Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 197ааб Қаулысы

      "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "2004 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 1327  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) көрсетiлген қаулыға  274-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi ic-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолдың 3) тармақшасында:
      "10000 дана лицензия бланкілерін" деген сөздерден кейiн "дайындау жөнiндегi қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын;

      "200 дана лицензия бланкiлерiн" деген сөздерден кейiн "дайындау жөнiндегi қызметтердi" деген сөздермен толықтырылсын;

      реттiк нөмiрі 6-жол ", 2 бiрлiк дербес компьютер" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) көрсетiлген қаулыға  275-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанының реттiк нөмірі 1-жолында:
      мемлекеттiк тiлдегі мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;

      3) тармақшада:
      "694" деген сандар "212" деген сандармен ауыстырылсын;
      мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;

      4) тармақша алынып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) күтпеген шығындар;";

      мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
      "12) "Глубокий" кенiшiнен Кентау қаласының оңтүстiк-батыс ауданына су төкпе қазбасы.";

      3) көрсетiлген қаулыға  289-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанының реттiк нөмiрi 1-жолында:
      2-тармақтың 3) тармақшасында "2-шi кезектегi құрылыс үшiн жоба-сметалық құжаттама" деген сөздер "Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақтың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақпараттық технологиялар паркiнiң бас жоспарын әзiрлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады