"Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 30-5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұлттық даму институты болып айқындалсын.
2. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында ұлттық даму институтын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 221 қаулысының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |