Ақмола облысы Қосшы қаласының бас жоспары туралы (негізгі ережелерді қоса алғанда)

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 60 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5) тармақшасына сәйкес Ақмола облысы Қосшы қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған, Ақмола облыстық мәслихаты мен Қосшы қаласының мәслихаты мақұлдаған Ақмола облысы Қосшы қаласының бас жоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 11 ақпандағы
№ 60 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысы Қосшы қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ақмола облысы Қосшы қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) (бұдан әрі – Бас жоспар) аумақты ұйымдастырудың бекітілген бас схемасына сәйкес әзірленетін негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады.

      Бас жоспар Қазақстан Республикасының Жер, Экология кодекстерінің, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарының, қала құрылысын жобалау саласына жататын Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді.

      Бас жоспар (негізгі сызба) осы Бас жоспарға қосымшаға сәйкес перспективалы аумақтық даму шекараларында орындалды.

      Бас жоспарда мынадай жобалық кезеңдер қабылданды:

      бастапқы жыл – 2023 жылғы 1 қаңтар;

      бірінші кезек – 2030 жыл;

      есепті мерзім – 2038 жыл.

2-тарау. Бас жоспардың мақсаты

      Бас жоспар елді мекеннің шегін, бірінші кезектегі құрылыс объектілерін орналастыру жобаларын, тұрғын және өнеркәсіптік аудандарды жоспарлау жобаларын, құрылыс салу, инженерлік қамтамасыз ету, кешенді көлік схемасы, көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау схемасы, аумақты аймақтарға бөлу және жерді ұтымды пайдалану жобаларын әзірлеу үшін база болып табылады.

      Бас жоспар:

      1) табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжанатын демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды қоса алғанда, елді мекен аумағын дамытудың негізгі бағыттарын;

      2) осы аймақтың аумағын функционалдық аймақтарға бөлуді және пайдалануға шек қоюды;

      3) елді мекеннің құрылыс салынған және салынбаған аумағының арақатынасын;

      4) жер иеліктен шығарылатын және сатып алынатын негізгі аймақтарды, резервтегі аумақты;

      5) аумақты табиғи және техногендік құбылыс пен процестің қауіпті (зиянды) әсерінен қорғау, экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шараларды;

      6) кешенді көлік схемасын, көше-жол желісінің бас схемасын және жол жүрісін ұйымдастырудың кешенді схемасын қамтитын бас жоспардың көлікке қатысты бөлімін әзірлеу жөніндегі негізгі бағыттарды;

      7) елді мекеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды айқындайды.

      Бас жоспар Қосшы қаласы және оның қалалық бағыныстағы аймағы шегіндегі 60,2 шаршы километр аумаққа әзірленді. Қарастырылып отырған аумақ елді мекеннің перспективалы аумақтық дамуына сәйкес қабылданды.

      Бас жоспарды әзірлеген кезде аумақты жоспарлап ұйымдастыру саласындағы қала құрылысы жүйесінің, елді мекен орталығының, әлеуметтік-экономикалық кешенінің, демографиялық саясат пен тұрғын үй саясатының, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетудің, инженерлік-көліктік инфрақұрылым мен қалыптасқан экологиялық ахуалдың қазіргі жай-күйіне талдау жасалды.

      Елді мекенді қолайлы мекендеу ортасын құруды қамтамасыз ететіндей орнықты дамыту Бас жоспардың басты мақсаты болып табылады.

      Осы мақсатқа сәйкес елді мекенді кеңістік жағынан ұйымдастыру жан-жақты талаптарға сәйкес келуге тиіс: тұрғынжай, өндіріс, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету, демалыс және басқа да функциялар үшін қолайлы алаңдар ұсыну.

      Бас жоспарды әзірлеген кезде директивалық, стратегиялық, нұсқаушылық, әдістемелік және басқа материалдар пайдаланылды, жұмыс барысында облыстық, қалалық жобалар мен түрлі бағыттағы бағдарламалар талданып, қала құрылысын жобалаудың шетелдік және отандық заманауи тәжірибесі зерделенді.

3-тарау. Жалпы мәлімет

      Қосшы қаласы (бұдан әрі – қала) – Ақмола облысындағы облыстық маңызы бар қала, Орталық Қазақстанның дала аймағында, Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының оңтүстігінде, Сарқырама өзенінің жағасында орналасқан.

      Қала жерінің (Қосшы қаласына бағынысты жерлер) шекарасына Қосшы қаласынан басқа ауылдық әкімшілігі бар Тайтөбе ауылы да кіреді.

      Қосшы қаласы – қарқынды даму аумағы. Соңғы жылдары халық саны едәуір өсті. Елді мекеннің Астанаға жақын орналасуы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық салада болған түбегейлі өзгерістер мен бүкіл экономиканың нарықтық даму жолына көшуі осы процесті тудырудың негізгі себептері болды.

      Қосшы халқының саны 2023 жылдың басында 51,7 мың адамды құрады.

4-тарау. Табиғи-климаттық жағдайлар

      Климаты. Қосшы қаласының аумағы I-В климаттық кіші ауданға жатады, от жағу кезеңінің өте ұзақ, ең суық бес күн мен тәуліктің орташа ауа температурасының төмен болуымен сипатталады, бұл суық мезгілде ғимараттарды барынша жылытып қорғауды және ғимараттар мен құрылыстарды қатты желдің әсерінен қорғауды қажет етеді.

      Қалаға жазы ыстық және қысы суық күрт континентті климаттық ерекшелік тән. Аудан құрғақ аймаққа жатады. Қысы ұзақ (қараша – наурыз), қар қалың түседі, жел күшті, қатты боран, тұман тұрады.

      Орташа жылдық ауа температурасы жақсы және 3,2 °C құрайды. Ең жылы ай – шілде, орташа айлық ауа температурасы 20,7 °C, ал ең суық – қаңтар айы, минус 15,1 °C. Ауа температурасының жылдық амплитудасы – 35,8 °С.

      Жер бедері. Орографиялық жағынан қарастырылып отырған аумақ Орталық Қазақстан ұсақ шоқылығына жатады және еңістеу келген Атбасар жоталы жазық шегінде орналасқан. Жер бедерінің негізгі пішіні – делювиальді-пролювиальді аккумулятивтік жазықтар және өзендер мен бұлақтардың аллювиальді аккумулятивтік жазықтары.

      Ауыл аумағының басым бөлігінің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен 360,0 м жоғары. Ауылдың шығысына қарай биіктіктің 370 м-ге дейін, батысқа қарай, өзен арнасына қарай 351,9 м-ге дейін төмендеуі байқалады. Беткейлер шығыстан батысқа қарай өзен арнасына қарай байқалады. Қазіргі құрылыс аумағында еңіс аз (0,14 %-дан 0,3 %-ға дейін), бұл еріген қар суын бұру бойынша қосымша іс-шараларды талап етеді.

      Гидрография. Қаралып отырған аумақтағы жерүсті ағыны еріген қар суының есебінен қалыптасады. Көп жағдайда жауын-шашын су жайылған кезде қардың толуына аздап қана үлес қосады. Жаз кезінде ауа ылғалдылығының тым төмен болуы және топырақтың қатты құрғауы салдарынан жауған жауын-шашын тек топырақтың үстіңгі қабатын суландырып, булануға ғана шығындалады, сол себепті ағын да болмайды. Күзгі кезеңнің жауын-шашыны ылғалдылық дәрежесін көрсетеді және көктемгі ағынға тек реттеуші әсер етеді.

      Беткі ағынды қалыптастыру процесінде қардың атқаратын рөлінің ерекше болуына байланысты облыстың барлық өзендеріндегі су режимінің негізгі фазасы көктем кезінде күрт байқалатын су тасқыны болып табылады.

      Көктемгі ағынның шамасы қар жамылғысындағы су қорларымен, қардың еру сипатымен, көктем мезгіліндегі жауын-шашын мөлшерімен, су жинау мен арнадағы еріген және жаңбыр суының шығынымен анықталады.

      Қосшы қаласы орналасқан аудандағы жерүсті сулары Сарқырама өзенінің табиғи суынан және Астана қаласының техникалық су қорларын толықтыратын Нұра – Есіл каналы бойынша Нұра өзенінен бөлінген судан тұрады. Сондай-ақ Қосшы қаласының оңтүстігінде 1800 м және одан да көп қашықтықта Нұра өзені ағып жатыр, одан Сарқырама өзені бастау алып, Нұра – Есіл каналы суымен қоректенеді.

      Гидрогеологиялық жағдайы. Қосшы қаласының және оған іргелес аумақтардың бүкіл аумағы аллювиальді төменгі төрттіктің қазіргі шөгінділерінің (aQI-IV) сулы қабаты таралған алаңға жатады. Бұл шөгінділер Нұра өзенінің оң жағалауындағы ені 4,0-ден 20,0 км-ге дейінгі жолақта Нұра мен Есіл өзендерінің барлық өзен аралықтарын толтыра отырып, Нұра өзенінің жайылма, бірінші және екінші жайылма террасаларын құрайды. Жайылма аллювийдің жалпы қуаты – 10-15 м.

      Ең суы көп Нұра өзенінің I жайылмаүсті террасасына және жайылмасына ұштасқан құмды-қиыршықтасты және малта-қиыршықтасты шөгінділер болып табылады. Жерасты сулары арынсыз, жерасты суларының орналасу тереңдігі 1,7 - 5,4 аралығында. Сулы құмды-қиыршықтасты шөгінділердің қуаты 4,5-тен 7,5 м-ге дейін өзгереді.

      1993 жылы Қосшы қаласының қазіргі шекарасы шегінде жерасты суларын алдын ала барлау жұмыстары жүргізілді (С.Қ. Құдасов 1993 жыл). Өндірістік геологиялық бірлестіктің орталық комиссиясының ғылыми-техникалық кеңесінің 1993 жылғы 24 желтоқсандағы № 30 хаттамасымен үш ұңғыма бойынша 25 жылдық пайдалану мерзіміне В санаты бойынша 1038 м3 жерасты суының қоры қабылданды.

      Қазіргі уақытта аталған қорлардың негізінде Қосшы қаласын сумен қамтамасыз ететін 5 ұңғымадан су алынады.

      Судың сапасын сынау кезінде (20.07.2015 жылы II көтергіштегі сорғыдан алынған сынама) мынадай нәтиже алынды:

      құрғақ қалдық - 1664 мг/л (ШМК-1000);

      жалпы қаттылық - 16,3 мг-экв/л (ШМК 7-10);

      сульфаттар - 670,2 мг/л (ШМК-500).

      Судың сапасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес келмейді. 2014 жылы Рождественский кен орнының Төменгі Романов учаскесіндегі жерасты су қорын қайта бағалау мақсатында соңына дейін барлау жұмыстары жүргізілді (2014 ж. 05.12. № 1498-14-У хаттама). Қазақстан Республикасының Қор бойынша мемлекеттік комиссиясы 2014 жылғы 5 желтоқсандағы жағдай бойынша есептеу контурындағы қолданыстағы гидрогеологиялық жағдайлар үшін 10 жылдық пайдалану мерзіміне "В" санаты бойынша тәулігіне 22,0 мың м3 мөлшерінде шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін Төменгі Романов учаскесінің минералдануы 1,5 г/л дейін жерасты суларының баланстық қорын бекітті.

      Қала аумағының инженерлік-геологиялық жағдайлары геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық факторлардың жиынтығынан құралады. Өзендердегі су деңгейінің жылдық ағысы көктемгі су тасқынынан айқын байқалатын толқынмен сипатталады. Көктемгі су тасқыны кезеңінде Нұра өзенінің суы жайылмамен бірнеше километрге жайылады және ағын арнасынан жоғары қарай тіреле ағады.

      Жоғарғы төрттіктің қазіргі шөгінділері Сарқырама өзенінің арнасына жататын Нұра өзенінің бірінші жайылмаүсті террасасы мен арнасының аллювий кешенін қамтиды.

      Бірінші жайылмаүсті террасасының шөгінділері негізіндегі қиыршықтас пен малтатастан, түрлі түйіршікті құмдардан, сазды құмдар мен ұсақ малтатастардан тұрады. Екінші жайылмаүстінің шөгіндері негізі жұқа қабатты малтатас қосылған ірі түйіршікті құмдардың шағын қабаты мен линзаларын қамтитын сазды құмнан тұрады.

      Болашақта ғимараттар мен құрылыстарды салу кезінде геологиялық-литологиялық құрылысына, сондай-ақ жобаланатын құрылыстың негізін құрайтын топырақ ерекшелігінің есепті мәнін біршама дәл сипаттау үшін әрбір ғимарат пен құрылыстың астына тікелей инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу қажет.

      Жобалау кезінде жерасты суларының іргетастарға және жерасты конструкцияларына (үстіңгі ағынды, дренаж және т.б.) зиянды ықпалын болдырмайтын шаралар көзделуі тиіс.

      Қала аумағында көбінесе судың тасуы, тұздану, топырақтың коррозиялық белсенділігі, дефляция сияқты қауіпті процестер мен құбылыстар кездеседі.

5-тарау. Қаланың стратегиялық даму тұжырымдамасы

      Ақмола облысындағы облыстық маңызы бар қала – әкімшілік мәртебе алғаннан бері қаланың жаңа даму стратегиясы айқындалды.

      Стратегияда қала болашақта қандай болуы тиіс, оның бірегейлігі мен тартымдылығы неде болады, елдің және өңірдің басқа қалаларымен бәсекелік күресте қандай орынды иемденуі тиіс деген мақсат-аспектілер белгіленді:

      1-аспект: заманауи дамыған қала, Астана қаласына қатысты "контрмагнит" (өңір тұрғындарының тартылу орталығы);

      2-аспект: Астана қаласының қала маңындағы азық-түлік аймағы орталықтарының бірі (ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу);

      3-аспект: өңірдің елордалық логистикалық желіге біріктірілген көлік-логистикалық орталықтарының бірі.

6-тарау. Әлеуметтік-экономикалық даму

1-параграф. Демография

      Қосшы қаласының халқын болжау кезінде соңғы 24 жылда елді мекенде болған демографиялық факторлар ескерілді. 1999 жылы халқы 1742 адамнан тұратын ауылдан (ұлттық халық санағы) қазіргі уақытта елді мекен 51664 адамнан тұратын облыстық маңызы бар қалаға айналды.

      Бас жоспарда тұрғын саны экономика салаларының дамуына сүйенетін еңбек нарығындағы жұмыс орындарының болжамды сұранысы мен ұсынысы әдісі бойынша да айқындалды.

      Қала тұрғындарының перспективалы санын айқындаған кезде оның жобада ұсынылып отырған облыстық маңызы бар қала ретіндегі жаңа мәртебедегі әкімшілік-аумақтық жағдайын ескергендегі перспективадағы аумақтық дамуы назарға алынды. Облыс орталығының мәртебесі қаржыландыру көздерін тарту және әртүрлі экономикалық қызмет салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қала ұсынатын мүмкіндіктердің кеңеюіне байланысты көші-қон процестерінің ұлғаюын болжайды, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға тікелей ықпал ететін болады.

      Соңғы 24 жылда елді мекендегі халық саны 29,7 есе артты. Осыған байланысты жобаланатын қала халқының болжамды санын анықтау кезінде халық санын геометриялық ұлғайту әдісі қолданылды.

      Бұл әдіс халықтың өсу қарқыны қазіргі уақытта халық санына пропорционалды жас және дамып келе жатқан қалалар үшін қолданылады (яғни dP/dt ∝ P). Сондықтан халықтың пайыздық өсімі тұрақты болады деп болжануда.

      2023 жылғы 1 қаңтарда қала тұрғындарының саны 51 664 мың адамды құрады, бірінші кезекте 107,00 мың адамды, есепті мерзімде 150,00 мың адамды құрайды.

2-параграф. Жұмыспен қамту

      Еңбек нарығының негізгі индикаторлары: 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы тұрғын саны немесе қаланың жұмыс күші 30,84 мың адамды немесе жалпы халықтың 59,7 %-ын, жұмыспен қамтылған халық 29,55 мың адамды (жұмыс күшінің құрылымында 95,8 %) құрады, оның ішінде: өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер – 11,78 мың адам, (жұмыс күші көрсеткішінің 38,2 %-ы) жұмыссыз тұрғын – 1,30 мың адам (жұмыс күшінің құрылымында – 4,2 %).

      Бас жоспарда нысаналы индикаторлар ретінде мынадай көрсеткіштер қабылданды: есепті мерзімге қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандар деңгейін 22,1 %-ға дейін, жұмыссыздық деңгейін 3,0 %-ға дейін төмендету, сондай-ақ жалдамалы жұмыскерлерді 3,6 %-ға арттыру. Сондай-ақ жұмыс күшінің құрамына кірмейтін тұлғалардың 4,9 %-ға шамалы өсуі.

3-параграф. Тұрғын үй-азаматтық құрылыс

      Бас жоспарда қаланың бірінші кезекке және есепті мерзімге сұранысына жүргізілген талдау ескеріліп, облыс орталығының әкімшілік мекемелерін, әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерді орналастыру бойынша шешімдер көзделген.

      Бас жоспарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалық бастамалар әлеуметтік-экономикалық және қала құрылысына қатысты жаңа шарттарға бағдарланған және тұрғындардың әртүрлі сұранысы мен мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған.

      Қаланың астана маңында орналасуына және облыстық маңызы бар қаланың мәртебесіне сәйкес келетіндей деңгейде дамыту оның әлеуметтік саласын дамытудың басымдығы болып табылады.

      2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қаладағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 1284,97 мың м2 құрады, оның ішінде: меншікжайлы жеке тұрғын үйлер: 852,26 мың м2; көп пәтерлі тұрғын үйлер: 432,71 мың м2 құрады.

      Қалада тұрып жатқан бір тұрғынға шаққанда тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілу 2023 жылдың басында 24,9 м2 құрады.

      Бас жоспар іске асырылатын бірінші кезекте жалпы ауданы 1755,80 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді.

      Бас жоспар іске асырылатын есепті мерзімде жалпы ауданы 1 557,50 мың м2 жаңа құрылыс салу көзделеді.

      Қолданыстағы тұрғын үй қорының кемуі 98,27 мың м2 құрайды.

      Қаланың тұрғын үй қоры мынадай көрсеткіштер бойынша жоспарланған:

      бастапқы жыл − 1 284,97 мың м2;

      бірінші кезек − 2 942,50 мың м2;

      есепті мерзім − 4 500,00 мың м2.

4-параграф. Білім беру

      Жобалық кезеңдер бойынша қаладағы мектепке дейінгі мекемелер мен жалпы білім беру мекемелері объектілеріндегі орын саны:

      мектепке дейінгі балалар мекемелері үшін: бірінші кезекте − 6,73 мың орын, есепті мерзімде − 13,6 мың орын;

      жалпы білім беретін мектептер үшін: бірінші кезекте − 13,59 орын, есепті мерзімде − 23,85 орын. Осылайша есепті мерзімде екіауысымды оқыту кезінде жалпы білім беретін мекемелердің жалпы сыйымдылығы шамамен 47,70 мың орынды құрайтын болады, оның ішінде: бірінші кезекте 27,17 мың орын.

      Қаладағы мектептен тыс білім беру объектілеріндегі орын саны: бірінші кезекте – 1,13 мың орын, есепті мерзімде – 2,39 мың орын.

5-параграф. Денсаулық сақтау

      Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардағы төсек-орын саны: бірінші кезекте − 516 төсек-орын, есепті мерзімде − 900 төсек-орын.

      Қалада амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін объекті саны: бірінші кезекте бір ауысымда 300 адам келеді, есепті мерзімде бір ауысымда 1500 адам қабылдайды.

      Медициналық жедел жәрдем станциялары мен автомобиль саны: бірінші кезекте − 7 автомобиль, есепті мерзімде − 15 автомобиль.

6-параграф. Экономикалық қызмет

      Қосшы қаласы Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласына жақын орналасуы өтім нарығын қамтамасыз етіп, қалаға инвесторларды тартады. Қосшы қаласында жобалау кезінде өнеркәсіптің әртүрлі салаларына жататын орта және шағын өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмыс істейді.

      Бастапқы жылы қаланың өнеркәсіптік орындарының салалық құрылымындағы басты орында басқа металл емес және машиналар мен жабдықтар өндірісі болды.

      Перспективада тұрғын үй құрылысы кәсіпорындарының санитариялық-қорғау аймағында орналасуына байланысты кәсіпорындарды шығару ұсынылады.

      Перспективада елді мекен шекарасында өндірістік-қойма кәсіпорындарын орналастыруға арналған ауданы 16,0 га аумақ көзделген. Бұл аумақта теория бойынша шағын индустриялық аймақты ұйымдастыруға болады.

      Қалаға іргелес аумақта ауданы 216,0 га учаске бар, ол сондай-ақ әртүрлі бейіндегі өндірістік-қойма үй-жайларын орналастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.

      Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту - жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және экономиканың тиімділігін арттыру факторларының бірі. Соңғы уақытта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру арқылы азаматтардың өз қабілеттерін іске асыруға деген қызығушылығы айтарлықтай өсті.

      2023 жылғы 1 қаңтарда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 2326 бірлікті құрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер – 1800 бірлік, заңды тұлғалар – 481 бірлік, шаруа қожалығы және фермерлік шаруашылық – 45 бірлік. Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік қызметтің байқалған өсімін ескере отырып, болашақта шағын және орта бизнестің қарқынды өсуін болжауға болады.

      Перспективада шағын және орта кәсіпкерліктің экономиканы әртараптандыруға және экономикалық өсудің тұрақтылығына әсер ету әлеуетінің артуы маңызды.

      Нақты кәсіпорындарды орналастыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік қолдау шараларына және инвестициялық тартымдылығына тікелей байланысты болады.

7-тарау. Қаланың қала құрылысы тұрғысынан дамуының негізгі бағыттары

1-параграф. Негізгі ережелер

      Қала аумағын функционалдық-қала құрылысы аймақтарына бөлу Бас жоспарда қаланы дамытудың, қолданыстағы құрылыс салу жүйесін қалдырудың, жаңа тұрғын үй құрылысын дамытудың, әкімшілік, қоғамдық-іскерлік және әлеуметтік объектілерді, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін орналастырудың, көлік-жаяу жүргіншілер қатынасын ұйымдастырудың және толық инженерлік қамтамасыз етудің есепті параметрлеріне сүйеніп орындалды.

      Аумақты функционалдық аймаққа бөлуде мынадай функционалдық аймақтар айқындалған:

      тұрғын үй құрылысы аймағы (тұрғын үй құрылысы аудандары мен орамдары, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер);

      қоғамдық-іскерлік (әкімшілік, қоғамдық-іскерлік) аймақ;

      рекреациялық аймақ (жағажайлар, саябақтар, желекжолдар, скверлер);

      инженерлік және көліктік инфрақұрылым аймағы;

      өндірістік (өнеркәсіптік) аймақ (коммуналдық және өндірістік аймақтар, индустриялық парктер);

      арнайы мақсаттағы аймақтар (әскери және өзге де режимдік аумақтар);

      санитариялық қорғау және су қорғау аймақтары;

      резервтегі аумақтар (қала құрылысы ресурстары).

      Аумақтарды пайдалану жағынан әрбір функционалдық аймақтың өзінің нысаналы мақсаты бар және перспективада осы нысаналы мақсаттың шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекарасында ғана пайдалануға болады. Меншік нысанына қарамастан аймақтың функцияларына сәйкес келмейтін объектілерді орналастыру қарастырылмайды.

      Функционалдық аймақтардың шекарасы әрбір жер учаскесінің бір аумақтық аймаққа ғана тиесілі болуы жөніндегі талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Қаланың тұрғын аймағы үй маңындағы аумақты абаттандырылған көп қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді, меншікжай учаскелері жайластырылған және тұрғын үйлері бөліктелген жеке тұрғын үйлерді салуға арналады және қаланың мынадай аймағын қамтиды:

      меншікжайлы және бөліктелген тұрғын үйлер;

      үш қабатқа дейінгі көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      4-5 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      6-9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйлер;

      қоғамдық-іскерлік аймақ, әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері үшін (жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаны қоса алғанда);

      жалпы пайдаланымдағы жасыл желек алып жатқан рекреациялық аймақ.

      Тұрғын аймақтар қаланың басты магистральдық және тұрғын көшелерімен шектеледі, олардың әрқайсысының құрылысы, қабат саны, абаттандыру деңгейі, әлеуметтік объектілердің мол болуы және басқа да параметрлері бойынша өзіндік сипаттамасы бар.

      Қоғамдық аймақ (қоғамдық-іскерлік, қоғамдық орталық) өзара біртұтас жүйеге байланысқан әкімшілік және қоғамдық мақсаттағы объектілерден тұратын қаланың аса маңызды құрылым түзуші элементі болып табылады. Бұл аймақ денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, коммерциялық қызмет объектілерінің, сондай-ақ білім беру мекемелерінің (орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік білім беру), әкімшілік, ғибадат үйлерінің, іскерлік, қаржылық және қоғамдық орталықтардың қала аумағын қалыптастыруына жағдай жасауға арналған.

      Қоғамдық-іскерлік аймақта қонақүйлерді, жерасты немесе көп қабатты гараждарды орналастыруға болады. Қоғамдық-іскерлік аймақ аумағында санитариялық және экологиялық қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар талап етілмейтін жоғарыда аталған объектілер жанынан көліктің ашық тұрағы орналастырылады.

      Өндірістік аймақтар қаланың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін коммуналдық, өнеркәсіптік объектілер мен қойма объектілерін орналастыруға арналған. Өндірістік аймаққа объектілердің өздерінің санитариялық қорғау аймағының аумағы кіреді. Өндірістік объектілердің меншік иелері өндірістік аймақтың аумағын өз қаражаты есебінен абаттандырады.

      Тұрғын үй құрылысынан едәуір қашық орналасуға тиіс санитариялық қорғау аймақтары белгіленетін өнеркәсіптік мақсаттағы объектілер, индустриялық және өнеркәсіптік аймақтар үшін мынадай шарттар көзделуі қажет:

      өнеркәсіп орындары үшін санитариялық қорғау аймағы қауіптілік жіктемесіне байланысты;

      көлікпен қызмет көрсету объектілері үшін қорғау аймақтары 50-100 м шегінде.

      Инженерлік және көлік инфрақұрылымы аймақтары теміржол, автомобиль, өзен, әуе көлігі құрылысжайлары мен коммуникациясын, сондай-ақ инженерлік жабдықтарды орналастыруға және олардың қызмет етуіне арналған.

      Инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерін орналастырған кездегі міндетті шарт: тыныс-тіршілік ортасына зиянды әсер етуді болғызбау үшін осындай объектілерден тұрғын үйлердің, қоғамдық-іскерлік және рекреациялық аймақтардың аумағына дейінгі қажетті қашықтықты сақтау.

      Егер инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілерінде тұрғындардың қауіпсіздігіне тікелей зиянды әсер ететін ерекшелік болса, онда олар қала аумағынан тыс жерде (оның ішінде әуежайлар) орналастырылады.

      Инженерлік және көлік инфрақұрылымы объектілері мен олардың санитариялық қорғау аймағына бөлінген аумақты абаттандыру жөніндегі міндеттер құрылысжай мен коммуникация, көлік, байланыс және инженерлік жабдық иелеріне жүктеледі.

      Санитариялық қорғау аймағы тұрғындардың тыныс-тіршілігіне экологиялық қолайлы орта қалыптастыру жағдайын қамтамасыз етуге арналған. Санитариялық қорғау аймағы шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.

      Қалалардағы рекреациялық аймақтар (ортақ пайдаланымдағы жасыл желектер) тұрғындар демалатын жерлерді (саябақ, бақ, қала ормандары, орманды саябақ, жағажай және өзге де объектілер) ұйымдастыруға, қала аумағында қолайлы микроклимат жасауға, көгалдандырылған саябақ кеңістіктер жасауға, тұрғындар демалатын жерлерді тұрғындардың серуендеуі үшін абаттандырылған жерлерді ұйымдастыру мен жайластыруға арналған.

      Қаланың рекреациялық аймағына Сарқырама өзенінің жайылмасындағы орман саябағы, орман мен саябақ аймағы, демалыс және ойын-сауық, туризм, қонақүй, саяжай қоры объектілері аймағы жатады

      Қазіргі кезеңде қалада ортақ пайдаланымдағы жасыл желек жетіспейді. Қалада орталық саябақ пен желекжол, сондай-ақ қоғамдық ғимараттар жанындағы шағын скверлер мен магистральдық көше бойындағы жасыл желек қана бар.

      Арнайы мақсаттағы аймақтар зираттарды, тұрмыстық қалдықтар үйінділерін, мал қорымын және қала қоныстарының басқа аумақтарының аймағында пайдалануға болмайтын өзге де объектілерді орналастыруға бөлінеді.

      Арнайы мақсаттағы аймақтарда қаланың көліктік және инженерлік қамтамасыз ету объектілері (инженерлік инфрақұрылым, автомобиль көлігі құрылысжайлары) және олардың санитариялық қорғау аймағы орналастырылады.

      Мұндай аймақтарды пайдалану арнайы нормативтердің талаптарымен реттеледі.

      Әлеуметтік мақсаттағы объектілерге зират, мал қорымы, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жатады, олар үшін санитариялық қорғау аймағы белгіленеді және олар тұрғын үй құрылысынан едәуір қашық орналасуы тиіс:

      дәстүрлі жерлеу зираты үшін санитариялық қорғау аймағы 300 м құрайды.

      Санитариялық қорғау аймағы – адамның тіршілік ету ортасы мен адам денсаулығына келеңсіз әсер ету көзі болып табылатын, өнеркәсіптік және коммуналдық объектінің төңірегінде белгіленетін ерекше пайдалану режимі бар арнайы аумақ. Санитариялық қорғау аймағының көлемі ластанудың (химиялық, биологиялық, физикалық) атмосфералық ауаға әсерін гигиеналық нормативтерде белгіленген мәнге дейін азайтуды қамтамасыз етеді.

2-параграф. Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері

      Қала аумағының, тұрғын үй құрылысы аудандарының, қоғамдық орталық пен индустриялық аймақтың үйлесімді, эстетикалық кеңістігін жасау үшін қала құрылысы регламенттерін және қала құрылысы мен жобалау құжаттамасын әзірлеудің дәйектілігін сақтау қажет.

      Функционалдық аймақтардың негізгі регламенттері аумақтың функционалдық пайдалану аймақтарын және оларды пайдаланудың түрлерін, параметрлері мен шектеулерін айқындайтын қала құрылысы регламентін белгілейді.

      Функционалдық аймақтар регламенттері салық, жалдау ақысын төлеу және басқа да төлемдер үшін жер пайдалануды және онымен байланысты жылжымайтын мүлікті бағалаған, жер учаскесін бөлу туралы мәселелерді шешкен, әртүрлі құрылысжайларды салу мен орналастыру жобаларын қараған және келіскен, объектілерді салуға рұқсат берген кезде қолданылады.

      Функционалдық аймақтардың жалпы регламенттері Бас жоспардың жобалық шешімдері мен қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын іске асырған кезде де қолданылады.

      Бас жоспардың жобалық шешімдерін іске асырған кезде сақталуы қажет негізгі құрылыс салу регламенттеріне:

      көше-жол желісі мен көлікті ұйымдастыру схемасына, көше мен жолдың көлденең бейініне және көше мен жолдың қызыл сызығының жоспарына сәйкес көше мен жолдың қызыл сызығын сақтау;

      объект орналастырылатын функционалдық мақсаттағы аймақтардың шекарасын сақтау;

      функционалдық аймақтардың шекарасын сақтау;

      аймақтардағы тұрғын үй құрылысы көлемін сақтау;

      инженерлік желі мен өндірістік кәсіпорындардың күзет аймағын сақтау жөніндегі регламенттер жатады.

      Аумақтарды пайдалану жағынан функционалдық-қала құрылысы аймағының өзінің нысаналы мақсаты болады және перспективада осы нысаналы мақсат шеңберінде және осы функционалдық аймақтың шекарасында ғана пайдалануға болады.

      Аймақтарда объектілердің негізгі функциясына ілеспе учаскелер қарастырылуы мүмкін.

8-тарау. Аумақты кеңістікте ұйымдастыру

      Бас жоспарда қаланың селитебті аумағын сәулет-жоспарлау тұрғысынан ұйымдастырудың негізіне мына қағидаттар алынған:

      есепті кезеңнің соңына қарай қисынды композициялық тұтасып жатқан және жоспарлау құрылымы бір кешенді қала өзегін құру;

      құнды күрделі тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттарды, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды және жасыл желекті сақтап қалып, қазіргі қаланың қалыптасқан жоспарлау құрылымын барынша пайдалану және есепке алу;

      еңбекшілерді еңбек ететін жерлеріне және қаланың қоғамдық орталықтарына, тұрғын аудандарға, өнеркәсіптік аудандарға жеткізуді қамтамасыз ететін қаланың көлік желісін одан әрі қалыптастыру және жетілдіру;

      қалада микроклиматтық жағдайды жақсартуға ықпал ететін жасыл желектердің санитариялық қорғау, су қорғау белдеуі бар ортақ пайдаланымдағы жасыл желектердің бірыңғай, өзара байланысты жүйесін ұйымдастыру.

      Қоныстандырудың қабылданған нұсқасы бойынша қала перспективада Астана қаласының шекарасына қарай солтүстік бағытта, оңтүстік және батысқа, ауданы 367,6 гектар Целиноград ауданының жері есебінен қала шекарасының ұлғаюын ескере отырып, 6023,8 гектарды құрайтын бос аумақтарда дамитын болады.

      Бастапқы (2023) жылы қаланың құрылыс салынған аумағы 1220,7 гектарды (23,5 %), құрылыс салынбаған аумағы 3977,3 гектарды (76,5 %) құрады.

      Есепті мерзімге (2038 жыл) ұқсас көрсеткіштер тиісінше 3612,3 гектарды (60,0%) және 2411,5 гектарды (40,0%) құрайды. Резервтік аумақтардың ауданы 1181,8 гектарды құрайды. Қаланың оңтүстік және батыс бөліктерінде резервтік аумақтар қарастырылған.

      Жаңа алаңдарды игеруден басқа, қаланың қазіргі аумағын реконструкциялау да көзделген. Қоныстандыру жүйесі кейбір өндірістік аумақ, ескі тұрғын үй орамдарының функциясын өзгерту және қалалық және облыстық қызметтерімен әкімшілік орталықтың объектілерін, сондай-ақ әлеуметтік сала объектілері бар көп пәтерлі жаңа тұрғын үйді орналастыру арқылы көзделген.

      Қалалық жерлердің шекараларында орналасқан коммуналдық құрылғылар (кәріздік тазарту құрылыстары, қазандық) қоныстану аумақтарынан едәуір қашықтықта орналасқан. Алайда олар Сарқырама өзенінің су қорғау белдеуіне түседі, осыған байланысты Бас жоспарда коммуналдық аймақты ұйымдастыру үшін жаңа аумақ көзделген.

      Қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны қазіргі кезде Астана қаласының солтүстік-шығысында орналасқан, перспективада Қосшы қаласынан қоқысты Астана қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына да шығару көзделеді.

      Қазіргі уақытта өндірістік кәсіпорындар учаскелерінің көп бөлігі жұмыс істемейді және қаланың орталық бөлігінің сыртқы келбетіне келеңсіз әсер етеді, сол себепті жобада бұл аумақты Қосшының жалпықалалық орталығы ретінде дамыту ұсынылады, сонымен бірге бас жоспар жобасында үш жаңа коммуналдық-өндірістік-қойма аймағын ұйымдастыру бойынша ұсыныс беріледі, олар жаңадан орналасады, қалының орталық бөлігінен көшірілетін өндірістік кәсіпорындар да жұмыстарын жалғастыра алады.

      Бірінші аймақ (коммуналдық-қойма) елді мекеннің оңтүстік бөлігінде қолданыстағы су құбыры құрылыстарының алаңына жақын жерде көзделеді, мұнда жобалық шешімдерге сәйкес қаланың автобус паркін, өрт сөндіру депосын, жануарларға арналған баспананы, сондай-ақ қауіптілігі IV және V класс шағын санитарлық-қорғау аймақтары (100 м дейін) бар қойма және өндірістік кәсіпорындарды орналастыру ұсынылады.

      Екінші аймақ (индустриялық) Тайтөбе ауылының солтүстік-батысында, Қосшы қаласының перспективалы шекарасынан тыс, қалалық бағынысты жерлерде орналасатын болады, оның ауданы шамамен 260 га құрайды, мұнда алаңның орналасқан жеріне сәйкес (селитебті аймақтардан, су объектілерінен жеткілікті қашықтықта және желдің басым бағытын ескере отырып) қауіптілігі II-V класты кәсіпорындарды (500 м дейінгі санитарлық-қорғау аймақтары) орналастыруға болады.

      Үшінші аймақ (коммуналдық) Қосшы қаласының батыс шетінде және Тайтөбе ауылының солтүстігінде орналасады, мұнда бас жоба бойынша жаңа аудандық қазандық пен жаңа кәріз тазарту құрылыстарын орналастыру ұсынылады.

      Бас жоспардың қабылданған сәулет-жоспарлау шешіміне дала аймағында орналасқан елді мекеннің микроклиматтық жағдайларын жеңілдетуге әсер ететін аса маңызды фактор болып табылатын Сарқырама өзенінің болуы айтарлықтай ықпал етті. Бұл фактор болашақта қаланың қолда бар су объектісіне ұқыпты қарау қажет екендігіне дәлел болды.

      Бас жоспар бойынша бүкіл селитебті аумақ үш тұрғын ауданға қалыптасады, олардың шекаралары негізгі қалалық магистральдар мен Сарқырама өзені болып табылады.

      Жобаланатын және қолданыстағы тұрғын аудандар бір-бірімен жалпы қалалық маңызы бар магистральдармен: Республика, Абай, Мұқанов, Абылай хан, Тұран, Ақан сері көшелерімен байланысады, сонымен қатар қаланы батыс жағынан айналып өтіп, барлық қалалық аймақтарды бір-бірімен байланыстырып, көлік қызметін ыңғайлы ететін өте ұзындыққа созылатын жаңа Батыс магистралі көзделген.

      Бас жоспарда Сарқырама өзені арқылы өтетін автомобиль-жаяу жүргіншілерге арналған үш жаңа көпір салу көзделеді, олардың бірі Абай көшесі бойымен, қалған екеуі қаланың солтүстік және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі Батыс магистралі бойында ұйымдастырылуы тиіс. Көлік инфрақұрылымы бойынша Бас жоспардың ұсыныстарын іске асыру Тайтөбе ауылының тұрғындарына қызмет көрсетуге оң әсерін тигізеді.

      Бас жоспардың ұсыныстарына сәйкес, қазіргі уақытта бос аумақтар бар жеке тұрғын үй құрылысының қалыптасқан орамдарын үй құрылысымен аяқтау жоспарлануда. Жеке тұрғын үй құрылысы орамдарынан магистральдық көшелермен бөлінген жаңа, құрылыс салынбаған аумақтар көппәтерлі тұрғын үйлермен және аз қабатты құрылыстармен қалыптастырылатын болады.

      Қаланың сәулеттік композициясында кеңістіктегі негізгі осьтерді бөлу негізге алынады, қоғамдық және тұрғын үй құрылысы соларды бойлай салынады. Меридиандық бағыттағы магистральдар қаланың сәулеттік-жоспарлау композициясындағы доминанттар болып табылады, олар қаланың қазіргі және перспективалы бөліктеріндегі Республика, Абай және Ақан сері көшелері, сондай-ақ құрылыстың перспективалы аумақтарындағы маңызды артерия ұйымдастырылған Батыс магистралі болып табылады.

      Жалпықалалық орталық Республика мен Абай көшелерінің қиылысына жақын аумақта құрылуды жалғастырады, онда шашыраңқы орналасқан өндірістік объектілердің учаскелері жалпықалалық маңызы бар объектілер болып қайта ұйымдастырылуы тиіс. Мұнда әкімшілік ғимараттарды, мәдениет үйін, көпфункционалды ірі кешендерді және тағы басқаларды орналастыру жоспарланған.

      Жалпы қалалық орталықтан басқа, қаланың солтүстік, оңтүстік және батыс бөліктерінде қалалық ішкі үш орталықты ұйымдастыру қарастырылған, онда болашақта абаттандырылып, көгалдандырылған кеңістіктер мен қоғамдық объектілер пайда болады.

      Жобада Сарқырама өзенінің жағалау бойын жоспарлауға және абаттандыруға ерекше назар аударылды. Олардың бойымен өзара терренкулармен байланыстырылған бірнеше саябақ аймағын құру көзделеді. Қоғамдық демалыс орталықтарының құрылуы өзеннің болуымен де тығыз байланысты, сондықтан қаланың солтүстік-батыс бөлігінде өзен жағалауында демалыс базаларын орналастыру туралы ұсыныс жасалды.

      Қолданыстағы денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін жаңа, орталық аурухана мен медициналық орталықтармен толықтыру ұсынылады.

      Қаланың қалыптасқан бөлігіндегі бас жоспармен ұсынылатын іс-шаралар құнды күрделі тұрғын үй қорын, қоғамдық ғимараттарды, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы ғимараттарды және жасыл желектерді сақтай отырып, қолданыстағы қаланың қалыптасқан жоспарлау құрылымын барынша пайдалануға және есепке алуға бағытталған.

      Тыныс-тіршілік үшін жайлы жағдай жасау, кадрларды тартуға және олардың қалада тұрақтап қалуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін Бас жоспарда қоршаған ортаны сауықтырудағы рөлі айрықша жоғары, қала тұрғындарының еңбек етуіне, тұрмысы мен демалысына қажетті санитариялық-гигиеналық және микроклиматтық қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін жасыл желектер жүйесін құруға ерекше назар аударылады.

      Осыған байланысты жобада жаңа үлгідегі саябақтар құру және қолданыстағыларын реконструкциялау арқылы жағалау маңындағы жолақты жаппай көгалдандыру ұсынылады. Барлық саябақтар, скверлер, желекжолдар, аллеялар бір-бірімен және жағалау маңындағы көгалды жолақпен біріктіріліп, ортақ пайдаланымдағы жасыл желектердің біртұтас жүйесін түзеді.

9-тарау. Көгалдандырылған кеңістіктер жүйесін ұйымдастыру

      Көгалдандырылған кеңістіктерді ұйымдастырудың ұсынылып отырған жүйесі топырақ-климат жағдайларын, жер бедерінің ерекшеліктерін және қалыптасып қойған көгалдандыруды ескере отырып, перспективалы сәулет-жоспарлау шешімдеріне негізделген.

      Қарастырылып отырған аумақтың көгалдандырылған кеңістіктерін ұйымдастырудың негізгі тұжырымдамасы – қала аумағына еніп, жағалау маңындағы жолақ пен қала ішінің кеңістігін жобаланып отырған жасыл қорғау белдеуімен байланыстыратын Сарқырама өзенінің жағалау маңындағы жолағы арқылы қалыптасатын жасыл қаңқа құру, олар саябақтардың, скверлер мен желекжолдардың көгалдандырылған аумақтарымен бірге көгалдандырылған кеңістіктердің бірыңғай жүйесін түзетін болады.

      Бір тұрғынға шаққанда көгалдандырылған аумақтың 8 м2 нормативтік алаңына және есепті мерзімге қарай көгалдандырылған аумақтың 120 гектар нормативтік алаңына жету мақсатында қазіргі тұрғын аудандарда да, жаңа тұрғын аудандарда да көгалды алаң көлемін ұлғайту үшін қаланың барлық дерлік аудандарында, оның ішінде селитебті аймақта жаяу жүргіншілер мен саябақтардың жаңа аймақтарын, скверлер мен орман саябақтарын құру жолымен кемінде 110 гектар ортақ пайдаланымдағы көгалдандырылған жаңа аумақтар құру қажет.

      Бірінші кезектің соңына қарай ортақ пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың ауданы 73 гектарды құрауға тиіс, есепті мерзімнің соңында ортақ пайдаланымдағы көгалдандырылған аумақтың ауданы 120 гектарды құрайтын болады.

      Өнеркәсіп орындарының зиянды шығарындыларынан және қатты желден қорғайтын жалпақ жасыл тосқауыл жасау ерекше маңызға ие.

10-тарау. Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қорғау

      Қосшы қаласының Бас жоспарының жобасында қарастырылған аумақ соңғы уақытқа дейін Целиноград ауданының бөлігі болды.

      Бас жоспарда ұсынылғанға сәйкес Қосшы қалалық бағынысындағы жердің аумағы (Тайтөбе ауылын қоса алғанда) 14 051 гектарды құрайтын болады, оның ішінде Қосшы қаласының перспективалық даму аумағы – 6024 гектар.

      Тарихи-мәдени сараптама жүргізу бойынша жұмыс нәтижелеріне сәйкес Қосшы қаласының аумағында тарихи-мәдени мұра ескерткіштері табылған жоқ.

      Болашақта жаңа ескерткіштер пайда болған кезде ескерткіштердің қорғалатын аймақтарын белгілеу, олардың қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын анықтау бойынша жұмыс жүргізу қажет.

      Ескерткіштердің қорғау аймақтарының белгіленген шекаралары шегінде оларды қоршаған тарихи-сәулеттік ортаны сақтап қалуға мүмкіндік беретін ерекше пайдалану қағидалары қолданылады.

      Ескерткіштерді сақтап қалу жөніндегі арнайы шараларды қоспағанда, ескерткіштердің біріккен күзет аймақтарының шекарасында кез келген құрылыс салуға тыйым салынады.

      Тарихи ортаның физикалық жай-күйін нашарлататын кез келген әрекетке тыйым салынады.

      Ескерткіштерді қорғау аймақтарының шекарасындағы кез келген құрылыс, реставрация, жөндеу жұмыстары тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісілуге тиіс.

      Тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймағы барлық құрылыстарымен бірге ескерткіштің айналасындағы жер учаскесінің аумағы болып табылады.

      Қорғалатын аймақ жекелеген сәулет құрылысжайларын, ансамбльдерді, сондай-ақ құнды мәдени мұра болып табылатын тарих және археология ескерткіштерін сақтап қалу мақсатында белгіленеді.

      Қорғалатын аймақтардың аумағындағы режим мынадай талаптарға сүйенуге тиіс:

      1) ескерткіш аумағына кіріп-шығу, әдетте, еркін болуы тиіс;

      2) қорғалатын аймақтардың аумағындағы барлық сәулет-құрылыс және жоспарлау іс-шаралары ескерткіштерді қорғау органдарының нұсқауы бойынша және олардың бақылауымен жүргізіледі;

      3) қорғау аймағының аумағында:

      ескерткіштерді қорғау органдарымен келіспей, кез келген жаңа құрылыс салуға;

      сүріп тастау немесе кәдеге жарату мақсатында пайдалану қажеттігі анықталғанға дейін жеке тұрған кез келген құрылысжайды (ескерткіштерді емес) сүріп тастауға;

      электр және телеграф тораптарының әуе желілерін тартуға және аудандық трансформаторлық пункттерді орнатуға;

      учаскенің тарихи жоспарлау құрылымын бұзатын көлік тораптары мен көлік жолдарын құруға;

      тұруға арнайы нұсқауы жоқ автокөліктің тоқтап тұруына;

      ескерткіштерді қорғау органдарының арнайы рұқсаты болмаса, жердегі жұмыстардың кез келген түрін жүргізуге;

      жасыл желектерді кесуге және жаңаларын отырғызуға;

      аумақты қоқыспен толтыруға және ластауға тыйым салынады.

      Қорғалатын аймақтан басқа, ескерткіштің немесе мәдениет ескерткіштері тобының айналасында құрылыс салуды реттеу аймақтары белгіленеді.

      Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи қалыптасқан жоспарлау жүйесін, қорғалатын сәулет ансамблінің табиғи ортасының сипатын сақтап қалу мақсатында белгіленеді.

      Бұл аймақта жаңа құрылыс салуға рұқсат етіледі, бірақ ғимараттың қабат саны мен тығыздығы шектеледі.

      Түбегейлі қайта құруға жол берілмейді. Құрылыс салуды реттеу аумағында жүргізілетін барлық сәулет-жоспарлау іс-шаралары ескерткіштерді қорғау органдарымен келісіледі.

      Құрылыс салуды реттеу аймақтары мен күзет аймақтарының бекітілген шекаралары жер бөлу үшін негізгі және жеткілікті құжат болып табылады.

      Күзет аймақтарының аумағы режимінің сақталуын бақылауды ескерткіштерді күзету органдары қамтамасыз етеді.

11-тарау. Қаланың көліктік инфрақұрылымы және көше-жол желісі

      Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар "Астана-Қабанбай батыр-Теміртау" Р-3 автомобиль жолы шығыс жағынан қолданыстағы және жобаланып жатқан құрылыс бойымен жанама жолмен өтеді. Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолынан 16 км-ге дейінгі Р-3 автомобиль жолының кесіндісінің техникалық санаты – I б. 16-51 км – III техникалық санаты бар.

      Даму перспективасына (жақын арада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Ақмола облыстық филиалында) осы автомобиль жолында 16 км – ден 36,0 км – ге дейін техникалық санатты III-тен – I б-ге дейін арттыру жоспарлануда, оның 4 жолағы бар, бір қозғалыс жолағының ені – 3,75 м. Осы учаскенің санатын ауыстыру көлік құралдарының қозғалыс қарқынының артуына байланысты жүзеге асырылатын болады.

      Қазіргі уақытта Қосшы қаласын Астана қаласымен байланыстыратын жалғыз жол республикалық маңызы бар Р-3 автомобиль жолы болып табылады.

      Жобалау кезеңіне Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолынан Қосшы қаласына кіреберіс жолды жобалау көзделеді ("Лесная поляна" ТА солтүстік-батысына қарай).

      Жобаланатын кіреберістің оңтүстік-батыс айналма жолымен қиылысында "толық емес жоңышқа жапырағы" түріндегі екі деңгейдегі жол  айрығын салу көзделеді.

      Республика көшесінің республикалық маңызы бар Р-3 автомобиль жолына іргелес жерінде келешекте "құбыр" үлгісінде екі деңгейлі жол айрығын салу көзделеді.

      № 302 "Астана – Тайтөбе", № 303 қала маңындағы "Астана – Қосшы", № 320 "Астана – Қосшы" және № 323 "Астана – Қосшы" бағытында қатынайтын негізгі жолаушылар тасымалын "№ 1 автобус паркі" акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

      Сондай-ақ республикалық маңызы бар Р-3 автомобиль жолымен қала маңындағы: 308 "Астана - Қызылжар - Қабанбай батыр" және 309 "Астана - Қабанбай батыр-Рақымжан Қошқарбаев" маршруттары өтеді.

      Қазіргі уақытта № 302, 303, 320 және 323 қала маңындағы маршруттардағы қолданыстағы жолаушылар тасымалы Қосшы қаласының Астана қаласымен байланысын жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар қаланың орталық және шығыс бөлігіндегі негізгі көшелерді автобустар қозғалысының маршруттарымен қамтып отыр.

      Қосшы қаласының шекарасындағы автобус маршруттарының қазіргі қашықтығы шамамен 24,78 км құрайды.

      Жобалық кезеңде тұрғын үй құрылысының шекарасын кеңейтуді, аялдамаларға дейін жаяу жүргіншілердің нормативтік қолжетімділігін ескере отырып, бағыттарды жаңа аумақтарға дейін ұзарту қажет.

      Жобалық кезеңде автобустардың қозғалыс маршруттарының жалпы ұзындығы бірінші кезекте – 51,97 км, есепті мерзімге – 81,04 км, яғни маршруттардың ұзақтығы 56,26 км-ге ұлғаяды.

      Қосшы қаласында тіркелген жеңіл автомобиль саны туралы деректер ұсынылмаған және қазіргі автомобильдену деңгейі белгісіз. Жобалық кезеңдер бойынша жеке жеңіл автомобильдердің есепті паркі бірінші кезекте − 24610 бірлікті, есепті мерзімге − 32250 бірлікті құрайды.

      Қазіргі кездегідей, перспективада да, бас жоспар жобасының шекарасындағы жеке тұрғын үй құрылысы тұрғындарының көліктері өз учаскелеріне қойылатын болады. Көп қабатты құрылыс тұрғындарының қолданыстағы жеңіл автомобильдері тұрғылықты жерінен жаяу баруға болатын автомобиль тұрақтарында және аула ішіндегі аумақтағы "қалта" түріндегі автотұрақтарда қойылады.

      Бас жоспар жобасының шекарасында жеке көлікті тұрақты (түнгі) қою: бірінші кезекте – 24610 бірлік, оның ішінде мекенжайлы учаскелерде – 11272 автомобиль, 2-9 қабатты үйлерде – 13338 автомобиль, есепті мерзімге – 35250 бірлік, оның ішінде мекенжайлы учаскелерде – 13490 автомобиль және 2 қабатты үйлерде – 45019 автомобиль. 2-9 қабатты құрылыста қонақтарға арналған 13490 автомобиль орны көзделеді.

      Автотұрақтарды биіктігі 2-3 деңгей болатын жеке тұратын жерүсті автотұрақ-паркингтер үлгісінде салу көзделеді.

      Уақытша қою үшін 2-9 қабатты құрылыс аумағында (1,0 мың тұрғынға 40 автомобиль есебінен) бірінші кезекте – 2320 машина орны, есепті мерзімге – 3704 машина орнына қонақтарға арналған тұрақтар көзделеді. Есеп бойынша объектілер жанындағы автотұрақтарға уақытша қою үшін бірінші кезекте 5600 автомобиль, есепті мерзімге – 8400 автомобиль қажет болады.

      Қосшы қаласының қолданыстағы көше-жол желісінің жалпы ұзындығы – 149,0 км, оның ішінде қатты (асфальт) жабыны бар – 32,2 км. бастапқы жылға қала көшелерінің жалпы нақты ұзындығы 101,94 км құрайды, оның ішінде жалпықалалық маңызы бар көшелер – 6,07 км, аудандық маңызы бар көшелер – 9,42 км, жергілікті маңызы бар көшелер – 86,45 км.

      Бірінші кезекте көшелердің жалпы ұзындығы 302,49 км құрайды, оның ішінде: жалпықалалық маңызы бар көшелер – 30,83 км, аудандық маңызы бар көшелер – 42,32 км, жергілікті маңызы бар көшелер – 229,34 км.

      Көше-жол желісінің өсімі бірінші кезекте бастапқы жылға қарай 200,55 км құрайды.

      Есепті мерзімге көшелердің жалпы ұзындығы 417,47 км құрайды, оның ішінде: жалпықалалық маңызы бар көшелер – 39,95 км, аудандық маңызы бар көшелер – 67,57 км, жергілікті маңызы бар көшелер – 309,95 км.

      Көше-жол желісінің есепті мерзімге өсуі бастапқы жылға қарай 315,53 км құрайды.

      Қазіргі көпір су үстімен орналасқан (Сарқырама өзені). Перспективаға көпірлер өзен арқылы көзделеді, ал өтпелер (екі деңгейдегі автомобиль айрықтары) реттелетін қозғалыстың магистральдық көшелерінің республикалық маңызы бар Р-3 автомобиль жолына түйісетін және жобаланатын кіреберіс жолдың Астана қаласының оңтүстік-батыс айналма жолымен қиылысатын жерінде көзделеді.

12-тарау. Инженерлік инфрақұрылым

1-параграф. Сумен жабдықтау

      Сумен жабдықтау көзі Рождественский жерасты су көзінің Төменгі Романов учаскесі болып табылады.

      Су жинау орнының жобалық қуаты – тәулігіне 10 000 м3, нақты – тәулігіне 6500-7500 м3.

      Қазақстан Республикасының Қорлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1498-14 У хаттамасына сәйкес Төменгі Романов учаскесі жерасты суларының бекітілген баланстық қорлары "В" санаты бойынша 10 жылдық пайдалану мерзіміне тәулігіне 22,0 мың м3 құрайды. 

      Құрылыстың бірінші кезегіне су тұтынудың жиынтық есептік көлемі (2030 жыл) тәулігіне 14,913 мың м3; жылына 5 443,25 мың м3 құрайды, оның ішінде:

      шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: тәулігіне11,77 мың м³, жылына 4 296,05 мың м³;

      өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 3,143 мың м³, жылына 1 147,20 мың м³.

      Қосшы қаласы үшін есепті мерзімге (2038 жыл) су тұтынудың жиынтық болжамды есепті көлемі: тәулігіне 21,077 мың м3; жылына 7693,11 мың м3, оның ішінде:

      шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: тәулігіне 16,50 мың м³, жылына 6022,50 мың м³;

      өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 4,577 мың м³, жылына 1670,61 мың м³.

      Бас жоспар шеңберінде сумен жабдықтау жүйесін дамыту көздейді:

      шикі судың екі резервуарының құрылысы V = 2300 м3;

      тазартылған сулардың сапасын нормативтік көрсеткіштерге дейін жеткізе отырып, өнімділігі тәулігіне 10000 м3 суды тазарту станциясын монтаждау;

      барлық бұрғыланған 14 ұңғыманы іске қосу есебінен, су алу қуатын тәулігіне 22,0 мың м3 дейін ұлғайту;

      жалпы ұзындығы - 118,2 км Д100 – 250 мм су құбыры желілерін салу, оның ішінде бірінші кезекте – 55,2 км.

      ұзындығы – 70,0 км Д315 мм сумен жабдықтаудың қолданыстағы магистральдық желілерін реконструкциялау, оның ішінде бірінші кезекте – 30,0 км;

      сыйымдылығы 500 м3 техникалық судың (тұзды ерітіндінің) екі резервуарын салу (суды тазарту станциясындағы кері осмосты сүзу қондырғысының тазартылған суы);

      Нұра-Есіл өзені ауданында ұзындығы – 8,7 км техникалық суды (тұзды) айдау сорғы станциясын және техникалық суды (тұзды) ағызу құбырын салу (СТҚ алаңынан қолданыстағы Д1400 кәріз коллекторына дейін (Астана қаласы кәріздік тазарту құрылысынан Қарабидайық көліне дейін).

2-параграф. Су бұру

      Қаланың перспективалық дамуына сәйкес су бұру жүйесін дамыту бойынша мынадай іс шаралар көзделеді:

      есепті мерзімге жұмыс өнімділігін тәулігіне 18,0 мың м3 дейін ұлғайта отырып, өнімділігі тәулігіне 13,0 мың м3 жаңа КТҚ салу (су қорғау белдеуінде орналасқан қолданыстағының орнына)

      қолданыстағы су бұру схемасын ескере отырып, жаңа КТҚ-дан ұзындығы 3,0 км (бірінші кезекте) диаметрі 350-400 мм магистральдық коллектор салу;

      қолданыстағы кәріздік сорғы станциясын (КСС) реконструкциялау (сорғыларды ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары) және 11 жаңа КСС салу (бірінші кезекке 8 және есепті мерзімге 3);

      жалпы ұзындығы L=49,5 км қолданыстағы d-160-300мм орамішілік кәріз желілерін реконструкциялау (L=20,0 км бірінші кезекке, L=29,5 км есепті мерзімге);

      жалпы ұзындығы L=39,5 км жаңа d-160-300мм орамішілік кәріз желілерін салу (L=37,0 км бірінші кезекке, L=2,5 км есепті мерзімге);

      Нұра-Есіл каналы ауданындағы қолданыстағы d-1400 мм коллекторына су тазарту құрылыстары алаңынан техникалық суды айдау үшін техникалық су құбырын салу.

      Құрылыстың бірінші кезегіне арналған су бұрудың жиынтық болжамды есептік көлемі (2030 жыл) тәулігіне 12,864 мың м3 құрайды; жылына 4695,4 мың м3, оның ішінде:

      шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: тәулігіне 11,259 мың м³, жылына 4109,5 мың м³;

      өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 1,605 мың м³, жылына 585,8 мың м³.

      Есепті мерзімге (2038 жыл) су бұрудың жиынтық болжамды есептік көлемі тәулігіне 18,042 мың м3 құрайды; жылына 6585,3 мың м3, оның ішінде:

      шаруашылық-ауызсу мұқтаждығына: тәулігіне 15,792 мың м³, жылына 5764,1 мың м³;

      өндірістік мұқтаждыққа: тәулігіне 2,250 мың м³, жылына 821,3 мың м³.

3-параграф. Санитариялық тазалау

      Қосшы қаласына іргелес аумақта бірқатар шектеу факторлары бойынша ҚТҚ полигонын орналастыру үшін қолайлы жер жоқ, атап айтқанда:

      су басатын жерлердің болуы;

      жерасты суларының жақын орналасуы;

      Сарқырама және Нұра өзендерінің, Нұра-Есіл каналының су қорғау белдеулері мен су қорғау аймақтарының болуы;

      "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-дан 13 км радиуста әуеайлақ маңындағы аумақтың орналасуы.

      Жоғарыда баяндалғанға байланысты осы жобада қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) Астана қаласының ҚТҚ полигонына қолданыстағы схема бойынша шығару ұсынылады.

      Бас жоспар бойынша санитариялық тазалауды дамыту мыналарды көздейді:

      қоқыс контейнерлерін 561 данаға дейін көбейте отырып орнату (V=1,1 м³) – 400 дана;

      416 бірлікке дейін көбейте отырып, 302 бірлік автокөлік алу.

4-параграф. Электрмен жабдықтау

      Қосшы қаласының тұтынушыларын электрмен жабдықтау орталықтандырылған "Северная" ҚС 110/10 кВ, "Целиноградская" ҚС 35/10 кВ, "Достық" ҚС 220/110/10 кВ, "Гарден Виладж" ҚС 110/10 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар желілері арқылы жүзеге асырылады.

      Қосшы қаласы бойынша жалпы электр жүктемесі мынаны құрайды:

      барлығы бірінші кезекте ‒ 54433,77кВт;

      есепті мерзімге ‒ 92073,51кВт, соның ішінде:

      тұрғын үй секторы:

      бірінші кезек ‒ 34210,54кВт;

      есепті мерзім ‒ 53130,11кВт;

      әлеуметтік, тұрмыстық объектілер:

      бірінші кезек ‒ 15223,23кВт;

      есепті мерзім ‒ 32943,40кВт;

      өнеркәсіп:

      бірінші кезек ‒ 5000,00кВт;

      есепті мерзім ‒ 6000,00 кВт;

      Бас жоспарда электрмен жабдықтауды дамыту бойынша мынадай іс-шаралар ұсынылады:

      1. Бұрын электрмен жабдықтау желілеріне қосылмаған учаскелерді қосу. Тапсырманы шешу үшін шамамен 125 километр электрмен жабдықтау желісін салу қажет. Сондықтан бүгінгі күні төртінші кезектегі электрмен жабдықтау желілерін салу бойынша жоба әзірленді.

      2. Қолданыстағы желілердің пайдалану мерзімі өтіп кеткенін, олардың 70 %-дан астам тозғанын ескерсек, ескірген жабдықты анықтау мақсатында бірінші кезекте электр желілеріне кешенді түгендеу жүргізу қажет:

      жүктеменің артуына байланысты 110/10 кВ "Северная" ҚС ЗРУ-10 кВ күштік трансформаторларды ауыстыру бойынша реконструкциялау және кеңейту талап етіледі (35/10 Кв "Целиноград" ҚС 35 кВ бойынша ескірген жабдықты ауыстыру талап етілмейді, себебі жабдық бөлшектеледі, ал 10 кВ бойынша жаңа жабдық орнатылды);

      жаңа тұтынушылық трансформаторлық қосалқы станцияларды салу, кеңейту және ауыстыру.

      жеке энергия беруші ұйымдарға тиесілі желілерді "АЭҮК" АҚ теңгеріміне беру ұсынылады.

      3. Жаңадан игерілетін аумақтарда жеке тұрған тұтынушылық 10/0, 4 кВ ҚС орнату ұсынылады.

      4. 110/10 жаңа қосалқы станция құрылысы ұсынылады. Жаңа ҚС қосылу нүктесі ең жақын 110 кВ ӘЖ тіректері "Әуежай" – "Солтүстік" және "Достық" – "Солтүстік".

      Жаңа 110/10 кВ қосалқы станцияны "Достық" ҚС-пен, "Северная" ҚС-пен, "Гарден Виладж" ҚС-пен тұйықтау қажет.

      5. Қолданыстағы және жобалық тұрғын үй құрылысында 35 кВ электрмен жабдықтау желілерін бөлшектеу.

      "Целиноград-коттедж қалашығы" 35 кВ ӘЖ 2023 жылы бөлшектеліп, тұтынушыға осы ӘЖ бөлшектеу жөнінде хат жолданды.

      "Целиноград – Рождественка" және "Целиноград – Талдыкөл" ӘЖ 110/10 кВ "Северная" ҚС реконструкциялау жүргізілгеннен кейін және барлық жүктемені осы қосалқы станцияға ауыстырғаннан кейін бөлшектеу жоспарлануда.

      35/10 кВ ҚС РП-10 кВ-ға ауысатын болады.

      6. Жаңа өндірістік аумақтарды 10кВ желісі бойынша 110/10кВ Жаңа қосалқы станциядан қуаттандыру ұсынылады.

      7. Жүктемені бөлу үшін 110/10 кВ "Солтүстік" ҚС тұтынушыларының бір бөлігі жобаланатын 110/10 кВ жаңа ҚС-ға ауыстырылады.

      8. "Гарден Виладж" ҚС пен "Солтүстік" ҚС-тан Қосшы қаласын ғана емес, сонымен қатар Тайтөбе ауылын, Астана қаласының оңтүстік бөлігінде орналасатын Астана қаласының перспективалы құрылыс аудандарын электрмен жабдықтау жүргізілуде (әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес), онда осы қосалқы станциялардағы күштік трансформаторларды неғұрлым қуатты станцияларға ауыстыру ұсынылады.

5-параграф. Жылумен жабдықтау

      АСИ қазандығы, "Сиреневый Сад" ТК, "Табыс Құрылтай" ТК, "Diamond Park" ТК және олардың магистральдық және тарату жылу желілері жүйесі Қосшы қаласын орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін құрайды.

      Реконструкциялауды қажет ететін қолданыстағы АСИ қазандығын көп қабатты құрылысты жылумен қамтамасыз ету үшін қаланың негізгі жылу көзі ретінде пайдалануға болады.

      Алайда АСИ қазандығы Сарқырама өзенінің су қорғау аймағында орналасқан, бұл АСИ қазандығын реконструкциялау және кеңейту бойынша жұмыстарды орындауға мүмкіндік бермейді.

      Барлық тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылады:

      ОЖ аймағының қолданыстағы тұтынушыларын және 2-ші және 3-ші тұрғын аудандардың жаңа көп қабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттары мен құрылыстарын есепті мерзімге жылумен жабдықтау үшін қуаттылығы 145,0 Гкал/сағ дейін ұлғайта отырып, бірінші кезекте жылу қуаты 85,0 Гкал/сағ болатын жаңа аудандық қазандық салу;

      қазіргі АСИ қазандығы қосылған тұтынушылардың жылу жүктемелері Жаңа аудандық қазандыққа беріле отырып, резервке шығарылады;

      жаңа жеке тұрған көп қабатты тұрғын және қоғамдық ғимараттарды табиғи газбен жұмыс істейтін қуаты аз жаңа автономды блокты-модульді қазандық арқылы жылумен жабдықтау көзделуде;

      аз қабатты жеке және бөлектелген үйлерді жылумен жабдықтауды автономды жылыту жүйелерінен жүзеге асыру көзделеді.

      Жаңа құрылыс аудандарына жылу беру үшін жаңа АҚ-дан жаңадан тартылған жылу желілерін салу қажет болады.

      Жылу желілерін дамыту төменде аталғандарды қамтиды:

      перспективалы және қазіргі жылу тұтынушыларды қамтамасыз ету үшін жаңа магистральдық және орамдық жылу желілерін салуды;

      өз ресурсын әзірлеген қолданыстағы жылу желілерін реконструкциялауды.

      Тұтынушыларға жылу беру тиімділігін арттыру үшін зауытта дайындалған оқшауланған құбырларды қолдана отырып, құрылыс салынбаған аумақ бойынша жылу желілерін төсеудің жерүсті әдісін қолдану ұсынылады.

6-параграф. Газбен жабдықтау

      Қосшы қаласын газбен қамтамасыз ету Астана қаласы мен оған жақын елді мекендерді газбен жабдықтауға арналған "Астана-1" және "Астана -2" АГТС газ құбыры-бұрғыштары жүргізілген, "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" бағытымен жүргізілген магистралды газ құбыры арқылы жүзеге асырылады.

      "Астана-1" АГТС пен "Астана-2" АГТС-тан шығатын жерде Астана қаласының периметрі бойынша өзара сақиналанған диаметрі d-630 мм, жоғары қысымды газ құбырының газ тарату желілері салынған. Бұл сақинаның оңтүстік бөлігінде Қосшы қаласы үшін жоғары қысымды газ құбырын бұру қарастырылған.

      Қосшы қаласының Бас жоспарындағы газбен жабдықтау бөлімін әзірлеу кезінде газ тарату пунктін (ГТП) орнату орны анықталды. Қалаішілік газ тарату желілерін үш сатылы (жоғары, орташа және төмен қысымды газ құбырлары) етіп жобалау шешім етілді.

      Барлық кезеңге үш ГТП көзделеді: құрылыстың бірінші кезеңіне және есепті мерзімге бір-бірден, жобаланатын аудандық қазандық үшін жеке ГТП.

      Аз қабатты құрылыс үшін топтық шкафтық реттеу пункті көзделеді.

      Газ құбырларының тарату желілерін жерастымен салуды ұсынамыз.

7-параграф. Телефондандыру

      Жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарда G-PON технологиясы (Gigabit Passive Optical Network) бойынша заманауи телекоммуникациялық желіні салу ұсынылады. GPON – бұл талшықты-оптикалық кәбіл арқылы Интернетті, цифрлық теледидарды және IP телефонияны қосу технологиясы.

      Халық санының күтілетін өсуі кезінде Бас жоспарда бүкіл аумақта станциялық және желілік құрылыстар салу көзделген.

      Жобаланатын абонент саны:

      Бірінші кезекке – 35159 нөмір;

      Есепті мерзімге – 49286 нөмір.

13-тарау. Аумақты инженерлік дайындау

      Қосшы қаласының бас жоспарында аумақты қауіпті физикалық-геологиялық процестер мен құбылыстардан қорғау, сондай-ақ халық тұрмысының санитариялық-гигиеналық және экологиялық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін шешу көзделеді.

      Табиғи жағдайларды зерделеу және аумақты қауіпті физика-геологиялық процестерден қорғау жөніндегі инженерлік желілер мен жүйелердің қазіргі жай-күйін талдау нәтижесінде бас жоспардың әзірленген жобасында аумақты инженерлік дайындау мынадай іс-шараларды қамтиды:

      аумақты тігінен жоспарлау;

      беткі суағар ұйымдастыру;

      аумақты жерасты суының жайылуынан қорғау;

      жасыл желектерді суаруды ұйымдастыру;

      Сарқырама өзенінің жағалауын бекіту.

14-тарау. Қоршаған ортаны қорғау

      Қосшы қаласы бойынша қабылданатын шаруашылық шешімдердің экологиялық және өзге де салдарын айқындау мақсатында белгіленген қызметтің қоршаған ортаға әсеріне экологиялық бағалау жүргізілді және қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың тозуын, нашарлауы мен сарқылуын болдырмау жөніндегі ұсынымдар мен іс-шаралар әзірленді.

      Атмосфералық ауаны қорғау:

      Атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларын азайту мақсатында мынадай іс-шаралар көзделген:

      Қосшы қаласына қатысты солтүстік-батыс бағытта 2 км қашықтықта жаңа аудандық қазандық (газ – көмір отынының екі түрімен жұмыс істейтін) салу;

      Қосшы қаласына газ беру бағдарламасын іске асыру атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларын айтарлықтай азайтады;

      санитариялық-қорғау аймағының сақталмауына байланысты кейбір өндірістік кәсіпорындарды тұрғын аймақтан (индустриялық аймақ аумағына) шығару;

      әрбір кәсіпорын үшін табиғат қорғауды жобалау бойынша жеке және заңды тұлғалар белгілеген шекті мөлшердегі шығарындылар (бұдан әрі –ШМШ) нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      атмосфералық ауаның жай-күйіне мониторинг жүргізу үшін қала шегінде бақылау бекеттерін құру.

      Су ресурстарын қорғау:

      жаңа аумақтарда ескі тазарту құрылыстарының ескіруіне және олардың тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыру қажеттілігіне байланысты, санитарлық қорғау аймақтарын сақтай отырып, ағынды суларды өңдеу саласындағы заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін, жобалық өнімділігі тәулігіне 20 мың м3– 400 м және кәріз тазарту құрылыстарынан (бұдан әрі – КСС) – 20 м болатын жаңа кәріздік тазарту құрылыстарын (бұдан әрі – КТҚ) салу;

      сарқынды сулардың ластануы ШМК нормаларынан асатын өнеркәсіп орындарында ағынды суларды тазартатын жергілікті тазарту құрылысжайларын қарастыру қажет;

      тұйық циклді су бұру жүйелерін, өндірістік мақсаттағы және өндірістің технологиялық мұқтажы үшін суды қайта пайдаланудың айналым жүйелерін салу, реконструкциялау, жаңғырту;

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына және әзірленген іс-шараларға сәйкес Сарқырама өзені мен Нұра – Есіл каналының су қорғау аймақтары мен жолақтары шегінде шаруашылық пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын сақтау;

      жерүсті су объектілерінің ластануын болдырмау мақсатында нөсер кәрізін салу;

      Қосшы қаласы шегінде және оның іргелес аумақтарында Сарқырама өзенінің, Нұра-Есіл каналының жағалау аймағында тұрмыстық, құрылыс қалдықтарының рұқсатсыз стихиялық қоқыс үйінділерін жою;

      мемлекеттік ведомстволардың қолдауымен жобаланатын елді мекен шегінде және іргелес аумақтарда өзен арнасындағы және оның жағасындағы қоқыстарды жинау бойынша тұрақты іс-шаралар жүргізу мақсатында қоғамдық ұйымдар құру;

      қала шекарасына кіру, сондай-ақ қала шекарасынан шығу кезінде Сарқырама өзенінің, Нұра-Есіл каналының жерүсті сулары сапасына мониторинг жүргізу пункттерін құру.

      Өндіріс және тұтыну қалдықтары:

      коммуналдық қалдықтардың бір бөлігін кейіннен қайта өңдей отырып, қоқысты бөлек жинау жүйесін енгізу, алынған шикізатты кейіннен одан әрі энергетикалық және технологиялық тұрғыдан пайдалану.

      Топырақ-өсімдік жамылғысын қорғау:

      қаладағы микроклиматтық жағдайларды жақсартуға ықпал ететін жасыл желектің санитариялық қорғау, су қорғау және желден қорғау жолақтары бар ортақ пайдаланылатын жасыл желектің бірыңғай, өзара байланысты жүйесін ұйымдастыру;

      жобаланатын аумақтың флорасы мен фаунасының түрлік алуандығын қорғау және сақтау мақсатында жобада жасыл желектер алаңдарын ұлғайту, әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумақтарын көгалдандыру, өнеркәсіп орындарының, ауруханалардың, мектептердің, балалар мекемелерінің айналасындағы және босатылатын аумақтарды, шөлейттенуге және басқа да қолайсыз экологиялық факторларға бейім жерлерді көгалдандыру ұсынылды.

15-тарау. Ақмола облысы Қосшы қаласы Бас жоспарының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

Қазіргі жай-күйі

Бірінші кезең

Есепті мерзім

 

 

 

 

 

 

1

2

3

4

5

6


Аумақ






Қалалық бағыныстағы жерлердің шекарасы

га

13685,9

14051,4

14051,4


оның ішінде:






Тайтөбе ауылының аумағы

га

420,0

420,0

420,0


Орман шаруашылығы аумағы

га

1452,7

1452,7

1452,7


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы аумақ

га

5737,8

5737,8

5493,1


Өнеркәсіптік-коммуналдық қойма аумағы

га

35,6

51,9

316,6


Өзге аумақтар, барлығы

га

841,8

365,2

345,2

1

Қосшы қаласының аумағы

га

5198,0

6023,8

6023,8


оның ішінде:





1.1

Тұрғын үй құрылысы аумағы

га

670,1

1378,1

2010,1


оның ішінде:





1.1.1

үй жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж үлгісіндегі)

-//-

589,9

1122,7

1569,0


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

232,8

387,8

387,8


2-тұрғын аудан

-//-

357,1

682,8

967,8


3-тұрғын аудан

-//-

-

52,1

213,4

1.1.2

Аз қабатты (2-3-қабат) көп пәтерлі үйлердің құрылысы

-//-

8,6

56,7

101,1


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

8,6

34,9

34,9


2-тұрғын аудан

-//-

-

21,0

30,2


3-тұрғын аудан

-//-

-

0,8

36,0

1.1.3

Орташа қабатты көп пәтерлі үйлердің құрылысы

-//-

69,0

129,9

263,8


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

67,9

123,0

157,1


2-тұрғын аудан

-//-

1,1

6,9

12,7


3-тұрғын аудан

-//-

-

-

94,0

1.1.4

Көп қабатты көп пәтерлі үйлердің құрылысы

-//-

2,6

69,6

77,0


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

2,6

69,6

77,0


2-тұрғын аудан

-//-

-

-

-


3-тұрғын аудан

-//-

-

-

-

1.2

Қоғамдық құрылыс аумағы, барлығы

га

95,3

242,2

444,6


оның ішінде:





1.2.1

Жалпы білім беретін мектеп, мектепке дейінгі балалар мекемесі

-//-

39,8

77,9

116,7


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

35,6

60,3

60,3


2-тұрғын аудан

-//-

4,2

17,6

30,6


3-тұрғын аудан

-//-

-

-

25,8

1.2.2

қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындары

-//-

27,5

111,6

211,7


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

12,2

72,8

93,4


2-тұрғын аудан

-//-

3,8

25,1

65,2


3-тұрғын аудан

-//-

11,5

13,7

53,1

1.2.3

Демалыс аймағы

-//-

28,0

52,7

116,2

1.3

Өнеркәсіп және коммуналдық-қойма құрылысы аумағы

га

55,8

48,8

69,1


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

31,1

15,0

15,0


2-тұрғын аудан

-//-

24,7

33,8

33,8


3-тұрғын аудан

-//-

-

-

20,3

1.4

Көлік және инженерлік коммуникациялар аумағы

га

13,4

35,3

53,5


оның ішінде:






1-тұрғын аудан

-//-

7,4

17,9

17,9


2-тұрғын аудан

-//-

6,0

17,4

17,4


3-тұрғын аудан

-//-

-

-

18,2

1.5

Су қоймалары және акваториялар

га

562,8

562,8

562,8


оның ішінде:





1.5.1

су айдыны

-//-

152,4

152,4

152,4

1.5.2

жайылма аумақтар

-//-

410,4

410,4

410,4

1.6

Бағбандық серіктестіктер

га

12,0

-

-

1.7

жалпы пайдаланымдағы

га

346,6

771,2

1035,0


оның ішінде:





1.7.1

көше, жол, өтпежол

-//-

338,3

698,0

915,0

1.7.2

саябақ, сквер, желекжол

-//-

8,3

73,2

120,0

1.8

Зират аумағы

га

3,4

3,4

3,4

1.9

Санитариялық қорғау аймағының аумағы

га

252,8

266,4

295,9

1.10

Қабанбай а/о аумағы

га

-

367,6

367,6

1.11

Басқа аумақ, барлығы

га

3185,8

2348,0

1181,8

2

Халық





2.1

Халық саны

мың/адам

51,66

107,00

150,00

2.2

Халық тығыздығы





2.2.1

қоныстану аумағы шегінде

адам/га

77,9

77,9

80,7

2.2.2

қала аумағы шегінде

-//-

9,9

17,8

24,9

2.3

Халықтың жас құрылымы:





2.3.1

15 жасқа дейінгі балалар

мың адам/%

14053/27,2

29532/27,6

41850/27,9

2.3.2

еңбекке қабілетті жастағы халық (ерлер 16-62 жас, әйелдер 16-57 жас)

-//-

35235/68,2

72118/67,4

99450/66,3

2.3.3

еңбекке қабілетті жастан асқан халық

-//-

2376/4,6

5350/5,0

8700/5,8

2.4

отбасы саны

бірлік

15 656

26 750

37 500

2.5*1

Еңбек ресурсы, барлығы

%

59,7

56,0

55,6


оның ішінде:





2.5.1.

жұмыспен қамтылған халық

-//-

95,8

95,9

97,0

2.5.1.1.

жалдамалы жұмыскер

-//-

57,6

66,4

74,9

2.5.1.2

өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыскер

-//-

38,2

29,5

22,1

2.5.2

жұмыссыз халық

-//-

4,2

4,1

3,0

2.6

Жұмыс күшінің құрамына кірмейтін тұлға

%

18,0

22,7

22,9

2.6.1

Зейнеткер

-//-

11,6

15,7

14,8

2.6.2

белсенді емес басқа адам

-//-

6,3

6,9

8,0

3

Тұрғын үй құрылысы





3.1

Тұрғын үй қоры, барлығы

жалпы ауданы мың м2 / % /*үй (пәтер) бірл.

1284,97/100/
15735

2942,50/100/
36443

4500,0/100/
55534


оның ішінде:





3.1.1

мемлекеттік қор

-//-

-

-

-

3.1.2

жеке меншіктегі

-//-

1284,97/100/
15735

2942,50/100/
36443

4500,0/100/
55345

3.2

Жалпы қордан:

-//-

1284,97/100/
15735

2942,50/100/
36443

4500,0/100/
55345

3.2.1

көп пәтерлі үйлерде

-//-

432,71/33,7
8917

1594,71/100/
24513

2788,51/
40352

3.2.2

меншікжай үлгісіндегі үйде

-//-

852,26/66,3/
6818

1347,79/45,8/
11 930

1711,49/
14993

3.3

Сақталатын тұрғын үй қоры, барлығы

-//-

1284,97/100/
15735

1186,70/100/
14721

1186,70/100/
14721

3.4

Тұрғын үй қорын қабат саны бойынша бөлу:






оның ішінде:





3.4.1

аз қабатты

-//-

865,05/67,3/
7059

770,75/64,9/
6135

770,75/64,9/
6135


оның ішінде құрылыста:





3.4.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар меншікжай (коттедж түріндегі)

-//-

865,05/66,3/
6818

770,75/64,9/
6135

770,75/64,9/
6135

3.4.1.2

Пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген

-//-

-

-

-

3.4.1.3

жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты

-//-

12,79/1,0/
241

-

-

3.4.2

Орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі

-//-

410,88/32,0/
8471

406,91/34,3/
8381

406,91/34,3/
8381

3.4.3

көп қабатты
көп пәтерлі

-//-

9,04/0,7/205

9,04/205

9,04/205

3.5

Тұрғын үй қорының кемуі, барлығы

-//-

-

98,27/100/
1014

98,27/100/
1014


оның ішінде:





3.5.1

техникалық жағдайы бойынша

-//-

-

-

-

3.5.2

реконструкциялау бойынша

-//-

-

-

-

3.5.3

басқа да себептермен (сібір жарасы көмбесінен СҚА)

-//-

-

98,27/100/
1014

98,27/100/
1014

3.5.4

Төменде аталғандарға қатысты тұрғын үй қорының азаюы:


-



3.5.4.1

қолданыстағы тұрғын үй қорына

%

-

7,6

7,6

3.5.4.2

жаңа құрылысқа

-//-

-

5,6

3,0

3.6

Жаңа тұрғын үй құрылысы, оның ішінде барлығы:

бірлік үй (пәтер) /жалпы алаңы мың шаршы м

-

22100/1755,80

18902
/3313,30

3.6.1

мемлекеттік қаражаттан

-//-

-

-

-

3.6.2

кәсіпорындар мен ұйымдар

-//-

-

-

-

3.6.3

халықтың өз қаражаты

-//-

-

22100/1755,80

41002
/3313,30

3.7

Қабат саны бойынша жаңа тұрғын үй құрылысының құрылымы

-//-

-

22100/1755,80

41002
/3313,30


оның ішінде:





3.7.1

аз қабатты

-//-

-

7559/762,47

12602/
1300,75


оның ішінде:





3.7.1.1

үй (пәтер) жанындағы жер учаскесі бар мекенжай (коттедж) үлгісіндегі

-//-

-

5301/577,04

8364/940,74

3.7.1.2

пәтер жанында жер учаскесі бар бөліктелген

-//-

-

-

-

3.7.1.3

жер учаскесі жоқ 1-3 қабатты

-//-

-

2258/185,43

4238/360,01

3.7.2

орташа қабатты (4-5 қабатты) көп пәтерлі

-//-

-

6261/426,68

19136/
1371,71

3.7.3

көп қабатты көп пәтерлі

-//-

-

8280/566,65

9264/640,84

3.8

Жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінен орналасады:





3.8.1

бос аумақтарда

-//-

-

22100/1755,80

18902
/3313,30

3.8.2

қолданыстағы құрылысты реконструкциялау есебінен

-//-

-

-

-

3.9

Жаңа тұрғын үй қорының жалпы ауданының жылына орта есеппен пайдалануға берілуі

мың ш.м

-

250,83

220,89

3.10*2

Тұрғындардың пәтердің жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі

м2/адам

-

27,5

30,0

4

Әлеуметтік және мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету объектілері

4.1

Мектепке дейінгі балалар мекемесі, барлығы/1000 адамға

Орын

4148

6726

13560

4.1.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

92,9

70,8

100,0

4.1.2

1000 тұрғынға

Орын

80

63

90

4.1.3

жаңа құрылыс

-//-

-

3521

6834

4.2

Жалпы білім беру мекемелері, барлығы / 1000 адамға

-//-

3286

13586

23850

4.2.1

қамтамасыз етілу деңгейі

%

40,9

80,7

100,0

4.2.2

1000 адамға

Орын

64

127

159

4.2.3

жаңа құрылыс

-//-

-

10300

10264

4.3

Мектептен тыс мекеме

Орын

-

1131

2385

4.4

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары

Нысан

-

2

3

4.5

Жоғары оқу орындары

нысан

-

-

1

4.6

Әлеуметтік мақсаттағы мекемелер

нысан

-

-

5

4.7

Аурухана, барлығы/1000 адамға

орын

16/0,3

516/4,8

900/6,0

4.8

Емхана, барлығы/1000 адамға

ауысымға келу

200/3,9

300/2,8

1500/10,0

4.9

Бастапқы психикалық денсаулық орталығы

нысан

-

-

1

4.10

Медициналық жедел жәрдем станциялары

автомобиль

2

7

15

4.11

Жастар денсаулық орталығы

нысан

-

-

1

4.12

Диагностикалық орталықтар

нысан

2

4

4

4.13

Стоматология орталығы

нысан

3

5

7

4.14

Дәріханалар

нысан

12

19

30

4.15

Үлестіру пункті бар сүт ас үйі

м2

-

-

855,0

4.16

Балалы отбасыларға арналған туристік базалар (демалыс аймағы)

нысан

9

11

11

4.17

Кемпингтер

нысан

-

2

2

4.18

Дене шынықтыру-спорттық құрылыстар - барлығы/1000 адамға

га

0,8/0,01

31,4/0,3

105,0/0,7

4.19

Дене шынықтыру-сауықтырумен шұғылдануға арналған үй-жайлар

еден ауданы мың м2

-

6484,0

10500,0

4.20

Ортақ пайдаланымдағы спорт залдары

еден ауданы мың м2

2140,0

5674,0

9000,0

4.21

Ортақ пайдаланымдағы бассейндер

су беті м2

-

1501,0

3000,0

4.22

Халықпен, мәдени-бұқаралық және саяси-тәрбие жұмысына арналған демалыс және әуесқойлық қызметі бар үй-жайлар

еден ауданы мың м2

-

3652,0

7500,0

4.23

Клуб/1000 адамға

келуші орны

150/3

3000/28

12000/80

 
4.24

Концерт залы

орын

-

-

525

4.25

Музей

нысан

-

-

1

4.26

Кітапхана

мың бірл. сақт

1,0

292,0

600,0

4.27

Ғибадат ғимараттары

нысан

2

3

5

4.28

Сауда кәсіпорындары барлығы/1000 адамға

сауда алаңы м2

15810,0/
306,0

25360,0/
237,0

42000,0/
280,0

4.29

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

отыратын орын

808/16

2008/19

6000/40

4.30

Тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары, барлығы/1000 адамға

жұмыс орны

152/3

777/7

1350/9

4.31

Байланыс бөлімшесі

нысан

1

2

4

4.32

Банк мекемесі

нысан

1

2

3

4.33

Басқару ұйымы мен мекемесі

нысан

5

20

29

4.34

Нотариаттық кеңсе

нысан

6

6

6

4.35

Полиция пункті

нысан

2

3

4

4.36

Тұрғын үй-пайдалану ұйымдары

нысан

2

2

2

4.37

Шикізатты қайтадан қабылдау пункті

нысан

-

6

8

4.38

Монша-сауықтыру кешендері

орын

125

305

750

4.39

Қонақүйлер

орын

57

357

900

4.40

Өрт сөндіру депосы

автом./ бекет саны

-

___2___
1х4+1х8

____5____
2х8+2х6+ 1х4

5

Көше-жол желісі және көлік

5.1

Магистральдық көше мен жол ұзындығы, барлығы

км

101,94

302,49

417,47


оның ішінде:





5.1.1

жалпы қалалық маңызы бар магистраль

-//-

6,07

30,83

39,95

5.1.2

аудандық маңызы бар магистраль

-//-

9,42

42,32

67,57

5.1.3

Жергілікті маңызы бар көшелер

-//-

86,45

229,34

309,95

5.2

Жолаушылардың қоғамдық көлігі желілерінің ұзындығы, барлығы

км

24,78

51,97

81,04


оның ішінде:





5.2.1

Автобус

-//-

24,78

51,97

81,04

5.3

Жеңіл автомобильдерге арналған автомобиль тұрағы, барлығы

маш.-орын

 
-

 
21258

33864


оның ішінде:





5.3.1

Автомобильдерді ұдайы сақтауға қою үшін, барлық

 
-//-

-

13338

21760


оның ішінде:





5.3.1.1

Автотұрақтарда

-//-

-

13338

21760

5.3.2

Автомобильдерді уақытша қоюға арналған, барлығы

 
-//-

 
-

7920

12104


оның ішінде:





5.3.2.1

- жерүсті тұрақтар (объект жанындағы)

-//-

-

5600

8400

5.3.2.2

- қонақтарға арналған тұрақтар

-//-

-

2320

3704

6

Инженерлік жабдықтар




6.1

Сумен жабдықтау:





6.1.1

Жиынтық тұтыну, барлығы

мың м3/тәулік

12,508

14,913

21,077


оның ішінде:





6.1.1.1

шаруашылық-ауызсу мұқтажына

-//-

8,548

11,77

16,50

6.1.1.2

өндірістік мұқтаждыққа

-//-

3,96

3,143

4,577

6.1.2

Басты су құбыры құрылысының қуаты

-//-

10,0

15,0

22,0

6.1.3

Пайдаланылатын сумен жабдықтау көзі:



6.1.3.1

жерасты су тартқышы

-//-

Төменгі-Романов ЖСТ

6.1.3.2

орталықтан тыс су көздері

-//-




6.1.4

МҚК бекіткен жерасты суларының қоры

мың м3/тәулік

"В" санаты бойынша тәулік 22,0 мың м3


(бекітілген күні, есепті мерзімі)


ҚР МҚК 2014 ж. 05.12. № 1498-14У

6.1.5

тәулігіне орта есеппен 1 адамға су тұтыну

л/тәулік

242,7

139,4

140,5


оның ішінде:





6.1.5.1

шаруашылық-ауызсу мұқтажына

-//-

165,8
(суару шығынын ескергенде)

100,0

100,0

6.1.6

Желінің ұзындығы

км

130,80

186,0

249,0

6.2

Кәріз:





6.2.1

Сарқынды сулардың жалпы ағыны, барлығы

мың м3/тәулік

8,0

12,864

18,042


оның ішінде:





6.2.1.1

тұрмыстық кәріз

-//-

6,0

11,259

15,792

6.2.1.2

өндірістік кәріз

-//-

2,0

1,605

2,250

6.2.2

Кәріздік тазарту құрылғысының өнімділігі

-//-

10,0

13,0

18,0

6.2.3

Желінің ұзындығы

км

122,0

162,0

164,5

6.3

Электрмен жабдықтау:





6.3.1

Электр энергиясын жалпы тұтыну

кВт/ сағ/жыл

53861,31

155689,71

257748,85


оның ішінде:





6.3.1.1

коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

-

102631,62

159390,33

6.3.1.2

өндірістік мұқтаждыққа

-//-

-

15000

16000

6.3.2

Жылына орта есеппен 1 адамға электр тұтыну

кВт/ сағат

1,05

1,46

1,72

6.3.2.1

оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық мұқтаждыққа

-//-

-

0,96

1,06

6.3.3

Жүктемелерді жабу көздері,

МВА

752

832

832

6.3.3.1

оның ішінде: ЖЭО, ГРЭС

-//-

-



6.3.3.2

Гидроэлектростанция

-//-

-



6.3.3.3

бірлескен электр желісі

-//-

752

832

832

6.3.4

Желілердің ұзындығы

км

27,5

14,3

14,3

6.6

Байланыс





6.6.1

халықтың телевизиялық хабар таратумен қамтылуы

%

-



6.6.2

Халықтың жалпыға ортақ телефон желісімен қамтамасыз етілуі

100 отбасына нөмір

-

35,16

49,29

7

Аумақты инженерлік дайындау

7.1

Ашық арық желісі

қ.м.

-

166 529,0

166 529,0

7.2

Нөсер сулар кәрізі (өздігінен ағатын құбыр желісі)

қ.м.

-

7 283,2

2 980,3

7.3

Көлденең дренаж (өздігінен ағатын құбыр желісі)

қ.м.

-

25 846,2

25 846,2

7.4

ЖТҚ (жергілікті тазарту құрылғысы)

дана

-

7

4

7.5

Жерүсті және дренажды суларды жинауға арналған темірбетон резервуар- тұндырғыш– 10 000 м3

дана

-

7

4

7.6

жағалауды темірбетон плитасымен беткейлік нығайту

қ.м.

-

47 191,3

47 191,3

8

Халыққа салт-жоралар қызметін көрсету


Зираттардың жалпы саны

га

10,8

22,08

36,00

9

Қоршаған ортаны қорғау

9.1

Атмосфералық ауаға бөлінетін зиянды заттардың мөлшері

мың т/жыл

1,986

кемінде 1,986

кемінде 1,986

9.2

Ластанған ағын сулардың жалпы көлемі

мың м3 /тәулік

29,96

33,22

37,8

9.3

Зақымдалған аумақтар

га

26,0036

-

-

9.4

Зақымдалған аумақтарды қалпына келтіру

га

-

26,0

-

9.5

Шу деңгейі 65 Дб-ден асатын аумақ

-//-

79,249

249,785

341,399

9.6

Санитариялық қорғалатын аймақтарда тұратын халық

-//-

98,9

-

-

9.7

Санитариялық қорғалатын аймақтарды көгалдандыру

-//-

-

53,262

124,278

9.8

Аумақты санитариялық тазалау

9.8.1

Тұрмыстық қалдықтың көлемі

мың т/жыл

11,0

32,1

45,0

9.8.2

Қатты жабын төселген аумақтан жиналатын сыпырынды көлемі

-//-

-

12,7

7,6

10

Жобалық шешімдерді іске асырудың I кезеңі бойынша инвестицияның болжамды көлемі

млрд теңге

-

1153,26

-

      Ескертпе:

      1. Қаланың, кенттің және ауылдық елді мекеннің бас жоспарының техникалық-экономикалық көрсеткіштері мынадай кезеңдерге келтіріледі:

      - жаңа Бас жоспардың бастапқы жылы;

      - бірінші кезең;

      - есепті кезең.

      2. Коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік мұқтаждық үшін электр энергиясына, жылу энергиясына, суға, газға сұраныс бойынша және сарқынды суларды ағызу көлемі бойынша көрсеткіштер тиісті облыстық және аудандық қызметтердің деректері бойынша қабылданады.

      3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның талаптарына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау.

      *1 - Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамалық стандарттарына негізделген статистикалық мәліметтерге сәйкес халықты жұмыспен қамту деңгейі жұмыспен қамтылған және жұмыссыз тұрғындардан тұратын жұмыс күшінің көрсеткішін анықтау арқылы белгіленеді;

      *2 - Халықтың тұрғын үй қорының жалпы ауданымен орташа қамтамасыз етілуі.

      ________________________

  Ақмола облысы Қосшы
  қаласының бас жоспарына
(негізгі ережелерді қоса алғанда)
  қосымша

Негізгі сызба

     



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады