"QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 12 тамыздағы № 557 қаулысы

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 8-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 181-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына:

      1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда мемлекеттік органдар өкілдерінің сайлануын қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 12 тамыздағы
№ 557 қаулысына
қосымша

"QazBioPharm" ұлттық холдингі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады