"Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 5 наурыздағы № 121 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 5 наурыздағы
№ 121 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 815 қаулысымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі

      1. Әскери билеттің бланкісі.

      2. Әскери талаптардың (әскери тасымалдау құжаттарының) бланкілері.

      3. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтаманың бланкісі.

      4. Бағалы қағаздардың бланкілері.

      5. Вексельдердің бланкілері.

      6. Визалық жапсырманың бланкісі.

      7. Философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін дипломның бланкісі.

      8. "Қауымдастырылған профессор" (доцент) ғылыми атағы берілетін аттестаттың бланкісі.

      9. "Магистр" дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның бланкісі.

      10. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін дипломның бланкісі.

      11. Дипломға қосымшаның (транскрипт) үш тілдегі бланкілері.

      12. Интернатураны аяқтағаны туралы куәліктің бланкісі.

      13. Кәсіптік даярлығы туралы куәліктің бланкісі.

      14. Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның бланкісі.

      15. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік дипломның бланкісі.

      16. Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшаның екі тілдегі бланкісі.

      17. Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломның бланкісі.

      18. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік дипломның бланкісі.

      19. Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшаның екі тілдегі бланкісі.

      20. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы дипломның бланкісі.

      21. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның бланкісі.

      22. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім туралы дипломның бланкісі.

      23. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім туралы үздік дипломның бланкісі.

      24. Резидентураны аяқтағаны туралы куәліктің бланкісі.

      25. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәліктің бланкісі.

      26. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификаттың бланкісі.

      27. Негізгі орта білім туралы аттестаттың бланкісі.

      28. Негізгі орта білім туралы үздік аттестаттың бланкісі.

      29. Негізгі орта білім туралы аттестатқа қосымшаның бланкісі.

      30. Жалпы орта білім туралы аттестаттың бланкісі.

      31. Жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың бланкісі.

      32. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатының бланкісі.

      33. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаның бланкісі.

      34. Офицерлік құрамның әскери қызметшілерінің жеке куәлігінің бланкісі.

      35. Профессор ғылыми атағы берілетін аттестаттың бланкісі.

      36. Педагог біліктілігінің сәйкестігін растау және біліктілік беру туралы сертификаттың бланкісі.

      37. Лицензиарлар беретін лицензиялардың бланкілері.

      38. Лицензиарлар беретін лицензияларға қосымшалардың бланкілері.

      39. Чек кітапшаларының бланкілері.

      40. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері.

      41. Ішкі нарықта балықтың бекіре түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалардың бланкілері.

      42. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілері.

      43. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкісі.

      44. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бланкісі.

      45. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаттың бланкісі.

      46. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің бланкісі.

      47. Туу туралы куәліктің бланкісі.

      48. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің бланкісі.

      49. Қайтыс болуы туралы куәліктің бланкісі.

      50. Мүгедектік туралы анықтаманың бланкісі.

      51. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағының бланкісі.

      52. Қазақстан Республикасы дипломаттық паспортының бланкісі.

      53. Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының бланкісі.

      54. Жол жүруге рұқсаттың бланкісі (жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі үшін).

      55. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (үшінші елдерден) тасымалдауды орындауына рұқсаттың бланкісі.

      56. "А" түріндегі рұқсаттың бланкісі (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін).

      57. "В" түріндегі рұқсаттың бланкісі (автобустардың Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) кіруіне, шығуына).

      58. "С" түріндегі рұқсаттың бланкісі (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына (Қазақстан Республикасынан) кіруіне, шығуына).

      59. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатының бланкісі.

      60. Фитосанитариялық сертификаттың бланкісі.

      61. № 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттың бланкісі.

      62. Машиналар (тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      63. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәліктің бланкісі.

      64. Кемеге меншік құқығы туралы куәліктің бланкісі.

      65. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәліктің бланкісі.

      66. Кеме билетінің бланкісі.

      67. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәліктің бланкісі.

      68. Кеме куәлігінің бланкісі.

      69. Шетелдік кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәліктің бланкісі.

      70. Жасалып жатқан кемеге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      71. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      72. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      73. Автокөлік құралын кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәліктің бланкісі.

      74. Кәсіптік дипломның бланкісі (ішкі суда жүзетін кемелер үшін).

      75. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу куәлігінің бланкісі.

      76. Босқын куәлігінің бланкісі.

      77. Қазақстан Республикасының теңізшісі жеке куәлігінің бланкісі.

      78. Теңізде жүзу кітапшасының бланкісі.

      79. Қайтып оралуға арналған куәліктің бланкісі.

      80. Кәсіптік дипломның бланкісі.

      81. Кәсіптік дипломды растау бланкісі.

      82. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреаты дипломының бланкісі.

      83. Доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның бланкісі.

      84. Азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің бланкісі.

      85. Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу (салмағын өлшеу) актісінің бланкісі.

      86. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтың бланкісі.

      87. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақтың бланкісі.

      88. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      89. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің бланкісі.

      90. Жүргізуші куәлігінің бланкісі.

      91. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

      92. Тез бұзылатын тамақ өнімдерін халықаралық тасымалдау туралы және осы тасымалға пайдаланылатын арнаулы көлік құралдары туралы келісімге сәйкес берілген куәліктің бланкісі.

      93. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсаттың бланкісі.

      94. Әскери қызметшілердің қызметтік куәлігінің бланкісі.

      95. Өңделмеген табиғи алмасты сертификаттаудың халықаралық схемасы сертификатының бланкісі (Кимберлий процесінің сертификаты).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады