Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі № 200 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілсін.

      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша):

      1) Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі – Іс-қимыл жоспары) уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күнінен кешіктірмей Іс-қимыл жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне ұсынып тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамда Тұжырымдаманы ілгерілету бойынша ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 1 сәуірдегі
№ 200 қаулысымен
бекітілген

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама

      Мазмұны:

      1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты.

      2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау.

      3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу.

      4-бөлім. Құқықтық мәдениетті дамыту пайымы.

      5-бөлім. Идеологияны дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері.

      5.1. Заң үстемдігі және заңның жалпыға бірдейлігі қағидаты.

      5.2. Ашықтық және есептілік қағидаты.

      5.3. Адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидаты.

      5.4. Жалпыға бірдей қатысу және үйлестіру қағидаты.

      5.5. Ұлттық-мәдени ерекшеліктерді ескеру қағидаты.

      5.6. Атаулылық және сараланған тәсіл қағидаты.

      6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер.

      Әлеуметтік нәтижелер (құқықтық мәдениет пен сананы нығайту; институттарға деген сенімнің артуы және әділеттілік сезімі; қауіпсіздік және қоғамдық тәртіп; құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді азаматтық қатысу; сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі практикаларға теріс көзқарасты қалыптастыру).

      Экономикалық нәтижелер (инвестициялық климат пен іскерлік ортаның жақсаруы; экономикалық белсенділіктің өсуі және шығындардың азаюы; мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру; әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық).

      Құқықтық (заңдық) нәтижелер (заң үстемдігінің және құқықтық тәртіп институттарының нығаюы; заңнаманы және құқық қолдануды жетілдіру; құқықтық сауаттылық пен сот төрелігі қолжетімділігінің артуы; құқық үстемдігі саласындағы прогресті халықаралық мойындау).

      7-бөлім. Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары (осы Тұжырымдамаға қосымша).

1-бөлім. Тұжырымдаманың паспорты

Тұжырымдаманың атауы

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету
жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама

Әзірлеу үшін негіздемелер

1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауы;
2) Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 674 Жарлығымен бекітілген);
3) Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың 2025 жылғы 14 наурыздағы төртінші отырысында сөйлеген сөзі;
4) Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген);
5) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 29 қазандағы № 24-02-1.26 тапсырмасы;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 сәуірдегі № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 81 және 83-тармақтары

Тұжырымдаманы әзірлеуге жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ведомстволық бағынысты мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер

Іске асыру мерзімі

2025 – 2030 жылдар


2-бөлім. Ағымдағы ахуалды талдау.

      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында қоғамда құқықтық мәдениет пен құқықтық тәртіп деңгейі артуының оң үрдісі байқалады.

      Қазақстан "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының негізгі элементі болып табылатын заңдылық пен тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған реформаларды белсенді түрде жүргізуде.

      Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында соңғы бес жылда ауқымды реформалар іске асырылғанын, саяси жүйе түбегейлі трансформациядан өткенін атап өтті. Қоғамдық санада түбегейлі өзгерістер орын алып, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі артуда, қоғамда мінез-құлықтың жаңа моделі және жаңа құндылықтар орнығуда.

      Мәселен, Конституциялық Соттың құрылуы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге конституциялық мәртебенің берілуі, прокуратура органдарының рөлін күшейту маңызды оқиғалар болып табылады. Осы бағыттар бойынша азаматтар үшін бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және осындай бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жаңа мүмкіндіктерді айқындайтын "Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" және "Прокуратура туралы" Конституциялық заңдар қабылданды.

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Конституциялық Сот өз жұмысын бастады, ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді.

      Барлық азаматтар, Бас прокурор және Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық бақылау органына жүгіну құқығын алды.

      Осылайша, конституциялық реформа Қазақстан тарихындағы жаңа дәуірдің басталуын белгіледі. Бұл соңғы үш жылдағы саяси өзгерістерді бекемдеуге және мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға берік негіз қалауға мүмкіндік берді.

      2023 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Ақпараттық доктринасының бекітілуі бұл бағыттағы маңызды қадамдардың бірі болды. Бұл құжат еліміздің ақпараттық кеңістігінің тұрақты жұмыс істеуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалған ақпаратқа және қоғамдық пікірді манипуляциялауға қарсы іс-қимылға бағытталған.

      Бұдан басқа, 2020 жылғы тамызда Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, оның мақсаттары азаматтардың мемлекеттік істерді басқаруға белсенді қатысуы үшін қолайлы жағдай жасау және мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында әріптестікті нығайту болып табылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі әлеуметтік жобалар мен гранттарды қаржыландыра отырып, азаматтарды құқықтық оқыту үшін үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Жыл сайын негізінен құқықтық ағартуға бағытталған 2000-ға жуық әлеуметтік жоба іске асырылуда. ҮЕҰ реформалар мен ағарту жұмысын қолдай отырып, мемлекеттік органдар жанындағы кеңестерге қатысады. Адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер азаматтар мен балалардың құқықтарын қорғау үшін ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Мұндай ынтымақтастық елімізде халықтың құқықтық сана-сезімін жақсартуға және құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

      Соңғы бес жылда елімізде қылмыскерлік деңгейі төмендеуінің орнықты үрдісі байқалады. Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы көрсеткіші жыл сайын қысқарып келеді.

      Ресми статистикаға сәйкес (ҚР БП ҚСжАЕК) қылмыстық құқық бұзушылықтардың саны 46,7 %-ға (2020 жылғы 236594-тен 2024 жылы 126039-ға дейін) қысқарды, оның ішінде басқа түрлері бойынша:

      кісі өлтіру – 32,6 %-ға (839-дан 565-ке дейін);

      ұрлық – 54,8 %-ға (66864-тен 30180-ге дейін);

      тонау – 75,4 %-ға (6265-тен 1538-ге дейін);

      қарақшылық шабуыл – 72 %-ға (457-ден 128-ге дейін);

      бұзақылық – 72,5 %-ға (5770-ден 1582-ге дейін).

      Қылмыскерлік құрылымы да өзгерді.

      Дәстүрлі түрде мүліктік қылмыстар (ұрлық) неғұрлым кеңінен таралған болатын.

      Алайда соңғы кезеңде алаяқтық, әсіресе интернет пен телефон алаяқтығының үлесі айтарлықтай өсті және енді олар құқық бұзушылықтар саны бойынша бірінші орында тұр.

      Осылайша, қылмыскерлік үнемі трансформациялауда болады. Мұндай өзгерістердің басты себептерінің бірі – әлеуметтік-экономикалық фактор және технологиялық прогресс.

      Заңға мойынсынатын азаматтар заманауи технологияларды даму немесе өнертабыстар үшін пайдаланатыны сияқты, қылмыстық әлем де қылмыстар жасауға мүмкіндік беретін механизмдерді табады.

      Осының аясында алаяқтық – 39,6 %-ға (31433-тен 43890-ға дейін) – және бопсалау – 71,7 %-ға (315-тен 541-ге дейін) – сияқты қылмыстардың саны артты.

      Лудоманияға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған кешенді тәсілдерге қарамастан, проблема әлі де сақталуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша 2020 – 2023 жылдар аралығында қазақстандықтар құмар ойындарға 1 трлн теңгеден астам қаражат жұмсаған, лудомания ажырасулардың 38 %-ына себеп болған.

      Қазіргі уақытта 400 мыңға жуық адам казино мен букмекерлік конторалардың тұрақты клиенттері болып табылады.

      Қылмыскерліктің трансформациялануы есірткі мен психотроптық заттарды өткізудің жаңа әдістеріне алып келді. Интернет те есірткі сататын алаңға айналды.

      Тиісінше, есірткіге байланысты қылмыстар саны 7 %-ға өсті (7243-тен 7754-ке дейін). Героинді синтетикалық есірткілер алмастырды, олардың құрамдас бөліктері еркін сатылымда. Бұл әлемдік үздік практикалар негізінде химиялық компоненттер мен прекурсорлардың заңды айналымын бақылауды қамтамасыз ету үшін тиімді құралдарды енгізуді талап етеді.

      Қаскүнемдер ақпаратқа оны көпшілікке таратуға арналған ресурстары көп адам иелік етеді деген қорытындыға келді. Бұған мысал фейктік жаңалықтар мен жалған ақпаратты тарату болып табылады. Әлеуметтік желілер мен басқа да онлайн-платформалар арқылы жалған ақпарат тез таралып, қоғамдық көңіл-күй мен саяси процестерге әсер етеді.

      Интернет радикалдандыру және террористерді арбау алаңына айналды.

      Экстремистік ұйымдар өз насихатын тарату, шабуылдарды үйлестіру және жоспарлау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланады.

      2020 – 2024 жылдар аралығында СТБТ-да 1541 қылмыстық құқық бұзушылық, оның ішінде әртүрлі экстремистік іс-әрекеттердің 755 фактісі және 786 терроризм актісі туралы жалған хабарлама тіркелді.

      Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуымен балалар порнографиясы, онлайн жыныстық қудалау және сексуалдық қызметтер саудасы сияқты сексуалдық қылмыстардың жаңа түрлері пайда бола бастады.

      Адам саудасына байланысты тіркелген барлық қылмыстар: жылдар бойынша – 2020 жылы – 111; 2021 жылы – 103; 2022 жылы – 77; 2023 жылы – 152; 2024 жылы – 207 (оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында – 2019 жылы – 12; 2020 жылы – 18; 2021 жылы – 12; 2022 жылы – 17; 2023 жылы – 24; 2024 жылы – 19).

      Қылмыскерліктің жай-күйі уақыт өте келе өзгеруде және қылмыстардың мазмұнына, үрдістеріне, себептері мен жағдайларына байланысты болады.

      Жоғарыда келтірілген мысалдар құқық қорғау жүйесін қазіргі әлемдегі қылмыскерліктің өзгермелі сипатына бейімдеудің маңыздылығын көрсетеді.

      Сонымен қатар халықтың мемлекеттік органдар институттарына деген сенім деңгейі айтарлықтай жоғары емес.

      Әлеуметтік сұрау салулардың қорытындысы бойынша азаматтардың шамамен 61,8 % – 64,3 %-ы ғана құқықтық тәртіптің негізгі институттарына – полиция мен соттарға толық сенім артады, ал қалғандары ішінара сенім білдіреді не сенімсіздік білдіреді.

      Бұл халықтың едәуір бөлігі әлі де болса әділеттілік пен құқық қолдану тиімділігіне күмәнданатынын көрсетеді. Сенімнің төмен деңгейі құқықтық нигилизмді – заңға немқұрайлы қарауды қалыптастырады.

      Мемлекет басшысы бұл проблеманы тікелей атап өтіп, қоғамда заңдарды сақтағысы келмейтін азаматтар көп екенін және құқықтық нигилизмнің күшеюі байқалатынын атап көрсетті, бұл құқықтық мемлекет құруға елеулі қауіп төндіреді, өйткені ол заңдарды жалпыға бірдей құрметтеу қағидатын бұзады және өз құқықтарын қорғаудағы азаматтық белсенділікті төмендетеді.

      Заң идеологиясын нығайтуға кедергі келтіретін проблемалар сақталуда.

      Біріншіден, бұл лауазымды адамдар тарапынан сыбайлас жемқорлық және теріс пайдалану жағдайлары, ол азаматтардың заң салтанат құрады деген сеніміне нұқсан келтіреді.

      Екіншіден, құқық бұзушылық тәуекелін арттыратын және құқықтық нормаларға назар аударуды төмендететін жұмыссыздық, табыстың төмендігі және халықтың жекелеген топтарының білім деңгейі сияқты әлеуметтік-экономикалық факторлар.

      Бұдан басқа, өңірлік диспропорциялар (қала/ауыл) адамдардың құқықтық ақпарат пен сот төрелігі институттарына қолжетімділігіне әсер етеді.

      Үшіншіден, мәдени ерекшеліктер мен дәстүрлер.

      Мысалы, жекелеген өңірлерде дауларды шешудің формалды емес практикаларына (ақсақалдар кеңесі, туыстық байланыстар) жүгіну тән, бұл ресми құқықпен үнемі келісе бермейді.

      Сондықтан заң қоғамдық өмірдің табиғи бөлігі ретінде қабылдануы үшін әділеттілік пен тәртіптің дәстүрлі құндылықтарын қазіргі заманғы құқықтық мәдениетке интеграциялау талап етіледі.

      Қылмыскерліктің құрылымы өңірлер бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, оңтүстік пен батыста мүліктік қылмыстар басым (ауылдық жерлердегі мал ұрлығы, мұнай ұрлығы және т.б.), ал ірі қалаларда алаяқтық пен қалта ұрлығының үлес салмағы көп.

      Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзінде мынаны белгілеп берді: Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға және әркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз.

      Бұл – әр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз.

      Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп. Ал біздің идеологиямыз – қарапайым әрі түсінікті.

      Бұл – жаһандағы аса күрделі геосаяси ахуалда елімізді жаңа даму деңгейіне көтеру үшін берік негіз қалау деген сөз.

      Мемлекетіміздің тағдыры мен ұлтымыздың берекелі өмірі осыған тікелей байланысты.

3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу

      Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтық санасын арттыруда және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуда шешуші рөл атқарады.

      Әртүрлі елдерде тарихи, мәдени және саяси контекстке байланысты осы мақсатты іске асырудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады.

      Батыстың демократиялық модельдері құқықтық сана мен азаматтық белсенділікке баса назар аударады. Мәселен, АҚШ-та полиция мен қоғамның өзара іс-қимылына бағытталған бағдарламалар (Community Policing) белсенді дамып келеді.

      Бағдарламаның негізгі қағидаттары:

      азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайтуды;

      жергілікті қоғамдастықтарды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартуды;

      азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіретін білім беру бастамаларын қамтиды.

      Сондай-ақ жарқын мысалдардың бірі D.A.R.E. (DrugAbuseResistance Education) бағдарламасы болып табылады, ол мектептердегі білім беру курстары арқылы жастардың бойында заңға мойынсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған.

      Банк саласындағы кибералаяқтықты азайту үшін көпфакторлы аутентификациялау және барлық банктік операцияларды баяулату жасанды түрде енгізілді.

      Ұлыбританияда заң мен тәртіп идеологиясы заң үстемдігі (Rule of Law) дәстүрімен тығыз байланысты.

      Басты механизмдер:

      әділеттілікті қамтамасыз ететін қуатты сот жүйесі;

      КЕҰ және құқық қорғау ұйымдары арқылы қоғамның белсенді қатысуы;

      жастарға заңнаманың негіздерін түсінуге көмектесетін "Street Law" сияқты ағартушылық науқандар.

      Мұнда метро станцияларында вандализм деңгейін төмендету үшін классикалық музыка мен жарқын граффити қолданылады. Мұндай тәсілдің арқасында станциялар құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасау үшін тартымсыз болып қалды.

      Осыған ұқсас әсерді қоғамдық аймақтарда бақылауда болу елесін тудыратын және агрессияны төмендететін айналарды қолдану қамтамасыз етеді.

      Германияда заңдар мен адам құқықтарын құрметтеуге негізделген "құқықтық мемлекет" (Rechtsstaat) нақты тұжырымдамасы бар.

      Мемлекет мыналарды:

      құқықтық сананы арттыру бағдарламаларын (мысалы, мектептердегі құқық курстары арқылы);

      қатаң, бірақ әділетті құқық қорғау жүйесін;

      заңның сақталуына қоғамдық бақылау тетіктерін (тәуелсіз БАҚ, полицияны қадағалау жөніндегі комиссиялар) белсенді іске асыруда.

      Исландияның тәжірибесі жастар арасындағы қылмыстар профилактикасының маңыздылығын көрсетеді. Елде Youth in Iceland бағдарламасы бар, оның аясында:

      мемлекет жасөспірімдердің бос уақытты пайдалы өткізуіне арналған инфрақұрылым жасайды (спорт клубтары, шығармашылық студиялар, жастар орталықтары), көрсетілетін қызметтер тегін немесе қолжетімді бағада;

      кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі сатуға байланысты қатаң шектеулер енгізілді, коменданттық сағат қолданылады;

      ата-аналар отбасылық қатынастарды нығайту бойынша білім беру курстарына қатысады.

      Мексика мен Колумбияда үкіметтік емес ұйымдар мен діни ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарында заңды ұстану – өз қалаңды криминалдан қорғау деген идеяларды насихаттау үшін бірікті.

      Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік органдар, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары, діни және қоғамдық көшбасшылар бір-бірін күшейте отырып, келісілген түрде әрекет етсе, қоғамдық санадағы өзгерістер айтарлықтай жылдамырақ өтеді.

      Азиялық модельдер қоғамдық тәртіп пен тәртіптілікті сақтауға басымдық береді.

      Қытайда "үйлесімді қоғам" идеологиясы үстемдік құрған.

      Ол ұжымдық жауапкершілік және үйлесімді қоғамдық тәртіп қағидаттарына негізделген.

      Негізгі құралдар:

      БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жаппай құқықтық насихат;

      сыбайлас жемқорлықпен және құқық бұзушылықтармен күрес жөніндегі мемлекеттік науқандар;

      азаматтарды заңға мойынсынушылық мінез-құлқына ынталандыратын әлеуметтік кредит жүйесі.

      Жапонияда құқықтық сананы тәрбиелеу әлеуметтік институттар арқылы іске асырылады.

      Мұнда заң мен тәртіпті насихаттау ұжымдық жауапкершілік пен тәртіптің терең орныққан мәдениетіне негізделген.

      Жүйенің маңызды элементтері:

      мектептер мен университеттердегі заңды құрметтеуді қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламалары;

      "Koban" жүйесі – тұрғын аудандардағы шағын полиция учаскелері, онда офицерлер жергілікті тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс істейді;

      заң нормаларын ерікті түрде сақтауды көтермелейтін қоғамдық бастамалар мен бірлестіктер.

      Бұдан басқа, қатаң бақылау мен алдын алу шараларын қабылдауға негізделген авторитарлық және гибридті модельдер жұмыс істейді.

      Мысалы, Сингапурда жазалардың қатаң жүйесі және заңға мойынсынушылықты тәрбиелеу қызмет етеді.

      Сингапур қатал заңдарымен және олардың орындалуын қатаң бақылаумен танымал.

      Басты механизмдер:

      бұзушылықтар үшін қатаң жазалар (ауыр қылмыстар үшін жазалар мен өлім жазасын қоса алғанда);

      қоғамдық мінез-құлықты жаппай бейнебақылау және цифрлық мониторингтеу;

      заңға мойынсынатын азаматтарды көтермелеу бағдарламалары (мысалы, салықтың жеңілдіктер).

      Біріккен Араб Әмірліктерінде заң тұрақтылық құралы болып табылады, сондықтан заң мен тәртіп өркендеудің негізі ретінде қабылданады.

      Негізгі тәсілдер мыналарды қамтиды:

      қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін қатал заңдар;

      технологияларды белсенді пайдалану (мысалы, "Smart Police" жүйесі);

      бейнебақылау камераларының жасанды интеллектімен интеграцияланған кең таралған желісін қамтитын "Ақылды Дубай" (Smart Dubai) жүйесін пайдалану (жүйеге азаматтар мен қонақтарды дәл сәйкестендіруді қамтамасыз ететін бақылаудың биометриялық параметрлері енгізілді. Осы және басқа да технологиялар қылмыстарды нақты уақыт режимінде анықтауға және қауіпсіздік қатерлерін болжауға көмектеседі);

      арнайы бастамалар (құқық қорғау органдарындағы волонтерлік) арқылы азаматтық қатысуды ынталандыру.

      Әмірліктердің заңнамасы алкогольді, есірткіні қолдану мәселелерін және қылмыскерлікке ықпал ететін басқа да факторларды қатаң бақылайды.

      Осылайша, әр ел заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің өзіндік жолын таңдайды, бірақ құқықтық ағартудың, қоғамның билікпен ынтымақтастығының үйлесімі және ақылға қонымды бақылау анағұрлым тиімді стратегия болып табылады.

      Білім беру және құқықтық ағарту – заңды құрметтеуді қалыптастырудың кілті (Германия, АҚШ, Жапония).

      Полиция мен қоғамның ынтымақтастығы – сенімді арттырады және қылмыстың алдын алады (Ұлыбритания, АҚШ, Жапония).

      Цифрлық технологиялар мен мониторинг қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімді, бірақ адам құқықтарымен тепе-теңдікті сақтауды талап етеді (Сингапур, Қытай, БАӘ).

      Қатаң заңдар мен жазалар тиімді болуы мүмкін, бірақ әділетті құқық қолдану практикасын қажет етеді (Сингапур, Қытай, БАӘ).

      Қоғамдық қатысу бағдарламалары әлеуметтік жауапкершілік пен құқықтық тәртіпті нығайтады (Германия, Ұлыбритания, Жапония).

      Зерделенген шетелдік тәжірибенің жекелеген элементтерін ұзақ мерзімді институционалдық нәтижеге бағдарлана отырып, негізгі шарт – қажетті қаржылық, адами және уақытша ресурстарды бөлу сақталған жағдайда Қазақстанда да қолдануға болады.

      Заңды сақтаудың моральдық құндылығын түсіндіру үшін беделді қоғам қайраткерлеріне, ардагерлерге, дін өкілдеріне сүйене отырып, тәсілді қабылдауға болады.

4-бөлім. Құқықтық мәдениетті дамыту пайымы

      Құқықтық мәдениеттегі ағымдағы ахуалды және халықаралық тәжірибені талдау кезінде анықталған проблемалық мәселелер негізінде Қазақстан Республикасындағы заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету бойынша мынадай пайым айқындалды, ол мынадай түйінді жетістіктерде көрініс табады.

      Қазақстандықтар құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейіне және заңдарды сақтаудың маңыздылығын ұғынуға қол жеткізеді. Олар адамның құқықтары мен міндеттері арасындағы байланысты түсінеді, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін құқықтық нормалардың маңыздылығын ұғынады. Қоғам басқа адамдардың құқықтары мен құқықтық әдептілікті құрметтеуді белсенді түрде қолдана отырып, құқықтар мен заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады.

      Халықтың құқықтық хабардарлығы деңгейі жоғары болады, бұл заңдар мен құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған орнықты әдеттер мен мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл, ең алдымен, барлық адамдардың және әрқайсысының жеке және ортақ тәртібін білдіреді. Біздің идеологиямыз қарапайым әрі түсінікті: заң мен әділеттілік әр азаматтың өмірінде бірінші орында болуға тиіс және оларды сақтау арқылы ғана күшті әрі берекелі қоғам құруға болады.

      Студенттерге арналған құқықтық ағарту практикасын енгізу шынайы жағдайларда құқықтық білімін тиімді қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған оқытудың әртүрлі нысандарына белсенді қатысуды қамтиды. Студенттер заң клиникаларына қатысып, онда азаматтарға өзекті құқықтық мәселелер бойынша консультация бере алады, халық арасында құқықтық білімді тарату бойынша жобалар әзірлейді, сондай-ақ құқықтық сауаттылық бойынша іс-шаралар мен тренингтер ұйымдастырады. Бұл олардың теориялық білімдерін тереңдетіп қана қоймай, шынайы проблемаларды шешу үшін құқықты практикалық тұрғыда қолдануды үйренуге мүмкіндік береді.

      Бұдан басқа, жалпыға міндетті "Құқық негіздері" пәнінің оқу бағдарламасына өзгерістер енгізу білім алушылардың білімін практикалық тұрғыда қолдануына, практикалық дағдыларды дамытуға және өмірлік жағдайларды шешу үшін құқық нормаларын пайдалануға баса назар аударуға бағытталатын болады.

      Құқық бұзушылық профилактикасына және халыққа қызмет етуге баса назар аудара отырып, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделінің тиімділігін арттыруға бағытталған тәсілдерді іске асыру бірнеше маңызды артықшылықтар береді.

      1. Мемлекеттік және құқық қорғау органдарына деген сенімнің артуы.

      Азаматтар билік органдарының олардың қажеттіліктеріне бағдарланатынын, ашық әрі қолжетімді қызметтерді ұсынатынын көрген жағдайда, олардың бұл құрылымдарға деген сенімі айтарлықтай артады. Ашықтық пен халықпен өзара іс-қимыл наразылық деңгейін төмендетуге және әлеуметтік шиеленісті азайтуға көмектеседі.

      2. Құқық бұзушылықтар деңгейінің төмендеуі.

      Құқық бұзушылық профилактикасы, жастармен және әлеуметтік жағынан осал топтармен жұмыс істеу қылмыстар санын айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Дұрыс профилактикалық жұмыс құқық бұзушылықтар орын алғанға дейін оларды жасау ықтималдығын азайтады.

      3. Азаматтарға қызмет көрсету сапасының жақсаруы.

      Сервистік модельге көшу билік органдарын халықпен неғұрлым сапалы, тиімді және достық пейілдегі өзара іс-қимылға бағдарлайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алудың қарапайымдылығы, іс-қимылдардың ашықтығы және азаматтардың сұрау салуларына жылдам жауап беру мемлекеттік құрылымдардың оң имиджін қалыптастырады және халықтың қанағаттанушылығын арттырады.

      4. Мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының жұмысын оңтайландыру.

      Процестерді цифрландыру және автоматтандыру, құқық қорғау органдарының жұмысында жаңа технологияларды қолдану (мысалы, қылмыскерлікті мониторингтеу немесе деректерді талдау үшін) оларды анағұрлым тиімдірек етеді. Бұл әкімшілік процестердің орындалуын жеделдетуге ғана емес, сонымен қатар жұмыстың нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

      5. Қауіпсіз өмір сүру ортасын құру.

      Халықпен белсенді ынтымақтастық, сондай-ақ азаматтармен байланыс орнатуға арналған бейнебақылау жүйелері немесе мобильді қосымшалар сияқты қауіпсіздіктің инновациялық тәсілдерін енгізу қалалар мен елді мекендерде қауіпсіз ортаны құруға көмектеседі. Билік органдарының тиімді жұмыс істеп жатқанын және қауіпсіздіктің қамын ойлайтынын көргенде, адамдар өздерін қауіпсіз сезінеді.

      Құқықтық түсіндіру саласындағы мемлекеттік саясат құқықтық мәдениетті дамытуда және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыруда маңызды рөл атқарады. Бұл қызмет құқықтық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, заңнаманы дұрыс түсінуге және қолдануға көмектесуге, сондай-ақ қоғамның құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған.

5-бөлім. Идеологияны дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері

      Мақсаттарға қол жеткізу қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетуге және нығайтуға арналған тексерілген әдістер мен құралдарды қолдана отырып, нақты қағидаттарға негізделуі тиіс.

      Құқықтық мәдениетті дамыту мынадай қағидаттар негізінде құрылуы тиіс.

5.1. Заң үстемдігі және заңның жалпыға бірдейлігі қағидаты

      Заңда бөле-жару жоқ, ол бәріне бірдей және оның талабын әрбір азамат пен ұйым міндетті түрде орындауға тиіс. Практикалық жазықтықта бұл құқықтық тәртіптің іргетасы ретінде заң алдындағы теңдікті білдіреді. Бұл ретте мемлекеттік органдар лауазымдық жағдайына немесе сіңірген еңбегіне қарамастан, заңдардың барлығына бірдей әділ қолданылуын қамтамасыз етеді.

      Бұл қағида қоғам үшін сезілетіндей болуы тиіс – кез келген бұзушылыққа (ұсақ бұзақылық немесе сыбайлас жемқорлық қылмысы болсын) мемлекет тиісті түрде ден қояды. Мұндай тәсіл халық арасында елде шынымен де әділеттілік салтанат құрған, яғни заңды сақтау дұрыс әрі тиімді деген сенімді қалыптастырады.

5.2. Ашықтық және есептілік қағидаты

      Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығы, қоғамның қабылданатын шешімдер туралы ақпаратқа қол жеткізуі – сенімнің маңызды шарттары. Халық сот төрелігі "қосарланған стандарттарсыз" жариялы жүзеге асырылатынын көруі тиіс.

      Полицияның қоғам алдындағы жария есептерінің практикасын одан әрі ұстанған жоқ (қоғамдық кеңестер, түйінді көрсеткіштерді жариялау, резонанстық істерді БАҚ-та жазып-көрсету арқылы). Процестердің ашықтығы қауесеттер мен құқықтық нигилизмнің туындауын азайтады, азаматтардың сот төрелігін іске асыруға қатыстылығы сезімін арттырады.

5.3. Адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидаты

      Заң идеологиясын ілгерілету кез келген нормативтік актілерге көзсіз бағынуға шақыруға негізделмеуі тиіс. Заңдардың өзі және оларды іске асыру әділеттілік пен азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарына сай болуы маңызды.

      Тұжырымдама шеңберінде адам құқықтарына, мемлекет пен азаматтардың өзара жауапкершілігіне екпін бере отырып, құқықтық ағартуды жетілдіру керек. Осылайша, қоғам алдында заң талаптарының заңдылығы нығаятын болады. Азаматтар әділ және қоғамдық мүдделерге сәйкес келетін нормаларды ынтамен сақтайтын болады.

5.4. Жалпыға бірдей қатысу және үйлестіру қағидаты

      Құқықтық мәдениетті арттыру – мемлекеттің, бизнестің, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының және азаматтардың өздерінің күш-жігерін біріктіруді талап ететін кешенді міндет. Осы орайда барлық қатысушы құрылымдарды пәрменді үйлестіру қажет болады.

      Жұмыс істеп тұрған ведомствоаралық жұмыс топтары, әкімдіктер жанындағы құқықтық ағарту жөніндегі қоғамдық кеңестер жұмысты үндестіруге мүмкіндік береді.

      Тәжірибе көрсеткендей, халықпен жұмыс істеудің барлық нысандары мен әдістерінің үйлесуі ең жақсы нәтиже береді, сондықтан тұжырымдама білім беру, ақпараттық, ынталандыру және бақылау шараларын бір-бірін өзара нығайту үшін қатар іске асыруды көздейді.

5.5. Ұлттық-мәдени ерекшеліктерді ескеру қағидаты

      Заң идеологиясын ілгерілету кезінде қазақстандық қоғамның менталитеті мен құндылықтарын ескеру маңызды.

      Дәстүрлі мәдениеттің позитивті элементтеріне – үлкендерге құрмет көрсетуге, әділеттілікке ұмтылуға, халық билерінің заңды сақтаушылар ретіндегі мұрасына сүйену құқықтық тәрбиеге жақын және түсінікті нысан беруге көмектеседі.

      Іс-шараларды заңдылық идеясының сабақтастығын көрсету үшін түсінікті бейнелер мен отандық тарихқа сілтемелерді қолдана отырып, бірнеше тілде ұйымдастырып, жүргізген жөн.

5.6. Атаулылық және сараланған тәсіл қағидаты

      Халықтың әртүрлі нысаналы топтары (бизнес, жастар, мемлекеттік қызметшілер және т.б.) жұмыста алуан түрлі басымдықтарды талап етеді. Осыған байланысты әр санатқа – оқушылардан бастап кәсіпкерлерге, жастардан бастап зейнеткерлерге арналған арнайы бағдарламалар мен құралдарды әзірлеу талап етіледі.

      Мұндай таргеттелген тәсіл контенттің релеванттығы мен ықпал ету тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл ретте болашақ құқықтық мәдениеттің тасымалдаушысы ретінде жастарға және заңдылық саясатын таратушылар ретінде мемлекеттік қызметшілерге ерекше назар аударған жөн.

      Жоғарыда аталған қағидаттарды іске асыру кезінде қоғамның негізгі топтары арасында заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің мынадай әдістері мен құралдарын пайдалану талап етіледі:

      халық (қалың жұртшылық) арасында – дәстүрлі және жаңа медиа арқылы ауқымды ақпараттық-ағарту науқандары негізінде.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның кепілі" деген сөздері ұран бола алатын әлеуметтік-жарнамалық роликтер циклін құру қажет.

      Әлеуметтік жарнама заңға мойынсынатын азаматтардың жағымды бейнелеріне және құқық бұзушылықтардың теріс салдарына бағдарлануы тиіс.

      Бұқаралық ақпарат құралдарында, радио мен телевизияда өзекті заңдар мен практикадан алынған жағдайларды қарапайым тілде түсіндіретін құқықтың әртүрлі аспектілері бойынша арнайы айдарларды іске қосу талап етіледі.

      Мысалы, танымал газеттердегі "Өз заңыңды біл" апта сайынғы бағанасы, сарапшылар өмірлік құқықтық жағдайларды талдайтын телевизиядағы бағдарламалар.

      Интерактивтілікті арттыру үшін интернет-платформаларды пайдаланған жөн: әлеуметтік желілерде ағарту парақтарын, қысқа оқыту бейнероликтерін, құқықтық нормаларды білу бойынша онлайн-викториналарды іске қосу.

      "Халық заңгері" акциясы шеңберінде халыққа заңгерлердің тегін консультациялары ұсынылуы тиіс (сауда орталықтарындағы, ауылдық округтердегі көшпелі консультациялық пункттер).

      Бұдан басқа, бүкіл ел бойынша беделді спикерлердің – танымал заңгерлердің, судьялардың, қоғам қайраткерлерінің қатысуымен құқықтық тақырыптағы тұрақты жария дәрістер, семинарлар, форумдар ұйымдастырылып, өткізілуі керек. Осындай іс-шаралар арқылы азаматтарға заң олардың мүдделерін қалай қорғайтыны және құқықтық тәртіпті қорғауға өздерінің қалай қатыса алатындығы түсіндіріледі (мысалы, бұзушылықтар туралы хабарлау, ерікті жасақтарға кіру, тұрмыстағы ережелерді сақтау).

      Халықпен жұмыс істеудің басты мақсаты – заң ауыртпалық емес, әркімнің игілігі мен қорғаушысы деген түсінікті қалыптастыру.

      жас ұрпақпен жұмыс істеу басымдыққа ие, өйткені болашақта құқықтық мәдениеттің деңгейін дәл осы жастар айқындайды.

      Студенттерге арналған жоғары оқу орындарында – құқықтық сауаттылық бойынша міндетті курс (еңбек, әкімшілік, қылмыстық құқық негіздері, тұтынушылардың құқықтары).

      Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында тәрбиелік іс-шараларда Конституцияны, өзінің құқықтары мен міндеттерін зерделеу жөніндегі жұмыстың интерактивті нысандарын белсенді пайдалану қажет.

      Сыныптан тыс жұмысқа екпін бере отырып, тәрбиелік компонентті жандандырған жөн: құқық және әділеттілік тақырыбында эссе конкурстарын, дебаттар мен олимпиадалар өткізу, іскерлік ойындарды ұйымдастыру, фильмдерді талқылау, мектептер мен жастар орталықтарының жанынан "Жас заңгер" клубтарын немесе үйірмелерін құру.

      Бұдан басқа, білім беру ұйымдары мен органдарының білім алушыларын құқықтық тәрбиелеу бойынша үздік кейстердің тәжірибесін тарату талап етіледі.

      Өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты, жауапкершілікті және адалдықты тәрбиелеу мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыруды жалғастыру қажет, оның негізі – мектепке дейінгі ұйымнан бастап балаларда азаматтық-құқықтық білім, құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздері туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ күнделікті өмірде заңдар туралы білімді және "Әділеттілік пен жауапкершілік", "Заң мен тәртіп" деген орнықты ұғымдарды қолдану.

      Бағдарлама шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп білім алушылардың қатысуымен тақырыптық дәрістер, әңгімелесулер және сыныптан тыс іс-шараларды өткізу жұмысы жалғастырылады ("Достық заңы барлық басқа заңдардан маңыздырақ", "Тәртіптің ең керемет мектебі – отбасы", "Табиғатқа қамқорлық жасаймыз", "Қоғамға қызмет ету" волонтерлік акциясы, "Тәртіп – мықты күш" құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу, "Менің елім – Қазақстан!", "Сыпайылық сұлулықтың белгісі: адамгершілік негіздері" тренингі).

      Білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім алушылар үшін Қауіпсіздік сабақтары дәстүрлі әрі жүйелі болады.

      Тәжірибелі заңгерлердің жетекшілігімен жастар халыққа тегін көмек көрсететін студенттік заң клиникалары сияқты бастамаларды қолдаған жөн, бұл олардың білімін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар қоғамға қызмет ету құндылықтарын сіңіреді.

      Жастармен коммуникацияның цифрлық арналарына ерекше назар аудару керек. Мұнда жастар арасында танымал әлеуметтік желілерде, YouTube-те және мессенджерлерде құқықтық тақырып белсенді түрде қолданылуы керек.

      Танымал блогерлермен және пікір көшбасшыларымен бірлесіп жұмыс істеуге болады, олар заңға мойынсынудың маңыздылығы туралы қолжетімді нысанда айтып береді.

      Контенттің форматын – қысқа роликтерді, челлендждерді, көрсетілімдерді жастардың қызығушылығын ескере отырып таңдаған жөн.

      Мысалы, жасөспірімдерді өз ұстанымымен бөлісуге ынталандыратын хэштегтері бар "Мен заңға бағынамын, өйткені..." флешмобы.

      Сондай-ақ заманауи ойын әдістерін де қолданған жөн: құқықтық білім бойынша мобильді ойын немесе квиз, кейіпкердің құқықтық жағдайлар арқылы өтетін жолы туралы үстел ойыны. Жастар құқықтың қызықсыз емес екенін, өмірде маңызды әрі қолдануға болатынын көріп-білуі тиіс.

      Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігі арқылы ата-аналармен және педагогтермен жұмыс жүргізілетін болады, олар да балаларға заң қағидаларына және нормаларына құрметпен қарауды таратуы қажет.

      Мұндай бастамаларды іске асыру білім алушылардың заңдар туралы білім деңгейін арттырады және олардың бойында құқыққа қайшы мінез-құлықты табанды түрде елемеуді қалыптастырады деп күтілуде.

      – кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдар үшін заңдылық идеологиясы заңды ұстану – табысты бизнес пен инвестициялардың кепілі екендігіне баса назар аудару арқылы ілгерілейтін болады.

      Жаңа заңдар және талаптар бойынша, дәлірек айтсақ, бизнес үшін нормалардың сақталуын жеңілдету үшін салық, еңбек заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинарлар өткізу арқылы түсіндіру жұмысын күшейткен жөн.

      "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп шағын және орта бизнеске арналған құқықтық сауаттылықты арттыру бағдарламаларын (тренингтер, бизнесті жүргізудің құқықтық аспектілері бойынша онлайн-курстар, неғұрлым маңызды талаптар бойынша жаднамалар) енгізу жоспарлануда.

      Адал бәсекелестік мәселелеріне ерекше назар аударған жөн.

      Кәсіпорындар үлгілік комплаенс-бағдарламаларды – заңнама мен әдепті сақтау жөніндегі ішкі корпоративтік саясатты ұсынуы керек. Мұндай саясатты
өз еркімен енгізген және нормалардың үлгілік сақталуын көрсететін компаниялар (мысалы, салықтар төлеу, тендерлердің ашықтығы, парадан бас тарту) коғам тарапынан мойындалып, көтермеленеді.

      Артық және ескірген талаптарды жою бойынша бизнестің мемлекетпен диалогын одан әрі дамыту және нығайту қажет – бұл қағидаларды бұзу ынтасын азайтады. Тұжырымдама шеңберінде заң түсінікті және орындалатындай болуы үшін кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін ескірген нормалар мен кедергілерді қайта қарау көзделеді.

      Нәтижесінде адал бизнес көлеңкелі бизнестен гөрі тиімді болатын ахуал қалыптасады, өйткені инвесторлар заңға сәйкес жұмыс істейтін компанияға көбірек сенеді.

      Қорытынды әсер – құқықтық нормаларды саналы түрде ұстанатын кәсіпорындар санының өсуі және "көлеңкелі" экономика үлесінің төмендеуі.

      мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдары мен соттар азаматтарға үлгі бола отырып, заң идеологиясына адалдығын көрсетулері тиіс.

      Ол үшін мемлекеттік құрылымдарда қызметтік тәртіпті нығайту, құқық бұзушылық профилактикасы және кәсібилікті арттыру шаралары одан әрі іске асырылатын болады.

      Әрбір ведомствода жұмыскерлердің құқықтық мәдениетін арттыру бойынша ішкі іс-қимыл жоспары іске асырылатын болады (персоналды үнемі оқыту және заңнаманы білуін тестілеу, әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық бойынша тренингтер, қызметкерлердің өздері заң бұзған жағдайларға қатаң ден қою).

      Сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік аппараттағы теріс пайдалануға "мүлдем төзбеушілік" қағидаты қызметтік бақылауды күшейту және теріс қылықтар үшін сөзсіз жаза қолдану арқылы іске асырылатын болады.

      Барлық деңгейдегі басшылар ведомстволық бағынысты ұжымдардағы құқықтық тәртіпке дербес жауаптылықта болады. Мемлекеттік органдарда қызмет бабында ілгерілету кезінде адал және білікті кадрларға басымдық беріледі (меритократия қағидаттары).

      Осылайша, мемлекеттік басқару аппараты заңдылық мәдениетінің иегеріне айналады.

      Ішкі шаралардан бөлек, құқықтық тәртіп органдары жұмысының жаңа философиясын – азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланған сервистік философияны құру да маңызды.

      Полиция, прокуратура қудалау-жазалау риторикасынан серіктестікке ауысады: оқыту бағдарламалары арқылы қызметкерлер азаматтарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, сауалдарын тыңдай отырып, халықпен сыйластықта өзара іс-қимыл жасауға үйренеді.

      Мысалы, полицияда "сыпайылық пен заңдылық" стандарттары енгізілуде, сол арқылы әрбір полиция қызметкері адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде бағаланады.

      Судьялардың, тергеушілердің, анықтаушылардың біліктілігін арттыруға айтарлықтай назар аударылады – олар сот қателіктері мен жөнсіздікті болғызбау үшін құқық нормаларын мұқият түсініп, рәсім шеңберінде қатаң әрекет етуі қажет.

      Жариялылыққа жеке екпін беріледі: жекелеген сот процестерін онлайн-трансляциялау, сот актілерін жариялау, полиция мен прокуратураның азаматтарды қабылдауға арналған фронт-офистерінің жұмысы жалғасады.

      Мұның бәрі мемлекеттік институттардың әділетті және заңға мойынсынатын институттар ретіндегі беделін нығайтуға арналған.

      Сайып келгенде, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықтың алдында заң мен тәртіп идеологиясының иегерлері бола отырып, мінсіз мінез-құлық пен кәсіпқойлықтың жоғары талаптарына сай болуы тиіс.

      Аталған әдістер қоғамның әртүрлі сегменттеріне атаулы бағыттала отырып, барлық жерде – мектептен бастап шенеуніктің жұмыс кабинетіне дейін
– заңдылық құндылықтарының біртұтас кеңістігін құрады.

      Түйінді тәсіл – бұл құралдарды бір-бірін нығайтатындай етіп, қатар әрі дәйекті қолдану.

      Мысалы, білімді жастар мемлекеттік қызметке немесе бизнеске келгенде, өздерінің бойындағы құндылықтарды алып келеді.

      Парасатты шенеуніктер азаматтарға қызметтер көрсетуді жақсартып, сенімді одан әрі арттырады, ал заңға мойынсынушы бизнес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдай отырып, тең жағдайларды талап ететін болады.

      Осылайша, заңды құрметтеудің өздігінен өрбитін мәдениеті қалыптасады, осы орайда қоғамның жаңа мүшелері бекітілген мінез-құлық нормаларын автоматты түрде қабылдайды.

      Талдау көрсеткендей, құқықтық мәдениетті нығайту – әр түрлі деңгейде келісілген іс-әрекеттерді талап ететін күрделі көп қырлы процесс.

      Мемлекеттік бағдарламалар стратегиялық бағытты белгілейді, құқықтық ағарту үшін инфрақұрылым (заңдар, мекемелер, қаржыландыру) құрады.

      Білім беру мекемелері бала кезінен бастап білім мен құндылықтарды сіңіре отырып, құқықтық сана-сезімнің негіздерін қалыптастырады, кейіннен
ол практикамен бекемделеді.

      Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер құқықтық білімді миллиондаған адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігі ете отырып, оны кең ауқымда таратады.

      Дегенмен, шаралардың тиімділігі түрліше болады: қайсыбір бастамалар кең аудиторияға жетіп, жағдайды өзгертсе, басқалары жергілікті немесе қысқа мерзімді әсерге ие болады. Әлбетте, құқықтық сананы арттыру – бұл спринт емес, марафон. Ағарту бағдарламаларын орнықты қаржыландыру, ақпарат беру әдістерін жаңарту, жаңа жағдайларға бейімделу (мысалы, цифрлық ортадағы құқықтық ағарту) және ең бастысы – заңға бағынуды қолдауға саяси ерік-жігер қажет. Бұдан басқа, кері бақылау маңызды: халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін үнемі өлшей отырып, азаматтардан оларға қандай білімнің қажет екендігі туралы кері байланысты зерделеу.

      Қорытындылай келе, қабылданып жатқан шаралар тұтас алғанда дұрыс деп айтуға болады. Соңғы жылдары құқықтық ағартудың "төменнен жоғарыға қарай" (азаматтық қоғамның бастамалары) және "жоғарыдан төменге қарай" (мемлекеттік бағдарламалар мен білім беру) базасы қалыптасты.

      Қоғамда өздерінің құқықтары мен оларды қорғау тетіктерін білуге деген сұраныс пісіп-жетілді және мемлекет пен қоғамның бұл сұранысты бірге қанағаттандыруы маңызды. Құқықтық мәдениетті нығайту – бұл заң нормаларының нақты әрекет ететіндігінің кепілі, өйткені хабардар және саналы азамат заңды өзі ғана сақтап қоймайды, сонымен бірге айналасындағылар мен биліктен де соны күтеді.

      Осылайша, халықтың жоғары құқықтық сана-сезімі демократиялық, әділетті және берекелі мемлекеттің дамуына негіз болады.

      Ұлы әл-Фараби айтқандай, "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы".

6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер.

      1-бағыт. Билік органдарының ашықтық (қолжетімділік) дәрежесі.

      Мемлекеттік органдардың ашықтық (қолжетімділік) дәрежесін арттыру: 2025 ж. – 83 балл, 2026 ж. – 84 балл, 2027 ж. – 85 балл, 2028 ж. – 86 балл, 2029 ж. – 87 балл, 2030 ж. – 88 балл.

      2-бағыт. Қылмыскерліктің жай-күйі.

      Қылмыскерлік деңгейін 10 мың халыққа шаққанда төмендету: 2025 ж. – 4 %, 2026 ж. – 6 %, 2027 ж. – 8 %, 2028 ж. – 10 %, 2029 ж. – 12 %, 2030 ж. – 14 %.

      3-бағыт. Құқық үстемдігі.

      Құқық үстемдігі индексінің: 2025 ж. – 0,56, 2026 ж. – 0,57, 2027 ж. – 0,58, 2028 ж. –0,59, 2029 ж. – 0,60.

      4-бағыт. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету бойынша цифрлық шешімдерді дамыту.

      Азаматтардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығына қанағаттанушылығын арттыру. Электрондық үкіметтің даму индексі өте жоғары елдер тізімінің (EGDI) рейтингінде 2025 ж. – 22 орын, 2026 ж. – 20 орын, 2027 ж. – 18 орын, 2028 ж. – 16 орын, 2029 ж. – 14 орын, 2030 ж. – 12 орын.

      5-бағыт. Құқық бұзушылық профилактикасы және азаматтар үшін қауіпсіз орта құру.

      Өздерін толық қауіпсіздікте екенін сезінетін адамдардың үлесі:
2025 ж. – 65 %, 2026 ж. – 66 %, 2027 ж. – 67 %, 2028 ж. – 68 %, 2029 ж. – 69 %, 2030 ж. – 70 %.

      Кестеде базалық мәндерді және бес жылдық кезеңге арналған нысаналы бағдарларды қамтитын түйінді көрсеткіштер келтірілген:


KPI индикаторы

Базалық мәні

Нысаналы мәні
(2030 ж.)

Ескертпе (Дереккөз)

2025 ж.

2026 ж.

2027 ж.

2028 ж.

2029 ж.

Мемлекеттік органдардың ашықтық (қолжетімділік) дәрежесін арттыру

83

84

85

86

87

88 балл

"Мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау әдістемесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 66, ҚР ЦДИАӨМ 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 138/НҚ, ҚР БП ҚСжАЕК Төрағасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 4 және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 133 бірлескен бұйрығы)

Қылмыскерлік деңгейін 10 мың халыққа шаққанда төмендету

4 %

6 %

8 %

10 %

12 %

14 %-ға

Бас прокуратураның статистикасы

Құқық үстемдігі индексінің нысаналы көрсеткіші

0,56

0,57

0,58

0,59

0,60

-

Дүниежүзілік сот төрелігі жобасы (WJP)

Азаматтардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығына қанағаттанушылығын арттыру

22

20

18

16

14

Елдер тізімінің рейтингінде
12-орын

Электрондық үкіметтің даму индексі
(EGDI)

Өздерін толық қауіпсіздікте (толық шамада қауіпсіз) екенін сезінетін адамдардың үлесі

61,2 %

62,4 %

63,6 %

64,8 %

66 %

Бас прокуратураның статистикасы

"Халықтың құқық қорғау органдарына және сот жүйесіне сенімділік деңгейіне іріктемелі зерттеулер жүргізу бойынша әдістемені бекіту туралы" (ҚР ҰЭМ Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы № 13 бұйрығы)


      Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде мынадай күтілетін нәтижелер қамтамасыз етілетін болады:

      1. Нормалар мен қағидаларды құрметтеу – әркім белгіленген нормалар мен стандарттарды сақтаудың маңыздылығын ұғынады, бұл ұжымда немесе жалпы қоғамда жалпы тұрақтылық пен тәртіпке ықпал етеді.

      2. Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту – шешімдер қабылдаудағы ашықтық пен ақпараттың қолжетімділігі арқасында азаматтар биліктің іс-әрекетіне анағұрлым сенімді болады, бұл мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.

      3. Азаматтық белсенділікті ынталандыру – ақпараттың қолжетімділігі және билік органдарының ашықтығы азаматтарды қоғамдық процестерге белсендірек қатысуға және өз пікірін білдіруге итермелейді, бұл демократия мен қоғамдық бақылауды жақсартады.

      4. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту – қылмыскерлік деңгейінің төмендеуі азаматтардың өмір сүруіне неғұрлым қауіпсіз жағдай жасайды, бұл халықтың тыныс-тіршілігі сапасын жақсартуға және қорқыныш сезімін төмендетуге ықпал етеді.

      5. Құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру – қылмыскерлікке қарсы тиімді күрес және қылмыстық әрекеттердің профилактикасы азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін нығайтады, бұл полиция мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды жақсартуға ықпал етеді.

      6. Халықаралық беделді арттыру – Құқық үстемдігі индексі (WJP) бойынша рейтингі жоғары елдер халықаралық аренада үлкен құрметке ие, бұл олардың басқа мемлекеттермен дипломатиялық және экономикалық қатынастарын жақсартады.

      Тұжырымдаманың іс-шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделетін қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚШ – Америка Құрама Штаттары

      БАӘ – Біріккен Араб Әмірліктері

      ЕО – Еуропалық одақ

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ІІО – ішкі істер органдары

      ҒЗИ – ғылыми-зерттеу институттары

      ЖКО – жол-көлік оқиғалары

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      КЕҰ – коммерциялық емес ұйымдар

      ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      ҚР ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ҚР БП ҚСжАЕК – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

      СТБТ – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі

      KPI – Key Performance Indicators

      WJP – World Justice Project

      PR – Public relations

      UNODC – United Nations Office on Drugs and Crime

      ICAC – International Cotton Advisory Committee

  Қоғамда заң мен тәртіп
идеологиясын ілгерілету
жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға
арналған тұжырымдамаға
қосымша

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с

Реформалардың/негізгі
іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Аяқталу мерзімі

Жауапты орындаушылар

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1-бағыт. Билік органдарының ашықтық (қолжетімділік) дәрежесі
Нысаналы 1-индикатор. Мемлекеттік органдардың ашықтық (қолжетімділік) дәрежесін арттыру:
2025 ж. – 83 балл, 2026 ж. – 84 балл, 2027 ж. – 85 балл, 2028 ж. – 86 балл, 2029 ж. – 87 балл, 2030 ж. – 88 балл

1.

Құқық бұзушылық профилактикасына және халыққа қызмет етуге екпін бере отырып, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметінің сервистік моделінің тиімділігін арттыру

талдамалық жазба

жыл сайын (15 ақпан, 15 шілде)

ІІМ

талап етілмейді

2.

Мемлекет пен қоғамның мемлекеттік органдардың ашықтығы мәдениетін қалыптастыруға және олардың әлеуетін нығайтуға бағытталған ынтымақтастығының жаңа құралдарын енгізу (әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және т.б.)

азаматтарға әлеуметтанулық сұрау салулардың қорытындылары

жылына бір рет (желтоқсан)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

3.

Электрондық үкіметтің ашық e.Gov деректері функционалын дамыту

деректердің санын және өзектілігін арттыру

2026 жылғы мамыр

ЦДИАӨМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

4.
 
 

Сатып алудың қоғамдық мониторингін енгізу (қоғамның бақылауға, әсіресе құрылыс жобаларындағы бақылауға қатысуы)

ІІМ-ге ақпарат

2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы

Қаржымині, СҚА (келісу бойынша)

талап етілмейді

5.

9-11 сыныптар үшін "Бизнес және кәсіпкерлік (қаржылық сауаттылық) негіздері" пәні бойынша республикалық олимпиада өткізу

қорытындыларды ресми ресурстарда орналастыру

2026 жылғы мамыр

ОМ, ҚМА
(келісу бойынша)

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

6.

Ерікті қайырмалдықтарды және (немесе) қайырымдылық көмекті жинаудың ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ жиналған қаражатты пайдалану кезінде құқыққа қайшы іс-әрекеттерді болғызбау мақсатында қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық платформасын құру

сайт жасау

2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы

МАМ, ЦДИАӨМ, ҚМА
(келісу бойынша),
БП (келісу бойынша)

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

7.

Кадр саясатын реформалау, полиция қызметкерлерін біліктілікті арттыру курстарын, оқу-әдістемелік жиындарды өткізу, меритократия қағидатын нығайту, "soft skills" дамыту және т.б., арқылы дайындау, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңғырту

кадрларды іріктеу және ілгерілету жүйесін қайта қарау

2028 жылдың 2-ші жартыжылдығы

ІІМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

2-бағыт. Қылмыскерліктің жай-күйі
Нысаналы 2-индикатор. Қылмыскерлік деңгейін 10 мың халыққа шаққанда төмендету: 2025 ж. – 4 %, 2026 ж. – 6 %, 2027 ж. – 8 %, 2028 ж. – 10 %, 2029 ж. – 12 %, 2030 ж. – 14 %

8.

Азаматтардың құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы жасырын немесе құпия хабарлауы үшін онлайн платформалардың функцияларын кеңейту және бірыңғай 102 нөмірімен және 1414 ББО-мен интеграциялау

IT платформасын пайдалануға беру актісі

2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы

ІІМ, ЦДИАӨМ
 

талап етілмейді

9.

ІІМ-де көлемді деректерді: камералардан түсетін бейнеағындарды (тұлғалар мен нөмірлерді тану), әлеуметтік желілерді (қауіп-қатерді мониторингтеу), криминалдық статистиканы (қылмыскерлік ошақтарын болжау) өңдеу үшін жасанды интеллектінің көмегімен Ахуалдық талдау орталығының функцияларын кеңейту; жедел қызметтерді дәлелдемелерді автоматты түрде салыстырып тексеруге және тергеушілердің шешімдер қабылдауын қолдауға арналған бағдарламалармен жабдықтау, сондай-ақ тергеушілерді ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге, тергеп-тексерудің жаңа тактикаларына (профайлинг, жауап алу әдістері, цифрлық криминалистика) үйрету

ІІМ бұйрығы

2026 жылғы наурыз

ІІМ, ЦДИАӨМ
 

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

10.

Трансұлттық қылмыскерлікпен бірлескен күресті және ақпарат алмасуды ұйымдастыру (көрші мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен деректер алмасу жөніндегі келісімдер мен хаттамаларды жаңарту, шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлескен
іс-шаралар өткізу)

талдамалық жазба

жыл сайын (қыркүйек)

ІІМ, ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша)

талап етілмейді

11.

Мемлекеттік кірістер органдарына (кедендік және экспорттық бақылауды жүзеге асыратын бөлімшелер) құзыреті шегінде жедел-іздестіру қызметін, кинологиялық қызметтің жұмысын, психотроптық, есірткі заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша арнайы құралдарды қолдануды қоса алғанда, құқық қорғау функцияларын беру мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныс жолдау

2026 жылғы 1-тоқсан

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

3-бағыт. Құқық үстемдігі
Нысаналы 3-индикатор. Құқық үстемдігі индексінің нысаналы көрсеткіші
(2025 ж. – 0,56, 2026 ж. – 0,57, 2027 ж. – 0,58, 2028 ж. – 0,59, 2029 ж. – 0,60, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 611 Жарлығымен бекітілген)

12.

Прекурсорлар мен синтетикалық есірткінің айналымын бақылау жөніндегі ұлттық ведомствоаралық "Таргетинг орталығын" құру бойынша мәселені пысықтау (АҚШ және Литва тәжірибесі бойынша)

ІІМ-ге ақпарат

2026 жығы
қаңтар

БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), ІІМ

талап етілмейді

13.

Қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастыруға белсенді қатысатын, оның ішінде заңның немесе этикалық нормалардың кез келген бұзушылықтары туралы хабарлайтын азаматтарды көтермелеу

кандидатураларды айқындау марапаттау

жыл сайын

ЖАО, ІІМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

ЖБ

14.

Телеарналарда, республикалық БАҚ беттерінде "Заң мен тәртіп" қағидаттарын ілгерілету шеңберінде құқық қорғау органдары ресми өкілдерінің тұрақты сұхбаттарды ұйымдастыруы

24kz, Atameken business, Jibek joly, Хабар және т.б. телеарналарда сұхбат

айына кемінде 1 рет БАҚ-та шығу

ІІМ, БП (келісу бойынша), СҚА (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

15.

Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы "Stop коррупция" және "Жемқорлықты жеңеміз" телебағдарламасын шығару

ІІМ-ге ақпарат

2026 жыл

МАМ, СҚА (келісу бойынша)

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

16.

Құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кезде кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2025 жылғы желтоқсан

БҚУ (келісу бойынша), ОМ, ДСМ, Еңбекмині, ІІМ, МАМ, БП (келісу бойынша)

талап етілмейді

17.

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өзекті мәселелерді енгізе отырып, "Мектептегі қауіпсіздік: нені білуі керек?" анықтамалығын әзірлеу

ІІМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

БҚУ (келісу бойынша), ОМ

талап етілмейді

18.

Азаматтардың, әсіресе заңдық ақпаратқа қол жеткізу шектелген ауылдық жерлердегі азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениеті деңгейін арттыру жөніндегі шараларды қабылдау (мысалы, құқық кабинеттерін кеңейту)

ІІМ-ге ақпарат

жыл сайын, есепті жылдан кейінгі
15 ақпанға дейін

Әділетмині, ЖАО

талап етілмейді

19.

Азаматтарға тегін заңгерлік консультация беру бойынша акцияларды ұйымдастыру және өткізу (ауылдағы көшпелі қабылдаулар, құқықтық көмек күндері және т.б.)

акциялар, іс-шаралар

үнемі

Әділетмині, ІІМ, СҚА (келісу бойынша), МАМ, ЖАО

талап етілмейді

20.

Республиканың білім беру ұйымдарында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы шеңберінде қауіпсіздік сабақтарын өткізу

ІІМ-ге ақпарат

үнемі

ОМ, ЖАО

талап етілмейді

21.

Азаматтардың құқықтық
хабардарлығы және олардың мемлекеттік органдар жүзеге асыратын құқықтық түсіндіру жұмысына қанағаттанушылығы деңгейін анықтау мақсатында халық арасында сауалнама жүргізу:
құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша халық үшін бірыңғай сауалнама әзірлеу;
мемлекеттік сайттарда, электрондық үкіметтің "eGovMobile" мобильді қосымшасында орналастыру;
статистикалық деректердің динамикасын қадағалау

сауалнама қорытындысы және құқықтық түсіндіру жұмысының әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау

жыл сайын

Әділетмині, ЦДИАӨМ

талап етілмейді

22.

Қолданыстағы заңнаманы, қабылданатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру және мемлекеттік органдардың өкілдерін, сарапшыларды және т.б. тарта отырып, азаматтарға заң көмегін көрсету үшін танымал әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу

тікелей эфирлер

тоқсан сайын

Әділетмині, МАМ

талап етілмейді

23.

Білім беру ұйымдарында
іс-шараларды өткізудің әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, 1-11 сыныптардың білім алушылары мен колледж студенттеріне құқықтық тәрбие беру бойынша сыныптан тыс жұмысты өткізу (эссе конкурстары, дебаттар, олимпиадалар, іскерлік ойындар, дәрістер, әңгімелесулер, фильмдерді талқылау, "Жас заңгер" клубтарын/үйірмелерін құру және т.б.)

ІІМ-ге ақпарат

үнемі

ОАМ, ЖАО

талап етілмейді

24.

"Құқықтық мәдениет" республикалық құқықтық сауаттылық айлығын өткізу

ІІМ-ге ақпарат

жылына бір рет (сәуір)

ОМ, ЖАО

талап етілмейді

25.

Құқықтық тәрбие әдістемесі бойынша minor-бағдарламалар әзірлеу

ІІМ-ге ақпарат

2026 жылғы 4-тоқсан

ҒЖБМ, ЖЖОКБҰ

талап етілмейді
 

26.

Жергілікті билік органдарының қолдауымен оқушылар сарайлары, жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған жастар орталықтары базасында формалды емес жағдайда заңдар мен практикалық дағдылар туралы қосымша білім алу (мысалы, сот процестерін модельдей, дебаттарға қатыса отырып) үшін жасөспірімдер құқықтық клубтары мен "құқықтық білім мектептерін" құру

талдамалық жазба

2026 жылғы
шілде

ІІМ, ЖАО

талап етілмейді

27.

Құқық пен педагогиканың үздік сарапшыларын тарта отырып, білім алушылардың білімді практикалық қолдануы, практикалық дағдыларды қалыптастыру және өмірлік жағдайларды шешуде құқық нормаларын пайдалану, әділеттілік, теңдік және әрбір азаматтың қадір-қасиетін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу және жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаттарын түсіндіру бөлігінде жалпыға міндетті "Құқық негіздері" пәнінің оқу бағдарламасына өзгерістер енгізу (білім беру материалына еліміздің Конституциясын қолжетімді түсіндіруді, құқық қорғау институттарын (Конституциялық Сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдер және т.б.) танымал етуді енгізу, құқық бұзушылықты таратқаны үшін жауапкершілік түрлерін түсіндіру)

ОМ бұйрығы

2026 жылғы шілде

ОМ

талап етілмейді

28.

Студенттер үшін құқықтық ағарту практикасын енгізу

ІІМ-ге ақпарат

2026 – 2027 жылдар
 

ҒЖБМ, Әділетмині, БП (келісу бойынша)

талап етілмейді

29.

ЖОО жанынан заң клиникаларын құру практикасын кеңейту мәселесін пысықтау, оның шеңберінде азаматтар тегін заңгерлік консультация мен практикалық көмек ала алады:
заң клиникаларының жұмысын стандарттау;
студенттерге арналған ынталандыру шараларын пысықтау және енгізу

ІІМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

ҒЖБМ, Әділетмині

талап етілмейді

30.

Кәсіби қызметті нормативтік реттеуге арналған тақырыптарды инженерлік, медициналық, экономикалық білім беру бағдарламаларына енгізу

тізілімдегі білім беру бағдарламаларын жаңарту

2026 жылғы тамыз

ҒЖБМ, Әділетмині

талап етілмейді

31.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге конституциялық құрылыс пен заңнама негіздерін білу бойынша сұрақтарды енгізу

ІІМ-ге ақпарат

2026 жылғы қыркүйек

ҒЖБМ

талап етілмейді
 

32.

Ірі квазимемлекеттік органдардың заң бөлімшелерінде "Құқық" бағыты бойынша бакалавриат (3-4 курс) үшін практиканы (3 айдан бастап және одан жоғары) енгізу

ІІМ-ге ақпарат

2026 жылғы 3-тоқсан
 

ҒЖБМ

талап етілмейді

33.

Ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға құқықтық мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету үшін "Тегін заң көмегі күндерін" өткізу

іс-шаралар,
консультациялар өткізу

ай сайын

Әділетмині

талап етілмейді

34.

Қабылданатын НҚА-ны:
ақпараттық-құқықтық жүйелерде қабылданатын НҚА-ға қатысты түсіндірме материалдарын орналастыру;
НҚА-ны түсіндіру бойынша чат-ботты енгізу арқылы түсіндірудің "проактивті" форматын енгізу

ІІМ-ге ақпарат

2026 жылғы желтоқсан

Әділетмині, ОМО, ЖАО

талап етілмейді

4-бағыт. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі цифрлық шешімдерді дамыту
Нысаналы 4-индикатор. Азаматтардың көрсетілетін қызметтердің сапасы мен жылдамдығына қанағаттанушылығын арттыру
(Электрондық үкіметтің даму индексі өте жоғары елдер тізімінің (EGDI) рейтингінде 2025 ж. – 22-орын, 2026 ж. – 20-орын, 2027 ж. – 18-орын, 2028 ж. – 16-орын, 2029 ж. – 14-орын, 2030 ж. – 12-орын)

35.

Әкімшілік, қылмыстық процесті және жазаларды орындау жүйесін одан әрі цифрландыру (ӘҚБТ функционалын кеңейту, электрондық бақылау браслеттерін дамыту, сотталғандарды цифрлық есепке алу және т.б.)

электрондық форматқа көшіру

2026 жылғы қазан

ІІМ, ЦДИАӨМ, БП (келісу бойынша)

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

36.

Азаматтарға арналған
"е-құқықтық тәртіптің" заманауи цифрлық сервистерін енгізу (өтініштерді онлайн беру, полицияның мобильді қосымшалары, электрондық көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейту), сондай-ақ азаматтар құқық бұзушылықтарды (хэштегтермен) орналастыра алатын қолданыстағы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді (TikTok, Facebook, Instagram) неғұрлым тиімді пайдалану

түйінді сервистерді іске қосу

2027 жыл

ІІМ, ЦДИАӨМ, БП (келісу бойынша), ЖАО

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

37.

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша шараларды ақпараттық-идеологиялық сүйемелдеу

медиа-жоспар

жыл сайын

Еңбекмині

талап етілмейді

5-бағыт. Құқық бұзушылық профилактикасы және азаматтар үшін қауіпсіз ортаны құру
Нысаналы 5-индикатор. Өздерін толық қауіпсіздікте (толық шамада қауіпсіз) екенін сезінетін адамдардың үлесі 2025 ж. – 60 %, 2026 ж. – 61,2 %, 2027 ж. – 62,4 %, 2028 ж. – 63,6 %, 2029 ж. – 64,8 %, 2030 ж. – 66 %

38.

Құқық бұзушылық профилактикасын күшейту, мүлдем төзбеушілік қағидаттарын нығайту, сондай-ақ заң мен тәртіпті сақтау үшін жария криминогендік тәуекелдер картасын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеу

ІІМ бұйрығы

2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы

ІІМ, БП
(келісу бойынша), Әділетмині

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

39.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабын және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 826-бабын қолдану бойынша үлгілік әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

2025 жылдың 2-ші жартыжылдығы

ІІМ, Әділетмині

талап етілмейді

40.

Халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыру. Медиалық тұлғалар ("миллиондық"-блогерлер) арқылы әлеуметтік желілерде қаржылық қауіпсіздік қағидаларын азаматтардың назарына жеткізу

"АФМonline" форумы
 

жыл сайын

ҚМА (келісу бойынша), МАМ, Қаржымині, ҒЖБМ, ЦДИАӨМ, ҚНРДА (келісу бойынша), ІІМ, ЖАО

талап етілмейді

41.

Халықты қаржы пирамидаларының қызметіне тартудың профилактикасы және оған жол бермеу. Ұйымдастырушылармен қатар қаржы пирамидаларына азаматтарды тартатын тұлғалар жауапкершілігінің жаңа тәсілдерін әзірлеу және енгізу:
қаржы пирамидаларының белсенді қатысушыларының әкімшілік жауапкершілігі және олардан азаматтық тәртіппен залалды өндіріп алу туралы мәселені пысықтау;
ҚМА базасында ҚП және олардың қызметінің белгілері бар жобалардың ІІМ-мен бірыңғай тізілімін енгізу

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу

2025 жылғы шілде

ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), ҚНРДА (келісу бойынша), ІІМ, СӘ (келісу бойынша)

талап етілмейді

42.

Интернеттегі құқыққа қарсы контентті автоматты түрде іздеу және бұғаттау бойынша жасанды интеллект негізіндегі ақпараттық платформаны әзірлеу және енгізу

ҚП сайттарын бұғаттау жөніндегі ЖИ

2026 жылғы ақпан

МАМ, ЦДИАӨМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

43.

Әлеуметтік желілердегі алаяқтық жобаларға таргеттелген жарнаманы іске қосу арқылы азаматтар үшін тәуекелдер мен қауіп-қатерлер туралы жүргізілетін жұмысты жазып-көрсете отырып, жаппай қарсы насихаттау

таргеттелген жарнаманы іске қосу

2025 жылғы қыркүйек

МАМ, ЦДИАӨМ, ҚМА (келісу бойынша), ІІМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

44.

Ұялы байланыс операторларымен халықты алаяқтық жасау түрлері, тәсілдері және қаржы пирамидаларын ұйымдастыру, сондай-ақ заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың құқықтық салдары туралы ай сайын SMS-хабарландыру мәселесін пысықтау

Үнемі SMS-хабарландыру
 

2025 жылғы шілде

ІІМ, ЦДИАӨМ, МАМ, ҚМА (келісу бойынша), ұялы байланыс операторлары

талап етілмейді
(ұялы байланыс операторларының қаражаты есебінен)

45.

Адамдар көп жиналатын орындарда (сауда, ойын- сауық орталықтарының, супермаркеттердің LED экрандары, дүкендер, базарлар, вокзалдар, әуежайлар, оқу орындары, кинотеатрлар, театрлар, ХҚО және т.б.) халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыру арналған профилактикалық материалдарды, (бейнероликтер, баннерлер, ақпараттық жаднамалар және т.б.) орналастыру және трансляциялау

адамдар жаппай жиналатын орындарда профилактикалық материалдарды орналастыру

жыл сайын (жартыжылдықтың қорытындысы бойынша)

ЖАО, МАМ, ІІМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

ЖБ

46.

Азаматтарды құқықтық тәртіптің жергілікті проблемаларын талқылауға және бейнебақылау камераларын, жол белгілерін орнату, патрульдеуді ұйымдастыру және т.б. мәселелерді шешуге тарту (мысалы, қоғамдық қауіпсіздік кеңестерін құру және т.б)

талдамалық жазба

жыл сайын (қараша)

ІІМ, ЖАО

талап етілмейді

47.

9-11 (12) сыныптар үшін "Құқық негіздері" пәні бойынша республикалық олимпиада өткізу

қорытындыларды ресми ресурстарда орналастыру

жыл сайын

ОМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

48.

Полицияның жұмысына озық цифрлық құралдарды енгізу ("Цифрлық полицей" жобасын іске қосу, дерекқорларды интеграциялау, ІІМ нарядтары мен ресурстарын басқарудың автоматтандырылған жүйесін өрістету)

ведомстволық бұйрық

жыл сайын (30 маусым, 30 желтоқсан)

ІІМ, ЦДИАӨМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

49.

Қайта әлеуметтендіру жүйесін (білім беру, тұрғын үй, сүйемелдеу) кезең-кезеңімен құра отырып, бұрын сотталғандар мен бұрынғы сотталушыларды қоғамда қайта интеграциялау бағдарламаларын әзірлеу

босатылған адамдардың қажеттіліктерін ескеру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағдарламаларына өзгерістер енгізу

жыл сайын (криминогендік жағдайға байланысты)

ІІМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ, ЖБ

50.

Рецидивке бейім адамдарды бақылауды күшейту, қадағаланатын адамдардың күнделікті өмірін бақылау үшін цифрлық құралдарды және биометриялық тіркеуді енгізе отырып, пробацияны реформалау

пробация туралы заңнаманы қайта қарау

2026 – 2027 жылдар

ІІМ, ЦДИАӨМ, ЖАО

талап етілмейді

51.

Сарапшылар қоғамдастығының қатысуымен "Заң мен тәртіп" идеясын түсіндіруге арналған қоғамдық акциялар, челлендждер, жастар іс-шараларын, флешмобтар, қоғамдық пікірталастар өткізу

ІІМ-ге ақпарат

жыл сайын

МАМ, ОМО, ЖАО

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ, ЖБ

52.

Дәстүрлі БАҚ пен жаңа медиада "Заң мен тәртіпті" ілгерілету жөніндегі республикалық медиа-жоспарды іске асыру

медиа-жоспар

тоқсан сайынғы негізде бекіту

ІІМ, МАМ, мемлекеттік органдар

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

53.

"Заң мен тәртіп" идеологемасын брендтеу жұмысын жүргізу

брендбук

2025 жылғы мамыр

ІІМ

көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

54.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі түйінді месседждерді ілгерілету үшін креативті медиа-өнім жасау мақсатында эстрада мен кино өкілдерін, танымал орындаушыларды тарту

ІІМ-ге ақпарат

2026 – 2027 жылдар

МАМ

талап етілмейді

55.

21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындар сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу

2025 – 2026 жылдар

ДСМ, ІІМ, Әділетмині, ҰЭМ

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ӘҚБТ – әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БҚУ – Бала құқықтары жөніндегі уәкіл

      ББО – бірыңғай байланыс орталығы

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ЖБ – жергілікті бюджет

      ЖОО – жоғары оқу орны

      ЖИ – жасанды интеллект

      ЖЖОКБҰ – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

      ҚП – қаржы пирамидалары

      МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

      ОМО – орталық мемлекеттік органдар

      РБ – республикалық бюджет

      СӘ – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі

      СҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ХҚО – халыққа қызмет көрсету орталығы

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      SMS – Short message service

      IT – Information technology

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады