Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 қыркүйектегі № 353 Жарлығы.

      Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жалпыұлттық жоспар) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауының ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүйелі негізде жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Жалпыұлттық жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, басқа да мемлекеттік органдардың бірінші басшылары Жалпыұлттық жоспар іс-шараларының мүлтіксіз және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
      Қ. ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 353 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

      Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу шеңберінде 6-7% деңгейінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 450 млрд долларға дейін 2 есе ұлғайту жөніндегі шараларды айқындау

Президент Жарлығының жобасы

СЖРА, Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

2.

Басым салаларда, оның ішінде: металдарды терең кайта өңдеуде, мұнай, газ және көмір химиясында, ауыр машина жасауда, уран өнеркәсібінде, автобөлшектер мен тыңайтқыштар өндірісінде және басқаларда жоғары деңгейде қайта өңдеу кластерлерін, туризм саласын құруға бағытталған, кемінде 15 ірі жобадан тұратын тізбені бекіту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ

2023 жылғы желтоқсан

3.

Негізгі тәсілдерді, мерзімдерді, жауапты мемлекеттік органдарды, қаржыландыру көздерін, қажетті мемлекеттік қолдау шараларын айқындай отырып, ірі жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы ақпан

4.

Кәсіпорындарды елдің ішінде табиғи ресурстарды кайта өңдеуге ынталандыруға бағытталған реттеуші және фискалдық шараларды тұжырымдау

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, СЖРА

2024 жылғы шілде

5.

Өңдеуші өнеркәсіпті жеткілікті көлемде және барабар баға бойынша шикізатпен қамтамасыз ету

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

6.

Мынаған: тауарларды реттелетін сатып алуда отандық өндірушілермен жасалатын офтейк-келісімшарттардың үлесін кем дегенде 10%-ға дейін жеткізуге;
3 жыл ішінде реттелетін сатып алуда қазақстандық қамтудың кемінде 60%-ға дейінгі үлесін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “Атамекен” ҰКП

2024-2026 жж. шілде, желтоқсан

7.

Қолданыстағы CTKZ нысанындағы сертификаттардың және индустриялық сертификаттың орнына Қазақстаннан шыққан тауарлардың тізілімін жасауды қоса алғанда, сауда саясатында ішкі нарықты және отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған реттеуші шараларды тұжырымдау

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, БКДА, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы шілде

8.

Кәсіпорындарда технологиялық және экологиялық жағдайды, денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін шаралар қабылдау, оған қоса ірі өнеркәсіп өндірістерінің және инфрақұрылымдық кәсіпорындардың әрбір 5 жыл сайын технологиялық және экологиялық аудиттен өтуі жөніндегі заңнамалық талапты белгілеу

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы наурыз

9.

Тау-кен секторын басқару жүйесін икемді реттеуші және фискалды шарттарды енгізу, оның ішінде: геологиялық зерделеуді меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырған инвесторларға жер қойнауын пайдаланудың басым құқығын қамтамасыз ету; кешенді мемлекеттік сараптаманы енгізу және процестерді толығымен цифрландыру арқылы жобаларды келісу мерзімдері мен рәсімдерін екі есе қысқарту есебінен ірі жекеше инвестицияларды тартуға бағытталған жаңғырту

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, СЖРА, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы ақпан

10.

2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерделенген алаңдарды казіргі 1,5 млн шаршы км-ден кемінде 2,2 млн шаршы км-ге жеткізу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024-2026 жж. шілде, желтоқсан

11.

2023 жылдың соңына дейін сирек және сирек кездесетін металдар саласын дамытудың кешенді пайымын әзірлеу

Үкімет қаулысының жобасы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы желтоқсан

12.

Елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайту бойынша:
отандық қорғаныс кәсіпорындарын мемлекеттік қолдауды күшейту және оларды тиісті ведомстволардан тапсырыстармен қамтамасыз ету;
заманауи технологиялардың трансферті және жергілікті өнім үлесі жоғары қару-жарақ пен әскери техника өндірістерінің циклдерін құру; жасап шығарылатын жоғары технологиялы қару-жарақ пен әскери техниканың түрлері мен номенклатурасын көбейту; қару-жарақ пен әскери техниканы жедел жөндеу үшін өндірістік қуаттарды арттыру арқылы шаралар қабылдау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ҰҚК, МКҚ

2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2026 жж. шілде, желтоқсан

13.

Отандык кәсіпорындарды тікелей қаржылық қолдау тетігі ретінде арнаулы Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру

Үкімет қаулысы

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

14.

Қазақстан Республикасының агроөнер- кәсіптік кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын жаңарту, онда:
бастапқы өндірістен жоғары деңгейде кайта өңдеу өнімін шығаруға кезең- кезеңімен көшу және үш жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі міндеттер;
қайта өңдеуді ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау;
отандық агрофирмаларды ірілендіруге ынталандыру, сондай-ақ трансұлттық корпорацияларды өзара тиімді шарттарда белсенді түрде тарту;
етті, сүтті және астықты терең кайта өңдеу бойынша басым және перспективалы бағыттарды айқындау, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту; Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын салуға және суару жөніндегі жобаларға тарата отырып, ірі сүт-тауарлы фермаларды салуды жалғастыру;
отандық техника өндірушілердің және аграршылардың мүдделерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізу;
қазақстандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдай отырып, экспорт географиясын жоспарлы түрде кеңейту;
егістіктерді әртараптандыру, рентабельділігі жоғары дақылдардың алаңын ұлғайту, суды көп қажетсінетін және монодақылды егістіктерді қысқарту; фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету, жаңа өнімді сұрыптарды шығару және өсіру де көзделеді

Үкімет қаулысы

Үкімет

2024 жылғы ақпан

15.

Азаматтардың әлеуметтік жағынан осал санаттарын тиімді атаулы колдауды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бағасын реттеуден кезең-кезеңімен бас тарту

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы тамыз

16.

“Ауыл аманаты” бағдарламасын одан әрі іске асыру аясында жеке қосалқы шаруашылықтардың кооперациясын ынталандыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “AMANAT” партиясы

2024-2025 жж. маусым

17.

Аграрлық ғылымды дамыту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде: танылған шетелдік аграрлық ғылым орталықтарымен толыққанды ғылыми- практикалық ынтымақтастықты жолға қою;
жекеше ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;
Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын вертикалды интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру

Президент Әкімшілігіне есеп
НҚА топтамасын қабылдау
НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы тамыз
2024 жылғы мамыр
2024 жылғы наурыз

18.

“Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” ұлттық компаниясы” АҚ-ның жекеше нарыққа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің, сақтаудың және өткізудің толыққанды желісін құруда жәрдемдесу жөніндегі мандат, сондай- ақ бағаның өсуін ірку үшін интервенцияны жүзеге асыру да көзделетін жаңартылған стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы қаңтар

19.

Халық пен экономиканың ағымдағы қажеттіліктері және болашақтағы кажеттіліктерін болжау негізінде, Қазақстан Республикасының ұлттық инфрақұрылымдық жоспарын әзірлеу шеңберінде отын-энергетика кешенінде, көлік, су салаларында және басқа да инфрақұрылымдық салаларда желілік жобаларды айқындау

Үкімет қаулысы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы желтоқсан

20.

Таяудағы бес жылда көлемі 14 гигаватт болатын жаңа энергетикалық қуаттарды, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерінің және гидроэлектрэнергиясының қуаттарын салу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2028 жж. маусым, желтоксан

21.

Энергиямен, жылумен және сумей жабдықтау жүйесінің жеке маңызды экономика саласы ретінде тиімді түрде жұмыс істеуі бойынша, оның ішінде: тарифтік саясатты қайта қарау және саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған тариф түзудің жаңа әдістерін енгізу;
табиғи монополиялардың барлық субъектілері үшін 5-7 жыл мерзімге барабар нарықтық тарифтерді енгізу;
монополистердің жауапкершілігін арттыру және цифрлық бақылау құралдарын енгізу, азаматтардың тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы жөніндегі ақпаратқа код жеткізуін кеңейту көзделетін жаңа тәсілдерді тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы наурыз

22.

Жаңа газ өңдеу зауыттарын салуды жандандыру, қолда бар қайта өңдеу қуаттарын айналымға толық тарту, сондай-ақ жаңа газ кен орындарын барлау мен игеруге инвестициялар тарту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ, “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ, “QazaqGaz” ҰК”
АҚ

2024- 2028 жж. наурыз, қыркүйек

23.

ЭЫДҰ-ның стандарттарын ескере отырып, қолданыстағы энергия тиімділігі саясатын түбегейлі түрде қайта қарау, оның ішінде энергия үнемдеу мәдениетін қалыптастыру, тұтас энергия тиімділігі мен ресурс үнемдеу бойынша нормативтік талаптарды кезең-кезеңімен енгізу, 2029 жылға қарай негізгі энергия тұтыну және энергия қажетсіну көрсеткіштерін кем дегенде 15%-ға төмендету

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы желтоқсан

24.

Бүкіл энергетика саласын баскару тәсілдерін жетілдіру, оған қоса: сутегі энергетикасын дамытуды;
энергетикалык машина жасауда технологиялардың трансфертін және өндірістерді жергілікті жерге орналастыруды;
теңестіруші қуаттарды, энергия жинақтау жүйесін құруды;
парник газдарын шығару квоталарымен сауда жасау жүйесін дамытуды ынталандыру

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, “Атамекен” ҰКП, АХҚО, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2024 жылғы қыркүйек

25.

“Астана” халықаралық қаржы орталығының өңірде ESG қағидаттарының негізінде “жасыл” қаражатты тарту үшін өңірлік негізгі алаңға айналуы

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, АХҚО, ҚНРДА, ҰБ

2024 жылғы наурыз

26.

АЭС салудың орындылығы мәселесін жария тыңдаулар мен жан-жақты кеңінен талқылауды өткізіп, жалпыұлттық республикалық референдумға шығару

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ОСК, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024 жылғы наурыз

27.

Ойластырылған су саясатын жасау, ол: су ресурстары бойынша сапалы талдау мен болжау жүргізуге;
суаратын суды субсидиялау тәсілдерін жетілдіру және нормативтен артық су тұтынғаны үшін көтеріңкі тарифті енгізу арқылы ағымдағы нақты жағдайларға жауап беретін барабар нарықтық тарифтерді қалыптастыруға;
су үнемдейтін озық технологияларды енгізуді жылына 150 мың гектарға дейін жылдамдатуға;
су саласына жекеше инвестициялардың көптеп келуін және фермерлердің су үнемдеуші технологияларды енгізуін ынталандыратын шараларды әзірлеуге де бағытталады

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы наурыз

28.

20 жаңа су қоймасын салу және кемінде жұмыс істеп тұрған 15 су қоймасын реконструкциялау, 2027 жылға қарай қосымша екі текше километрге жуық суды қамтамасыз ету үшін кемінде 3500 километр су арнасын жаңғырту және цифрлау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024- 2026 жж. маусым, желтоқсан

29.

Судың “қара нарығын” жою жөніндегі шараларды, оның ішінде су саласындағы бұзушылық үшін жауаптылықты заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы күшейту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024 жылғы тамыз

30.

Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қайтадан құру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

31.

Елдің су шаруашылығын басқару жүйесін реформалау, оған қоса бүкіл саланы материалдық және кадрлық жағынан күшейте отырып, саланың негізгі компанияларын (“Қазсушар”, “Нұра топтық су құбыры” және басқалар) “қайта жаңғырту”

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы желтоқсан

32.

Жаңа өңірлік кооперация моделінің маңызды элементі ретінде су-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесін көршілес мемлекеттермен жан-жақты пысықтау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан, 2024- 2026 жж. маусым, желтоқсан

33.

Мына ірі теміржол жобаларын іске асыруды аяқтау:
“Достық - Мойынты”;
“Бақты - Аякөз”;
“Дарбаза - Мақтаарал”;
Алматыны айналып өтетін темір жол желісі

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2024 жылғы караша

34.

Транскаспий маршрутын дамыту бойынша әріптес елдермен - Қытаймен, Әзербайжанмен, Грузиямен, Түркиямен күш-жігерді біріктіру

халықаралық келісімдер және құқықтық актілер

Үкімет

2024-2025 жж. қаңтар, шілде

35.

Мыналардың құрылысын аяқтау: Ақтаудағы контейнер хабы;
“Бақты” өткеліндегі жаңа “құрғақ порт”

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2025 жылғы желтоқсан
2026 жылғы желтоқсан

36.

Қара теңізде Орта дәліз бойындағы порттық қуаттарды кеңейту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК" АҚ

2026 жылғы желтоқсан

37.

Құрық портын толыққанды логистикалық кластер ретінде қалыптастыруды да қамтитын теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу

Үкімет қаулысы

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2024 жылғы сәуір

38.

“Солтүстік - Оңтүстік” теміржол маршрутының өткізу қабілетін, оның ішінде “Болашақ - Челябинск” теміржол желісін жаңғырту есебінен кезең-кезеңмен екі еселеу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2024- 2027 жж.
шілде, желтоқсан

39.

Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе әуежайларын жүктерді жинақтау және бөлу бойынша бәсекеге қабілетті және сапалы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, логистикалық кызметтердің толық спектрін көрсететін мультимодальдық орталықтар ретінде дамыту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және Актобе облысының әкімдері

2024 жылғы наурыз, қазан

40.

Теміржол көлігі саласында “ҚТЖ ҰК” АҚ-ның борыштық жүктемесін азайту бойынша жүргізіліп жаткан жұмысты ескеретін, көлік-логистика саласына жекеше инвестицияларды белсенді түрде тартуға ықпал ететін барабар реттеу саясатын қалыптастыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Самұрық- Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2023 жылғы желтоқсан

41.

“Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясын толыққанды көлік-логистика компаниясына айналдыруды қысқа мерзімде аяқтау

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2023 жылғы желтоқсан

42.

Автомобиль жолдарын салу саласындағы жұмыстарды уақтылы және сапалы орындамау, заманауи тиімді технологияларды қолдану деңгейінің төмендігі, сыбайлас жемқорлықтың жоғары деңгейі, саладағы бәсекелестіктің төмен болуы сияқты және басқа да проблемаларды шешуге бағытталған жаңа нормативтік құжаттарды қабылдай отырып, бақылауды қатаңдату және жосықсыз компанияларды жауаптылыққа тарту, сондай-ақ нақты жүйелі шараларды іске асыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент калаларының және облыстардың әкімдері

2024 жылғы қаңтар

43.

2029 жылға дейін 4 мың км-ден астам автомобиль жолдарына сапалы реконструкция жүргізу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024-2028 жж. желтоқсан

44.

3 жыл ішінде көлік-логистика секторының ЖІӨ құрылымындағы үлесін кемінде 9%-ға жеткізуді қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “ҚТЖ” ҰК” АҚ

2025-2026 жж. тамыз

45.

2026 жылға карай ІТ-көрсетілетін қызметтерінің экспортын 1 млрд долларға дейін жеткізу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024- 2025 жж. шілде, желтоқсан

46.

Халықаралық ірі ІТ-компаниялармен бірлескен кәсіпорындарды ашу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

47.

Жасанды интеллект саласындағы халықаралық жетекші компаниялармен ынтымақтастықты жандандыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ҰҚК

2024-2025 жж. тамыз

48.

Еліміздің кем дегенде 3 жоғары оқу орнының базасында жасанды интеллект саласында білікті кадрларды даярлау және зерттеулер жүргізу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы қараша

49.

Ірі дата орталықтарын салуға инвестициялар тартуға бағытталған түзетулерді заңнамаға енгізу және осы салада қазақстандық инвесторлардың мүддесін ілгерілету

Заң

Үкімет

2024 жылғы шілде

50.

Цифрландыруда басшылыққа алынатын қағидаттарды бекітетін біртұтас салалық құжатты сарапшылар қоғамдастығымен, Парламент депутаттарымен бірлесе отырып әзірлеу

Заң жобасы

Үкімет

2024 жылғы қыркүйек

51.

“Ғылым және технологиялық саясат туралы” Заңды әзірлеу аясында: шетелдік табысты тәжірибенің негізінде инновациялық инфрақұрылымдарды - бизнес-инкубаторларды, коммерцияландыру орталықтарын, технопарктер мен конструкторлық бюроларды құру жөніндегі жеке бастамаларды қолдаудын пәрменді шараларын айқындау;
инновациялық жобаларды іске асыру үшін венчурлік қаржыландыруды дамыту жөніндегі нормаларды енгізу

Заң жобасы

Үкімет

2023 жылғы казан

52.

Өңірлердегі жоғары оқу орындарының базасында нақты сектормен тығыз үйлестіре отырып, барлық облыс орталықтарында біртұтас инновациялық экожүйе құру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024-2025 жж. шілде

53.

“Astana Hub” халықаралық технологиялық паркінің үлгісінде елдің барлық өңірлерінде технологиялық хабтар ашу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024-2025 жж. шілде

54.

Әрбір облыс орталығында және ірі қалада креативті индустрия орталықтарын құруды, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру мәселелерінде көмек көрсетуді де қамтитын, креативті индустрияны қолдау шараларының жеке топтамасын әзірлеу

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, БКДА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2024 жылғы ақпан

55.

Зияткерлік меншікті қорғау бойынша қосымша құқықтық құралдарды енгізу

Заң жобасы

Үкімет, ҚМА, БП, ЖС

2024 жылғы сәуір

56.

Заңнамаға шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруге ынталандыратын өзгерістер енгізу

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, БҚДА, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы маусым

57.

Табысты жұмыс істейтін орта кәсіпорынның әрбірі бойынша өндірісті 2-3 есе кеңейтуге арналған нақты жоспар (арнаулы келісім) әзірлеу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы қыркүйек

58.

“Бизнестің жол картасы” және “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламаларын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасына біріктіру

Үкімет қаулысы

Үкімет, ҮБ

2023 жылғы желтоқсан

59.

Өндірістердің технологиялық күрделілігі деңгейі және бизнестің санаттары бойынша мемлекеттік қолдауды саралау тетіктерін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы шілде

60.

Мемлекеттік қолдаудың операциялық тиімді болуы мақсатында “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ-ның құрылымын өзгертуді және оны кең ауқымда цифрландыруды жүзеге асыру

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет. БҚДА, КНР ДА.
ҰБ, “Бәйтерек" ҰБХ” АҚ, АХҚО, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы маусым

61.

“KazakhExport” экспорттық сақтандыру компаниясының базасында экспортты ілгерілететін толыққанды институт құру, онда қажетті құралдарды шоғырландыру

Заң жобасы

Үкімет, БҚДА, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “KazakhExport” ЭСК” АҚ

2024 жылғы қаңтар

62.

Жұмыс бағытын аудандарда, монокалаларда және ауылдық ірі елді мекендерде тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағдарлай отырып, “Отбасы банк” АҚ-ның қызметін қайта жаңғырту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ҚНРДА, ҰБ, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “Отбасы банк” АҚ

2024 жылғы маусым

63.

Негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдау

Президент Жарлығы

БКДА, Үкімет, СЖРА

2024 жылғы наурыз

64.

Тауар биржаларының жұмыс істеуіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатында: импорт пен өнімсіз делдалдықтың пайдасына бәсекелестікті жоюды және сатып алу рәсімдерін айналып өту мүмкіндігін болдырмауға бағытталған реттеу талаптарын қатаңдату;
отандық өндірушілердің озық сауда құралдарына толыққанды қол жеткізуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, БҚДА, АХҚО, ҰБ, БП

2024 жылғы мамыр

65.

Өңірлік күшті тауар-шикізат биржасын құру мәселесін пысықтау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, БҚДА, ҰБ, “Атамекен” ҰКП, АХҚО

2024 жылғы қыркүйек

66.

Монополияға қарсы орган қабылдаған шешімдерді қолдан тежеуді болдырмау мақсатында монополияға қарсы органның әкімшілік актісіне (ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама, тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық, ақпарат пен құжаттарды сұрату, тергеп-тексеру шеңберіндегі өзге де әрекеттер) сот тәртібімен шағым жасалған жағдайда, оның тоқтатыла тұруын болғызбауды көздейтін түзетулерді заңнамаға енгізу

Заң жобасы

БКДА, Үкімет

2024 жылғы қаңтар

67.

Қайтарылған активтерді мемлекет үшін ашық және тиімді шарттармен бәсекелес ортаға беру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, БП

2024-2025 жж. қаңтар, маусым

68.

Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ компанияларының барлық бейінді емес активтерін жекешелендіру және IPO/SPO өткізу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, АХҚО, ҚНРДА, ҰБ, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2024-2025 жж. желтоқсан

69.

Экономикалық құқық бұзушылықтарды қылмыстық санаттан одан әрі арылту және кәсіпкерлерді салық қылмыстары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту нормаларының шегін анықтайтын әділ механизм енгізу

Заң жобасы
Заң

ҚМА, Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, СЖІҚА

2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы шілде

70.

Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлік субъектілерін негізсіз қудалау практикасын жою

Президент Әкімшілігіне есеп

БП, ЖС, ҰҚК, СЖІҚА, ҚМА, ІІМ

2024 жылғы шілде

71.

Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту бойынша жаңа жүйелі шараларды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҚНРДА, ҰБ, Үкімет

2023 жылғы қараша

72.

“AMANAT” партиясымен бірлесіп, халықты “Қарызсыз қоғам” жобасымен қамту ауқымын кеңейту

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ҚНРДА, “AMANAT” партиясы

2023 жылғы желтоқсан

73.

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайдасын (оның ішінде бұрын алған) мемлекет мүдделерін ескере отырып әділ түрде кайта белу механизмін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет, ҚНРДА, ҰБ

2023 жылғы қараша

74.

Банктерді корпоративтік кредиттеуге белсенді түрде қатысуға, оның ішінде фискалды және пруденциалды реттеу шаралары арқылы ынталандыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

ҚНРДА, Үкімет, ҰБ

2023 жылғы қараша

75.

Банктердің стрестік активтерін экономикалык айналымға тарту бойынша шаралар қабылдау, оның ішінде цифрлық платформа құру

Президент Әкімшілігіне есеп

ҚНРДА, Үкімет. ҰБ, АХҚО

2024 жылғы
ақпан, қазан

76.

Басым жобаларды қаржыландыру кезінде даму институттарына кепілдіктер беру, сондай-ақ синдикатталған қаржыландыру мен қоса қаржыландыруды ұсыну мүмкіндігін кеңейту тетіктерін әзірлеу

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, ҚНРДА, “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ

2024 жылғы маусым

77.

Банк саласындағы бәсекелестікті арттыру мақсатында елімізге шетелден сенімді 3 банкті тарту

Президент Әкімшілігіне есеп

ҚНРДА, ҰБ, Үкімет, АХҚО

2024 жылғы қараша

78.

Кәсіпкерлерге жаңа кредиттерді берудің жыл сайынғы өсуін кемінде 20% деңгейінде қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне есеп

ҚНРДА, ҰБ, Үкімет

2024 жылғы шілде, 2025-2026 жж. қаңтар, шілде

79.

Стратегиялық жобаларды Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаржыландыру жөнінде түсіп жатқан ұсыныстарға жан-жақты сараптама жасаудың жүйелі тетігін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне есеп

ҰБ, Үкімет, ЖАП

2024 жылғы сәуір

80.

Еліміздің қор биржаларын бірыңғай басқаруға біріктіру тетіктерін тұжырымдау

Президент Әкімшілігіне есеп

ҰБ, ҚНРДА, АХҚО

2024 жылғы наурыз

81.

Ұлттық төлем жүйесін толығымен ендіру процесін аяқтау

Президент Әкімшілігіне есеп

ҰБ

2024 жылғы желтоксан

82.

Қазақстан Республикасының жаңа Бюджет кодексі аясында:
блоктық бюджетті пилоттық режимде ендіру;
аудандық деңгей бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру көздерін бекіту және ретке келтіру төлем түрлері бойынша түсімдердің бір бөлігін өңірлерге беру туралы норманы қосылған құн салығын қоса алғанда, басқа да салықтарға қолдану арқылы өңірлердің дербестігі деңгейін арттыру

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы желтоксан

84.

Жергілікті бюджетке жиналатын салықтардың бір бөлігі бойынша преференцияларды айқындау жөніндегі өкілеттіктерді өңірлерге беру мүмкіндігін қарастыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, СЖРА

2024 жылғы шілде

85.

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне және заңға тәуелді актілерге: өңдеуші өнеркәсіптің жаңа жобаларын іске асырудың алғашқы үш жылында шетелдік және отандық инвесторларды салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден босатуды;
қосылған құн салығын қайтару рәсімін жеңілдетуді;
салық жеңілдіктерін ретке келтіруді және олардың көлемін кем дегенде 20%-ға қысқартуды, оларды ұсынудың нақты қағидаларын айқындауды;
фискалды органдар мен салық төлеушілер арасындағы өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшудің қамтамасыз етілуін;
салық есептілігінің нысандарын 30%-ға қысқарта отырып, салықтық бақылауды толығымен цифрландыруды;
салық және бюджетке төленетін өзге төлемдер түрлерінің жалпы санын кем дегенде 20%-ға азайтуды;
прогрессивті салық салуды енгізудің жеделдетілуін көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Кодекс жобасы
Кодекс

Үкімет, ЖАП, “Атамекен” ҰКП

2023 жылғы желтоқсан
2024 жылғы қазан

87.

Балалық шақтың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша:
жол инфрақұрылымының, ғимараттардың, балаларға арналған киімдердің, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерін шешуге;
білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметтерін институционалдық жағынан күшейтуге;
зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандарына бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыруға және пәрменді көмек бағдарламасын әзірлеуге бағытталған шараларды қабылдау

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет

2024 жылғы. маусым

88.

Кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық-зомбылық нысаны үшін жазаны қатаңдату

Заң жобасы

Үкімет, ЖС, БП, ҰҚК, ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

2023 жылғы желтоқсан

89.

Байланыс операторларымен тиісті ресурстарға тарифтелмейтін қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасау арқылы оқушылар үшін Интернеттің жылдамдығын және цифрлық білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру

Президент Әкімшілігіне есеп, жасалған меморандумдар

Үкімет

2023-2025 жж. желтоқсан

90.

Мемлекеттен берілетін бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны, инвестициялық табысты жыл сайынғы төлеуді көздейтін, бес жастан асқан балаларды қамтитын “Келешек” атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет

2024 жылғы желтоқсан

91.

Экономиканың басымдықтарына, өңірлік және салалық ерекшеліктерге қарай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландырудың икемді тетіктерін қалыптастыру және әлеуетті жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді серіктестік қарым-қатынасты қамтамасыз ету

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, СЖРА, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері, “Атамекен” ҰКП

2024 жылғы желтоқсан

92.

Платформалық жұмыспен қамту мәселесін реттей отырып, цифрлық экономикаға жұмысқа тартылған азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудың пәрменді тетіктерін әзірлеу

Заң

Үкімет, БКДА

2024 жылғы қазан

93.

Жұмыс орнындағы кәсіптік тәуекелдердің алдын алуға және жоюға бағытталған Қауіпсіз еңбектің 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын 2023 жылдың соңына дейін қабылдау

Үкімет қаулысы

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

94.

Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт жұмыс істеп жүрген, саланы дамытуға елеулі үлес қосқан жұмыскерлерге денсаулығына келтірілген зиян дәрежесі ескеріле отырып, 55 жастан бастап зейнет жасына толғанға дейін арнаулы әлеуметтік төлем төлеуді енгізу

Заң

Үкімет, ҚНРДА

2023 жылғы желтоқсан

95.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге дейін көтеру

Заң

Үкімет

2023 жылғы желтоқсан

96.

Еңбек нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту

Үкімет қаулысы

Үкімет

2023 жылғы қараша

97.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне сөзбұйдаға, бюрократияға салмай және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісусіз экономиканы дербес басқарудың пәрменді тетіктерін бере отырып, экономикалық саясатты іске асыру үшін толық жауапкершілікті, ал министрлер мен барлық деңгейдегі әкімдерге нақты түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу үшін дербес жауапкершілікті бекіте отырып, салалық шешімдерді дайындау мен орындау жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу

НҚА топтамасын қабылдау

Үкімет, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері

2023 жылғы желтоқсан

98.

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің күш жігерін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына, ішкі және сыртқы саясат, қорғаныс және қауіпсіздік, құқықтық және кадр саясаты мәселелеріне жұмылдыра отырып, Мемлекет басшысы және Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшылығы тапсырмаларының орындалуын мониторингтеу және бақылау тетігін қайта қарау

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

Үкімет Аппараты

2023 жылғы қазан

99.

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жұмысты жалғастыру

Президент Әкімшілігіне есеп

Үкімет, МҚІА, СЖРА

2023 жылғы желтоқсан

100.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлауының ықшам және икемді жүйесін қалыптастыру

Үкімет қаулысы

Үкімет, СЖРА

2023 жылғы желтоқсан

101.

Саяси партиялардың кадр әлеуетін де іске қосу арқылы саяси қызметшілердің кадр резервін құру

Президент Әкімшілігіне ұсыныстар

МҚІА, СЖРА, Үкімет

2023 жылғы қараша

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

“КазМұнайГаз” ҰК” АҚ

-

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы

“ҚТЖ” ҰК” АҚ

-

“Қазақстан Темір Жолы” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы

“QazaqGaz” ҰК” АҚ

-

“QazaqGaz” ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамы

“Бәйтерек” ҰБХ” АҚ

-

“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” акционерлік қоғамы

“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ

-

“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамы

“KazakhExport” ЭСК” АҚ

-

“KazakhExport” экспорттық сақтандыру компаниясы” акционерлік қоғамы

“Отбасы банк” АҚ

-

“Отбасы банк” акционерлік қоғамы

МҚІА

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

БҚДА

-

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

СЖІҚА

-

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

ҚНРДА

-

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

СЖРА

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

ҚМА

-

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

ЖАП

-

Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы

ЖС

-

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

БП

-

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

ҰҚК

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ІІМ

-

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

АХҚО

-

"Астана" халықаралық қаржы орталығы

ҰБ

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

"Атамекен" ҰКП

-

“Атамекен” Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы

МКҚ

-

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі

ОСК

-

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады