"Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 51 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2027 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Білім беру саласындағы лицензиарларды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері:

      бастауыш білім беру;

      негізгі орта білім беру;

      жалпы орта білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру;

      білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша, әскери, арнаулы оқу орындары үшін мамандықтар топтары бойынша орта білімнен кейінгі білім беру;

      кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсыну;

      мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту үшін бiлiм беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар;";

      көрсетілген қаулымен бекітілген өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде білім беру қызметімен айналысуға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдарда:

      реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағаны мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "




7. Мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту


      ".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады