Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 237 қаулысы.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 14 сәуірдегі
№ 237 қаулысымен
бекітілген

Мемлекет кепілдік берген мемлекеттік емес қарыз қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын жобалардың 2025 жылға арналған тізбесі

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.05.2025 № 304 қаулысымен.

Р/с №

Жобаның атауы

Жобаның жалпы құны

Іске асыру кезеңі

Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері

Қарыз алушы

Әлеуетті қарыз беруші

1

2

3

4

5

6

7

1

"Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты" 1-транш (5 су шаруашылығы құрылысжайын салу және реконструкциялау)

88825175000 теңге

2025 – 2045 жылдар

78166154000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)

"Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ислам Даму Банкі

2

"Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту жобасы, 1-саты" 1-транш (ирригациялық желілерді қалпына келтіру, жаңғырту және салу)

138568866000 теңге

2025 – 2045 жылдар

121940602000 теңгеге дейін (қарыз валютасына баламалы)

"Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ислам Даму Банкі

3

Республикалық маңызы бар М-32 "РФ шекарасы (Самараға) – Шымкент" автомобиль жолын реконструкциялау 1806-1337 км "Қызылорда – Сексеуіл" учаскесі. I учаске. "Қызылорда қаласын айналып өтетін 1-б техникалық санатындағы автомобиль жолын салу"

46175489000 теңге

2025 – 2045 жылдар

40716700850 теңгеге дейін (қарыз валютасына балама)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

Ислам Даму Банкі

4

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын автоматтандырылған өлшеу жүйелерін дамыта және жолдарды күтіп-ұстауға арналған жол-пайдалану техникасымен жарақтандыра отырып, қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі инвестициялық жоба

797621034694 теңге

2025 – 2040 жылдар

488910000000 теңгеге дейін (1000000000 АҚШ долларына дейін балама)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

5

Қостанай облысында "Рудный қаласын айналып өту" автомобиль жолын салу

47684400000 теңге

2025 – 2048 жылдар

26211300000 теңгеге дейін (қарыз валютасына балама)

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

"Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады