Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 557 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 6 мамырдағы № 310 қаулысына қосымша |
"QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі