Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысын жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 31 желтоқсандағы № 821 қаулысы

      Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті, облыстық атқару кометтеттері шаруа қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтарды, бағбаншылықты, бақшашылықты және мал шаруашылығын дамыту үшін арнаулы жер қорын жасау мақсатында 1992 жылы жерге түгендеме жүргізілуін, сондай-ақ селолық елді мекендердің шекарасы белгіленуін қамтамасыз етсін.

      2. Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1994 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық қазіргі жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға жер учаскелерін иелену хұқын және оларды пайдалану хұқын беретін құжаттарды қайта ресімдейтін болсын.

      Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысына сәйкес жер учаскелерін иелену хұқын және оларды пайдалану хұқын беретін құжаттарды қайта ресімдеуге өтінімдерді жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар 1992 жылдың 1 шілдесіне дейін беруге тиіс.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі тиісті жылға бюджет жобасын жасаған кезде республикада жер реформасын жүргізуге қаржы бөлуді қарастырсын.

      4. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы 1992 жылдан бастап жерге орналастыру қызметінің республиканың мемлекеттік тапсырысы құрамында жер реформасын жүргізуге арналған қажетті материалдық-техникалық ресурстарға деген қажетін көздейтін болсын.

      5. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігімен бірлесіп 1992 жылғы 1 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң актілері мен шешімдерін "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңына сәйкестендіру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетіне ұсыныс енгізсін.

      6. Қазақстан Республикасының министрліктері, мемлекеттік комитеттері мен ведомстволары, мемлекеттік концерндері өздерінің "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңына қайшы келетін нормативтік актілерін 2 айлық мерзім ішінде қайта қарап, жоюды қамтамасыз етсін және нәтижесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарласын.

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тапсырылған материалдарды қорытып, 1992 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіне баяндайтын болсын.

      7. Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті жұмыс істей бастағанға дейін жер реформасын жүргізу, жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылау жасау, жер, жер кадастры және жерге орналастыру мониторингін жүргізу жөніндегі хұқылар мен міндеттер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігіне табысталады деп белгіленсін.

      8. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жер реформасын жүзеге асыру барысында жер алынып қойған жағдайда жер учаскелері алынған жер иеленушілердің ауылшаруашылық өніміне берілген мемлекеттік тапсырыстың көлеміне түзету енгізіледі деп белгілегені ескеріліп, басшылыққа алынсын.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
С.Терещенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады