"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 қарашадағы № 972 қаулысына қосымша |
2025 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны
Р/с | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары | Саны |
1. | Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері | 700 |
2. | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | 80 |
3. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы | 131 |
4. | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі | 4 |
БАРЛЫҒЫ | 915 |