Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жер учаскелерін ауыстыру және беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 27 наурыздағы № 175 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 105, 138 және 143-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Абай облысының бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы босалқы жерлер санатынан ауданы 71,37 гектар жер учаскесі өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Altyn Group Qazaqstan" (Алтын Групп Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) "Үлкен Қарашоқы" кен орнын игеру үшін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесіне 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы берілсін.

      3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 27 наурыздағы
№ 175 қаулысына
қосымша

"Altyn Group Qazaqstan" (Алтын Групп Казахстан) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында берілетін жер учаскесінің экспликациясы

Р/с

Жер учаскесінің ауданы, гектар

оның ішінде:

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқық беру мерзімі

жайылым

өзге алқап

1

71,37

71,37

-

"Үлкен Қарашоқы" кен орнын игеру үшін

2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Барлығы

71,37

71,37

-




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады