Сүттiң базистiк майлылығы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 21 қыркүйек 1992 ж. N 785

      Сүттiң базистiк майлылығы 3,4-3,6 процент шегiнде белгiленген Литва, Латвия, Эстония, Украина және Беларусь республикаларынан асыл тұқымды мазалы құнажындардың көптеп әкелiнуiне, жемшөп базасының әлсiздiгiнен, жемшөп сапасының төмендiгiнен және сiңiмдi протеиннiң тапшылығынан сауын малы табынының үнемi жете азықтандырылмауына байланысты, сондай-ақ сүттi Қазақстанға арналып белгiленген көтерiңкi базистiк майлылығына есептеген кездегi ысыраптан шаруашылықтардың негiзсiз шығын шегуiне жол бермеу мақсатында (СССР Министрлер Советiнiң "Қазақ ССР-i бойынша базистiк майлылық нормасын өзгерту туралы" 1980 жылғы 4 тамыздағы N 656 қаулысы) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап колхоздардың, совхоздардың басқа да мемлекеттiк шаруашылықтардың, фермерлiк шаруашылықтар мен халықтың мемлекетке сататын етке сататын сиыр сүтсиыр сүтiнiң (оның салмағына қарай процент есебiмен) сараланған базистiк майлылық нормасы қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Сүттiң базистiк майлылығы туралы" 1980 жылғы 8 қыркүйектегi N 345 қаулысы күшiн жойған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


                                         Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 21 қыркүйектегi N 785 қаулысына Қосымша


                Қазақстан Республикасының облыстары бойынша

                         сүттiң базистiк майлылығы
         Облыстар                                 (процент есебiнен)
     
     Ақмола                                                3,5     
     Ақтөбе                                                3,6
     Алматы                                                3,6
     Атырау                                                3,5
     Шығыс Қазақстан                                       3,6
     Жамбыл                                                3,5
     Жезқазған                                             3,6
     Батыс Қазақстан                                       3,6
     Қарағанды                                             3,5
     Қызылорда                                             3,5
     Көкшетау                                              3,5
     Қостанай                                              3,5
     Павлодар                                              3,5
     Солтүстiк Қазақстан                                   3,5
     Семей                                                 3,6
     Талдықорған                                           3,6
     Торғай                                                3,5
     Оңтүстiк Қазақстан                                    3,5 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады