Балықтың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрін ғылыми мақсаттарда алып қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1113 қаулысы.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Каспий теңізінің Маңғыстау облысы шегіндегі қазақстандық секторының акваториясынан кейіннен мекендеу ортасына шығара отырып, ғылыми мақсаттарда арнайы құрылған жағдайларда өсіру үшін 13 килограмм (орташа аспалы 1,3 килограмм кезінде 10 дарақ) көлемінде Каспий албыртын 2024 жылғы 26 желтоқсан – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алып қоюға рұқсат етілсін.

      2. Каспий албыртының бір килограмын алып қойғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері 0,017 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Каспий албыртын ғылыми мақсаттарда алып қоюдың көрсетілген көлеміне рұқсат берсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады