ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 05.04.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі техникалық қарап тексеру операторларының қызметіне екінші санаттағы рұқсат беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |