы
қаласының
әкімдігі

Шымкент қ.

662

928,7

1194,8

1493,5

2083,2

2568,7

3294,2

Шымкент
қаласының
әкімдігі

Өңірлер бойынша ТШИ*, млн долл.

Абай облысы

40,6

149

154

160

165

170

175

Абай
облысының әкімдігі

Ақмола облысы

421,9

158

161

166

168

170

172

Ақмола
облысының
әкімдігі

Ақтөбе облысы

997,9

1380

1399

1435

1440

1450

1459

Ақтөбе
облысының
әкімдігі

Алматы облысы

875,2

527

532

539

543

547

552

Алматы
облысының әкімдігі

Атырау облысы

3843,7

5983

6086

6141

6146

6157

6165

Атырау
облысының
әкімдігі

Батыс Қазақстан облысы

1182,2

1202

1219

1239

1257

1263

1272

Батыс
Қазақстан облысының
әкімдігі

Жамбыл облысы

182,6

80

86

94

98

101

103

Жамбыл
облысының
әкімдігі

Жетісу облысы

43,9

58

62

66

68

71

73

Жетісу
облысының
әкімдігі

Қарағанды облысы

439,0

683

691

702

704

708

711

Қарағанды
облысының
әкімдігі

Қостанай облысы

396,2

752

763

765

768

771

779

Қостанай
облысының
әкімдігі

Қызылорда облысы

280,1

276

280

281

282

283

290

Қызылорда
облысының
әкімдігі

Маңғыстау облысы

1113,6

908

914

928

930

934

938

Маңғыстау
облысының
әкімдігі

Павлодар облысы

943,5

1119

1120

1127

1129

1135

1142

Павлодар
облысының
әкімдігі

Солтүстік Қазақстан облысы

302,5

63

67

69

71

73

75

Солтүстік Қазақстан
облысының
әкімдігі

Түркістан облысы

857,6

467

475

499

506

511

515

Түркістан
облысының
әкімдігі

Ұлытау облысы

-11,2

49

51

55

57

61

63

Ұлытау
облысының
әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысы

1677,6

2460

2475

2518

2522

2525

2528

Шығыс Қазақстан
облысының
әкімдігі

Астана қ.

2161,7

1135

1147

1175

1188

1199

1210

Астана
қаласының
әкімдігі

Алматы қ.

7775,4

7176

7240

7358

7369

7378

7383

Алматы
қаласының
әкімдігі

Шымкент қ.

88,2

175

178

183

189

193

195

Шымкент
қаласының
әкімдігі

      *Өңірлер бойынша номиналды мәндегі нысаналы индикаторлар елдегі макроэкономикалық жағдайды ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

      6.2 2029 жылдың қорытындысы бойынша күтілетін негізгі нәтижелер:

      6 жыл ішінде негізгі капиталға кемінде 223,6 трлн теңге инвестиция тарту.

      6 жыл ішінде кемінде 150 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетел инвестиция тарту.

      Жыл сайын ЖІӨ-ге қатысты кемінде 2 % деңгейінде ТШИ таза құйылуын қамтамасыз ету.

      Экономиканың шикізаттық емес секторларына баса назар аудара отырып, инвестиция легін әртараптандыруды қамтамасыз ету.

      Инвесторлардың инвестициялық ахуалмен қанағаттануының жоғары дәрежесі (жыл сайын тәуелсіз пікіртерім қорытындысы бойынша 90 %-дан төмен емес).

      Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны толыққанды іске қосу.

      Жыл сайын жалпыұлттық пул шеңберінде кемінде 220 инвестициялық жобаны пайдалануға беру.

      Жалпыұлттық пулдың инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде кемінде 120 мың жұмыс орнын құру.

      Тиімді АЭА және ИА инфрақұрылымының 100 % әзірлігін қамтамасыз ету.

      Ескертпе:

      Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

  Қазақстан Республикасы
инвестициялық саясатының
2029 жылға дейінгі
тұжырымдамасына
қосымша

Қазақстан Республикасы инвестициялық саясатының 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары


Р/с

Іс-шара атауы

Аяқтау нысаны

Іске асыру мерзімі

Жауапты тұлғалар


1

2

3

4

5

1-бағыт. Инвестиция тарту экожүйесін одан әрі дамыту

1

Бейінді ОМО, ЖАО және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін инвестициялық ұсыныстарды жүйелі түрде қалыптастыру бойынша міндеттемелерді енгізу

инвестициялық ұсыныстар пулы және www.invest.gov.kz интернет-ресурсында жариялау

тоқсан сайын

СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ (келісу бойынша), KIDF (келісу бойынша), ҰЭМ, ОМО, ЖАО

2

"Инвесторлар үшін "бір терезені" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестициялар тарту кезінде өзара іс-қимыл жасау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 11-1-4/327 бұйрығына инвестициялық масштабтың қызметін қайта форматтауды және Ұлттық инвестициялық платформаны іске қосуды ескере отырып және т. б. өзгерістер енгізу

бұйрыққа өзгерістер енгізу

2024 жылғы желтоқсан

СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

3

Салалық мемлекеттік және квазимемлекеттік органдар басшыларының, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен инвестициялық ахуалды жақсарту және экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау бойынша акселерациялар жүргізу (тоқсанына кемінде 1 рет)

ҮА-ға ақпарат

жыл сайын, желтоқсан

СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

4

"Проблемалы мәселелер мен инвесторлар шағымдарының бірыңғай тізілімін" жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жүйелік кедергілерді анықтау үшін талдау жүргізу

Инвестициялық штабқа шығара отырып, басқарма төрағасы бекіткен проблемалы мәселелердің бірыңғай тізілімі

тоқсан сайын

"KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), СІМ, ОМО, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

5

Барлық өңірлерде өңірлік инвестициялық штабтардың тұрақты (айына кемінде 1 рет) отырыстарын қамтамасыз ету

СІМ-ге,
ҰЭМ-ге тоқсан сайынғы есеп

тұрақты негізде

ЖАО, СІМ, ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

6

Өңірлердің инвестициялық бағдарламаларын әзірлеу

әкімдердің шешімдері

жыл сайын, қаңтар

ЖАО, СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

7

Жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің инвестициялар саласындағы құзыреттерін арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу

әзірленген бағдарлама

2025 жылғы наурыз

МҚІА, МБА (келісу бойынша), Еңбекмині, СІМ

8

Өңірлердің инвестициялық тартымдылығының жыл сайынғы рейтингін қалыптастыру

өңірлердің инвестициялық рейтингі

жыл сайын, мамыр

ҰЭМ, СІМ, ЖАО

9

ҰЦИП өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және оны пайдалануды институционалдандыру

пайдалануға беру актісі және ҰЦИП-да жұмыс істеу жөніндегі регламентті бекіту

2024 жылғы желтоқсан
 

СІМ, ЦДИАӨМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰАТ АҚ (келісу бойынша),
ҰЭМ, БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

10

E-licence жүйесін ҰТО-ға интеграциялау (инвесторлардың рұқсат құжаттарын алу процесін цифрландыру)

ҰЦИП-да ақпараттың қолжетімді болуы

2025 жылғы наурыз
 

ЦДИАӨМ, СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, ӨҚМ, АШМ, ЭТРМ, мүдделі ОМО

11

www.invest.gov.kz ұлттық инвестициялық интернет-ресурсында инвесторлар үшін қолжетімді болатын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрына (жер учаскелері, орналасқан жерінің визуалды картасы және фотосуреттері бар), өндірістік қуаттардың (оның ішінде АЭА, ИА және шағын өнеркәсіптік аймақтардың) дерекқорына қол жеткізуді қамтамасыз ету

ақпараттың www.invest.gov.kz
интернет-ресурсында қолжетімді болуы

2025 жылғы наурыз
 

СІМ, ЦДИАӨМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ,
ӨҚМ, АШМ, мүдделі ОМО, ЖАО

12

Іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын бірыңғай есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында "Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы" және "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық жүйелерін ҰЦИП-мен үндестіру

ҰЦИП-да ақпараттың қолжетімді болуы

2025 жылғы маусым
 

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

13

"Жасыл дәліз" тетігін құқықтық реттеуді қамтамасыз ету және оның әдістемесін жетілдіру

бұйрық
қабылдау

2025 жылғы ақпан

СІМ, ҰАТ АҚ (келісу бойынша), "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ОМО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

14

ЖАО-да (облыстық және аудандық деңгейде) жеке инвестицияларды ынталандыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу

бекітілген
Іс-қимыл жоспары

жыл сайын, қаңтар

ЖАО, ҰЭМ, СІМ, Қаржымині

15

Өңдеу өнеркәсібінде және басқа да салаларда жобаларды іске асыруды жақсарту мақсатында инвестициялар туралы келісім жасасу бойынша әрбір салалық мемлекеттік орган бөлінісінде сандық нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу
 

бұйрық
қабылдау

жыл сайын, қаңтар

салалық мемлекеттік органдар, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), СІМ, ҰЭМ

16

Инвесторларды тартуды күшейту шеңберінде жаңа нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу (жобалар бойынша жаңа бастамалар)

"KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ даму жоспарындағы нысаналы көрсеткіштерді бекіту

2024 жылғы желтоқсан

СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша), ҰЭМ

17

Инвесторлардың қанағаттану дәрежесіне жыл сайынғы пікіртерім (мониторинг) жүргізу
 

талдамалық есеп

жыл сайын
маусым,
желтоқсан

СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

2-бағыт. Институционалдық қаңқаны және инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу

18

Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру

Инвестициялар жөніндегі ұлттық баяндама

жыл сайын маусым

ҰЭМ, СІМ, "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

19

Инвестициялық келісімдердің/келісімшарттардың өтінімдерін қарау сапасы мен тиімділігін жақсарту

ҮА-ға /Инвестициялық штабқа ұсыныс

жыл сайын
қаңтар

СІМ, ӨҚМ, ҰЭМ

20

Инфрақұрылымға арналған шығыстарды (оның ішінде салықтық шегерімдерді) өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді қарастыру

ҮА-ға /Инвестициялық штабқа ұсыныс

2025 жылғы қаңтар

ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, Қаржымині, ЭМ, СРИМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

21

Шикізаттық емес экспортты ілгерілету жөніндегі жұмыстарды және инвесторлардың қатысуымен экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу
 

ҮА-ға ұсыныс

тоқсан сайын

СИМ, "ССДО "QazTrade" АҚ (келісу бойынша), "KАZАKH Export" АҚ (келісу бойынша), "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

22

Инвестициялық келісімдер (келісімшарттар) жасасу кезінде инвесторлар үшін қарсы міндеттемелер тетігін әзірлеу

ҮА-ға /Инвестициялық штабқа ұсыныс

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, СІМ, Қаржымині, ӨҚМ, мүдделі ОМО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

23

Ұлттық даму мақсаттарына сәйкес басым қызмет түрлерін басым секторлармен үндестіру

Үкімет қаулысына өзгерістер/толықтырулар енгізу

2025 жылғы наурыз

ҰЭМ, Қаржымині, СІМ, ӨҚМ, мүдделі ОМО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

24

Инвестициялық преференциялар беру кезінде "пакеттік тәсілді" енгізу

ҮА-ға ұсыныс

2025 жылғы тамыз

ҰЭМ, СІМ, Қаржымині, ӨҚМ, ЭМ, мүдделі ОМО, "Бәйтерек"ҰБХ" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

25

МЖӘ жобаларын дайындау қорын құру

ХҚИ-мен келісім,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы,
НҚА жобасын ҮА-ға енгізу

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

26

МЖӘ жобаларына бастама жасау және іріктеу тәсілдерін жетілдіру (мемлекеттік сектордың компараторы)

НҚА жобасын ҮА-ға енгізу

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

27

Консультанттар мен сарапшыларды сертификаттау және оларға үлгілік біліктілік талаптарын белгілей отырып, МЖӘ жобаларын дайындауды және сараптауды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу институтын енгізу

НҚА жобасын ҮА-ға енгізу

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

28

МЖӘ жобаларының экономикалық сараптамасының қорытындылары бойынша шешімдер шығаруға арналған өлшемшарттарды нақтылау

бұйрық қабылдау

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ (келісу бойынша)

29

АЭА қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу және АЭА қызметін қайта форматтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу (тиімсіз АЭА-ны ИА-ға қайта ұйымдастыру, АЭА-ны басқаруды жеке секторға беру және т.б.)

ҮА-ға және Инвестициялық штабқа талдамалық жазба

2025 жылғы наурыз

ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, ЖАО

30

АЭА және ИА қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін нысаналы көрсеткіштерді әзірлеу

ҮА-ға /Инвестициялық штабқа ұсыныс

2025 жылғы наурыз

ӨҚМ, ҰЭМ

31

АЭА және ИА қатысушылары үшін қарсы міндеттемелер тетігін енгізу

бұйрық
қабылдау

2025 жылғы наурыз

ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

32

АЭА қолданылу мерзімдерін біріздендіруді қамтамасыз ету

бұйрық
қабылдау

2025 жылғы наурыз

ӨҚМ, ЖАО

33

АЭА-да жұмыс істеу үшін қызмет түрлерін кеңейту

бұйрық
қабылдау

2025 жылғы желтоқсан

ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, ЖАО, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

34

Тиімді АЭА инфрақұрылымының дайындық деңгейін кезең-кезеңмен 44 %-дан 100 %-ға дейін ұлғайту

тиімді АЭА инфрақұрылымының 100 % дайындығы

2029 жылғы маусым

ӨҚМ, ҰЭМ, СІМ, ЖАО

35

Бизнесті жауапты жүргізу (БЖЖ) стандарттарын тарату мақсатында Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті жауапты жүзеге асыру жөніндегі декларацияны әзірлеу

әзірленген
декларация

2025 жылғы маусым

ҰЭМ, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

36

Іске асырылатын және перспективалы инвестициялық жобаларды, сондай-ақ оларды жалдау кезіндегі әкімшілік кедергілерді ескере отырып, экономиканың шетелдік жұмыс күшіне қажеттіліктерін талдау. Оларды жою жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу

ұлттық мүдделерді ескере отырып, ШЖК жалдау кезінде кедергілерді жою жөніндегі шаралар кешені

жыл сайын
наурыз

Еңбекмині, СІМ, ҰЭМ

3-бағыт. Экономиканың инвестициялық әлеуетін ашу

37

Рейтингтік көрсетілетін қызметтер нарығын дамыту және кредиттік тәуекелді бағалауда сараптаманы арттыру

ҮА-ға ақпарат

2026 жылғы қаңтар
 

ҚНРДА (келісу бойынша)

38

Ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту және оны үздік халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру

ҮА-ға ақпарат

2026 жылғы қаңтар
 

ҚНРДА (келісу бойынша)

39

Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасын
Бағалы қағаздар нарығын қадағалау жөніндегі Еуропалық басқарманың (ESMA) стандарттарына сәйкестікке келтіру бойынша ұсыныстарын қалыптастыру

ҮА-ға ақпарат

2027 жылғы қаңтар

ҚНРДА (келісу бойынша)

40

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (БҚОД) жергілікті есеп орталығынан өңірлік есеп-айырысу-есепке алу хабына трансформациясы

ҮА-ға ақпарат

2029 жылғы желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), БҚОД (келісу бойынша)

41

Қазақстандық қор нарығының жаһандық капитал нарықтарына ықпалдасуын арттыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру

ҮА-ға ақпарат

жыл сайын, 2029 жылға дейін

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша)

42

Экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді басқару бойынша банктер мен басқа қаржы ұйымдары үшін ұсынымдар әзірлеу (Guidelines Environmental and Social Risk Мanagement, ESRМ)

әдістемелік ұсынымдар

2024 жылғы желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ЭТРМ, Еңбекмині, ИЭИ АҚ (келісу бойынша), "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

43

Банктердің және басқа қаржы ұйымдарының кредиттік портфельдерінің көміртегі ізін бағалау бойынша ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2025 жылғы желтоқсан

ҚНРДА (келісу бойынша), ҰБ (келісу бойынша), ҰЭМ, ЭТРМ, ИЭИ АҚ (келісу бойынша), АХҚО (келісу бойынша)

44
 

Парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін Көміртегі қорын құру

бұйрық қабылдау

2028 жылғы қаңтар

ҰЭМ, ЭТРМ, АХҚО (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша)

45

Кепілдіктер беру үшін тұрақты облигациялар мен басқа да "жасыл" қаржы құралдарын пайдалану мүмкіндігін бағалау
 

ҮА-ға ақпарат

2026 жылғы қаңтар

ҰЭМ, ЭТРМ, АХҚО (келісу бойынша)

46

Мемлекеттік сатып алу шеңберінде жеткізу тізбегін бағалау үшін кросс-платформалық шешімдерді енгізу мүмкіндігін талдау

ҮА-ға ақпарат

2026 жылғы қаңтар

ҰЭМ, Қаржымині

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      АХҚО – "Астана" халықаралық қаржы орталығы;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      АЭА – арнайы экономикалық аймақтар;

      "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы;

      БҚОД – Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі;

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ИА – индустриялық аймақтар;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" АҚ – "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;

      МБА – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы;

      МҚІА – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар;

      ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ – "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      "ССДО "QazTrade" АҚ – "QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы акционерлік қоғамы;

      ҰАТ АҚ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы;

      ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;

      ҰЦИП – ұлттық цифрлық инвестициялық платформа;

      ҮА – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

      ЭЗИ АҚ – "Экономикалық зерттеулер институты" акционерлік қоғамы;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі;

      "KАZАKH Ехport" АҚ – "Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі" акционерлік қоғамы;

      "KАZАKH INVEST" ҰК" АҚ – "Kаzаkh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "KIDF" АҚ – "Kаzаkhstаn Investment Development Fund" акционерлік қоғамы;

      "QazIndustry" ҚИЭО" АҚ – "Qazindustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады