Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 16 қазан N 877. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.02.06. N 284 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы Ереже (қоса тiркелiп отыр) бекiтiлсiн.
 
        Қазақстан Республикасының
            Премьер-министрi
 

                                            Қазақстан Республикасы



                                            Министрлер Кабинетiнiң

                                            1992 жылғы 16 қазандағы

                                              N 877 қаулысымен

                                                Бекiтiлген



 
 
                    Қазақстан Республикасының Министрлер
            Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы туралы
                             Е Р Е Ж Е
 
       1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы (бұдан әрi - Қазпатент) өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн (өнертабыстарды, өнеркәсiп үлгiлерiн, пайдалы модельдердi, тауар таңбаларын, қызмет көрсету белгiлерiн және тауарлар шыққан жерлер атауларын) хұқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Қазпатент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының

 

Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан

Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, Қазақстан Республикасы қатысатын

халықаралық шарттарды, осы Ереженi басшылыққа алады.

     3. Қазпатенттiң негiзгi мiндеттерi:

     Қазақстан Республикасының бiртұтас патент жүйесiн құру және

оны басқару;

     өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне қорғау құжаттарын беру;

     өнеркәсiп меншiгiн қорғайтын заңдар мен нормативтiк  актiлердiң

жобаларын жасауға қатысу және олардың сақталуын бақылауды жүзеге

асыру;

     мемлекеттiк патент-ақпарат базасын қалыптастыру;

     қорғалатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерi туралы жедел

ақпаратпен қамтамасыз ету;

     республика өнеркәсiп меншiгiнiң шет елдердегi объектiлерiн

патенттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

     өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты

жүзеге асыру;


 
       өнеркәсiп меншiгiн хұқықтық қорғау саласында мамандар даярлауды, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдерiн аттестациялауды ұйымдастыру;
      ведомстволық бағыныштылығына және меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының, кәсiпорындарының, ұйымдарының және басқа да экономикалық қатынастар субъектiлерiнiң өнеркәсiп меншiгiн хұқықтық қорғау және хұқықтарды пайдалану, саласындағы қызметiн үйлестiру болып табылады.
      4. Қазпатент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      өнертабысқа, пайдалы модельге өнеркәсiп үлгiсiне патенттердi және тауар таңбаларына қызмет көрсету белгiлерiне және тауардың шыққан жерiнiң атауына куәлiктердi беруге түскен өнiмдердi тiркейдi;
      қорғау құжаттарына республикалық және шетелдiк өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады, өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне мемлекеттiк тiзiлiм жүргiзедi, Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарын бередi, олардың күшiнде болуын қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      қорғау құжаттарын беруге өтiнiмдер бойынша мемлекеттiк сараптама шешiмдерiне келiспеушiлiктер мен шағымдарды, сондай-ақ жеке адамдар мен заңды ұйымдардың Қазпатент құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа да өтiнiштерiн қарауды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау жөнiндегi заңдар мен нормативтiк актiлердi жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзедi, өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы заңдардың қолданылу тәжiрибесiн талдап, қорытуды жүзеге асырады;
      Қорғалатын өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерi жөнiнде ресми бюллетеньдердi, сондай-ақ ақпарат материалдарын және Қазпатенттiң құзыретiне жататын басқа да әдебиеттер басып шығаруды қамтамасыз етедi;
      республика министрлiктерi мен ведомстволары бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн экспорттауға және импорттауға лицензиялар берудiң және ноу-хаудың тиiмдiлiгi туралы тұжырымдар бередi;
      Қазақстан Республикасы аумағында қорғалатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне лицензиялық шарттарды тiркейдi;
      өнеркәсiп меншiгiн хұқықтық қорғау саласындағы мамандар даярлау мен бiлiктiлiгiн арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдерiн аттестациялауды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiн хұқықты қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн қорғау мен пайдалану саласында шарттық негiзде қызмет көрсетедi;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк басқару органдарының өнеркәсiп меншiгiн хұқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк өнертабыс қорының жұмысын оның Жарғысына сәйкес ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгiнiң объектiлерiн хұқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
      5. Қазпатентке:
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласындағы қатынастарды хұқықтық реттеу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныстар енгiзу, өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдарын қолдану жөнiнде өз құзыретi шегiнде түсiндiрме беру;
      өз құзыретi шегiнде нормативтiк актiлердi жасап, бекiту;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғауға байланысты құжаттардың бiрыңғай нысандарын белгiлеу;
      өнеркәсiп меншiгiн хұқықтық қорғау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу хұқығы берiледi.
      6. Қазпатенттi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын Төраға басқарады.
      Төрағаның Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындаған бiр орынбасары болады.
      7. Төраға Қазпатентке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, оның жұмысын ұйымдастырады және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметiне басшылық жасайды, олар туралы ережелердi бекiтедi, Қазпатент жүйесiндегi лауазымды адамдардың ұйымдық, құрылымдық-штаттық, кадрлар, қаржылық, өндiрiс-шаруашылық және басқа да мәселелердi дербес шешуi жөнiндегi құзыретiн айқындайды;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарымен, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазпатент мүддесiн бiлдiредi;
      қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде әрi олардың орындалуы үшiн Қазпатенттiң және ведомствоға қарасты ұйымдардың қызметiне қатысты бұйрықтар мен өзге де хұқықтық актiлердi шығарады, олардың орындалуын тексерудi ұйымдастырады;
      қажеттi жағдайда Қазақстан Республикасының басқа министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, ведомстволарымен, концерндерiмен, қауымдастықтарымен, өнертапқыштар және рационализаторлар қоғамымен бiрлесе немесе келiсе отырып, олардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк актiлер қабылдайды;
      өз құзыретi шегiнде ведомствоға қарасты ұйымдардың, кәсiпорындар мен мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
      Қазпатент қызметкерлерiнiң жұмысты қатар атқару жөнiндегi жағдайын, сондай-ақ заңды ұйымдар мен жеке адамдарға заңмен рұқсат етiлген жұмыстарды (қызметтердi) атқаруына шартқа отыру тәртiбiн заңдарға сәйкес белгiлейдi;
      Қазпатенттi және ведомствоға қарасты ұйымдарды қаржыландыруға бөлiнген қаражат шегiнде несиелерге өкiмдiк етушi болып табылады;
      Қазпатенттiң орталық аппаратының штат кестесiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген адам саны мен еңбек ақы қоры шегiнде бекiтедi.
      Ескерту. 7 тармақтың 8 абзацынан сөздер алынып тасталған -
               ҚРМК-нiң 1995.02.06. N 115 қаулысымен.
      8. Қазпатент республикалық бюджет сондай-ақ өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғауға байланысты заңдық мәнi бар әрекеттерi үшiн патенттiк баж салығы қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      Ескерту. 8-тармақ толықтырылған - ҚРМК-нiң 05.12.1994 ж.
               N 1369 қаулысымен.
      9. Қазпатент белгiленген тәртiппен статистикалық, бухгалтерлiк және басқа да есеп беру жөнiндегi мәлiметтердiң әзiрленуiн және тиiстi органдарға түсiрiлуiн қамтамасыз етедi.
      10. Қазпатент заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген әрi қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған дөңгелек мөрi, тиiстi мөрлерi мен штамптары болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады