"Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 271 қаулысы


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "2. Ағымдағы жағдайды талдау" деген бөлімде:

      "2. Орта білім беру" деген тарауда:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "НЗМ" ДБҰ) өз тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне таратуды жалғастыруда.

      "НЗМ" ДБҰ тәжірибесін тарату Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен (бұдан әрі – Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА) бірлесіп барлық пәндер бойынша оқу бағдарламаларын, білім алушыларды бағалау әдіснамасын әзірлеу, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын өткізу және еліміздің 17 облысындағы және республикалық маңызы бар 3 қаласындағы мектептерді әдістемелік сүйемелдеу арқылы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі іс-шаралар кешенінен жүзеге асырылады.

      Педагогтердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру тәжірибесі табысты педагогикалық практикаларды таратумен айналысатын жетекші 2000 мектептен құралған желі арқылы енгізілді.

      "НЗМ" ДБҰ-ның жетекші мектептерді әдістемелік қолдау қызметі тірек мектептердің әлеуетін арттыру және дамыту жөніндегі жобаларда негіз етіп алынды. Жобалар педагогтердің кәсіби дамуына және мектептердің білім беру ортасын трансформациялауға бағытталған.";

      "6. Педагог мәртебесі" деген тарауда;

      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кадрлық резерві жоқ. Білім беру ұйымдарының болашақ басшыларын мақсатты бағытталған даярлау білім беру ұйымдарын басқару тиімділігін арттыруды және білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуды қамтамасыз ету үшін оларда қажетті басқару дағдыларын, стратегиялық пайымдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Осыған байланысты 2023 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлігі "НЗМ" ДБҰ-мен бірлесіп жаңа форматтағы басшыларды іріктеуге және даярлауға бағытталған "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасын іске асыруда.

      Аталған жоба жалғастырылып, жаңа буын менеджерлерін, білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын даярлауды қамтамасыз етеді.";

      "5. Негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "3. Техникалық және кәсіптік білім беру – жұмысшы кадрларды даярлайтын негізгі буын" деген тарауда:

      "1. Техникалық және кәсіптік білімге сапалы және кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету" деген параграфта:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТжКБ-ға сапалы және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін 2026 жылға қарай ТжКБ бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс көлемін 150 мың орынға дейін ұлғайту арқылы сұранысқа ие мамандықтар бойынша ТжКБ ұйымдарына 9-сынып бітірушілерін тегін оқытумен толыққанды қамту жұмысы жалғастырылады. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру (жыл сайын 10 мыңнан астам талапкер) міндеттемесімен, бір білім беру бағдарламасы шеңберінде бірнеше біліктілік алумен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды нысаналы даярлау ұлғайтылатын болады. Алғашқы жұмысшы мамандығын алудан бөлек, еңбек нарығында сұранысқа ие екінші мамандықты тегін алу қажеттігі мәселесі қарастырылатын болады.

      Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында ТжКБ-ның жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін екі есеге ұлғайту мәселесі пысықталатын болады. Сондай-ақ қаржыландыру көздерін кеңейту іске асырылып, ТжКБ ұйымдары қызметінің түйінді көрсеткіштері негізінде ынталандырушы төлемдерді көздейтін жан басына шаққандағы қаржыландырудың сараланған моделі енгізілетін болады. Аталған шаралар білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, білім беру процесінің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ педагог қызметкерлер мен білім алушылардың уәждемесін күшейтуге бағытталған. Ауылдық аумақтарды қолдау, ауылдарда кадрлық әлеуетті қалыптастыру және ауыл жастарын қолдау үшін мобильді оқу орталықтарының ("жылжымалы оқыту") жұмысы жолға қойылады. Орталықтың жұмысы ауылдық жерлерде тұратын адамдарды қысқа мерзімді курстық даярлауға арналған. Бұдан басқа, бұл орталықтарда колледждері жоқ елді мекендерде жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары оқытылатын болады.";

      он екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "WorldSkills International-мен, WorldSkills Europe-мен өзара іс-қимылды кеңейту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі WorldSkills Kazakhstan қозғалысының ұлттық операторы ретінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан дамытуды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымды айқындайтын болады, ол ұлттық құраманы WorldSkills халықаралық чемпионаттарында, қауымдастықтарында және ұйымдарында білдіретін болады.";

      "2. Техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын жаңғырту және сапасын арттыру" деген параграфта:

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТжКБ білім беру бағдарламалары академиялық кредиттерді тану және оқу мерзімін қысқарту үшін жоғары білім беру бағдарламаларымен синхрондалатын болады. Жоғары колледждердің қолданбалы бакалавриатының білім беру бағдарламалары академиялық кредиттерді қайта есептеуді қамтамасыз ету және бейінді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖБҰ) бакалавр дәрежесін алу мерзімін қысқарту үшін ЖЖБҰ-мен келісілетін болады. Бұл ретте уәкілетті мемлекеттік органдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тиісті НҚА қабылдай отырып, үшінші білім берудің халықаралық тәжірибесі негізінде орта білімнен кейінгі білім беру деңгейін дамыту жөнінде шаралар қабылдайтын болады.";

      "3. Шарттарды жаңарту және жұмыс берушілерді техникалық және кәсіптік білім беруге тарту" деген параграфта:

      мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ кәсіпорындардың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар аумақтық кластерлерді, оның ішінде білім беру-өндірістік кластерлерді дамытуды жалғастыратын болады.";     

      "6. Педагогтердің кәсіптік және мәдени капиталын арттыру" деген бағытта:

      "3. Педагогтің үздіксіз кәсіби дамуы" деген параграфта:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары бағдарламаларының мазмұнында "Педагог" кәсіби стандартына сәйкес педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, цифрлық және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасы қамтылады. "НЗМ" ДБҰ тәжірибесін трансляциялау тетігі орта білім беретін тірек ұйымдардың әлеуетін дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады. Педагогтердің жүйелі және құрылымдалған кәсіби дамуы тірек білім беру ұйымдарының кәсіптік білімнің кең қорына қолжетімділігін кеңейтеді, бұл бекітілген мектептердің педагогтерін оқытудың каскадты әдісін іске асыруға мүмкіндік береді.

      2025 – 2029 жылдар аралығында Оқу-ағарту министрлігі "НЗМ" ДБҰ-мен бірлесіп еліміздің 1800-ге жуық мектебін әдістемелік қолдаумен қамтитын болады. Ауылдық жерлердегі шағын жинақты мектептерге ерекше назар аударылатын болады, онда тірек ұйымдарға бекітілген мектептердің үлесі еліміздегі шағын жинақты мектептердің жалпы санынан 5 %-дан 45 %-ға дейін ұлғаяды. Аталған жұмыс ұзақ мерзімді перспективада қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді.";

      оныншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс педагогтің кәсіби дамуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты біліктілікті арттырумен айналысатын ұйымдар мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын курстан кейінгі қолдау мен әдістемелік сүйемелдеуді жалғастырады. Курстан кейінгі сүйемелдеу "сабақты зерттеу", "іс-әрекеттегі зерттеулер" негізінде құралады, бұл педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылын күшейтуге және үлгерімі әртүрлі деңгейдегі білім алушылардың академиялық жетістіктерінің өсуіне баса назар аударуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде барлық деңгейдегі тәрбиеленушілер мен білім алушылардың білім беру сапасына бағытталған әдістемелік жұмыс педагогтер қызметінің сапасымен байланысты болып, тұрақты әрі үздіксіз сипатқа ие болады.

      "НЗМ" ДБҰ тәжірибесі бойынша жас педагогтердің кәсіби қоғамдастығын дамыту жұмысы жалғастырылатын болады, бұл жұмысқа енді кіріскен педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуға деген ынтасын қолдауға және оларда мамандықты дұрыс таңдағанына қатысты сенімділігін нығайтуға мүмкіндік береді.";

      "7. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету" деген бағытта:

      "2. Сапаны сыртқы қамтамасыз ету жүйесі" деген параграфта:

      жиырма төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "ТжКБ ұйымдарының білім беру бағдарламаларының халықаралық кәсіби және (немесе) салалық талаптарына (стандарттарына) сәйкестігін бағалау рәсімінен ерікті негізде өтуге құқығы бар.";

      "6. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер" деген бөлімде:

      бірінші бөлікте:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау (математика бойынша орташа балл: PISA-2022 – 425 (2-деңгей), PISA-2025 – 433 (2-деңгей), PISA-2029 – 445 (2-деңгей); оқылым бойынша орташа балл: PISA-2022 – 386 (1а деңгейі), PISA-2025 – 393 (1а деңгейі), PISA-2029 – 406 (1а деңгейі); жаратылыстану бойынша орташа балл: PISA-2022 – 423 (2-деңгей), PISA-2025 – 430 (2-деңгей), PISA-2029 – 445 (2-деңгей);";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту (2023 жыл – 73 %, 2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) тірек білім беру ұйымдарының әлеуетін дамыту жөніндегі жоба шеңберінде әдістемелік қолдаумен қамтылған мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлесі (2025 жыл – 2,6 %, 2026 жыл – 3,9 %, 2027 жыл – 6,5 %, 2028 жыл – 10,5 %, 2029 жыл – 14 %)";

      "13-2) тірек білім беру ұйымдарына бекітілген шағын жинақты мектептердің үлесі (2025 жыл – 5 %, 2026 жыл – 15 %, 2027 жыл – 25 %, 2028 жыл – 35 %, 2029 жыл – 45 %)";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында:

      "2. Әр мектеп – үздік мектеп" деген тарауда:

      нысаналы 4-индикатор мынадай редакцияда жазылсын:

      "PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау (математика бойынша орташа балл: PISA-2022 – 425 (2-деңгей), PISA-2025 – 433 (2-деңгей), PISA-2029 – 445 (2-деңгей); оқылым бойынша орташа балл: PISA-2022 – 386 (1а деңгейі), PISA-2025 – 393 (1а деңгейі), PISA-2029 – 406 (1а деңгей); жаратылыстану ғылымдары бойынша орташа балл: PISA-2022 – 423 (2-деңгей), PISA-2025 – 430 (2-деңгей), PISA-2029 – 445 (2-деңгей)";

      нысаналы 8-индикатор мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психология-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамту (2023 жыл – 73 %, 2024 жыл – 85 %, 2025 жыл – 90 %, 2026 жыл – 95 %, 2027 жыл – 100 %, 2028 жыл – 100 %, 2029 жыл – 100 %);

      мынадай мазмұндағы нысаналы 13-1-индикатормен толықтырылсын:

      "Нысаналы 13-1-индикатор

      Тірек білім беру ұйымдарының әлеуетін дамыту жөніндегі жоба шеңберінде әдістемелік қолдаумен қамтылған мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің үлесі (2025 жыл – 2,6 %, 2026 жыл – 3,9 %, 2027 жыл – 6,5 %, 2028 жыл – 10,5 %, 2029 жыл – 14 %)";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 63-1, 63-2, 63-3 және 63-4-жолдармен толықтырылсын:

      "

63-1.

Тірек мектептердің педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру

ОМ-ге есеп

2025 – 2029 жылдардағы желтоқсан

"НЗМ" ДБҰ (келісу бойынша)

63-2.

Тірек мектептердің педагогтерін курстан кейінгі сүйемелдеуді ұйымдастыру

ОМ-ге есеп

2025 – 2029 жылдардағы желтоқсан

"НЗМ" ДБҰ (келісу бойынша)

63-3.

Білім алушыларды бағалау бойынша сыртқы рәсімдерді ұйымдастыру

ОМ-ге есеп

2025 – 2029 жылдардағы желтоқсан

"НЗМ" ДБҰ (келісу бойынша)

63-4.

Оқу процесінде мониторинг нәтижелерін пайдалану бойынша мектеп педагогтеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және өңірлерге ұсыну

ОМ-ге есеп

2025 – 2029 жылдардағы желтоқсан

"НЗМ" ДБҰ (келісу бойынша)

            ";

      мынадай мазмұндағы нысаналы 13-2-индикатормен толықтырылсын:

      "Нысаналы 13-2-индикатор

      Тірек білім беру ұйымдарына бекітілген шағын жинақты мектептердің үлесі (2025 жыл – 5 %, 2026 жыл – 15 %, 2027 жыл – 25 %, 2028 жыл – 35 %, 2029 жыл – 45 %)";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 63-5-жолмен толықтырылсын:

      "

63-5.

Тірек мектептердің бекітілген мектептердің педагогтері үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыруы және өткізуі кезінде әдістемелік қолдау көрсету

ОМ-ге есеп

2025 – 2029 жылдардағы желтоқсан

"НЗМ" ДБҰ (келісу бойынша)

      ";

      "3. Техникалық және кәсіптік білім беру – жұмысшы кадрларды даярлаудың негізгі буыны" деген тарауда:

      реттік нөмірі 95-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

95.

Кадрларға деген елдік өңірлік қажеттілікті ескере отырып, ТжКБ ұйымдарын бейіндеу

ЖАО қаулылары

2025 – 2027 жылдардағы желтоқсан

ЖАО, ОМ, "Talap" КеАҚ (келісу бойынша)

      ";

      "7. Білім беру сапасын жүйелі деңгейде қамтамасыз ету" деген бағытта: реттік нөмірі 176-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

176.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына білім беру саласындағы уәкілетті органға ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын саралау қағидаларын бекіту бойынша құзырет беру жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу

заңнамалық  түзетулер

2025 жылғы желтоқсан

ОМ, "Talap" КеАҚ (келісу бойынша)

      ";

      реттік нөмірі 179-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

179.

Академиялық адалдық лигасымен мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты дамыту бойынша өзара іс-қимыл жасау

ОМ-ге ақпарат

2025 жылғы желтоқсан

Академиялық адалдық лигасы (келісу бойынша) ЖАО

      ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады